Казақстан мен таяу шығыс елдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:08, реферат

Краткое описание

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды.

Файлы: 1 файл

крсс реф.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының  тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 6 наурызда орнатылды.

Қазақстанның Египеттегі Елшілігі 1993 жылғы сәуір айында ашылды. 2012 жылғы қаңтардан Қазақстанның Египеттегі Елшісі болып Б.Арын тағайындалды.

Египеттің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылғы тамыз айынан бастап қызмет атқарады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1993 ж. ақпанында ЕАР-на жасаған бірінші ресми сапары, қазақстан-египет қарым-қатынастарының тарихындағы маңызды оқиға болды. Сапар барысында екі ел арасындағы барлық бағыттардағы өзара ынтымақтастықтың сипаты анықталды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2007 ж. наурызындағы және 2008 ж. мамырдағы Египетке жасаған ресми сапарлары мен 2006 ж. қарашадағы ЕАР-ның Президенті Х.Мубарактың Астанаға бірінші ресми сапары Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда әрі қарай дамыту және нығайтуға елеулі серпін берді.

Өткен жылдар ішінде тараптар өзара әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасты. Олардың ішінде ең бастылары ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі төрағаларының, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлерінің, Астана, Алматы қалаларының, Көкшетау мен Жамбыл облыстары әкімдерінің, Жоғарғы сот төрағасының, Бас муфтидің, Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының т.б. Египетке сапарларын атап өтуге болады. Қазақстанда сапармен Египеттің Діни істер жөніндегі министрі (төрт рет), Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары және т.б. болды. Екі елдің СІМ арасында бес рет саяси консультациялар өткізілді.

Египет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезін өткізу, 29 тамызды – «Ядролық қарудан бас тартқан әлем» халықаралық күн ретінде жариялау іспетті қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетті.

Египеттің Діни істер жөніндегі министрі Х.Зақзуқ 2008 ж. 17 қазанда Астанада өткен «Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу» форумына қатынасты.

Әл-Азхар үниверситетінің Бас имамы шейх М.Тантауи және ЕАР Президентінің арнайы өкілі, Діни істер жөніндегі министрі М.Зақзуқ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш Съезіне (2003, 2006 және 2009 жж.) қатынасты.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне АРЕ Сыртқы істер министрі А.Абуль Гейт қатысты.

Қазақстан мен Египет арасында бірлескен үкіметаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді – Каирде (1995 ж. мамыр, 2003 ж. желтоқсан), Астанада (2001 ж. маусым, 2007 ж. ақпан).

Қазіргі кезде Египеттің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 120 студент оқиды

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 90,9 млн. долл. құрады.

Қазақ-египет қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы 30-дан астам құжаттан тұрады.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды.

Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігі 1996 жылдың мамыр айында ашылды. ҚР САК-гі Елшісі Б.Тасымов. Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігі 1997 жылдың наурыз айында ашылды. САК Астанадағы Елшісі Әбділмәжид Хаким. ‎

ҚР мен САК арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылы Корольдікке ресми сапары барысында қаланды.

Екі ел арасындағы достық қатынастардың одан әрі нығаюына САК Премьер-министрінің екінші орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор ханзада Сұлтан бен Әбділ Әзіздің (2005 ж. 1 тамыздан бастап Тақ мұрагері) 2000 жылғы Қазақстанға сапары және ҚР Президентінің 2004 жылдың наурызда өткен екінші ресми сапары өз септігін тигізді.

Өткен мерзімде екі ел арасында түрлі деңгейде бірқатар өзара сапарлар ұйымдастырылды.

Сауд Арабиясына ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев (1994 ж.), білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі Қ.Көшербаев (1997 ж.), Парламенті Сенатының төрағасы Ө.Байгелді мен Н.Әбіқаев (1997 және 2006 жж.), Жоғары сот төрағалары М.Нәрікбаев, Қ.Мами және М.Әлімбеков (1998, 2001 және 2010 жж.), Экология және табиғи ресурстар министрі С.Дәукеев (1998 ж.), Қорғаныс министрі С.Тоқпақбаев (2002 ж.), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2002 ж.), Әділет министрі О.Жұмабеков (2004 ж.), Сыртқы істер министрінің орынбасарлары А.Шәкіров және Н.Ермекбаев (2005 және 2008 жж.), Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев (2009 ж.), Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев (2010 ж.), Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов (2010 ж.), Конституциялық кеңестің төрағасы И.Рогов, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы О.Жұмабековтің (2010 ж.) сапарлары болды.

Қазақстанға САК Консультативтік кеңесінің төрағалары Ибрагим бен Джубейр, Салех бен Хумейд және Абдалла Әл аш-Шейх (1998, 2006 және 2009 жж.) Әділет министрі Абдалла Әл аш-Шейх (2002 және 2008 жж.), Сауда және индустрия министрі Хашим әл-Ямани (2006 ж.), Дін, уақф және үндеу министрі шейх ‎Салех Әл аш-Шейх (2007 ж.), Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Низар Мадани (2008 ж.), Экономика және жоспарлау министрі Халед әл-Кусейби (2009 ж.), Туризм жөніндегі жоғарғы комиссиясының төрағасы ханзада Сұлтан бен Салман (2009 ж.), Денсаулық сақтау министрі Абдалла ар-Рабия (2010 ж.) сапар жасады.

2011 сәуірінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.қазыханов ресми сапармен Риядта болып қайтты.

Сауд Арабиясы еліміздің инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысты. ҚР Парламенті Сенаты ғимараты (15 млн. долл. астам), Астана қаласындағы кардиоорталық (12 млн. долл.), Осакаровка-Вишневка көлік жолы (12 млн. долл.), Петропавл қаласындағы мешіт (2 млн. долл.) және т.б. жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-сауд үкіметаралық комиссиясының үш отырысы өтті – 1999 және 2009 жж. Астана қаласында, 2004 ж. Рияд қаласында.

Жыл сайын ‎‎4 мыңға жуық қазақстандықтар қажылық және умра жасау мақсатында Мекке және Медина қалаларына сапар шегеді.

ҚР мен САК арасындағы тауар айналымының көлемі 2011 жылы 14 млн. долл. құрады.

Қазақстан-сауд қатынастарының шарт-құқықтық базасы 14 құжатқа негізделген.

 

 

Қазақстан Республикасы мен Алжир Халық Демократиялық Республикасы қарым-қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Алжир Халық Демократиялық Дипломатиялық қарым-қатынастар 1996 ж. 15 наурызында орнатылды.

Ресей Федерациясындағы Алжирдің Елшісі Смаил Шерги 2009 жылдың 27 қазанынан Алжирдің ҚР Елшісі міндетін қоса атқарады.

ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің делегациясы 2004 жылдың 15-17 желтоқсанда Алжирде өткен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ислам Ұйымына (ИСЕСКО) мүше елдердің 4-ші Сессиясының жұмысына қатысты. Сапар барысында Қазақстаннан барған делегация АХДР-ның Мәдениет министрі Х. Тоуми ханыммен және ИСЕСКО Бас хатшысы Ә.Әл-Туэджримен кездесулер өткізді. Тараптар ИСЕСКО басқарушы лауазымдарына Қазақстанның өкілін ұсыну бойынша және мәдениет, баспа және мұрағат істері, киноматография салаларындағы екіжақты қатынастарды жандандыруға қатысты мәселелерді талқылады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев АХДР-ның Қазақстандағы Елшісі міндетін қоса атқарушы лауазымына қайта сайлануына орай Сенім грамотасының көшірмесін тапсыру үшін 2009 жылдың 27 қазанында Қазақстанға келген С.Шергимен кездесті.

Алжир Президентінің жеке өкілі, Мемлекеттік министр Ә.Бельхадем 2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2011 ж. 479 мың долл. құрады (тек қана экспорт).

 

Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 мамырда орнатылды.

Екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды оқиға ретінде Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы Бахрейнге ресми сапарын атауға болады. Сапар барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық пен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды.

2002 ж. Бахрейн Корольдігіне ҚР Ұлттық банк делегациясы сапар жасады. Қазақстанда Бахрейн Корольдігі Сауда-өнеркәсіп палатасының (1998 ж.) және бахрейн компанияларының делегациялары (1999 ж.) сапармен болды.

2008 ж. 16-17 қазанда Астанада өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогының Сыртқы істер министрлерінің 7-отырысы мен «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеу» сыртқы істер министрлерінің конференциясына Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі Низар әл Бахарна бастаған бахрейндік делегация қатысты.

ҚР Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев Манамаға 2009 ж. қазан және желтоқсан айларында сапар шекті. Бахрейннің жоғары лауазымды тұлғаларымен өткен кездесулер барысында Қазақстанда ислам банкингі жүйесін дамытуда техникалық көмек көрсету мен осы салада тәжірибе алмасу, сондай-ақ қазақстандық мамандарды әзірлеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

2010 ж. 15-16 наурызда Астанада өткен «Kazakhstan Islamic Finance Conference» атты форумға Бахрейн Премьер-министрінің арнайы өкілі мен кеңесшісі, Азия Ислам Банкінің басшысы Абдалла Хасан Сейф қатысты.

Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тауар айналымының көлемі 2011 жылы 1 млн. долл. құрады. Қазақстан-бахрейн қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы Дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникемен шектелген.

 

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық байланыс 1992 жылы 1 қыркүйекте орнатылды.

ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі А.Мусинов (2006 жыл, маусым).

БАӘ-нің Елшілігі 2005 жылғы қазаннан Астанада жұмыс істей бастады. БАӘ-нің ҚР-дағы Елшісі Ибрахи Хасан Сейф бен Рабех Әл Әли.

Екі жақты қарым-қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне 1998, 2000, 2004, 2005, 2006, 2008, 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдардағы ресми және жұмыс сапарлары, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның 2004, 2006, 2007, 2009, 2010 және 2011 жылдардағы Қазақстанға жасаған жеке сапаралары кезінде қаланды.

14-16 маусым 2008 ж. БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен Астанада болып, оның барысында тараптар ынтымақтастықтың көкйкесті мәселелері болып табылатын саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды талқылады.

16-17 наурыз 2009 ж. ҚР Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары болды және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Абу Дабиде ҚР және БАӘ Іскер кеңесінің кеңейтілген бірінші мәжілісі болып өтті.

Әмірліктер Қазақстанның негізгі сыртқы саясатындағы бастамаларын белсенді түрде қолдап келеді.

2008 ж. тамызда Әмірліктер АӨСШК-е толыққанды мүше болды. БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаян АӨСШК үшінші Саммитіне қатысты (8 маусым 2010 ж. Стамбұл қ.). БАӘ делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші (12-13 қыркүйек 2006 ж.) және үшінші (1-2 маусым 2009 ж.) Съездіне қатысты. БАӘ Мәдениет, жастар және қоғамдық даму министрі Абдурахман бен Мұхаммед аль-Уейс 16-17 қазан 2008 ж. Астанада өткен Азия ынтымақтастық дималогы 7-ші СІМК-тің жұмысына және «Жалпы әлем: әралуандық арқылы ілгерлеушілік» конферециясына қатысты.

2011 ж. 28 қарашада Абу-Дабиде ҚР мен БАӘ Сыртқы істер министрліктері саяси консультацияларының үшінші рауынды өтті. Онда қазақстан тарапын Министрдің орынбасары Қ.Сарыбай, ал әмірліктер тарапын Министрдің орынбасары Т.Әл-Хайдан басқарды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы қазақстан-әмірліктер Үкіметаралық комиссиясның бес отырысы өтті: біріншісі (2004 ж.), үшіншісі (2008 ж.) және бесіншісі (2011 ж. қараша) – Абу-Дабиде, ал екіншісі (2007 ж.) мен төртіншісі (мамыр 2010 ж.) Астанада өтті. Әмірліктердің «әл-Хиләл» исламдық банкінің Астана мен Алматы қалаларында (наурыз 2010 ж.) филиалдары ашылып, жұмыс істеуде. Астанада «Абу Даби Плаза», Ақтаудың каспий жағалауында «Ақтау сити» жобалары жүзеге асырылуда және каспий теңізінде «Н» мұнай кең орнын игеру, сондай-ақ тікелей инвестициялық «Фалах» бірлескен қоры жұмыс істеуде.

Информация о работе Казақстан мен таяу шығыс елдері