Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:08, реферат
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды.
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды.
ҚР Омандағы Елшілігі 2009 ж. 10 желтоқсанда ашылды. Қазақстан Республикасының Омандағы Елішісі – Е.Әбілдаев.
2006 тамыз айынан бастап Оман
Сұлтандығының Елшілігі
Екі жақты қатынастар тарихында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады (қыркүйек 1997 жыл. Сапар барысында ҚР мен ОС арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды.
2008 жылғы 15-18 наурызда ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Сұлтан Қабус
Жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкжиектері, соның ішінде Оманның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінің жұмыстарына және Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерілетуге қатысу, қазақстан-оман үкіметаралық комиссиясын және екі елдің Іскерлік кеңесін құру, сондай-ақ омандық инвестицияларды мұнай-газ салалары мен еліміздегі басқа да инвестициялық жобаларға тарту мәселелері талқыланды. Оман тарапынан Қазақстанға сапармен Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Юсуф бен Алауи (2004 жыл қыркүйек), Мұнай және газ министрі М.әл-Румхи мен Сауда және өнеркәсіп министрі М. Султан (2004 жыл қазан, 2005 жыл желтоқсан) келді.
1998 жылы Оман Қазақстанға қайтарымсыз көмек ретінде Астана қаласындағы “Салтанат Сарайын” салу үшін 10 млн. АҚШ долл. бөлді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне Оман Сұлтандығы Бас Мүфтидің кеңесшісі Кахлан Әл-Харуси қатысты.
2011 ж. 28-30 маусымда Астанада өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына Халықаралық ынтымақтасытқ жөніндегі мемлекеттік министрі Юсуф бен Алауи бастаған делегация қатысты.
2001 жылғы желтоқсанда ҚР
Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 15,8 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 2,4 млн. АҚШ доллары болса, импорт – 13,4 млн. АҚШ долларына жеткен. Қазақстан-оман қатынастарының шарт-құқықтық негізін 8 құжат құрайды.
Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылды.
Израильдің Қазақстандағы
Қазақстанның Израильдегі
Израильдің Қазақстандағы
Өткен кезеңде екі ел арасында әртүрлі деңгейде бірқатар сапарлар жүзеге асырылды.
ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге екі рет ресми сапармен барып қайтты (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір).
Қазақ тарапынан Израильге сонымен қатар келесі тұлғалар сапар жасады: Премьер-Министр (1992 ж.), Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірқатар министрліктер мен облыс әкімдіктерінің басшылары (1992 ж.), Жоғарғы соттың төрағасы (1995 ж.), Білім және ғылым министрі (2007, ақпан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007, маусым), Парламент Сенатының Төрағасы (2008, мамыр), Парламент Мәжілісі Төрағасның орынбасары (2008, желтоқсан).
Қазақстанда сапармен Израиль Ғылым және экономика министрі (1993 ж.), Энергетика министрі (1993 ж.), Қорғаныс министрлігі Бас директорының басшылығымен әскери делегация (1995 ж.), Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек), Премьер-министрінің орынбасары-Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. маусым, АӨСШК саммиті), Премьер-министрінің орынбасары-Негев және Галилейді дамыту министрі (2006 ж. маусым, АӨСШК екінші саммиті), Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж,. қаңтар), Кнессет (Парламент) Вице-спикері (2008 ж,. мамыр) болды. Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Б.Бен-Элиезер Қазақстанда үш мәрте сапармен болды (2007 ж. желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір), Ғылым министрі Д.Гершкович және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының Лауреаты Р.Ауман (2010 ж. шільде және 2011 ж. мамырда Астана қаласында III-IV Астана Экономикалық Форумы).
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтті – 1993 ж. наурызда, 1998 ж. маусымда Алматыда, 1994 ж. қарашада, 2004 ж. қарашада Иерусалимде, 2010 ж. сәуірде Астанада.
2009 жылғы 30 маусым – 1 шілдеде Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перестің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Сапар шеңберінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші Съезі мен Қазақстан-Израиль бизнес-форумына қатысты. Аталған бизнес-форумда 6 келісімге қол қойылды. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне (Астана) израиль тарапынан Премьер-министрдің орынбасары, Стратегия істері жөніндегі министрі М.Яалон қатысты. 2010 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан-Израиль сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. 2011 жылы ҚР мен ИМ арасындағы тауар айналымы 1,544 млрд. долл. жетті (экспорт – 1,418 млрд., импорт – 126 млн.долл). Қазақстан-Израиль шарт-құқық базасы 35 келісімнен тұрады.
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 8 ақпанда орнатылды. Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі 2007 жылғы шілде айында ашылды. ҚР Иорданиядағы Елшісі Б.Сарсенбаев.
Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі 2007 жылғы сәуір айынан бастап қызмет атқарады. Иорданияның Қазақстандағы Елшісі Сулейман Арабият. Қазақстан - иордан қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі белсенді кездесулермен ерекшеленеді. Екі елдің басшылары жиі кездесіп отырады, сондай-ақ халықаралық шараларға қатысу аясында бас қосуда. Иордания Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске толыққанды мүше (2008 ж. тамыз). Иордания Сыртқы істер министрі Н.Джуда Стамбұлда өткен АӨЫСШК III Саммитіне (2010 ж. 8 шілде) және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне (2010 ж. желтоқсан) қатысты. Корольдіктің өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезіне (2009 ж. шілде) және Мұсылман және батыс елдері сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу» конференциясына (2009 ж. қазан) қатысқан болатын. Амман ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 29 тамызды – Ядролық қарудан азат әлем үшін халықаралық күн деп жариялау туралы бастамасын қолдады. ИХК Парламенті Сенатының Төрағасы Т.әл-Масри Діни мәдениеттің бүкіләлемдік форумына (2010 ж. қазан) қатысты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 3 отырысы өткізілді: 2006 ж. қарашада, 2009 ж. қаңтарда Амманда, 2007 ж. тамызда - Астанада. Тұрақты түрде Қазақстан-Иордан Іскерлік кеңесінің отырысы өткізілуде. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2010 ж. 21,8 млн. долл. (экспорт – 21,2 млн., импорт – 0,6 млн.) құраса, 2011 ж. 21.794 млн. долл. болды (экспорт – 20,353 млн., импорт – 1,44 млн.). Қазақстан мен Иордания арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 15 астам мемлекетаралық құжаттарға қол қойылған.
Қазақстаннын Таяу Шығыс пен Араб елдерімен ИЫҰ, АМЛ, МЭАЕҰ(ОАПЕК) шеңберінде өзара іс-қимылы
Ислам ынтымақтастығы ұйымына 2011 жылғы Қазақстанның төрағалығы мұсылман қауымдастығының Орталық Азия аймағындағы мәселелерге, жеке алғанда Қазақстанның мұсылман әлемі мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының нығаюымен бірқатар жобаларды жандандырумен байланысты назарын аудартады. Мұнымен байланысты ИЫҰ-на бірқатар мүше-мемлекеттердің сыртқы саясатының конституциялық негіздерін зерттеу орынды болып табылады.
Сыртқы қатынастардың
Араб елдерінің сыртқы саясаты мемлекеттік қызметтің маңызды салаларының бірі ретінде ұзақ уақыт бойы толықтай конституциялық реттеуден тыс болды.
Отаршылдық кезеңдегі екі
Аталған немесе басқа араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытын жүргізу мен қалыптасуға қатысты конституциялық нормаларын екі аспектіде қарастыруға болады: сыртқы саясаттың маңызды принциптерін нығайтқан нормалар және сыртқы саясатты (мемлекет, үкімет, парламент басшысы) жүргізуде жоғары мемлекеттік органдардың өкілеттілігін нығайтатын нормалар.
Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси принциптерін конституциялық нығайтуда негізгі заңға барынша болмашы орын берілгендігін атап өту керек.
Конституцияларда ережеге сай сыртқы саяси бағытқа арналған жеке бөлімдер мен тараулар болмайды.
Декларативті түрде мұндай нормалар конституцияның алғы сөзінде немесе жекелеген баптарда көрніс таба алады.
Әйтсе де, араб мемлекеттерiнiң сыртқы қатынастарының конституциялық қағидалары жалпы алғанда барынша үлкен сыйымдылықпен және тұжырымдардың көп нұсқалығымен бейнеленедi.
Бiр жағдайларда оларда жұртқа белгiлi барынша ортақ сыртқы саясаттың фундаментальді негiздері, басқаларында – нақты халықаралық-құқықтық міндеттемелер көрініс табады.
Бұл өзінің ең негізгі принциптерінің күрделі ішкі құрылымымен және заң шығарушының ұмтылысымен олардың жүзеге асуының белгілі құқықтық тетiгiн жасау немесе жоспарлаумен байланысты.
Араб елдерiнің көпшілігі халықаралық аренада қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстан тәуелсiз мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруi қағидасын белсенді түрде жақтайды.
Әлем және әдiлеттiліктiң идеалдарының жолын ұстаушылық көп елдердiң ұлттық заңдарымен жарияланады, ол соғысқа қарсы жиi конституциялық қаулыларда, соғыстан бас тартатын ұлттық саясаттың құралы ретінде және бейбiт құралдар көмегi арқылы мемлекетаралық дауды шешу ниеті өз көрінісін табады.
Тунис Конституциясының кiрiспесiнде «бейбітшіліктің, өрлеудің және ұлттардың еркiн ынтымақтастығының пайдасына» қызмет етуі осы мемлекеттің халқының ұмтылысы жарияланған [1]. Катардың Конституциясының мемлекеттің маңызды міндетінің қатарына сыртқы қатынастар саласында «бейбітшілікті сақтау үшін күш салудың қажеттілігі» жатады [2]. Египет Араб Республикасының конституциясында осыған ұқсас тұжырымдар мазмұндалған [3].
Оманның конституциясының алғы сөзінде халықаралық сахнада осы елдің ұстанымын күшейту шешімі және оның түрлі мемлекеттер мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен әділеттілік, қауіпсіздік, бейбітшілікті орнатудағы рөлі айқын жарияланған. Осылайша Конституцияның «Мемлекеттік саясаттың жетекші принциптері» атты 2 бөлімінде халықтар мен мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету Оманның басқа мемлекеттермен қатынасының принциптері «өзара сыйластық, ортақ мүдде, ішкі істерге араласпау, халықаралық және аймақтық құжаттар мен келісім шарттарды және халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптерін орындау жарияланды (10 бап).
Кувейт конституциясының кіріспесінде араб ұлтшылдығын нығайтуда осы мемлекеттің рөлін нығайтуға сенім, халықаралық бейбітшілік пен адамзаттық өркениетті дамытуды қамтамасыз ету бейнеленеді. Бұл жерде Кувейттің халықаралық ұстанымын нығайтуға ұмтылыс көрініс тапқан [4].
Араб елдері Конституциялық заңдарында көбінесе оның негіздерін анықтауда барынша маңызды халықаралық-құқықтық актілерге сүйенуге кез келген ұмтылуды немесе сол немесе басқа халықаралық мәселені шешуде ерекше қызығушылықты бейнелейтін өзінің сыртқы саясатының кейбір басқа да принциптерін жариялайды.
БҰҰ Жарғысының, адам құқығының Жалпыұлттық декларациясының мақсаты мен принциптеріне сілтеме барынша жиі кездеседі. Кейбір конституцияларда нәсілдік бөлінушілікпен күрес қажеттілігі көрсетіледі.
Марокконың конституциясының алғы
сөзінде мемлекеттің бүкіл
Йемен конституциясының «Мемлекеттің негізі» бөлімінде мемлекеттің БҰҰ Жарғысын, Адам құқығының Жалпыұлттық Декларациясын, Араб мемлекеттерінің Лигасының Жарғысын, сондай ақ халықаралық құқық нормаларын ұстанатындығы жарияланған [6].
Жоғары Революциялық Кеңес қабылдаған Ливия конституциясының алғы сөзінде ливия халқының атынан араб әлемінің басқа мемлекеттерімен өз бауырларымен бірге «империализм жаулап алған араб жерінің әр дюймін қайтару үшін» күресу мен «түбектен мұхитқа дейінгі бауырларды біріктіруге кедергі келтіретін барлық бөгеттерді жою» шешімін бейнелейді. Алғы сөзде сондай-ақ бейбітшілікке әділеттіліксіз қол жеткізу мүмкін еместігіне сенім білдіріледі, империализммен күрсетін және «реакция одағы мен империализм» табиғи байлықтарына қарамастан мемлекеттік аппаратты жаулап алған сыбайлас жемқорлықтың себебінен осы мемлекеттердің әлсіз дамуына жауапты екендігін айқын түсінетін барлық халықтармен қарым-қатынасты күшейтудің маңыздылығы атап өтіледі.