Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 15:39, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім.........................................................................................................5
І. Қылмыстық жауапкершілік...........................................................................5
ІІ. Қылмыстың құрамы.........................................................................................8
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ............................................................8
2.2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі..................................... 10
2.3 Қылмыс субъектісі түсінігі................................................................11
Қортынды................................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................18

Файлы: 1 файл

Құқық-реферат-Қылмыстық құқық.doc

— 132.50 Кб (Скачать)

        Алкогольді ішімдікті, есірткі  заттарды немесе басқада есеңгірететін  заттарды пайдалану салдарынан  қылмыс жасаған адам қылмыстық  жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі  таңда қалыптасып отырған жағдайда  көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.

      Қортындылай  айтқанда қылмыс субъектілерін  біз жалпы және арнайы қылып бөлеміз. Жалпы субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне Қаз-Республикасы қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы.

 

      Біз  «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» атты тақырыпқа жазылған реферат жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық-құқылық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас.

      Әрине  берілген жұмыс қылмысты саралаудың  барлық кешенді проблемаларын  толықтай ашып, олардың практикалық  шешімін табудың жолдарын көрсетеді деп санай алмаймыз. Жұмысты орындау барысында жалпы жұмысымыздың мазмұнында біз қылмысты саралаудың құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алатындағын яғни құқықтық нормаларды қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылатындығын атап көрсеттік.

       Қылмысты  саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет  белгілерінің қылмыстық заңда  қарастырылған белгілі бір қылмыс  құрамына дәл сәйкестігін тиісті  процессуалдық актіде анықтау  және бектіу болып табылады.

       Қылмысты  дұрыс саралаудың қандай маңызға ие екендігін төмендегідей мысалдан байқауға болады. М. Деген азамат өзінің әйелінің төсекте ашынасымен жатқан жерінен үстінен шығып әйелін ерекше қатігездікпен өлтірген. Тергеу органдары оның әрекеттерін ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «д» пункітімен саралаған ал сот онымен келісіп 12 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындаған алайда кіәлінің әрекетінде жан күйзелісі жағдайы болғандығын атап өткен. Жоғарғы сатыдағы сот кінәлінің әрекетін 98 баптың 2 бөлімімен қайта саралап оған осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Осы мысалдан қылмысты дұрыс саралаудың әділеттілік, заңдылық үшін, адамдардың тағдыры үшін қандай маңызға ие екендігін түсінуге болады.

       Жұмысымыздың  қортындысында қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының негізгі мәселелерінің жоғарыда өзіміз атап көрсеткендей болып табылатынын оның мазмұны негізінен «Қылмыс құрамы» ілімін тереңдетуге бағытталғанын, тергеу мен соттық қызметіндегі оның маңызын атап өтуге тиіспіз. Қылмыстық құқықтың әлдеқандай институттарын жақсы меңгеру негізінде ғана практиканың тиісті мәселелерін оның ішінде оперативтік – тергеу қызметінің қортындысы болып табылатын қылмысты саралауды да дұрыс шешуге мүмкіндік пайда болады. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылық үшін қандай маңызға ие болатындығын тағыда атап көрсете отырып, біз қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылатын қылмыс құрамының осы орайда шешуші маңызға ие болатындығына назар аударамыз.

       Қылмысты  дұрыс саралаудың әрекет ететін  заңнамаға қатаң түрдегі сәкестікте жүргізілуі, қоғамдағы әділеттікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, қорғауға қылмыстылықпен күресте тиісті жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірден-бір жол.

      Егер  осы жұмысты орындау барысында  қылмысты саралаудың негізгі теоретикалық мәселелерін ашып оның барысындағы қылмыс құрамының қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі маңызына терең талдау жасай алса  автор өзінің алдына қойған міндеттерін орындалды деп санайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер.

 

І  Нормативті-құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
  3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
  4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
  7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
  8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).

 

 

                        

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы