Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 15:00, реферат
Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) - Қазақстандағы партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуін алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Тарихы.
ә) Идеологиясы.
б) Құрылымы.
в) Рәміздері.
г) Партияға мүшелік.
ғ) Бағдарламасынан үзінді.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының үгіт-насихат тобы Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысында бірқатар шаралар өткізді. 3-қаңтарда Жамбыл облысының сайлауалды штабының үгіт-насихат пойызы Жуалы ауданына барды. Ықшам үгіт-насихат тобы қоғамдық орындарға үгіт-насихат плакаттарын іліп, темір жол, аудандық аурухана және базарда жергілікті халық үшін үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
3-қаңтарда Шығыс Қазақстанда ҚКХП-ның облыстық комитетінің сайлауалды штабы қаланың қоғамдық көліктерінде «Сайлауалды бағдарламамен танысамыз» атты флэшмоб өткізді.
Еріктілердің 3 тобы қалалық көліктерге кіріп, ҚКХП жайлы жазылған ақпарат парағын жолаушыларға таратты. Үгіт-насихатшыларға сайлауалды партияның тұғырнамасына қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ парламентке өткеннен кейін ҚКХП-ның алға қоятын мақсаты, партияның үгіт-насихатшылары алдағы уақытта партия интергация мәселесі мен орыс тілінің қолданыстан алынбауы жайлы, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақыларды көтеру, азық-түлік және коммуналды қызметтерге төленетін бағаларды төмендетуге атсалысуы тәрізді сұрақтарға жауап берді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: