Қазақстанның экономикалық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Файлы: 1 файл

Экономикалык саясат.docx

— 15.47 Кб (Скачать)

Экономикалық саясат –  мемлекеттің экономикалық іс-шараларының  жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару  саласындағы шаралар жүйесі, елдің  мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне  сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі  бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары  қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің  дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен  айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың  пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс  және жер қатынастарын реттеумен  шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән  болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен  рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы  монополистік капитализмге мемлекеттің  экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене  араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды  жүзеге асырады, фирмалардың, соның  ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары  мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы  өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен  ұштастырылуына байланысты. Экономикаға  оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал  ету идеялары мемлекет тиісті салық  және несие-қаржы саясатын жүргізе  отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын  ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра  алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді  жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге  саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде  АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары  көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы  шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика  мемлекеттің араласуын қажет  етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі  Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік  туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені  “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің  әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын  емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік  қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды  бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың  пайымдауынша, мемлекеттің Экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын  және несиелендіруді реттеумен шектелуге  тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген  Экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы  бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері  әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы  соц. елдерде Экономикалық саясаттың  өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты  нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.[1]


Информация о работе Қазақстанның экономикалық саясаты