Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 15:00, реферат
Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) - Қазақстандағы партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуін алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Тарихы.
ә) Идеологиясы.
б) Құрылымы.
в) Рәміздері.
г) Партияға мүшелік.
ғ) Бағдарламасынан үзінді.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
«Астана медицина университеті»
Қазақстан тарихы кафедрасы
СӨЖ
Реферат
Тақырыбы: «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы»
Астана 2013 |
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Тарихы.
ә) Идеологиясы.
б) Құрылымы.
в) Рәміздері.
г) Партияға мүшелік.
ғ) Бағдарламасынан үзінді.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) - Қазақстандағы партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуін алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.
Партияның активі саны (сайламалы комитет мүшелері, бастапқы партиялық ұйымдар хатшылары) – 12,7 мыңды құраған.
Өткен сегіз жылда ҚКХП:
- 7 Съезд;
- 25 ОК Пленумын;
- 80 БЮРО отырысын өткізді.
Партия Парламент сайлауына 3 рет қатысып, екі мәрте Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынды.
Сайлау
қорытындылары бойынша ҚКХП
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау:
2005 жылы – 23 252 (0,34%) дауыс
2011 жылы – 111 924 (1,36%) дауыс
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау:
2004 жылы – 94 140 (1,98%) дауыс
2007 жылы – 76 799 (1,2%) дауыс
2012 жылы – 498 788 (7,19%) дауыс.
2012 жылғы дауыс беру
қорытындысына сәйкес
ҚКХП келесі мәслелерге аса назар аударады: жер үлестерінің алданған иелері, азық-түлік өнімінің күрт төмендеуі, тұрғындар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту тобына жататындар жағдайы, коммуналды төлемдердің тарифтері мен бағаларының күрт жоғарылауы, және де адамның әл-аухатына тікелей әсер ететін басқа да маңызды мәселелер.
Партия үнемі халықпен, билік өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси партиялардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
КХП ҚР Парламент Мәжілісіне қарасты Қоғамдық палата құрамына енеді, Парламентаризм институтының жұмысына белсене араласып тұрады.
Басқа елдердің компартияларымен
тығыз қарым-қатынас
ҚКХП қарамағында жастар қанаты құрылған. «Коммунист Казахстана» — апталық газеті жарық көреді (апталық таралымы -10 мың дана.)
ҚСБҒ ҚҰ (Қазақстанның социалистік бағыттағы ғалымдары) «Идеи» атты журналын шығарады (таралымы Қазақстан бойынша).
ҚКХП – әлемдік коммунистік қозғалысының ажырамас бөлігі.
ҚКХП – бүкіл коммунистік қозғалысының бірігуіне ұмтылады.
ҚКХП – жыл сайын кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісін атап өтеді.
ҚКХП – жыл сайын пролетариат көсемі болған В.Лениннің туған күнін атап өтеді.
ҚКХП – жария, ашық, табанды қызмет, сеніміне берік принциптерін ұстана отырып, қоғамның өміріндегі маңызды деген үрдістеріне әсерін тигізеді.
ҚКХП- мемлекеттің саясатының ортасында, толықтай азаматтық құқықтары мен қажеттілігін қанағаттандыруға, дамуына кең мүмкіндіктерге бөленген адам болуы қажет деп санайды.
ҚКХП мақсаты – шынайы ХАЛЫҚ БИЛІГІН орнату.
ТАРИХЫ.
Партия Қазақстан коммунисттік партиясының бөлшектенуі себепті пайда болды. Партияны құру идеясы ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы С. Ә. Әбділдин келіспеушіліктер себепті құрамынан шыққан Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 12 мүшесіне тиесілі. Бөлінуге мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасыновтың ҚКП хатшысы болып тағайындалуы себеп болды. ҚКП-дан ҚКХП-ға 15 мың адамдай өтті. КНПК Құрылтай сьезі 2004 жылы сәуірде, 2004 жылы 21 маусымда Қазақстанның Әділет министрлігінде тіркелді. Тіркеуге тұрған уақытта партия қатарында – 53 360 мың адам (оның ішінде бұрыңғы КОКП қатарында болғандар – 16,5 мың адам, олардың 2 мыңы партиялық өтілін бұзбаған).
2004 жылғы мәжіліске
сайлау қорытындысы бойынша
2007 жылы 28 наурызда КНПК
және ҚКП біріңғай пресс-
2007 жылы пресс-конференцияда
ҚКХП ОК хатшысы Владислав
Косарев бас тартудың басты
себебі ретінде Қазақстан
2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.
2005 жылы ҚКХП атынан
Қазақстан Президентіне
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы
Республикалық сайлауалды штабы таныстырылды.
2011 жылдың 21-желтоқсанында Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының республикалық сайлауалды штабының тұсау кесері өткізілді. Жиналған қауымға штабтың жұмысы таныстырылды. Шараға Бұқаралық ақпарат өкілдері, халықаралық байқаушылар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, штаб мүшелері мен белсенділері қатысты. Штаб салтанатты түрде безендірілген және шара кеңес одағы заманының әуенімен сүйемелденді.
«Штаб қызметкерлері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жаңа технологияларды кеңінен қолдануға тырысып жатырмыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», сондықтан барлығымыз бірігіп бір мақсатта қызмет етудеміз. Өз ісіміздің тасын өрге домалатамыз деген ойдамыз», — деп республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Төлеш Кенжин салтанатты түрде жиынды ашты.
Орталық комитет хатшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков орталық және облыстық штабтардың жұмысы туралы баяндап, партияның алдағы уақытта өткізбек шаралары жөнінде мәлім етті.
Күнделікті облыстық комитет хатшылары үгіт-насихат шараларының жүргізілу барысы жөнінде құлағдар ете отыра, өңірлерде атқарылған жұмыс туралы скайп арқылы есеп береді. Жиын барысында да БАҚ назарына аталмыш жұмыс ұсынылып, Жамбыл облысымен байланыс орнатылды. Аймақтық комитет өз кезегінде өңірде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайын ортаға салып, үміткерлерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімінде үгіт-насихат поездарының құрылғандығы және олардың қозғалыс кестесі жайында ақпарат беріліп, штабта қызмет етіп жатқан баспасөз орталығының жұмысы таныстырылды.
ЕЫҚҰ сайлауды байқаушылар миссиясының мен БАҚ өкілдерін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызықтырды. Бұл ретте партияның жұмысына тосқауыл қою фактілері жөнінде журналисттер тарапынан сұрақтар қойылды. Аталмыш мәселеге ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков нақты тоқталып кетті: «Алматы қаласындағы біздің үгітшілеріміздің басым бөлігі студенттер. Олар қолдан-қолға плакаттар, күнтізбелер мен үнпарақтарды таратқанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды тоқтатып, аты-жөндерін жазып алып, қай жерде оқитынын анықтаған. Оқу орындарына хабарлап, өз кезегінде келеңсіз жағдайларға әкелді. Себебі, кейбір жоғарғы оқу орындарының басшылары студенттерді оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Мұндай фактілерді біз жедел түрде Сайлау кормиссиясына жіберіп жатырмыз. Тиісті шаралар қолданылатын шығар».
Айта кететін жайт, аталмыш фактіні Алматы қаласының прокуратурасы жоққа шығарғаны белгілі. Сондықтан орын алған оқиғаны дәлелдеу мәселесі біраз қиыншылық тудыруда. Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлерінде туындаған қиыншылықтар да назардан тыс қалмады. «Қарағанды қаласында үгіт-насихат билбордтарын орналастыратын кәсіпорын біздің билбордтарды ілуден бас тартып отыр. Өздерінің бұл амалын жергілікті әкімдіктің бұған рұқсат бермегендігін айтып түсіндірді. Сондай-ақ, Орал қаласында да келеңсіз жағдай орын алды. Тәуелсіздік күні гүл шоқтарын қоюға келген партиямыздың өкілдерін тәртіп сақшылары қызыл жалауларды көрісімен қудалаған», — деген Владислав Косарев туындаған тағы бір түйінді мәселеге тоқталды. «Орталық сайлау комитеті бізді тек желтоқсанның 15 күні ғана тіркеді. Осы себептен, біздің шотты ашуға мүмкіндігіміз болмады. Бұл мәселе біздің бүкіл жұмысымызға қолбайлау болды. Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күнінде біз қажетті төлемдерді жасай алмадық. Жұмыс тоқтап қалды. Сол себептен біз өзге саяси партияларға қарағанда үгіт-насихат жұмыстары бойынша сәл артта қалып жатырмыз», — деп өз ойын өрбітті Косарев мырза.
Штабтың ашылу салтанатына жиылған қауымға естелік сыйлықтар табыс етіліді. Шараның соңында партия атынан ҚР Парламенті мәжілісіне үміткерлердің санына тең 21 шар ұшырылды. Айта кететін жайт, ҚКХП атынан республика бойынша аудандық мәслихаттарға – 50, қалалық деңгейде – 48, облыстық мәслихаттарға 20 кандидат саяси тартысқа түсіп отыр. Бүгінгі күні партияның жалпы белсенділер саны 18 000-ға жуық.
ҚКХП Баспасөз қызмет
2012 жылдың 01 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша партия қатарында – 94 мыңнан аса адам тіркелген.
2012 жылдың 01 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша – 192 қалалық, аудандық комитеттер, 2359 – бастапқы партиялық ұйымдар құрылған.
Ұйымдық құрылымы – аумақтық принцип.
Еліміздің 14 облысында,
республикалық маңызы бар
Қазақстан
Коммунистік Халық партиясы
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
саяси салада – демократия үшін күрес, билікті жеңіп алу, шынайы халықтық билікті орнату, Қазақстан Халық Республикасын құру. Адамды қанауды болдырмайтын, атап айтқанда: мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік меншік нысандарын тану.
экономикалық салада – экономиканың дамуындағы шикізаттық бағытты жеңу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қазіргі заман технологияларын енгізу, экономиканың базалық салаларында мемлекеттік меншікті қалпына келтіру; әлеуметтік салада – тұрғындар үшін республикада реформа басталғанға дейін болған (1990 жыл) әлеуметтік кепілдіктер көлемін қалпына келтіру және кеңейту; халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД елдерімен интеграциялық процестерін қолдау, терроризмге қарсы күрес, халықаралық жан-жақты ынтымақтастық.
ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков.
ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады.
ҚКХП партиясының ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. ҚКХП ұйымдық негізі бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партияның аудандық және қалалық комитеті бекітетін партияның үш және одан да көп мүшесінен құрылады. Филиалдар мен өкілдіктер халық арасында Партия саясатын жүргізеді, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдармен, саяси және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз мөрі және фирмалық бланкілері болады.
2010-ның маусымда ҚКХП құрамында 1868 бастауыш партия ұйым, 178 аудандық ұйым, 33 қалалық ұйым, 14 облыстық ұйым және Алматы мен Астана деген респбликалық маңызы бар қалалық ұйым жұмыс істеді.
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғары органы Орталық Комитет 4 жылда кемінде 1 рет шақыратын съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім съездің отырысы күніне дейін 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.