Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 20:33, доклад
Территорияның су ресурстары, оның ішінде жер асты суларының ресурстары жылдық мөлшері батысы мен Зайсан ойысында 150-250 мм-ден солтүстік-шығысында (Алтай тауларында) 1500-1800 мм-ге дейін өзгеретін атмосфералық жауын-шашын есебінен қалыптасады.Осыған сәйкес булану шамасы жылына 1600-ден 500мм-ге дейін өзгеріп отырады.Беткі ағыс сипаты жер асты суларының қоректену жағдайының көрсеткіші болып табылады
Территорияның су ресурстары, оның ішінде жер асты суларының ресурстары жылдық мөлшері батысы мен Зайсан ойысында 150-250 мм-ден солтүстік-шығысында (Алтай тауларында) 1500-1800 мм-ге дейін өзгеретін атмосфералық жауын-шашын есебінен қалыптасады.Осыған сәйкес булану шамасы жылына 1600-ден 500мм-ге дейін өзгеріп отырады.Беткі ағыс сипаты жер асты суларының қоректену жағдайының көрсеткіші болып табылады.Егер атмосфералық жауын-шашын мен сыналған жер асты сулары тұрақты беткі ағыс қалытастырса, жер асты суларын өзендерге босату булану да едәуір жоғары болса, қолайлы жағдай қалыптасқан деп санауға болады. Қолайсыз жағдайларға – атмосфералық жауын-шашын мен сыналанған жер асты сулары маусымдық ағыс қалыптастырған жағдайда санауға болады. Бұл кезде су ресурстарының негізгі бөлігі булануға жұмсалады, беткі ағыс маусымдық түрде, көп жағдайда көктемде байқалады. Атмосфералық жауын-шашын мен жер асты сулары булануға жұмсалып кетсе қоректену жағдайы нашарлайды.Қоректену жағдайы қолайсыз және тым қолайсыз аудандарда жер асты сулары сумен қамтамассыз етудің бірден-бір тұрақты көзі болып табылады.Бас тоғандардың су шғыны бұл жерде жер асты суларының деңгейі төмендеуінен болатын буланудың азаюы арқылы қалыптасадыШығыс Қазақстандағы жер асты суларының пайдалану қоры 12000 мың м³/тәулік шамасында. Шығыс аймақта 64 телімнің (3123 мың м³/тәулік) және Семей аймағында 50 телімнің (3392,6 мың м³/тәулік) тұщы жер асты суларының пайдалану қоры барланып, бекітілген. Барлығы облыс бойынша қоры 6515,6 мың м³/тәулік немесе қордың 54 пайызын құрайтын 114 телім бар. Ең мол су шығарылуы 1995 жылы 700 мың м³/тәулік немесе бекітілген қордың 10,7 пайызы мөлшерінде болды.Зайсан мен Тарбағатай аудандарында орналасқан Дайыр және Шілікті кен орындарының жер асты сулары ауыз суға қойылатын халықаралық талаптарға сай, оларды болашақта едәуір мөлшерде (тәулігіне мыңдаған текше метр) тұтынушыға тасымалдап жеткізуге болады.Шығыс Қазақстан минеральды суларға да бай. Емдік суларының төрт пайдалану қоры бекітілген: Рахман Қайнары (250 м³/тәулік), Арасан-Талды (370 м³/тәулік), Барлықарасан (340 м³/тәулік) және емдік асханалық пайдалану суы – Жеменей (25 м³/тәулік).Рахман Қайнары мен Барлықарасанда саниторийлер салынған. Арасан-Талды мен Жеменей минеральды су кендері әлі игерілмеген.Арасан-Талды жер асты минералдық емдік су кен орны Зайсан ауданында орналасқан (Зайсаннан бастап батысқа қарай 30 км).Конденциялық минералды сулар (температурасы 40ºС және одан жоғары, кремний қышқылының мөлшері 50 мг/дм³ және одан да көп, радон мөлшері 5 және одан да көп НКн/дм³) ашылып отыр, зерттелген, үздіксіз 50 жыл бойы пайдаланғанда 370 м³/тәулік, сонымен бірге В категориясы бойынша 250, С1 бойынша 120 м³/тәулік екндігі есептеліп, бекітілген. Тәжірибелік жағдайда зерттеу кезінде үздіксіз пайдалану режимі жобаланған, ондағы судың сапасы кондициялық талапқа сай болып шықты. Су хлорлы (24 мг – экв %) - сульфатты (76%), кальцийлі (29%)-натрийлі (71%), кремнийлі, өте ыстық (40-52ºС),таза (микроб саны 1-24, коли-индексі 3 және одан төмен) . Арнаулы талдаулар арқылы мына заттардың судағы мөлшері мг/дм³-мен анықталды: бейтарап битулдар 0,3-0,7; қышқыл битумдар 0,2-1,2; спиртке еритін заттар 0,3-1,9; мышьяк 0,01-ден аз, фтор 0,73-1,37; молибден 0,0025; мыс 0,0025; марганец 0,05-ке;селен 0,0007-ге; бор 0,0075-ке; стронций 0,0015-ке дейін; корғасын,мырыш, берилий, йод, бром, рубидий, цезий – табылған жоқ, уран 0,0001-0,0007 мг/дм³, радон – 3-16НКн/дм³.СССР Денсаулық сақтау министрлігінің куроттану және физиоемдеу Орталық ғылыми-зерттеу институтының курорттық ресурстарды зерттеу бөлімінің қорытындылары бойынша емдік сулар кен орындары буын, сүйек және бұлшық ет, нерв жүйесі аурулары мен генекологиялық, тері, жүрек-қан тамырлары үшін өте пайдалы. Су металдық жобаларға қарсы.Жеменейдегі жер асты минералдық емдік-асханалық суының кен орыны Зайсан ауданында орналасқан (Зайсан қаласынан оңтүстікке қарай 16 км), жергілікті тұрғындар өздігінен ағып шығу жағдайында әлсін-әлсін ретсіз түрде пайдаланады. Судың кен орны өндірістік игеруге дайындалған. Минералдық емдеу-асханалық суының үздіксіз қолдану үшін пайдалану қоры В – категориясы бойынша – 16, С1 категориясы бойынша – 9 м³/тәулік мөлшерінде екендігі есептеліп, бекітілді.Жеменей минералдық су кен орнының аудандағы дәл осындай минералдық сулармен салыстырғандағы өзгешілігі – гидрокарбонат мөлшерінің әдеттегі 200 мг/дм³-ден 800 мг/дм³-ге дейін болуы.ондағы көмір қышқылының көзі – әлсіз метаморфозданған төменгі пермнің әктастық тау жыныстары. Шектеулі заттардың шамасы белгіленген мөлшерден артпайды және мг/дм³ түрінде алғанда нитраттар 2-5;нитриттер, фенол, радий табылған жоқ, қорғасын 0,025-0,035,селен 0,0015-0,002;мышьяк 0,01;стронций 1,26-4,51;фтор 1,2-2; уран 0,0007; берилий0,0009-ға дейін;
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстары
Қазақстан Республикасының орман қорының ауданы 20,8 миллион га немесе 3 % алып жатыр (Қазақстан Республикасының аумағының). Осы орман қорының орманмен жабылған жерінің ауданы 11,4 миллион га немесе қордың 46%, қалғаны ормансыз ауданды құрайды.
Шығыс Қазақстанның
ормандары таулы ормандар
Мемлекеттік орман қорының Шығыс Қазақстан облысына тиесілі үлесі 3357,0 мың га , оның ішінде орманмен жақсы қамтылған. 1797,6 мың га. Ағаштың қоры 169155,2 мың м2 . Бұл көрсеткіш республмкадағы аделовой древесинасының қажеттілігінің 80 % дейін қанағаттандырады , сонымен қоса 84% -қылқанды, 16 % - жапырақты ,Лесисость 6,5 % құрайды .
Шығыс Қазақстан ауданында – 2700,6 га , орманмен қамтылған аудандар 1362,6 мың га
Семей ауданында – 656,4 мың га , орманмен қамтылғаны 435 мың га
Жалпы ағаштың қоры 169155,2 мың шаршы метрді құрайды.
Информация о работе Шығыс Қазақстанның жер асты сулары туралы