Казақстан мен таяу шығыс елдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:08, реферат

Краткое описание

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды.

Файлы: 1 файл

крсс реф.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

2009 ж. наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары барысында ҚР мәдени күндері Әмірліктерде өтті.

2010 ж. мамырда Астанада БАӘ мәдени күндері болып өтті.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, екі жақты тауар айналым 2011 жылы 110,7 млн. АҚШ. долл. болды (экспорт – 34,1 млн., импорт – 76,6 млн.).

 

Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды. Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. 2011 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның ИИР-дағы Елшісі қызметін Б.Әміреев атқарады. Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды. 2010 жылғы сәуірден бастап ҚР-дағы Иран Елшісі Горбан Сейфи. Қазақстан және Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан және Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссиясының (ҮБК) отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. ҮБК қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев, иран тарапының тең төрағасы ИИР Сыртқы істер министрі А.Салехи. 2010 ж. маусымнан бастап ирандық «Махан Эйр» әуекомпаниясы Тегеран-Алматы-Тегеран бағыты бойынша аптасына бір рет ұшады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының инвестициялық жобаларына сәйкес, 2010 ж. 19 маусымда Амирабад портында бірлескен астық терминалы және ұн дайындау диірмені іске қосылды.

Қазақстаның батыс облыстарының Каспий теңізі жағалауындағы Иранның провинцияларымен тікелей сауда-экономикалық байланыстары орнатылған.

2011 жылғы екіжақты тауар айналымының көлемі 1,11 млрд. АҚШ долларын (экспорт – 1,08 млрд. долл., импорт – 34,9 млн. долл.) құрады.

Екі ел арасында қол қойылған 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен құжаттар екі жақты қатынастар дамуының негізін қалады.

 

Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 11 қаңтарында орнатылды. ҚР Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Тасымов 2012 ж. сәуірінен Қазақстанның Кувейттегі Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 2010 ж. шілдеде Кувейт Мемлекетінің Пәкстандағы Елшісі Науаф әл-Онейзи ҚР-дағы қосалқы Елші болды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық негіздері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Кувейтке жасаған ресми сапары кезінде қаланды. Cапар нәтижесінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдерге, сондай-ақ екі ел Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы меморандумға қол қойылды.

Кувейт Мемлекетіне ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың (1997 ж.), Астана қаласы әкімі Ө.Шүкеевтің (2005 ж.), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаевтың (2008 ж.), Энергетика және минералдық ресурстар министрі С.Мыңбаевтың (2008 ж.), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаевтің (2008 ж.), Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтің (2009 және 2011 жж.), Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржованың (2010 ж.) сапарлары болды.

Қазақстанға Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Н.Родан (1992 ж.), Ұлттық Ассамблеяның (Парламент) делегациялары (1998, 2002 және 2010 ж.), Кувейт Әмірі Әкімшілігінің басшысы шейх Насер Ас-Сабах (2008 ж.), Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ас-Сабах (2008 ж.), Азия Олипиялық Кеңесінің Президенті шейх Ахмед Ас-Сабах (2007, 2010 және 2011 жж.) сапар жасады. Кувейт Астана қаласы әкімдігі жаңа ғиматарының құрылысына (10 млн. долл.), Астананың сол жағалуы инфрақұрылымының және Арал теңізі аймағын сумен қамтамасыз ету жобасының техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге (2,3 млн. долл.) гранттар бөлді. Кувейттік кредиттер есебінен (11,5 млн. долл.) Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарындағы сумен қамтамасыз ету, санитария және денсаулық сақтауды жақсарту жобалары жүзеге асырылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-кувейт үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өтті – 2008 ж. Астана қаласында, 2010 ж. әл-Кувейт қаласында. Қазақстан мен Кувейт арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 290,1 мың долл. құрады.

Қазақстан-кувейт қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық базасы 9 құжатқа негізделген.

 

Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 1 шілдеде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды.

Екі жақты қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Парсы Шығанағы араб елдеріне турнесі шеңберінде Қатар Мемлекетіне (1998 жыл мамыр) жасаған ресми сапары, сондай-ақ Қатар Әмірі Шейх Хамад бен Халифа Әл Танидың Астанаға сапары (1999 жылғы сәуір, 2008 жылғы наурыз және 2011 жылғы қазан) кезінде қаланды.

2007 жылдың 10-11 наурыз аралығындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қатар Мемлекетіне екінші ресми сапары екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.

Өткен аралықта Қатарға ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев (1997 ж. мамыр, 1998 ж. наурыз, 2006 ж. мамыр), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2000 ж. қараша), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Вице-министрі А.Досжан (2001 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б.Ізмұхамбетов (2006 ж. сәуір), Туризм және спорт министрі Т.Досмухамбетов (2006 ж. желтоқсан), Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б.Ақшолақов (2007 ж. қазан), Президентінің көмекшісі А.Исекешев (2008 ж. сәуір-мамыр), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Даненов (2008 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі А.Мағауов (2009 ж. ақпан) сапармен барды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Есімнің Қатар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнимен кездесуі өтті (2009 ж. наурыз), Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Омаров (2011 ж. сәуір), ҚР Президентінің Көмекшісі Н.Ермекбаев (2012 ж. қаңтар).

Қазақстанда Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасем бен Джабер Әл Танидің (1998 ж. сәуір), Коммуникация және көлік министрі шейх Ахмад бен Насир бен Халифа әл Тани (2000 ж. мамыр), Мәдениет, өнер істері бойынша ұлттық кеңесінің төрағасы шейх Сауд бен Мухаммад (2002 ж. сәуір), қатарлық «Qatar Petroleum International – QPI» мұнайгаз компаниясының Атқарушы директоры Н. Әл Джайда (2008 ж. мамыр), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммад әл Аттыйя (2008 ж. қазан), Әділет және құқық жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің мүшесі шейх С. әш-Шамри сияқты тұлғалар болды (2009 ж. шілде), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Мемлекеттік министрі Ахмед бен Абдулла Әл Махмұд (2011 ж. маусым).

Қатар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде бақылаушы мәртебесіне ие болды (2008 ж. тамыз). Қазақстан-қатарлық үкіметаралық комиссиясының үш отырысы өтті (2000 ж. мамырда Дохада, 2001 ж. мамырда және 2009 ж. қазанда Астанада). Қатар Мемлекеті Қазақстанға «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын салуға қайтарымсыз көмек ретінде қаржы бөлді. 2002 жыл наурыз айында Қатарда Қазақстанның мәдени күндері өтті.

Қазақстан мен Қатар арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 1 млн. 233 мың АҚШ долларын құрды (экспорт – 740 мың, импорт – 493 мың). Қазақстан-қатар қатынастарының шарт-құқықтық негізін 6 құжат құрайды.

 

Қазақстан Республикасы мен Ливия арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Ливия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 13 наурызда орнатылды. Ливияның Елшілігі Алматы қаласында 1992 жылы ашылды. Қазақстанның Ливиядағы Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.

2000 ж. 7-10 қарашада төңкеріске дейінгі Ливия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саад Мұстафа Мужбирдің Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына серпін берді. Сапар барысында Либиялық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болды. Өткен жылдар ішінде тараптар әртүрлі деңгейлердегі сапарлармен алмасты. ҚР Мәжіліс Төрағасының орынбасары М.Көпейдің басшылығымен Парламенттік делегацияның Ливияға сапары болды (2002 ж. қарашасында), Ливия Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты (2006 ж. қаңтар), екі ел арасындағы мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қалыптастыру мен жандандыру мақсатында Ливияға «ҚазМұнайГаз» АҚ делегациясы (2004 ж. маусым) барып қайтты.

1992 ж. Қазақстанға Ливияның Қаржы министрінің сапары болды. Сапар барысында Қазақстан-либия бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру жөніндегі келісімге қол қойылды. 2003 ж. қаңтарда Триполиде және 2007 ж. қарашада Астанада Қазақстан-Ливия бірлескен үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өткізілді.

Екі ел арасындағы тауар айналымның көлемі 2011 жылы 27,4 млн. долл. құрады.

 

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 20 сәуірде ноталармен алмасу арқылы орнатылды.

Қазақстанның Бейруттегі Дипломатиялық миссиясы 2003 жылғы маусымнан бастап жұмыс істейді. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Миссия басшысы Д.Ембердиев.

2009 жылғы наурыздан бері Қазақстандағы Ливанның Елшісі – Вазкен Кавлакян. 2002 жылғы маусымда Қазақстанның Ливандағы Құрметті консулы болып Ю.Канаан тағайындалды.

1997 жылғы қыркүйекте Ливандық «Әл-Мабани» компаниясының өкілдері және өнеркәсіпшілер қауымдастығы делегациясы Қазақстанға келді.

1998 жылғы маусымда Ливандық бизнесмендер, Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетте, Энергетика, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы министрліктерінде, сонымен қатар «Казахойл» Ұлттық мұнай компаниясында, Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау агенттігінде, Астана және Алматы әкімдіктерінде, Сауда-өнеркәсіптік палатасында және ҚР Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағында кездесулер өткізді. 2003 жылғы 27-28 тамызда Ливан Республикасының Премьер-министрі Р.әл-Хариридің Қазақстанға ресми сапары болды. Ол ҚР Президенті Н.Назарбаетың қабылдауында болып, сондай-ақ ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасы, Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрімен келіссөздер өткізді.

Осы сапар нәтижесінде екі елдің премьер-министрлері Қазақстан мен Ливан арасындағы өзара түсіністік Декларациясына қол қойды. Аталмыш құжат тараптардың екі жақты саяси қатынастарды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітті. Сондай-ақ Декларацияда, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ливан бірлескен Үкіметаралық комиссиясын құру, білім саласындағы байланыстарды нығайту, студенттер және жоғары оқу орындарының оқытушыларымен алмасу жолымен кеңейту қарастырылған.

2004 жылғы маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы бастаған делегация Ливанда болды. Сапар барысында Мәжіліс спикері Ливан Президенті Э.Лахудпен, Премьер-министрі Р.әл-Хариримен, Парламент Төрағасы Н.Берримен және Сыртқы істер министрі Ж.Обейдпен кездесулер өткізді.

2010 жылғы 5-6 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Бейрутке жұмыс сапары болып өтті. К.Мәсімов сапар барысында Ливан Президенті М.Сүлейманмен, Парламент Төрағасы Н.Берримен, Премьер-министр С. әл-Хариримен, Сыртқы істер және эмигранттар министрі А.әш-Шамимен кездесулер өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық сахнадағы бірлесіп әрекет ету мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше Ливандық компаниялар сәтті жұмыс атқаруда.

2010 ж. Қазақстан мен Ливан арасындағы тауар айналымы 6 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 4,9 млн., импорт – 1,1 млн. долл.). 2011 ж. екі жақты сауда мөлшері 3,730 млн. АҚШ долл. жетті (экспорт – 2,78 млн. АҚШ долл., импорт – 950 мың АҚШ долл.).

 

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 мамырда орнатылды. Қазақстанның Мароккомен өзара қатынастарына қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді.

2009 ж. 27 қазаннан бастап Марокконың Ресей Федерациясындағы Елшісі Әбдель Кадер Лешехеб Марокконың Қазақстандағы Елшісі міндетін қоса атқаруда.

Екі ел арасындағы алғашқы саяси қарым-қатынастар 1992 ж. 26-28 мамырда Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдель Латиф Мулин бастаған Марокко СІМ делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан басталды.

Өткен жылдар ішінде ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев бастаған делегация Касабланка қаласында өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне (1994 ж. желтоқсан), ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Мараккеш қаласында өткен «Ауа райының өзгеру проблемалары» атты 7-ші халықаралық конференцияға (2001 ж. қазан) қатысты. ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі А.Баталов бастаған делегация 2007 ж. шілдеде Мароккода іссапармен болды.

2006 ж. тамызда Марокко Королінің арнайы өкілі - Ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту және балық шаруашылығы министрі Муханнада Лаэнсердің, сондай-ақ 2007 ж. маусымда Марокко Корольдігінің Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі М.Буталебтің Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды.

Сапарлар барысында әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда айналымын жандандыру, өзара инвестиция тарту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, шарт-құқықтық базаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан бидайын Мароккоға тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылды.

Марокконың Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселер және ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Латифа Ахарбаш ханым Астанада өткен 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне, сондай-ақ 2011 ж. 28-30 маусымда ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясына қатысқан болатын.

2011 жылғы 6-8 қазанда Рабат қаласында Қазақстан және Марокко сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. аралығындағы екіжақты сауда айналым мөлшері 95 млн. 454,7 мың. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт).

Жалпы, қазақстан-марокко қарым-қатынастарын талдайтын болсақ, елдер арасындағы қарқынды байланыстардың болмағандығына қарамастан, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға екі жақтың тең қызығушылығы мен оған қажетті әлеуетінің бар екендігіне көз жеткізуге болады.

Информация о работе Казақстан мен таяу шығыс елдері