Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 08:00, отчет по практике

Краткое описание

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы – облысымыздағы ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысып, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторингті, талдауды және болжауды ұйымдастырып, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттауды және тәрбиелеуді, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.Басқарманың штат құрылымы 28 адам болып бекітілген, оның ішінде 2 директордың орынбасары, 7 бөлім бастығы, 14 бас маман, 4 жетекші маман.

Файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы.doc

— 79.00 Кб (Скачать)


Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы – облысымыздағы ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысып, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторингті, талдауды және болжауды ұйымдастырып, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттауды және тәрбиелеуді, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.Басқарманың штат құрылымы 28 адам болып бекітілген, оның ішінде 2 директордың орынбасары, 7 бөлім бастығы, 14 бас маман, 4 жетекші маман.
Басқармада 7 бөлім жұмыс атқарады:

1. Әкімшілік бөлімі

2. Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

3. Саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім

4. Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім

5. Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

6. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі

7. Талдау және мониторинг бөлімі

 

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім

 

Ақпараттық-насихаттық топтардың алдына жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларының арқалайтын негізгі жүгі «Қазақстан – 2030»  ұзақ мерзімді даму стратегиясын кезең-кезеңмен іске асыру, іс-қимылды анықтау, саяси, әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарын неғұрлым тиімді жүзеге асыру екендігін қалың бұқараға жеткізу мақсаты қойылды.
Қойылған міндеттерді орындау барысында облыс аумағындағы 15 облыстық және 150 аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топтар ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында бекітілген кесте бойынша тұрғындармен 708 кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарымен  132 мыңнан  астам тұрғынды қамтыды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары.

 

Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. облыстың мемлекеттік жастар және ішкі саясатын жасауға, жүзеге асыруға және бақылауға қатысу;
  2. қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүргізуге және қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздігін, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамның бірігуін нығайтуға қатысу;

 

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген жағдайларды, облыстағы мемлекеттік органдар мен  лауазым иелерінің мемлекеттіңішкі саясатын іске асыруының барысын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің басқарманың құзіретіне жататын мәселеле р бойынша актілері мен тапсырмаларын орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  2. қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның  2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
  3. қоғамдық-саяси және ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын, мемлекеттік саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
  4. аумақта орын алған қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму тенденцияларын жинақтау және талдау жасау, жан-жақты және объективті зерттеу;
  5. облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды заңнамада белгіленген тәртіппен есепке алуды жүзеге асыру;
  6. аумақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау мәселесі бойынша аумақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру, облыс әкімі құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысының бірі болып табылатын БАҚ қызметіне басшалақ жасау;
  7. әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жария ету жөнінде аймақтық электрондық және баспа БАҚ мониторингін жүргізу;
  8. аумақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізу;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, қәсіподақтармен, БАҚ, қоғамдық өкілдермен бірлескен жұмыстар жүргізу;
  10. облыс әкімияты  мен әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық-идеологиялық шаралар қамтамасыз ету;

Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. ішкі саяси процесстерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат саласында жергілікті мемдлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, облыстағы саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторингті, талдауды және болжауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындау және жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңесінің, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының тиісті құрылымдарымен ұйымдық және ақпараттық байланыстарды қамтамасыз етеді;
  3. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асыру;
  4.  мемлекеттің ішкі саясат мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерін ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын талдауды жүзеге асыру және үйлестіру;
  5. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын сақтаумен қамтамасыз ету; этникааралық, ішкі саясат саласындағы белгіленген мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен аймақтық бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысу;
  6. ақпараттық мәлімет базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, қорландыру, жинақтау және топтастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
  7. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша облыс әкімияты қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолдану және орындалу барысына бақылау жасау;
  8. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес  құрылымдарға консультативтік-әдістемелік көмектер көрсету;
  9. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз ету, облыс әкіміне ақпараттық-сараптау материалдарын дайындау;
  10. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша (өз құзыры шегінде) облыстың ішкі саяси тұрақтылығы мен саяси процесстерді демократияландыруды нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;
  11. жастар және ішкі саясат саласындағы облыс әкімінің консультативтік-кеңесі және басқа да органдарының қызметін қымтамасыз ету;
  12. заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың арыз-шағымдарын  қарау, жеке мәселелер бойынша қабылдау;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және нормативтік актілерімен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Негізгі міндеттерді және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  1. белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, өзге де мекемелер мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды сұратуға, мемлекеттік органдармен өзге мекемелердің қызметкерлерінің қатыстырылуымен Басқарманың қарауына жататын үйлесімді ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс тобын құруға;
  2. ішкі саясат саласы бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстарын ұйымдастыру қызметін жетілдіру мәселесі жөнінде облыс әкімге ұсыныс енгізуге, Басқраманың қарауына жататын ақпараттық-сараптамалық және өзге мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға;
  3. ақпараттық саясатты аумақтық деңгейде іске асыру бойынша жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты жүргізудің аймақтық бағдарламаларын қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  4. жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық мәліметтер банкін пайдалануға;
  5. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша облыстық,  республикалық  және халықаралық мәртебедегі кеңестерді, мәжілістерді, конференцияларды өткізуге;
  6. жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізуге;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

 

Мемлекеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

    Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алуды, осы Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін.
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Есепке алуды орталықтандырған кезде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар беріледі.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.

Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиіс..
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
- түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;
- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.
Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті.
Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады.
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.

 



Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы