Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 15:00, реферат
Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) - Қазақстандағы партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуін алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Тарихы.
ә) Идеологиясы.
б) Құрылымы.
в) Рәміздері.
г) Партияға мүшелік.
ғ) Бағдарламасынан үзінді.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Партияның бақылау органдары мыналар болып табылады: ҚКХП съезі сайлайтын Орталық бақылау-тексеру комиссиясы (ОБТК); Партияның филиалдары мен өкілдіктеріндегі партия конференцияларында олардың басшылық етуші органдарымен бірлесіп құрылатын облыстық, қалалық және аудандық бақылау-тексеру комиссиялары (ОБТК, ҚБТК, АБТК); жалпы жиналыс сайлайтын бастауыш партия ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиялары. Бақылау-тексеру комиссиялары өздерін сайлаған жоғары органға, атап айтқанда: партия съезіне, филиалдар мен өкілдіктердің конференцияларына, бастауыш ұйымдардың жиналыстарына есеп береді.
Қазақстан Коммунистік
Халық партиясының өз рәмізі: партия съезі
бекіткен жалауы мен эмблемасы бар. Жалау: жалау
енінің ұзындығына арақатынасы 1:2 болатын
қызыл түсті мата. Жалау матасының жоғары
бөлігінде жалау ұзындығынан сабына дейінгі
1/4 қашықтықта В. И. Лениннің кескіндеме
бейнесі бейнеленген. Жалау матасының
жоғары бөлігін бойлай мемлекеттік және
орыс тілдерінде: «Қазақстан Коммунистік
Халық партиясы», «Коммунистическая Народная
партия Казахстана» деген жазу бар.
Партия эмблемасы «Орақ пен Балға» бейнесімен белгіленеді, оны қоршай мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «ҚКХП», «Коммунистическая народная партия Казахстана», атап айтқанда: «КНПК» деген партия атауының аббревиатурасы жазылған.
Ұраны: «Біздің мақсатымыз- халық билігі!», « Жұмыс істеу құқығы, халық билігі,әділеттік!!!»
1. ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады. Бұрын КОКП-да болғандар өтініші және аудандық немесе қалалық ұйым бюросының шешімі бойынша ҚКХП-на қайта кіреді. ҚКП мүшелігінен жеке өтініші негізінде немесе сайланбалы органның шешімі бойынша шыққандар ҚКХП-на партияның аудандық комитеті, қалалық комитеті бекіткен өтінішпен кіреді. ҚКХП-на жаңа мүшелер қабылдауды бастауыш партия ұйымдары кірушінің жеке өтініші бойынша жүзеге асырады. ҚКХП-на мүшелік мүшенің өз еркімен Партиядан шыққан кезінде немесе оны партиядан шығарып, шығару туралы шешімді бақылау органы немесе съезд бекіткеннен кейін тоқтатылады.
ҚКХП мүшелерін
есепке алу: бастауыш
2. ҚКХП-на мүшелері партия жұмысына қатысулары үшін өздері еркін білдіретін әлеуметтік топтың алдында жауапкершілікте болады.
3. Партия мүшелерінің:
- партия саясатын
- партия органдарында
өзінің ұсыныстары мен
- партиялас жолдастарын
және ҚКХП сайланбалы
- кез келген партия
ұйымдарына сауалдармен,
- жұмыста және өмірде
кездесетін барлық қиын
- ол шешімге келіспейтіні
туралы бір ай мерзім ішінде
партияның бақылаушы
Коммунисті сырттай сынауға және талқылауға жол берілмейді.
4.ҚКХП мүшесі:
- партиялық тәртіпті сақтауға
және партия органдарының
- партия мүдделерін
- халықтар достығын, партия
жұмысындағы интернационализм
- партияның абыройы мен
қасиетін сақтауға, оның идеялық
және ұйымдық бірлігін
- ҚКХП-н жақтаушыларды
дербес есепке алуға, олардың
арасында партия саясатын
Партия талаптарын орындаудан жалтаратын ҚКХП мүшелері ҚКХП қатарынан шығаруға дейін жазалануы мүмкін.
БАҒДАЛАМАСЫНАН ҮЗІНДІ.
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы жылына 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделген
Елімізде
«Қол жетімді баспана-2020»
Бағдарламаның негізгі көздеген мақсаты екінші деңгейлі банктер арқылы тұрғын үй сатып алуға қауқарлары келмейтін азаматтарға қолдау көрсету. Өйткені қазіргі уақытта еліміздегі үлкен қалаларда баспананың қымбаттап кеткені соншалық оны жай қатардағы қызметкер немесе жұмысшы сатып алуға шамасы жетпейді. Ал халықтың басым бөлігі орташа ғана жалақы алатыны белгілі. Банктердің ипотекалық несиелері де қымбат. Қоятын талаптары да жоғары.
Ал қалалы жерлерде жер алып, үй салып ала қояйын десең, жер де берілмейді. Барлық кезде жер беру үшін бірінші кезекте инфрақұрылым болуы, яғни ол жерде жол салынған, ыстық, суық су тартылған болуы керек деп сылтау айтады. Ал сол инфрақұрылымды салып жатқан әкімдікті тағы көрмейсің. Таяуда Жер ресурстарын басқару агенттігі бұдан былай қарай еліміздің азаматтарының үй салу үшін 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар деген заң талабын қайта қараймыз деп мәлімдеді. Енді бұдан кейін баспана бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін.
Астана мен Алматы қалаларында баспананың қымбат болуы бірінші кезекте ол қалаларда жұмыс орындарының болуы өз септігін тигізіп тұр. Еліміздің аймақтарынан жыл сайын қаншама мыңдаған адамдар жұмыс іздеп үлкен қалаларға келеді, келеді де жұмыс тауып, жағдайын түзеп, енді осы жерде орнығып қалуды мақсат етеді. Содан баспанаға деген сұраныс өседі. Ал сұраныс көп болған жерде ұсыныс та қымбаттай береді.
«Қолжетімді
баспана-2020» бағдарламасының
Қазақстан Республикасы аймақтық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммунальдық шаруашылық комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылы мемлекеттік меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындар 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салған екен. Соның тек 6 пайызына ғана республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Яғни, егер де мемлекет қолдаса баспана салатын ұйымдар да қарап қалмақ емес.
Жалпы аталған бағдарлама аясында елімізде 2020 жылға таман салынатын баспананың көлемін 10 миллион шаршы метрге жеткізу көзделген. Әр түрлі коммерциялық мақсаттағы жеке меншік ұйымдарының салып жатқан тұрғын үйлері бұл санатта жоқ. Олар бұл көрсеткіштен 5-6 есе артық салуда. Егер де қолдаушы табылса олар бұл қарқындарын тағы да еселей түсетіндеріне сөз жоқ.
Ал бағдарлама бойынша 2015 жылдан бастап мемлекеттің қолдауымен жылына 1 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй салу көзделіп отыр. Егер де бұндай қарқын сақталып отырса жалақылары орташа азаматтар, мемлекеттік және бюджет қызметкерлері, жас отбасылардың үйлі болу мүмкіндіктері де анағұрлым жақсаратындығы сөзсіз. Тек, әттеген-айы бөлінген қаражатты уақытында игере алмай жатқандар да баршылық екен. Бұрын ақша жоқ деген сылтау еріксіз төмен қаратса, қазір бар ақшаның өзін уақытылы жаратуда кемшіліктер бар. Мысалы, республикалық бюджет қаражатына жалға берілетін және несиелік баспана салу еліміздің барлық аймақтарында бірдей табысты болмаған. Ақмола облысы бөлінген қаржының 92 пайызын ғана игерсе, Ақтөбе облысының көрсеткіші 94 пайыз ғана, ал Павлодар облысы болса 85 пайыз ғана көрсеткішке жеткен. Яғни, бұл жерде де жылдамдату, екпінді арттыру қажеттігі туындап отыр.
Өткен жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша тұрғын үй салу мен оны сатуға республикалық бюджеттің несиелік қаражаты есебінен 42 миллиард теңге бөлінсе, оның тек қана 81 пайызы ғана игерілген. Ең төмен көрсеткіш Павлодар мен Маңғыстау облыстарының еншісінде. Бұл облыстар аталған қаражаттың 45 пайызын ғана іске асырған екен. Осындай кестенің бұзылуы қаншама отбасылардың уақытылы баспаналы болсам деген жоспарларының бұзылуына әкеліп отыр.
Тағы бір атап кететін нәрсе, мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлердің сапасына да көбірек көңіл бөлудің керектігі. Асығып әрі қаражат үнемдеу мақсатымен барынша арзан материалдарды қолдануға тырысу деректері де кездесіп жатады. Бұның ақыры тұрғындардың арыз-шағымдарына келіп ұласып жатады.
Биылғы жылы да тұрғын үй салуға қомақты қаржы бөлінбек. 2013 жылы тұрғын үй құрылысының барлық негізгі 4 бағыты бойынша республикалық бюджет 94 миллиард теңге ақша бөлмек. Ағымдағы жылы 6,6 миллион шаршы метр баспана тапсырылса, оның 850 мың шаршы метрі мемлекеттің қолдау білдіруімен салынған жалға берілетін және несиеге сатылатын тұрғын үй болмақ.
Жалпы, аталған деректерден көріп отырғанымыздай мемлекет қаржы бөлуін уақытылы істеп отырса да оны жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде игере алмаушылығы мәселесі әлі күн тәртібінен түспей тұр. Негізгі себептің бірі мердігерлік ұйымдардың уақытында үлгере алмаушылығы, кестеден қалып қоюшылық. Сондықтан тендерде құрылыс компанияларының белгіленген кестеден шықпауын қатаң талап қылып бекіту керек. Егер де аталған компания бұрын белгіленген талаптарды бұзса, келесі жолы оны тендерге жібермеу жағы да қатаң бақылануы керек. Сонда ғана қолжетімді баспананы сарылып күтіп жүрген азаматтардың үміттері дер кезінде ақталмақ.
Бұндай барлық кезде де өзінің өзектілігін жоймайтын мәселеге жан жақтан қатаң бақылаудың болғандығы да істің табысты болуына септігін тигізеді. Әзірше «Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасы арқылы көптеген отандастарымыздың үйлі болып, қуанышқа бөленетіндігі қуантады.
«Қазақстан жолдарындағы жол-көлік оқиғалары кішігірім соғысты еске түсіреді»
Еліміздегі
жолдарда болып жатқан жол-
Мысалы, тек қана
өткен жылы Қазақстан
Бірақ заң
бар да, адам бар. Заң қаншалықты
қатал болғанмен, адам
Жолдардың
сапасының жақсаруы да көлік
апаттарының көбейуіне себеп.
Кейбіреулер жолдың сапасының
жақсаруы апаттық жағдайлардың
азайуына алып келмейді ме
екен деп түсінбеуі мүмкін, жап-жақсы,
тақтайдай түзу жолдарда
Мысалы, Астана-Алматы
жолының пайдалануға
Ал Астана-Бурабай
автобанының екі қатарлы болып
салынуы көптеген
ҚОРЫТЫНДЫ.