Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 17:59, реферат
Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады. Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.
Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады.
Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.
Бүгiнгі таңда
Қазақстанның негізгі басымдықтары
республиканың үдемелі
Қазақстандық басшылықтың маңызды шешiмдерiнiң бiрi ретінде тек Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік деңгейдегі қауiпсiздiктiң тиімді жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған өзінің айқын сыртқы саяси ұстанымын нақтылауы болды. Осы тұрғыда назар аударатын бір жайт – Қазақстан өз тәуелсiздiгін жариялағаннан кейін Кеңес одағының ядролық қару-жарақ қоймасы мен жаппай қырып-жою қаруларының (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекеттің алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі төртiншi ядролық держава болу немесе кеудемсоқтықтан бас тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды.
Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселелері мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті.
Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты.
Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді. Бұл беделдi еуропалық ұйымның модераторы рөлiн орындай отырып, ҚР Президентi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларының саммитін өткiзу туралы бастама көтерді. Қазақстандық сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясаты 2–3 желтоқсанда халықаралық қауiпсiздiктiң көкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн саясатшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мемлекеті мен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астанадағы өткізілген басқосу әлемдік қауымдастық пен шетел мемлекеттерiнiң ықпалды көшбасшылары тарапынан жоғары бағалағды.
ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі – Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкентқалысындағы саммитінде ҚР Президенті Н. Назарбаев айтып өткендей, «Қырғызстанға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады».
Қырғызстандағы 2010 жылдың сәуір және шілде айларындағы оқиғаларға алғашқылардың бірі болып назар аударған ШЫҰ болған еді, өйткені Қырғыз елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі шиеленістік жағдайлардың бүкіл Орталық Азия аймағы үшін дағдарыстық салдарлары болуы мүмкін болатын. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері арқасында бұл елдегі тұрақсыздану жағдайы тоқтатылып, ел ішіндегі азаматтық қарсы тұрушылықтың алдын-алуға қол жеткізілді.
Осылайша, Еуразия
құрылығының орталығындағы
Үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ мүше-елдері басшыларының 10-шы мерейтойлық басқосуын өткізу жоспары Қазақстанның әлемдік саясаттың субъектісі ретіндегі ролінің артқанын білдіретіндігін атап өтуге болады.
Бұдан басқа, 2011 жылдың жазында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық еті мандатын қабылдап алады. Бұл жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылмдарының бірі – ЕҚЫҰ-на өрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қазақстандық дипломатияның ИКҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болады.
Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе – қазақстандық басшылықтың соңғы жылдарда жүргізіп келе жатқан өркениеттер мен діндер арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі. Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» үш съезін өткізген болатын.
Өткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша өркениетаралық және дінаралық қатынастардың барынша өзекті мәселелері талқыланды. Бұл форумдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің өзара бейбіт дамуы және де діндер диалогын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында өткізу жоспарланған.
Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеу мемлекеттiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қазақстан, ресей және Белорусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.
Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықаралық бедел мен еліміздің әлемдік танымалдығы мысал болады. Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады, және де Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.