Қазақстан азамат соғысы жылдарында

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 20:59, реферат

Краткое описание

1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр-революциялық бүліктерді батыл да шұғыл тасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау)қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты.

Оглавление

1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы
2. Антикеңестік күштер
3.Әскери коммунизм саясаты
4. Кеңестерге қарсы күрес
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

азамат согысы.docx

— 63.06 Кб (Скачать)

Алашорданың Батыс бөлімшесі белсенді қызметкерлерінің Ревком мүшесі болуына, сондай-ақ басқа да жауапты қызметтерге қойылуына жол берілмесін». 

Көріп отырғанымыздай, Ревкомның бұл  шешімі Алаш көсемдері аңсаған қазақ  қоғамындағы ұлттық келісім мен  ауызбіршілік идеясын қабылдамай, өлкедегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың тапты  принциптерін негіз етіп алған. Бұл  «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен кетуге мәжбүр болғандығын көрсетеді.

Алаш қайраткерлері 19—20-жылдары  саяси аренадан кетсе де, Қазақстанның мәдениеті мен ғылымын және халық шаруашылығын дамыту ісіне елеулі үлес қосты.

Кеңес өкіметі бірнеше мәрте  жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20—30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияға ұшырады.

                                          Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010 
  2. Қазақстан тарихы очерктер. Алматы 1999
  3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы
  4. www.wikipedia.kz

 


Информация о работе Қазақстан азамат соғысы жылдарында