Казақстан мен таяу шығыс елдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:08, реферат

Краткое описание

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды.

Файлы: 1 файл

крсс реф.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

Конституцияның алғы сөзі сияқты, Ливия конституциясының да ашық идеологияланған  сипатта екендігі айдан анық [7].

Идеологияланған конституцияға Сирияның конституциясын жатқызуға болады, оның алғы сөзінде араб ұлтының «империализм күштерімен, сионизммен пайдаланумен, қанаумен» күресінің тарии себептері айтылған.

Конституцияның алғы сөзінде «қандай  да бір араб мемлекетіне колониализм  мен сионизм жағынан төнетін  кез келген қауіп, сол уақытта  бүкіл араб ұлтына төнетін қауіп болып табылады [8].

1981 ж. 28 маусымда адам құқығының  Африкалық Хартиясында және 1948 ж. 10 желтоқсанындағы адам құқығының  Жалпыұлттық декларациясында, сонымен  қатар Мавритания қол қойған  халықаралық келісімдерде анықталғандай  Мавритания конституциясының алғы сөзінде мемлекеттің ислам мен демократия принциптерін ұстанатындығы жарияланады. Алғы сөзінде Мавритания халқы басқа ағайын халықтармен мұсылман, африкан және араб халықтарымен бірге бола отырып, барлық әлемде бейбітшіліктің нығаюына, Ұлы Магриб пен Африканың бірлігіне қол жеткізу үшін жұмыс істейтіндігі салтанатты жарияланған [5].

Алжирдің конституциясында «Мемлекет  туралы» бөлімінде: «Алжир соғыстан басқа халықтардың еркіндігі  мен заңсыз суверенитетіне қастандықтың құралы ретінде бас тартатындығы» айтылады. Ол халықаралық дауларды бейбіт құралдармен реттеуді қолдайды» (26 бап). Алжир саяси және экономикалық азаттық үшін, өз тағдырын өзi шешу құқығы мен нәсілдік кемсітудің кез келген түріне қарсы күресетін барлық халықтар да тілектес. Алжир халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды, теңдік пен өзара мүдде негізінде мемлекеттер арасындағы достастық қатынасты дамытуды, ішкі істерге араласпауды жақтайды. Ол БҰҰ Жарғысының ( 27, 28бап) мақсаттары мен принциптеріне адал [9].

Көптеген араб мемлекеттеріндегі ынтымақтастық пен бірлік принципі белгілідей, этнодіни немесе аймақтық ынтымақтастықпен байланыстырылады. Мысалы, Тунистің конституциясының алғы сөзінде «Ұлы Магрибтің бірлігіне сенімділікті сақтауға» ұмтылыс айтылады, «араб халықтарының отбасына» жататындығы мен «жарқын болашақты құруда Африка халықтарымен ынтымақтастыққа» ұмтылысы айқын көрінеді.

Марокконың Конституциясы «болашақ африка мемлекеті бола отырып, ол африкалық  бірлікке қол жеткізуді өз мақсаты  етіп қоятынын жариялайды.

Катардың негізгі заңының 5 бабы сыртқы саясаттың принциптерін барынша нақты және толықтай бекітеді.

Бұл жерде мемлекеттің «барлық  араб мемлекеттерінің одағы…өз аймағында  және барлық ұлы араб отанында ынтымақтастық  пен бейбітшілік» үшін мемлекеттің  күреске ұмтылысы жарияланады. Мемлекет бауырлас мемлекеттермен бірлікті қамтамасыз ететін қызметін, осындай одағын нағайтуға себеп болатын барлық шараларды қолдайды. Өз жағынан Катар осындай шаралардың жүзеге асуына және «араб ұлтының бірлігін нығайтуға және бауырлас араб мемлекеттерімен бар ынтымастықтың арнасының нығаюына» қол жеткізетініне кепілдік береді.

Катар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен  қазіргі халықаралық құқықпен бекітілген басқа елдердің принциптерін орындауға  жәрдемдесуге және орындауға міндеттенеді: бейбітшілікті сақтау; «өзара сыйластық пен бейбіт ынтымақтастық негізінде барлық бейбіт сүйгіш елдер мен халықтармен достастық қатынастарды орнату мен ішкі істерге араласпау»; «халықтардың өз тағдырын өзі шешу құқығының» сақталуы; «агрессияның көріністері үшiн барлық күшті қолдану»; «мемлекетаралық қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеуге дайындық» және т.б.

Осылайша, конституция мәтінінде  араб елдерінің сыртқы саясатының ортақ  принциптері, негізінен халықаралық  құқықтың ортақ принциптерінің аясында  болды, алайда кейбірі идеологиялық нормалар осы белгілерден тыс жатыр. Барлығына ортақ сыртқы саяси принциптердің бірі араб бірлігіне ұмтылу болып табылдаы. Сонымен қатар араб елдерінің сыртқы саясатының ортақ бағыттарын конституциялық реттеу сыртқы саяси бағытты тұрақтандырудың барынша нақты және дәл айқын нұсқаулары мен оны жүзеге асыру формаларының жоқтығын атап өту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Бахрейндегі, Катар мен Иорданиядағы әріптестері жалпы құны 30 миллиард долларды құрайтын бірқатар экономикалық жобаларды жүзеге асыруға кірісуде. Аталған жобалар қатарында Қазақстандағы жаңа серіктес қала - "Ақтау-Сити", Каспий өңіріндегі тұңғыш Энергетикалық Хаб, Каспий жағалауындағы "Кендірлі" туристік аймағын дамыту жобалары бар.

Қазақстан екі ірі тікелей инвестициялар  қорын іске қоспақ, олардың бірі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әріптестерімен, екіншісі - Бахрейндегі әріптестермен  бірігіп құрылмақ.

Мұндай шаралардың өткізілуі - Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен шынайы достық қарым-қатынасының айқын дәлелі және біздің ең тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға деген ортақ ұмтылысымыздың көрсеткіші.

Қазақстан Таяу Шығыс елдерін экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдағы перспективалы  әріптесі ретінде қабылдайды. Республика өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жақсы қарым-қатынасын орнықтырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Тунисская Республика. Под ред. О.В. Левина. М. 1993.

2.Исаев В.А., Филоник А.О. Государство Катар: проблемы развития. М. 1999.

3.Муромцев Г.И. Конституции арабских государств. М. 1982.

4.Государство Кувейт. М. 1999.

5.Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М. 1997.

6.НДРЙ. Конституция и законодательные акты. М. 1985.

7.Егорин А.З. Современная Ливия. М. 1996.

8.Сирийская Арабская Республика. Под ред. В.М. Ахмедова, В.А. Исаева, А.О. Филоника. М. 1997.

9.Сапронова М.А. Политика и конституционные процесс в Алжире. М. 1999.

10.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты: http://mfa.gov.kz/kz/#!/kazakstannyin_syirtkyi_sayasatyi/kazakstannyin_yintyimaktastyigyi/

11. Егемен Қазақстан газеті; 2011 жыл. http://www.egemen.kz/2011/tag/таяу-шы­ғыс/

 

 


Информация о работе Казақстан мен таяу шығыс елдері