Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 15:39, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім.........................................................................................................5
І. Қылмыстық жауапкершілік...........................................................................5
ІІ. Қылмыстың құрамы.........................................................................................8
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ............................................................8
2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі..................................... 10
2.3 Қылмыс субъектісі түсінігі................................................................11
Қортынды................................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................18

Файлы: 1 файл

Құқық-реферат-Қылмыстық құқық.doc

— 132.50 Кб (Скачать)


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ  КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Экономика және құқық» институты

 

«Құқықтану» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырып: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.

Мамандық: «Халықаралық қатынастар»

 

 

 

Тексерген: Кулбаева М.М

Орындаған: Жоламанова А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2011

М А З М  Ұ Н Ы

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

Негізгі бөлім.........................................................................................................5

 

І.  Қылмыстық жауапкершілік...........................................................................5

ІІ. Қылмыстың құрамы.........................................................................................8

2.1 Қылмыс объектісінің  түсінігі ............................................................8

2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі..................................... 10

2.3 Қылмыс субъектісі түсінігі................................................................11

 

Қортынды................................................................................................................16

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

       Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.

      Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық

қудалауды, тек әрекеттерінде  қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға  ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.

       Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.   Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылы,  жауапкершілік  жүктеледі. Құқылық  жауапкершіліктің  ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық  жауапкершілік  болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелінген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір  қылмыстың  құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық т.б. Мұның өзінде қылмыстық  жауапкершіліктің , оның іс әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі турде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Кез келген құқық бұзушылық мінез құлық қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Ал қылмыс дегеніміз – қоғам үшін ерекше құбылыс. Жасалған қылмыс нәтижесінде ең алдымен  қылмыстың  құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан : қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру , кедей мен бай, қазақтар, орыстар тағы басқалар болуы мүмкін. Қылмыстық әрекеттерден әсіресе жас өспірімдер зардап шегеді,. Олар құрбандыққа тікелей де , жанама түрде де тап болады. Егер елде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.

 

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық жауапкершілік

Қылмыс –  қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық  тың өрескел көрінісі, бұл заң  тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде туындайтын өрескел қылықтар.       Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында,  қылмыстың  формальды анықтамаларында түсік беруі орын алса, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тиым салынған материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы бегілі. Егер  қылмыстың  түсінігі формальды анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде бірге материалды – қоғамға қауіптілік , әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.   Қылмыс міндетті белгілермен сипатталады. Бұлар қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.    Қылылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік –  қылмыстың  заңмен қорғалған қоғамдық қарым қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін  қылмыстың  объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі).      Қоғамға қауіптілік  қылмыстың  нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын длелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс - әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келу қаупін туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы , егер қол сұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде деп таба отырып , қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.  Қылмыстың  міндетті белгілерінің бірі болып құқыққа қайшылық – яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған іс - әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.  Қылмыстың  формальды және материалды белгілері бір – бірімен тығыз байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс - әрекеттерді істеуін құқыққа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық –  қылмыстың  формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгіленген жазаның белгілі түрінің тағайындалуы болып табылады. Құқыққа қайшылықпен қатар онымен байланысты  қылмыстың  екі белгісі кінәлілік және жазалылық болып табылады . ҚК 19-бабы 2- бөлігіне сәйкес , объективті айыптауға , яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қаақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болып табылады.  Қылмыстың  қаншалықты зардабы болғанына қарамастан , егер оны істеген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса , ол қылмыстық жауаптылыққа , жазаға тартылмайды.          Қылмыстың  тағы бір міндетті белгісі – қылмыстық жазаланушылық болып табылады.  Қылмыстың  өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу  қылмыстың  белгісі болады. Адам бір нақты бір қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.          Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау органының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай  қылмыстың  тегін қалаушы қоғамнан іздеп , оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олар жеке меншік ылғида  қылмыстың  пайда болуының негізгі себебі болған және боладыда деген. Олардың ортақ пікірі бойынша , қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қалағаны да жойылып, социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылды деп есептеді. Біздің елімізде «кемелденген социалистік қоғам құрылды, ұрлық, бұзақылық, тағы басқа  қылмыстың  алуан түрлері молайып, жеке адамның қоғамның мемлекеттің мүддесіне қолсұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды». Сондықтан  қылмыстың  себептерін жеке меншіктікпен, қалаушылық пен байланыстыру дұрыс болмайды. Біз социализмнен , социалистік идеядан, бас тарттық. Конституциямыз шынайы демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамргершілікті қоғам құру міндетін алға баса қойып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ , өкінішке орай қылмыс азаймай отырып , тіпті көбейіп кету тенденсиясы бар. Кей біреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынын десе, кейбіреулер керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді, жеңіл , жазалауда кескілеп өлтіруде , отқа жағып жіберуде – бәрі де болды. Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін , әлі де қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын айтқанда , мұндай ғылыми түрде негізделген теория жоқ емес.  Қылмыстың  болашақ тағдыры жөнінде дәл айта қоюы мүмкін бола қояр ма екен , бірақ оның жалпы алғандығы немесе кейбір жеке нақты себептерін анықтау болса керек қазақстанда  қылмыстың  өсе түсуіне әсер ететін себептер : жоқшылық , кедейшілік , жұмыссыздық, мәдениеттің төмендеп кетуі, адамгершілік азғындауы , отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі , маскүнемдіктің етек алуы наша қорлық , порнографияның кері ықпалы, милиция, прокуратура, сот жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі тағы басқа себептер екені айқын .  Қылмыстың  едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан сазайын тартпаған одан сайын басынып , басқа да қылмыстар жасайды .Жоғарыда айтылғандарға қарап , біздің қоғамда қылмыс бой берместей етек алып кетті деуге болмайды . Азаматтарымыздың басым көпшілігі дұрыс өмір сүреді, балаларын жақсы тәрбиелейді өзіне және қоғамға пайдасын тигізіп еңбек етеді , білімдерін көтереді тағы басқа игі пайдаларын қоғамға тигізеді. Бірақ  қылмыстың  қауіпті екенін соншалық, бір адам жасаған  қылмыстың  зардабы бір немесе бірнеше адамдар тобына қомақты трагедия , қайғы-қасірет әкелуі мүмкін. Сондықтан қылмысқа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп түсінбеу керек . Әрине , Қылмыс істегендерге қарсы күрес бірінші кезекте ішкі істер органдары , прокуратура , соттың бірінші , тікелей міндеті. Бұл органдардың қызметкерлері халық арасында заң тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын , облыстағы , қаладағы ауылдағы құқық тәртібінің жайын кеңірек хабарлап , өздерінің осынау қауіпті де ауыр жұмыстары жөнінде әсерлі әңгімелеп отырса игі іс болар еді. Мемлекет ішкі істер органдарының қызметкерлері , тергеушілер , прокурорлар мен соттар санын үздіксіз көбейте бере алмайды . Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ , мұның өзі адал ниетті , заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қылмыс объектісінің түсінігі

 

        Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады.

        Заңнамада, сот практикасында  және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс»  ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.

        Қылмыстың субъектісі әрбір қол  сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.

       Біз  жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.

   А) Жасалған  қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік  мән-жайлары, қылмыстың жалпы  құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік  жағы бойынша жүйеленеді және  топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.

    Б) Жасалған  іс-әрекетпен барынша ұқсас болып  табылатын нақты құрамның заңды  белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің  баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.

        Тек логикалық заңдарын, оның  категорияларын және тәсілдерін  пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.

        Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен  қоғамдық қатынастарды қылмыстық  қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген  қылмыс қоғамдық қатынастарға  қол сұққандықтан қоғамға тұтастай  қауіп төндіреді. Сонымен қатар  қоғамдық қатынастар дегеніміз  адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.

        Басқаша айтқанда қылмыскер неге  қол сұқса, не нәрсе қылмыстық  заңмен қорғалса неге залал  келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.

        Қылмыстық-құқылық  теорияда қылмыс объектісінің  үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)

        Уақыт өте  келе бұл пікір Б.С. Никифоров,  Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.

        Объектілерді  сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.

       Атап айтқанда  Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»./24/

Информация о работе Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы