Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 11:57, дипломная работа
Деректердің бірінші тобын зерттеу жұмысының негізін қалайтын БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі қарарлары мен шешімдері құ- райды. Осы құжаттарға сүйеніп Араб-Израиль соғысының басталуы мен дамуы, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыс мәселесіне қатысты ұс- танымдары айқын көрсетілетін деректердің бұл тобы ең көлемді болып келеді.[1]
Кіріспе.
I – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты.
1.1. Палестина.
1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы.
II- тарау. Таяу Шығыстағы саяси, діни, әскери қақтығыстар.
2.1. Таяу Шығыстағы теке- тірестің бірінші кезеңі (1917-1947 жж.) және нәтижелері.
2.2. Таяу Шығыстағы теке-тірестің екінші кезеңі (1948-2007 жж.)
III- тарау. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін реттеудегі халықаралық қауымдастық пен ірі мемлекеттердің рөлі.
3.1. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық қолдау.
3.2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары мен мүдделері.
3.3. Қақтығысқа қатысушы араб мемлекеттері мен Израильдың ұстанымдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.
Иран үкіметі және палестиндік радикалдық ХАМАС, «Исламдық джихад» ұйымдары, Ливандық «Хезболла» ұйымы ,Аннаполис конференциясын қатаң айыптады. ХАМАС ұйымы өзінің жарты миллионға жуық жақтастарын Газа кө- шелеріне бастап шығып, Израиль мен бейбіт келіссөздердің жүргізілуіне қарсы- лық акциясын өткізді.
«Исламдық джихад» ұйымының бас хатшысы А.Р. Шалах өз мәлімдемесінде конференцияның басты мақсаты «Иранға шабуыл жасауға мүмкіндік беретін американ – израил – араб одағын құру» деп атады.[ 61]
Қазақстандық зерттеуші Е. Пастуховтың пікірінше бұл мәлімдеменің жаны бар. Е. Пастухов оған дәлел ретінде конференцияға Израиль мен ресми байланысын үзген Сирия мен Сауд Арабиясы өкілдерінің қатысып, конференция жөнінде жақсы пікір білдіруімен түсіндіреді.
III- тарау. Таяу
Шығыстағы саяси дағдарыс
3.1 Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс мәселесін бейбіт реттеуге халықаралық қолдау.
Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30 дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ –ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.
14- қараша 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 58 сессиясында Адам құ- қығын сақтаудың орындалуын қадағалайтын арнайы комитеттің «Израильдің Палестина халқына және басқа оккупацияланған территориялардағы арабтарға қатысты іс-әрекеттері» жұмысы қаралды.[1] 2004 жылы Бас Ассамблеяның ар- найы саяси мәселелер және деколонизация мәселелері жөніндегі комитеті «Оккупацияланған Палестина территориясындағы, оның ішінде Шығыс Иеру- салим және оккупацияланған Сириялық Голан жерлерінде Израиль қоныстарын салу туралы» № А/С 4/58 – қаулысын қабылдады. Онда Израильдың араб жер- інде еврей қоныстарын заңсыз салғаны айыпталды.
Оған 149 ел, оның ішінде Еуроодаққа мүше мемлекеттер, Ресей, Қазақст- ан және ТМД елдері дауыс берді, қарсы 7 ел, (Израиль, АҚШ және Маршал, Микронезия сияқты кішігірім аралдар); Екеуі қалыс қалды. Жалпы осы екі қуыршақ мемлекеттер ғана БҰҰ-ның шешімдеріне АҚШ пен Израильмен бір- лесіп қарсы шығады.
Норвегия дипломатиясының
делдалдық қызметінің
басында құпия түрде Осло қаласында палестиналықтар мен израильдіктер арасында тікелей келіссөздер басталды. Халықаралық қолдаумен 1991 жылы Испанияның астанасы Мадридте бейбіт процестің негізгі демеушілері АҚШ пен Ресей бірлесіп, Таяу Шығыс жөніндегі конференция ұйымдастырды. Бұл қадамдар жалғасын тауып, 1993 жылы 13 қыркүйекте Вашингтонда Палестина мен Израиль арасында Принциптер декларациясына қол қойылды.[50] 1994- жылы 1- шілдеде Палестинаның басшысы Ясир Арафат Газа қаласына қайтып оралып, арабтардың өзін-өзі басқару органдарына басшылық ете бастады.
1973- жылғы соғыстан кейін бірінші рет 1994 жылы 3- қарашада Вашингтон қаласында жасырын түрде АҚШ мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристофердің делдалдық қатысуымен Сирия мен Израиль арасында келіссөздер өтті.Еврей делегациясы Сирияның Голан биіктіктерінің жартысын қайтаруға, ал жартысында Израильдың қарулы күштерін қалдырып, шекараның екі жағындағы 12-15 шаршы жерде демилитаризация зонасын құруға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Израильдіктер Сирия территориясында алдын-ала дабыл қағу электронды станциясын орналастыру және екі ел бір-біріне толық сенімге жеткенге дейін халықаралық әскер орналастыру және оны АҚШ офицерлері басқарсын деген ұсынысын айтты. Сирия өкілі генерал Шехаби өз тарапынан екі ел бейбіт өмір сүру үшін Голлан биіктіктерінтолық қайтаруды талап етті.[2] Сөйтіп келіссөз нәтижесіз аяқталды.
3.2. Таяу Шығыстағы
саяси дағдарысты реттеудегі
ірі мемлекеттердің
Араб – Израиль қақтығысы пайда болғаннан бастап қазірге дейін оған қатыс- ты АҚШ саясаты біржақты болып келеді. АҚШ теке-тірес барысында Израиль- ге саяси –дипломатиялық әдістермен, әскери, қаржылай және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқығын пайдаланып жан-жақты көмек көрсетіп келеді.
АҚШ президенті Д. Буштың ұсынуымен жасалған «Жол картасы» жоспа- ры Араб-Израиль теке-тіресін бейбіт саяси жолмен шешуге бағытталған. Бұл жоспар бойынша бейбітшілікке жетудің алғашқы қадамы ретінде палестиндік- тер жаңа демократиялық- саяси басшылық, демократиялық -саяси институттар қалыптастырып, террористік актілерді толық тоқтатуы тиіс. Ал Израиль палес- тиндіктер жерінде еврей қоныстарын салуды, әскери күш қолдануды доғарып, босқындар мәселесін және т.б. күрделі мәселелерді шешуі тиіс [ 27]. «Жол картасы» жоспарында тәуелсіз Палестина Араб мемлекетін қалыптастыруды 2005-жылы аяқтау көзделген еді. Алайда ол мүмкін болмады.
АҚШ бүгінгі халықаралық қатынастардағы гегемониясын пайдаланып, Еуроодақ, Ресей және Қытайға Таяу Шығыс аймағында белсенділік көрсетуге мұрша бермей, өзінің аймақтағы жеке –дара геосаяси ықпалын барынша нығай- ту мақсатында теке- тіресті бейбіт саяси жолмен шешуді көздейтін конференци- ялар мен самиттердің, келіссөздердің белсенді ұйымдастырушысы болып, оның жұмысына белсене қатысуда.
« Таяу Шығыс дағдарысын реттеу жолдары
және Еуроодақтың Таяу Шығыс- тағы ұстанымы»
атты кандидаттық диссертациясында
т.ғ.к. С. Сайлауқызы атап көрсеткендей
Таяу Шығыс аймағы мен Жерорта теңізінің
шығыс және оңтүстік жағалауын Еуропа
өзінің қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық
секілді мүдделеріне тікелей қатысты
географиялық аудандар деп санайды.[57]
Еуропалық Одақ палесина-израиль қақтығысын
әділетті тұрғыда шешу мәселесі бойынша
2000 жылы мамыр айында Афина қаласында,
2000 жылы сәуірде Парижде, 2001 жылы шілдеде
Мадридте және 2002 жылы сәуірде Нико- сияда
жәнет.б. көптеген халықаралық конференциялар
ұйымдастырды.
Алайда АҚШ бүгінгі күнгі халықаралық қатынастардағы гегемониясын пайдаланып Еуропа мен Ресейге Таяу Шығыс аймағында белсенділік көрсетуге мұрша бермей отыр. Ал Еуроодаққа мүше елдердің біртұтас сыртқы саясатының жоқтығы оған бұл аймақта жанжалды реттеуге белсенді қатысуына кедергі болып тұр. Еуроодақтың Таяу Шығыс мәселелерін бейбіт реттеу процесі жөніндегі тұрақты өкілі Мигель Ангел Моратинос өзінің жұмыс уақытының жартысын Одақтың мүше-мемлекеттерінің позицияларын өзара келістіруге жұмсайды.[9]
Америка мен Еуропа арасындағы Таяу Шығыс саясатының негізгі алғышартындағы үлкен қайшылықтары ол- американдықтар мен еврейлердің Еуроодақтың осы аймақтағы үрдістерге қатынасуының белсенділігіне қарсы тұру болып отыр.
Таяу Шығыс дағдарысын реттеу үрдісінің өзекті тақырыптары бойынша Еуроодақ мынадай көзқарастарды ұстанып отыр:
- Израил БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің белгілі шешімде- рін толық орындау және өз әскерлерін оккупациялаған Палестина, Сирия, Ливан территорияларынан шығару қажет;
- Иерусалим қаласы – тараптар Кэмп-Дэвид келісіміні ержелеріне сүйеніп, екі мемлекеттің де астаналары Иерусалимде болсын;
- Еврей қоныстары – Израиль Палестина жерлерінде еврей қоныстарын салу- ды тоқтату қажет;
- Палестиналық босқындар – бұл мәселеде Израильдың алаңдауын назарға алу керек, сондай-ақ Лондон араб мемлекеттерінің босқындарға қатысты Израильдың мүдделерін ескеру туралы жуырда қабылдаған шешімін құптады.[4]
Қытай Халық Республикасы Таяу Шығыстағы процесстерге белсене араласып, аймақтағы мемлекеттермен тығыз достық қатынас орнатуға ерекше мән беруде. Саясаттанушы А. Каукенов атап көрсеткендей мұндағы Қытайдың көздеген басты мүддесі – осы аймақтан өзіне тасымалданатын энергоресурстардың кепілді жеткізіліміне қол жеткізу.[7] ОПЕК-тің мәліметіне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда әлемдік мұнай тұтынудың 40 % - ы Қыдайдың үлесіне тиеді. 2005 ж. Қытайда тұтынылған мұнайдың 42,9 % импорттың үлесіне тиіп, оның жартысынан астамы Таяу Шығыс елдерінен жеткізілген.
2006 жылы Қытай үкіметі Пекинде 22 араб мемлекеті қатысқан қытай-араб форумын өткізіп, араб елдеріне Қытаймен саяси қатынастар орнатудың «Жаңа типін» ұсынды.
Таяу Шығыс жанжалын реттеу мәселесінде Қытай мен АҚШ-тың бірқатар
ұстанымдары бір-біріне
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілдері ХАМАС-тың сайлаудағы жең- ісі палестиндіктердің таңдауы, сондықтан Қытай бұған құрметпен қарайды деп мәлімдеді. Сондай-ақ Қытай тарапы ХАМАС ұйымы сайлауда жеңіске жеткен соң Палесинаға АҚШ пен Израиль жариялаған қаржылық блокаданы да қатаң айыптады.
Жалпы ресми Пекин палестина-израиль жанжалын БҰҰ резолюциялары негізінде бейбіт саяси келіссөздер арқылы және «бейбітшілікті жерге айырбастап алу» принципімен шешілуін қалайды.[7]
2006 ж. жаздағы 2-Ливан соғысындағы Израиль әскерлерінің әрекетін де ресми Пекин қатаң айыптады. Жалпы палестина-израиль, ливан-израиль жанжалдарында Қытай антиизраильдық бағыт ұстанады. Әрине бұл Пекиннің араб елдерімен экономикалық серіктестік орнатуға деген үлкен үмітімен байланысты. Сондай-ақ Израиль аймақта АҚШ-тың мүддесін білдіретіні белгілі, сондықтан Қытай мен Израильдың жақындасуы аса күрделі.
Сирия – Ливан жанжалында Қытай Сирияның позициясын қолдап, тағы да АҚШ-тың ұстанымдарына қарсы шықты. Ресми Вашингтон Сирия Ливандағы тұрақсыздыққа себепші болып отыр және террористерге қолдау көрсетуде деп мәлімдеді.Оның артынша ҚХР сыртқы істер министрі Қытайдың Сириямен бұрынғыдай екіжақты саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын дамытуға дайын екендігін мәлімдеді.
2005 ж. 17 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияны Ливанмен ресми байланыс орнатуға және екі елдің шекарасын анықтауға шақырған № 1559 – резолюциясын қабылдады. Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі резолюцияны қолдаса, 2 мүшесі ҚХР мен Ресей қарсы шықты.
Қытай Таяу Шығыстағы АҚШ-пен қарым-қатынасы нашар елдерге, атап айтқанда Иранға, Сирияға, Ливияға, Суданға саяси – дипломатиялық әдістері- мен қару-жарақ жеткізіп беру арқылы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқы- ғын пайдаланып жан-жақты көмек көрсетуде. Себебі бұл елдер Қытайдың ең басты энергетикалық серіктестері болып табылады. Өзінің энергетикалық серік- тестерінің санын арттыру үшін Қытай АҚШ-тың аймақтағы дәстүрлі серіктес- терімен атап айтқанда Сауд Арабиясымен, Кувейтпен, БАӘ-мен, Оманмен бел- сенді түрде жақындасуда.
Таяу Шығыс саясатында Қытайдың көптеген ұстанымдары Ресейдің осы аймаққа қатысты ұстанымдарына сәйкес келіп, одақтаса қимылдауда.
Ресей Федерациясы Таяу Шығыс жанжалын бейбіт реттеу мәселесінде басты демеуші болып есептелетін «Төрттіктің» бірі болып табылады. Қазіргі таңда Ресей Таяу Шығыс елдерімен бұрынғы КСРО кезіндегідей толыққанды экономикалық, саяси және әскери қатынастарын жандандыруға барынша мүд- делілік танытып, тырысуда. Ресей Сыртқы істер министрі В.Д. Средин атап көрсеткендей «Таяу Шығыста Ресейдің ірі саяси, экономикалық және әскери сипаттағы мүдделері шоғырланып, ресейлік дипломатиялық басым бағыттар –ының бірі болып табылады»[6] Ресей жанжалды бейбіт, әділетті саяси жолмен шешуді көздейтін конференциялар жұмысына белсене қатысуда. Жанжалды бейбіт реттеу процесінде Ресей «Төрттіктің», «Жол картасы» жоспарын, және БҰҰ-ның № 181, 242, 338 және т.б. белгілі қаулы- қарарларын толығымен қолдайды.
Таяу Шығыста көздеген өзіндік мүддесіне сәйкес ресми Мәскеудің бірқатар ұстанымдары осы аймаққа қатысты АҚШ-тың бірқатар ұстанымдарына қарама-қайшы келуде. Мәселен 2006 ж. 3 наурызда В. Путиннің арнайы шақыруымен ХАМАС ұйымның бір топ өкілдері Мәскеуге ресми сапармен келді. В. Путин өз сөзінде Ресейдің ХАМАС-ты ешқашан террористік ұйым деп есептемегенін айта келіп, Палестина Автономиясына қаржылай жәрдем беруге дайын екенді- гін мәлімдеді.[6]
Қазақстанның Таяу Шығыстағы саясатының аса бір нәзік астары бар, ол араб мемлекеттерімен де, Израильмен де қатынастарды қатар дамытуы болып отыр. Жанжалдың өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы БҰҰ-ның осы аймаққа қатысты қабылдаған қараларына негізделеді. БҰҰ №181, 338, 242 қараларына сүйене отырып, палестина халқының бостандығы мен тәуелсіз- дігін Палестина мемлекетін құру жолындағы заңды да әділ күресін қолдайды. Сондай-ақ Израильдың қауіпсіз, тәуелсіз мемлекетретінде өмір сүруін толығы- мен қолдайды. Палестина мәселесі бойынша аймақтағы барлық мүдделі тарап- тармен келісіп шешім қабылдағанды қисынды деп санайды.[3]
Информация о работе Таяу Шығыстағы саяси дағдарыстың проблемалары (1947-2007 жж.)