Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 11:57, дипломная работа
Деректердің бірінші тобын зерттеу жұмысының негізін қалайтын БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі қарарлары мен шешімдері құ- райды. Осы құжаттарға сүйеніп Араб-Израиль соғысының басталуы мен дамуы, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыс мәселесіне қатысты ұс- танымдары айқын көрсетілетін деректердің бұл тобы ең көлемді болып келеді.[1]
Кіріспе.
I – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты.
1.1. Палестина.
1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы.
II- тарау. Таяу Шығыстағы саяси, діни, әскери қақтығыстар.
2.1. Таяу Шығыстағы теке- тірестің бірінші кезеңі (1917-1947 жж.) және нәтижелері.
2.2. Таяу Шығыстағы теке-тірестің екінші кезеңі (1948-2007 жж.)
III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі.
3.1. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық қолдау.
3.2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары мен мүдделері.
3.3. Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.
Мазмұны
Кіріспе.......................
I – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс:
саяси, тарихи сипаты.
1.1. Палестина. ..............................
1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы. ..............................
II- тарау. Таяу Шығыстағы саяси, діни, әскери қақтығыстар
2.1. Таяу Шығыстағы теке- тірестің бірінші кезеңі (1917-1947 жж.)
және нәтижелері....................
2.2. Таяу Шығыстағы теке-тірестің екінші кезеңі (1948-2007 жж.)............47-68
III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі.
3.1. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс
мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық
қолдау........................
3.2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты
реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары
мен мүдделері. ..............................
3.3. Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері
мен Израильдың ұстанымдары...................
Қорытынды. ..............................
Пайдаланылған деректер
мен әдебиеттер тізімі. ..............................
Жоспар:
Таяу Шығыстағы саяси дағдарыстың проблемалары
(1947-2007 жж.)
Кіріспе.
I – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты.
1.1. Палестина.
1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы.
II- тарау. Таяу Шығыстағы саяси, діни, әскери қақтығыстар.
2.1. Таяу Шығыстағы теке- тірестің бірінші кезеңі (1917-1947 жж.) және нәтижелері.
2.2. Таяу Шығыстағы теке-тірестің екінші кезеңі (1948-2007 жж.)
III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі.
3.1. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық қолдау.
3.2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары мен мүдделері.
3.3. Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың өзектілігі. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы әділетті саяси шешімін таппай келе жатқан Таяу Шығыстағы теке-тірес әлдеқашан жергілікті шеңберден шығып, халықаралық дәрежедегі шешілуі аса қиын қатерлі саяси проблемаға айналып отыр. Палестиндік ғалым С.Ғ.К. Исса Люайдың пікірінше осы жағдайдың өзі бұл тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды, және жанжалдың бейбітшілік орнату жолдарынан пайдалы тәжірибе алып, аймақтық қақтығыстардың алдын- алуда, шешуде қолдануға болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде Таяу Шығыс қақтығысының тарихына үңілу арқылы Орталық Азияның жас, тәуелсіз мемлекеттері өздеріне аса маңызды тарихи тағылым алуы қажет екендігін айтады.
Араб-Израиль қақтығысын зерттеуші С. Сайлауқызы атап көрсеткендей қазіргі таңда көптеген әлемдік БАҚ-тар мен ғылыми әдебиеттерде қақтығысқа қатысты мәліметтер біржақты сионистік немесе жеке геосаяси мүдделер тұрғысынан берілуде. Міне осы орайда отандық тарихнамада қақтығысқа қатысты объективті де әділетті ғылыми пікірлер жүйесін қалыптастыру ғылыми тұрғыдан қажеттілік болып табылады.
Жоғарыдағы ғылыми пікірлер көрсеткендей Таяу Шығыс дағдарысын зерттеу ғылыми-танымдық тұрғыдан да, қолданбалы бағыты бойынша да өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Араб-Израиль соғыстар- ын тарихи тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу және аймақтағы саяси процестердегі БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың рөлін, сондай-ақ ірі державалар мен қақтығысқа қатысушы тараптардың саясатын жан-жақты талдау осы жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі. Аталмыш мақсаттарға жету үшін автор төмендегідей нақты міндеттерді шешуді көздейді:
- Таяу Шығыс теке-тіресінің пайда болу себептері мен тарихи алғышарттарын анықтау;
- Сионизм мен Израиль мемлекетінің қалыптасуын және оның аймақтағы әскери, саяси, экономикалық дамыған күшке айналуын сараптау;
- 1917-2007 ж.ж. Таяу Шығыстағы саяси жанжалдар мен әскери қақтығыстар- ға талдау жасау.
- Таяу Шығыс дағдарысын реттеудегі ірі державалардың, бірқатар араб елде- рі мен Қазақстанның ұстанымдары мен мүдделерін көрсету.
- БҰҰ-ның және бірқатар халықаралық ұйымдардың ролін, осы мәселені шешуге бағытталған қарарлары мен шешімдерін талдау.
- Израиль мен Араб
елдері арасында жасалған
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Еңбекте пайдаланылған деректер шеңбе- рі кең болғандықтан, оларды Деректану пәнінің классификациясына сәйкес тоғыз топқа бөліп қарастырдық.
Деректердің бірінші тобын зерттеу жұмысының негізін қалайтын БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі қарарлары мен шешімдері құ- райды. Осы құжаттарға сүйеніп Араб-Израиль соғысының басталуы мен дамуы, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыс мәселесіне қатысты ұс- танымдары айқын көрсетілетін деректердің бұл тобы ең көлемді болып келеді.[1]
Деректердің екінші тобына Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты бір жағын- ан Израиль және екінші жағынан Палестина мен басқа мүдделі Араб мемлекет- тері (Египет, Сирия, Ливан, Иордания, Сауд Арабиясы, Ирак) арасындағы екіжақты және көпжақты келісімдер, саяси шарттар мен диплома- тиялық хат алмасу құжаттары, Араб мемлекеттер Лигасы мен Ислам конферен- циясы ұйымының шешімдері кіреді. .[2]
Деректердің үшінші тобына Таяу Шығысқа байланысты Қазақстан Республи- касының саясаты мен сол аймақтағы мемлекеттер мен қарым-қатынастарды ашып беру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлі- нің ағымдағы және мұрағаттағы құжаттары мен анықтамалары кірді. Сондай-ақ Еуропалық Одаққа жеке мүше елдердің, Израильдің және Палестинаның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің ақпараттық материалдары кеңінен пайдаланылды. [3]
Осы деректер тобына
Қазақстан Республикасы
олар біздің елдің Таяу
Шығыс мәселесіне қатысты
Деректердің төртінші тобын Еуропалық Одақтың қауіпсіздігімен байлан- ысты екіжақты және көпжақты келісімдер, сондай-ақ Еуропалық Одақ туралы келісім негізге алынды. Аталмыш құрылтай құжаттары Одаққа мүше елдердің Таяу Шығысқа қатысты ортақ сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатының қал- ыптасуын қарастыруға мүмкіндік береді. [4 ]
Деректердің бесінші тобына Палестинаны Азат ету ұйымын құруға және оның іс-әрекеттерін белгілеуге арналған құрылтай құжаттары жатады. [5]
Деректердің алтыншы тобын Таяу Шығыс жанжалына тікелей және жана- ма мүдделі мемлекеттердің лидерлері, белгілі саясатшылар мен көрнекті дипло- маттардың осы аймақтағы мәселеге қатысты ұстанымдары мен саясатын айқын- дайтын баяндамалары, мақалалары, сұхбаттары құрайды. .[6]
Қоғамдық пікірлерді
сұрау арқылы Араб-Израиль
Деректердің сегізінші тобына БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комис- сариатының, Қазақстан Республикасы, Израиль мемлекеті және Палестина Билігінің статистикалық агенттіктерінің материалдары, сондай-ақ карталары және энциклопедиялық анықтамалары кеңінен қолданылды. [8]
Деректердің жеке тоғызыншы тобын тақырыпқа байланысты мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған құжаттар, ақпараттар, материалдар құрайды. Бұған Қазақстанның «Дипломатия жаршысы», «Егемен Қазақстан», «Контин- ент» «Деловая неделя», «Саясат», «География», «Ақиқат», «Қазақстан Заман», «Казахстан в глобальных процессах», ресейлік «Международная жизнь», «Мировая экономика и международная отношения»,«Дипломатический курьер», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета», «Новости», француздардың «Le monde», «Le soir», «Figaro», «Le monde diplomatigue», израилдік « The Jerusalem post», «Вести», «Новости недели», «Русский израильтянин», Палестинаның «Al Quds», Египеттік «Al-Ahram weekly», ағылшын тілінде «Gerald Tribun» және тағы басқа газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады.
Сөйтіп қарастырған
деректердің түрлері
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырыпқа тарихнамалық сараптау қазақ израильдік, араб, палестиналық, ағылшын, француз, неміс, ресей ізденушілерінің, сондай-ақ американдық және мұсылман мемлекеттерінің және ТМД елдерінің жеке авторларының еңбектерін зерттеу негізінде жасалды.
Еңбекті жазу барысында жалпы араб-израиль соғыстарының негізгі кезеңдерін ашып беретін Э.Р. Дюпюи [9], Н. Хайтер, Т.К. Хартли [4], О. Карр[10], Г. Концельман [11], Т. Фридман [12], сияқты еуропалық ғалымдар, саясаткерлер және дипломаттардың осы тақырыпқа арналып жазылған зерттеу жұмыстары, публицистикалық еңбектері пайдаланылды. Бұл европалық авторлар өз еңбектерінде Дәстүрлі Еуропа елдерінің Таяу Шығыста саяси, экономикалық ықпалын сақтап қалу мақсатында бейбіт реттеу үрдісінде белсенді рөл атқаруға бар күшін жұмсап отырғандығын, алайда оның нәтижесіз екендігін және осы ұмтылыстары араб елдері тарапынан толық қолдау тауып отырғандығын ашып көретеді. Сонымен қатар бұл авторлар Еуроодаққа мүше елдердің біртұтас сыртқы саясатының жоқтығы оған Таяу Шығыс жанжалын реттеуге белсенді қатысуына кедергі тудыратындығын көрсетеді.
Еңбекті жазу барысында Таяу Шығыс мәселелерін зерттеп жүрген израильдік ғалымдар, саясатшылар және дипломаттардың еңбектері көп пайда- ланылды. Оның өзін екі топқа бөлуге болады. Й. Альпер [13], Г. Котляр[14],
Ариэль Бин-Нун [15], Микаэль Бар-Захар [16], Г. Мейер [17], Т. Герцль [18], сияқты авторлар мәселені реакцияшыл сипатта қарап, палестина халқына бос- тандық беруге қарсы. Екінші топқа М. Амусин [19], Ш, Перес [20], И. Кфир [21], М. Симашко [22] және тағы басқалары Таяу Шығыс жанжалын бейбіт реттеу тұрғысында және көрші араб халқымен бейбіт өмір сүруге шақырады. Бірақ олардың пікірінше, Палестина Израильдің ықпалында қалып, палестина- лықтар басқа араб мемлекеттерімен ешқандай федерация немесе одаққа бармауы керек.
Зерттеу тақырыбының
проблемасына қатысты араб
2002 ж. Израиль оқымыстысы Ден Кон – Шербок пен Палестиндік ғалым Дауд эль – Аламидің еңбектері басылған кітап жарық көрді [28]. Кітаптың ерекшелігі сол ондағы екі автордың ғылыми пікірлері бір-біріне мүлде қарама қайшы сипатта. Израильдік Ден Кон – Шербоктың пікірінше европалық еврейлер көпғасырлық азапқа төзіп келді. Сондықтан Израиль мемлекетінің құрылуы табиғи қажеттілік, міндеттілік деп есептейді. Ал палестиндік Дауд эль-Аламидің пікірінше Израильдің Палестинаға кінә қоюының не заңды, не моральдық негіздемесі жоқ. Ол еврей әскерлерінің Палестина территориясын басып алуын қатаң айыптайды. Израиль Палестиндіктерге әкелген жүзжылдық қайғысына өтем төлеуі тиіс деп есептейді ол.
Араб елдерінің мерзімді баспасөз басылымдары да ерекше назар аударуды талап етеді. Араб мерзімді басылымдарында Махмуд Халиль [29], Мухаммад Хасанейн Хайкәл [30], профессор Мұстафа Аләуй, Усама Әл-Ғазали Харб [31], және т.б. авторлар өз мақалаларын жариялаған. Бұл араб зерттеушілері 1967-ші, 1973-ші жылдардағы араб-израиль соғыстарының алдыңғы кездеріндегі және осы соғыстар барысындағы саяси және әскери күштердің бөлінуіне талдау жас- ап Таяу Шығыстағы тұрақсыздандырушы үрдістерге қатысты кінәлардың бәрін Израильдің мойнына таңады.
Ресей зерттеушілерінің бұл мәселе бойынша көзқарастары еуропалықтарға жақын келеді. Бұл мәселелерді Е. Дмитриев [32], А.А. Агарышев [33], Е.М. Примаков [34], Н.В. Покормяк [35], А.Е.Бовин [36], В.Воробьев [37], А.Ю.Олимпиев [38], А.И. Смирнов [39], А.В. Кудрявцев [40], сияқты зерттеушілер мен ғалымдардың енбектерінен байқауға болады.
Кеңес дәуірінде жарық көрген ғалымдардың еңбектері өзінің кұндылығы жағынан осы күнге дейін маңызды еңбектер қатарына жатады. Ол Г.С.Никитина[41] И.Д. Звгельская, А. Е. Осипов [42], Ф. Алестин [43], Тума Э [44], В.И. Киселев [45], В.А. Соловьев [46], Н.Д. Несук, С. П. Полюк[47] , Д.В. Романов [48], И.А. Александров , В.Л. Бодянский [49], еңбектері болып табылады. Бұл авторлар өз зерттеулері арқылы Араб- Израиль соғыстарына және сионистер араб жерлерін басып алған соң, оны аннексиялау, яғни қосып алу саясатына талдау жасаған.
Израильде Россияның
елшісі болып істеген
Информация о работе Таяу Шығыстағы саяси дағдарыстың проблемалары (1947-2007 жж.)