Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

    Соғыс жылдарында «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» ұраны уақыт талабына айналып, кеншілер ерен еңбегін аямағандығын адам ойламаған қиындықтардың барлығын ұжыммен бірге жеңе білгендігін «жоқ», «болмайды» деген сөздерді айтуға болмайтындығын «қажет болса істейміз» деген ұран принципке айналғандығын саралады. Лениногорлықтар соғыс жылдарында шығарылған он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан, оның ішінде Лениногор қорғасынынан жасалғандығын мақтаныш сезімімен айтуға толық негізі бар.

 1941 жылдың соңында бас инженер Вербицкий басқа қызметке ауысуына байланысты, оның орнына бас инженер етіп өндірістік тәжірибесі мол Новиковты сайлайды. Қонаевтың өзі кейін қызметін ауыстырып кеткен соң, бес күннен кейін оның қайғылы қазаға ұшырағанын еске алады [1, 93 б.].

1942 жылы Қазақстан  КП(б) Орталық комитетінің ҚазақКСР  түсті металлургия кәсіпорындарында  рационализаторлық пен өнертапқыштық  қозғалысты дамыту туралы арнайы  қаулысы қабылданады. Онда «...Лениногор  кенішінің бұрынғы директоры  Сиразутдинов ұсынған кен жынысын қазудың жаңа тәсілі бұрғышылардың еңбек өнімділігін екі еседен аса арттырып, өнімнің өзіндік құнын 35 пайызға кемітті» деп атап көрсетеді.

Д.А. Қонаев өз заманында  болған оқиғалардан дерек беріп, ол жайлы жеке көзқарасын білдірелді. Заманхатта Қонаев өмірлік іс-тәжірибесінен өз заманы, замандастыр жайлы құнды мәліметтерді береді. Мемлекет және қоғамқайраткері Д.А. Қонаев заманхаттарының инженер-техникалық интеллигенция жайлы тарихи деректік маңыздылығы ерекше. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

 

2.1 Заманхаттар  республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде

 

Жоғарыдағы тарауымызда  біз Қонаев заманхаттарындағы Қазақстан  тарихына байланысты бірсыпыра мәліметтерді мысалға ала отырып, заманхаттардың маңызы мен шынайылығын, талдап көрсетуге тырысқан болатынбыз. Нәтижесінде Қонаев заманхаттарының шын мәнісінде өз заманының шын тарихи дерегі бола алатын маңызге ие екендігіне көз жеткіздік.

Енді осы тарауымыз барысында біз академик Қонаевтың заманхаттарындағы кеңестік Қазақстан тарихына қатысты тікелей экономикалық және мәдени, саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты айтылған пікірлер мен көзқарастарды талдай отырып, олардың шын мәнісінде кеңестік кезеңдегі тарихымыздың дереккөзі бола алатындығын дәлелдеуге тырысатын боламыз.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Д.А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі барысында белгілі қоғам қайраткерінің ел экономикасына қосқан үлесі жайында былай деп атап өтеді: «...жоспарлы экономика салдарынан Қазақстан шикізат көзіне айналып қалды. Тың игеруде де ірі қателіктер мен негізсіз қадамдар жасалды. Көп жерлер эрозияға ұшырады. Жайылым тартып алынды. Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан, Қонаев елдің дамуы үшін қолынан келгенін жасады. Республикада құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуы ілгерілей түсті. Елсіз жерлерде жаңа қалалар мен елді мекендер сол кезде пайда болды» [4, 70-71б.]. Расында да Д.А.Қонаевқа тіршілік тәжірибесінің өзі көрсеткендей, барлық жағдайда да ол өз басшылығының тұтастай нәтижесін ой көзінен өткізіп, ұдайы экономиканың дамуымен айналысып, басты нәрсеге назар аудару керек екенін жақсы түсінген болатын.

Ел экономикасының жағдайы жөнінде академик өз еңбегі барысында да: «...өндіріс – жастардың ең өзекті мәселесі. Діндар адам бес уақыт намазын қалай қаза жібереді, кім болмасын, мейлі ол жас болсын, жасамыс болсын, әйтеуір сыныққа сылтау іздеп жұмыстан кешігу не ерте кету я жоспарлы ісін тындырмай қалу – ақылға сыймайтын іс-тұғын. Бізге бүгінгі таңда жетпей жүрген нәрсе осы. Экономикадағы дерт те осыдан» [1, 38 б.] - деп, заманның жыртығын, уақыттың кемшілігін ашына жазып, экономикаға мұның зарары мол болып отырғанын айтады.

          Сонымен қатар оның көп қырлы қызметінің тағы бір аясы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан Ғылым Академиясында жүйелі түрде зерттеулер жүрігізілмегені баршаға мәлім. Дала өлкесінің кейбір аудандарында тек жекелеген ғалымдар ғана тарих пен этнографияны зерттеумен айналысты. Олардың арасында осы күнге дейін еңбектері қайран қалдырып келген қазақтың тұңғыш ғалымы жағрафияшы, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлихановтың есімі әлемге әйгілі. Тек Қазан төңкерісінен кейін ғана Ембі мұнайлы аудандары, Қарағанды көмір бассейні, Мойынқүзі Бетпақ даласы тыңғылықты зерттеле бастады. Семейде, Қарқаралы мен Шымкентте ғылыми орталықтар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

          1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының  бастамасымен республикада есеп-қисап,  экономика, геология мен гидрология  мәселелерімен щұғылданатын арнайы  Қазақстан экспедициясы жасақталды.

Сонымен бірге республикадағы әлі аз әлсіз ғылыми-зерттеу   мекемелері   қатты   дамып   келе   жатқан  экономиканың қажетін  етей алмайтындықтан КСРО Ғылым Академиясы президиумы (1932 жылы 14 наурызда) Алматыда КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық бөлімшесін ұйымдастыру тура-лы шешім шығарды. Оның бірінші төрағасы больш академик А.М. Самойлович сайланды.

          КСРО Ғылым Академиясының дәйекті  көмегі арқасында аз мерзімде  КСРО ҒА қазақстандық базасы  өзінің ғылыми бағыт-бағдарын нығайтып, ғылыми орталыққа айналды. 1938 жылы КСРО Ғылым Академикасының Қазақ бөлімшесі болып кұрылды. Бөлімшенің Президиумын академик А.Д. Архангельский басқарды. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің саны тез өсіп, 1939 жылы - топырақтану мен география, ал 1940 жылы — тіл мен әдебиет секторлары ұйымдастырылды.

          Практикалық көмек көрсетіп ең алдымен ұлтгық ғылыми мамандарды дайындау ісіне басшылық жасау үшін КСРО Ғылым Академиясының жолдамасымен Қазақстанға Мэскеу мен Ленинградтан ғылымның турлі-түрлі бағыттарынан ғалымдар келді. Олар жас республикаға алғашқы қалыптасу кезеңінде көп көмектесті. Тіпті 1946 жылы КСРО Ғылым Академиясы қазақ бөлімшесінде 13 институт пен 7 секторда 900 кісі, соның ішінде 57 доктор мен 184 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Бөлімшенің ғылыми тақырыбы кең ауқымды, маңызды мәселелерді қамтыды.

          Сөйтіп, Қазақстан Ғылым Академиясын ұйымдастыруға шын негіз қаланды. Қазақстан топырагына білім де, ғылым да келді. 1946 жылы 31 мамырда Қазақстан Компартиясы ОК, Қазак КСР-і жоғарғы Кеңесі Президиумы мен республика халық комиссарлары Кеңесі «Қазақ КСР-і Ғылым Академиясын құру туралы» біріккен қаулы шығарды. 1946 жылы 1 маусымда оның салтанатгы ашылуы болды.

           Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының  тұңғыш президенті болып, көрнекті геолог-ғалым, КСРО Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, Қазақ КСР-і ҒА академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. КСРО Ғылым Академиясы қазақтың жас академиясына материалдық қор жасап, нығаюына ғана  емес, әсіресе, ұлттың ғылыми мамандарын дайындауға тұрақты қамқорлық білдіріп, Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде басты бағыттарды анықтап, ғылыми мекемелердің түзілімін жетілдіріп, одақтың басқа академияларымен тәжірибе алмасуға көмектесті.

          Кейіннен Қазақстан ғалымдары халық шаруашылығын қалпына келтіріп, оның одан әрі дамуына еңбегімен үлес қосып, ғылыми зерттеулерінің нәтижесін өндіріске енгізуге күш салды. Жылдан жылға түбегейлі зерттеуді жоспарлап, үйлестіруші ұйытқы ретінде республика Ғылым Академиясының маңызы арта түсті.

          1952 жылғы сәуірде Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының жалпы жиналысында тау-кен ісі облысындағы ірі окымысты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметулы Қонаев академик болып сайланды. Үш жылдан аса оны баскарып, Қазақстан ғылымының дамуына көп үлес қосқан Д.А.Қонаевты бір уақытта Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының президенті етіп сайлады.

           Алайда бұл оқиғаның өз салдары бар еді. Атқарған қызметінен республика Ғылым Академиясының президенті, ірі ғалым-геолог К.И. Сәтбаев босатылды. Оған ҒА жұмысындағы бірқатар жіберген елеулі кемшіліктер, оның үстіне ол «кезінде Алашорда үкіметінің насихатшысы болды» деген кінә тағылды [1, 125 б.].

          1954 жылы Қазақстанда тың эпопеясы басталды. Республикаға астық өндіруді көбейту үшін 1954-56 жылдары жаңадан 6,3 миллион гектар жерді игеру керек еді. Осы мақсатпен тек алғашқы екі жылда республикаға 360 мың механизаторлар, құрылысшылар, инженер-техник қызметкерлер, ауылшаруашылығы мамандары келді. Ауылшаруашылық техникасы үсті-үстіне ағылды. Академияның ғалымдары да, әрине, сырт  қалған жоқ. 

          Д.А. Қонаев  топырақтану  институтының ұжымымен бірге тың және тыңайған жерлерді игеру үшін тауып, іріктеп, белсене зерттеді. Ғалымдар табиғи-шаруашылық аймақтарды гылыми тұрғыдан зерттеудің дәлелді жүйесін жүзеге асыруға қатысты. Республика Ғылым Академиясы жер орналастыруға ондаған кешенді экспедиция мен топтар жіберді. ҚКП ОК мен Қазақстан үкіметінде білікті ғалымдардың ой-пікірін тыңдамаған бірде-бір кеңес өткен жок. Республика тыңды көтеру жоспарын асыра орындап, өндірісін күрт үлғайтып, астық дайындауды «тыңға дейінгі» кезеңмен салыстырғанда алғашқы анық қайтарымды 1954 жылы алды [1, 88 б.].

         Д.А. Қонаев Ғылым Академиясының  алдына қойылған міндеттерді  байыпты орындау үшін жоғарғы  органдардьщ материалдық-техникалық және инабаттық қолдауы қажет екенін жақсы түсінді. Сондықтан ҚазКСР-і ҒА президенті Д.А.Қонаев 1954 жылы 10 шілдеде Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы П.К. Понамаренкоға Академияға көмектесу үшін хат жолдады. Ол хаттың толық нұсқасы төмендегідей:

«Қазақстан КП ОК хатшысы  П. К. Пономаренко жолдасқа! Қазақ  КСР-і Ғылым Академиясы 8 жыл бұрын  үйымдастырылса да әліге дейін материалдық-техникалық базасын жасау мәселелері шешілген жоқ. Ғылым Академиясының ғылыми мекемелері кездейсоқ, бейімделген үйлер мен тым тар жерлерде орналасқан. Көптеген институттарда, лабораторияларда құрал-жабдықтарды орналастыруды есептегенде әрбір ғылыми қызметкерге 2-3 метр жұмыс алаңы ғана бар. Ғылыми мекемелер, әсіресе, осы заманғы ғылыми құрал-жабдықтармен жарақтандыруға аса зәру. Қордаланған жағдайдың басты себебі ҚКСР-і ҒА күрделі құрылыс пен ғылыми құрал-жабдықтар алуға бөлінетін қаржы аздығы. Осы себеппен ғылыми қызметкерлердің басым бөлігі тұңғыш үймен қамтамасыз етілмеген. Жыл сайын күрделі кұрылысқа бөлінетін қаржы-қаражаттың жетімсіздігінен, со-нымен қатар ҚКСР азаматтық және түрғын үй құрылысы Министрлігі Басқармасының ҒА бас ғимаратын салудагы жұмыс    көлемін    азайтып,    1949-1953 жылдары    жобалық небәрі 35% ортадан, қанағаттандырарлықтай болмауы" алаңдатады. Сонымен бірге ғылыми құрал-жабдықтар алуға бөлінетін қаржы жылдан жылға азайып келеді. Соның салдарынан, қазіргі уақытта осы заманғы ғылыми прибордың әр данасы ондаған және жүздеген мың рубль тұратын кезде әрбір институтқа орта есеппен бір жылда құрал-жабдык алуға 20-30 мың рубль ғана бөлінеді. Бұл жағдаяттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының ойдағыдай жүргізілуіне кері ықпал етіп, соның әсерінен халық шаруашылығына қажетгі мәселелерді қарастыру кешеуілдеп қалып отыр.

          ҚКСР-і ҒА материалдық-техникалық базасына нығайтумен қатар ғылыми-зерттеу мекемелерінің кейбіреуі штатты көбейтуді керек етеді. Одан тыс республикада халық шаруашылығының одан әрі дамуы жаңадан: мұнай, микробиология мен математика институттарын ұйымдастыруға мәжбүр. Бұл институттарды құруды КСРО ҒА, мұнай институты, сонымен қатар КСРО мұнай өнеркәсібі министрлігі қолдап отыр.

          Сонымен РКС Одақ Министрлері Кеңесіне ҚКР-і ҒА материалдық-техникалық базасын нығайту мен үш институт құру туралы жолданған хат жобасымен бірге Қазақ КСР-і ҒА президиумы Сізден КСРО үкіметіне өтінішпен кіріп, қажетті көмек беруді өтінеді» [1, 88-89 бб.].

Дұрысын айта кету керек, П.К.Пономаренко Қазақстан Компартиясы бірінші хатшысы ретінде Республика Ғылым Академиясы президентінің өтінішіне өте мұқият қарап, Академия үлкен қаржылай, материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек алды.

          Д.А. Қонаевтың президент болған жылдарында Компартияның ОК мен Республика Кеңминінің Ғылым Академиясына көрсеткен ұдайы көмегінің арқасында ғылыми мекемелердің жұмысы не дәуір жанданды. Бірнеше институттар мен лабораториялар құрылды. Енді ғылыми мекемелерде осы заманғы ғылымның бар саласында зерттеу жұмыстары жүріп жатты. Кешегі көшпелілердің ұрпақтары макро мен микродуниенің кұпиясына еніп, физика мен химияның сырын ашып, ғаламшар кеңістігіне үңіліп, табиғат қазынасының байлығын зерттеп ақтара бастады. Ғылым Академиясы Қазақстанның өндіріс күштерінің дамуына зор әсер ететін ірі ғылыми орталыққа айналды. Бұл істердің бәрінде де ол одақ үкіметінен, Мәскеу мен Ленинград, басқа бауырлас республика ғалымдары тарапынан материалдық-техникалық көмек алып отырғандығын айта кеткен жөн. Академияның көптеген институттары республикаға, тіпті тұтастай елімізге маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай бастады.

           Д.А. Қонаев көрнекті ғалым, әрі ғылымды білікті ұйымдастырушы ретінде Қазақстанның Ғылым Академиясының гүлденуіне көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен ғылыми күштер мен материалдық ресурстар шоғырланған республика өндірістік күштерінің дамуының кешенді мәселелерін шешуде, сонымен қатар ұлт мәдениетінің көтерілуінде ғылыми мекемелердің қызметі жандана түсті.

          1955 жылғы наурызда КПК ОК бюросы Д.А. Қонаевты ҚазКСР-і Ғылым Академиясы президенті міндетінен босатып, Республика Кеңминінің төрағасы етіп бекітті. Қонаев бұл туралы Мәскеуде КСРО жоғарғы кеңесінің сессиясында естіді. П.К. Пономаренко мен ол кезде Қазақстан КП ОК екінші хатшысы болып істейтін Л.И. Брежнев оны Н.С. Хрущевке таныстырды. Олардың тұңғыш кездесуі осылай басталды. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Академиядағы Қонаевтың орнына кім келетіндігі туралы сұрақ туындады. Димаш Ахметұлы Қ.И. Сәтбаевты ұғынды. СОКП ОК бірден келісе қойған жоқ. Қонаевтың табанды араласуы нәтижесінде Қ.И. Сәтбаев қайтадан ҚазКСР-і ҒА президенті болды.

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы