Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.
КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Д.А. Қонаевтың өткен ғасырдың елуінші
жылдары Қытай Халық Республикасына барған
сапары, осы сапардан алған әсері бойынша
жазған «Халықтық Қытайдағы 30 күн» атты
кітабында баяндалады. Ежелгі тарихы мен
мәдениеті әлемді күні бүгінге дейін таңқалдырып
келе жатқан Қытай елі жөнінде айтса әңгіме
таусылмайды. Ал, Қытайдағы қазіргі
даму мен өркениеттің жаңа үрдісі және
экономикалық қарыштау дүние жүзін қайран
қалдырып отыр. Сондықтан әлем Қытай тарихы
мен оның бүгінгі орасан жетістікке жету
сырын білуге тәнті.
Бізге
көрші Қытай елі жөнінде пәлен мың жылдан
бері оның кереметтері аңыз болып келеді.
Пайғамбар хадистерінде де “Қытайда болса
да білім ізде” деген тәмсіл бар.
Кеңестік дәуірде Қытай жөнінде тамаша кітап жазған сол кездегі Қазақстан Ғылым Академиясының президенті, академик Д.А. Қонаев еді. Жолсапары бойынша жазылған кітап “30 дней в народном Китае” атпен сол кездегі Қазақ мемлекеттік баспасынан 1955 жылы орыс тілінде жарық көрді. “Сапарнама-очерк” өте түсінікті әрі тартымды оқылады. Қытайға Д.А. Қонаев КСРО-ның сол кездегі басшысы Никита Хрущев бастаған делегация құрамында барады. Кеңес - Қытай Достық қоғамының ұйымдастырумен шақырылған делегация ішінде атақты ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері және жазушы, тарихшылар бар еді. Д.А. Қонаев әңгімені алдымен әлемдегі алып ел, жер шарының тең жартысын алып жатқан Кеңестер Одағының ұшы-қиыры жоқ жер аумағынан бастайды. Әсіресе, өз отаны Қазақстан жайында толғанысы ерекше. Ақынжанды Д.А. Қонаев Ертістің мұхитқа құяр тұсын көргенде Тың игеруге байланысты ой құшағында отырады. Өйткені Қазақстанда тың игерудің ұлы ісі осы кезде басталған еді. Ұшақ Қытай әуе кеңістігіне кіргенде ғұлама ғалым Гоби шөлі мен Лабнор көлі және Аспан асты елін зерттеуші-саяхатшы Пржевальский туралы баяндайды. Құрамында академик Қонаев бар Кеңес делегациясы Қытай Халық Республикасының құрылғанына бес жыл толу мерекесіне байланысты салтанатқа қатысуға келген еді. Бейжіңдегі Император Сарайында Бүкілқытайлық халық жиналысы өкілдері қатысқан салтанатты шара басталады. Құрметті қонақтар мен шетелден келген меймандар алдында ҚХР төрағасы Мао Цзе Дун және партия қайраткерлері Чжу Дэ, Лю Шао-ци, премьер Чжоу Энь-лай сөз сөйлейді. Кеңестер Одағының басшысы Никита Хрущев мінбеге шыққанда ұзақ қол соғылады. Никита “Қытай халық Республикасының даңқы арта берсін” деп сөзін аяқтайды. Салтанат соңында Достық гимніне айналған “Мәскеу-Пекин” әні орындалады. Тяньанмин алаңында әскери шеру өтеді. Қытай сапарына байланысты Д.А. Қонаев күнделік жазып отырған ғой. Кездесу - жүздесулердің бәрі дәл ай-күнімен көрсетіледі. Д.А. Қонаев бір айға созылған сапар-саяхатында Солтүстік Шығыс, Оңтүстік Шығыс және Орталық Қытайды түгел аралайды. Қытайдың атақты қалалары Шанхай, Нанкинь, Кантон, Ухан, тағыда басқа шаһарларда болып жұмысшылар мен ғалым және өнер адамдарымен кездеседі. Д.А. Қонаев Қытай астанасы Бейжің шахарын қызыға аралап, оның тарихы мен тарихи орындары жайында қызықты деректер мен мәліметтер келтіреді.
“Бэйхай” саябағы мен “Гугун” патша сарайын көріп, “Аспан храмын” тамашалайды. Қытай адамзат тарихында алғаш құбылнаманы, қағаз, оқ-дәріні ойлап тапқан ел ретінде тарихтан ерекше орын алатын халық екені белгілі. Пайғамбар хадистерінде айтылғандай білім мен ғылым Қытайда ежелден-ақ дамыды. Академик Қонаев кітабында ежелгі Қытай ғалымдары мен ғылымы жөнінде өте жақсы айтады. Біздің дәуірімізден бұрыңғы үшінші ғасырда ойлап тапқан құбылнаманың алғашқы үлгісін мұражайдан көрген Д.А. Қонаев Қытайдағы ежелгі темір өңдеу, құрылыс және сәулет өнерлері жайында да сөз қозғайды. Мамандығы инженер Қонаев қытайлық тау-кен инженерлерімен әңгімелеседі. Қытай Ғылым академиясының президенті Го Мо Жомен кездесіп, бірге жүріп, Қытай ғылымының сол кездегі (өткен ғасырдың елуінші жылдары) дамуына байланысты көптеген мағлұматтар алады. Қытайда құрылған қырықтан аса ғылыми орталықтын жұмысына талдау жасап, баға береді.
Түсті Металдар ғылыми-зерттеу институтының директоры Ли Пин Канмен әңгімелеседі Қытай ғылымындағы табыстарды еске түсіреді.
Д.А. Қонаев барған кезде бұл елде физика, математика, биология, география ғылымдарын дамытуға баса көңіл бөлген еді. Ғылыммен қатар елде ауыр өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының да дами бастағанын айтып, бұған көптеген мысалдар келтіреді. Сондай-ақ қоғамдық ғылымдардың социалистік идеяны қолдап, осы бойынша бағыт алғаны жөнінде айтады. Қонаевтың ірі ғалым, атақты академик екенін білген Қытай ғалымдары Д.А. Қонаевпен кездесу өткізеді. Екі мыңға жуық адамға арналған үлкен залда Д.А. Қонаев Кеңестік ғылымның дамуы жайында сөйлейді. Ғылымның геология және тау-кен істері саласындағы жетістіктерін көрсетеді. Ертеңінде Д.А. Қонаевтың әңгіме-дәрісі орасан таралыммен тарайтын үлкен газетте Қытай тілінде жарияланады. Қазақ Ғалым Академиясы жөнінде айтқанда көптеген сұрақтар қойылып, қызу пікір-таласқа ұласады. Академик ғылымның практикамен байланысы жөніндегі сауалдарға жауап береді.
Д.А. Қонаев білімділігі мен біліктілігі және ғылымдағы ақыл-ойына тәнті болған болулары керек ертеңінде Қонаевты Қытай Тау-кен институтты арнайы шақырады. Кездесу сұхбатта Д.А. Қонаев Кеңестік геология ғылымы мен Тау-кен жұмыстары жайында жерасты қазба байлықтарын игеруге байланысты тереңнен толғап, нақты деректер мен мәліметтер негізінде баяндайды. Қытай Халық Республикасы құрылған алғашқы жылдары Бейжіңде аз ұлт балаларына арналған институт ашылған болатын. 1951 жылы ұйымдастырылған 47 ұлт өкілдері оқитын осы оқу орнының ректоры Цуй Кэн-Жин мен Д.А. Қонаев ұзақ әңгімелесіп, оқу-орнының білім беру ерекшелігімен танысады. Оқу орны астанадағы әсем әрі көрікті жерлердің біріне орналасқан екен.
Д.А. Қонаев барғанда институтта 1300 студент болады. Ол аудиторияларды аралап, жатақханаларды көріп, мәдениет сарайындағы жұмыстармен танысады. Тибеттен, Құлжа өңірінен, Ішкі Монғолия және Хайнань аралынан келген жастармен жолығып, кеңес еліндегі білім берудің жайын әңгімелейді. Шыңжаң өлкесінен келген қазақ, ұйғыр және дүнген жігіттерімен кездесіп, олардың оқуы жайында сұрайды. Д.А. Қонаев Кеңес Одағындағы қуатты Республика Қазақстан туралы оның географиялық картасын көрсетіп тұрып ұзақ әңгімелейді. Қазақстан туралы Қытайдағы аз ұлт өкілдерінің жастары біледі екен. Сұрақтар қояды. Әсіресе, белгілі жазушылар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және Ғабиден Мұстафин туралы тереңірек білгілері келіп, көп сұрайды. Ол кезде атақты Жамбыл ақынның жырлары әлемді дүркіретіп тұрған кезі еді. Д.А. Қонаев ақын өлеңдерін Қытай тіліне аударған қаламгер Гэ Бао Цюаньмен кездесіп, Жамбыл жайында сұхбаттасады. Осы жерде бір айта кететін нәрсе Д.А. Қонаев Жамбылмен кездескен. Әкесі Меңліахмет Жамбыл өлеңдерін жатқа айтатын болған. Д.А. Қонаев аудармашыға қазақ және орыс тілдеріндегі Жамбылдың өлеңдер кітабын сыйлайды. Д.А. Қонаев күллі Қытай мақтанышы, даңқты жазушы Лу Синнің мұражайында болып, оның өмірі мен шығармашылығы жайында терең біледі. Қытай реализмін негізін салушы ол Кеңестер Одағындағы Горькийге ұқсайды. Ол төңкерісшіл қаламгер, ұлттық батыр, ұлт мақтанышы болатын.
Д.А. Қонаев Қытай тарихы мен мәдениеті, ондағы халықтың тұрмыс тірішілігі мен әлеуметтік жағдайы жөнінде білгірлікпен баяндалатын кітабының бір тарауын ұлт-азаттық көтерілістің бесігі аталатын өзі төрт күн болған Шанхай қаласына арнайды. Бұдан басқа Шэньян, Аньшань, Нанкин, Ханчжоу, Кантона, тағы да басқа ірі қалаларда болып, бұл шаһаралардағы экономикадағы ілгерілеулерге сүйінішін білдіреді. Қытай елінің таулары мен өзен көлдері адамзат тарихында аңызға айналған табиғат таңғажайыптарына жатады. Солардың бірі Янцзы өзені. Ол география ғылымында ұлы өзен аталады. Басы Тибет тауларынан басталатын өзеннің ұзындығы 5700 шақырым. Қытайдың ұшы-қиыры жоқ ұлы өлкелерінен өтіп, Шығыс Қытай теңізіне құятын өзен жағасы тамаша тіршілік мекені. Янцзы өзені бойында Чунцин, Ухань, Иган, Нанкин, Шанхай, тағы да басқа ірі қалалар орналасқан. Д.А. Қонаев атақты өзеннің табиғат әлемі жайында айта келіп, өзен бойындағы өндірісті қала Уханға тоқталады. Әлемде адамзат тарихындағы кереметтердің біріне саналатын ұлы қытай қорғаны екен белгілі.
Д.А. Қонаев ежелгі заманның бұл ғажайып құрылысын Улан Батордан Бейжіңге ұшып келе жатқанда ұшақ иллюминаторынан көреді. “Қорған биік тау шыңдарының үстінде ирелеңдеп жатқан жыланды елестетті” дейді. Қытай сәулет өнерінің ғажайып туындысы Д.А. Қонаевқа бала жасынан белгілі еді. Өйткені мектептегі тарих оқулығынан ол жайында оқып, суретін көрген. Ал, көзбен көргенде айтары жоқ әсерде қалады. Бейжіңнен онша алыс емес жерде қабырғалары басталатын алып құрылысты тамашалауға келгенде оңын төңірегінде құжынап жүрген халықты көреді. Ұлы қорғанның бір бөлігіндегі “тас саты” арқылы оның үстіне шығады. Одан ары қарай алысқа созылып жатқан қорғанның “жоталары” көрінеді. Екі мың жылдық тарихы бар ұлы қорғанның құрылысы жөнінде тарихшылар жиі айтатын деректі Димекең де есіне түсіріп қайталайды. Сыртқы жаулардан қорғану үшін Қытайдың бірінші императоры Цин Ши-Хуа патша тұсында оның ірге тасы қаланады. Қанша мың адам жұмыс істеді – оның есебін білу мүмкін емес. Құрылыс бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып, ғасырларға ұласқан, Сары теңізден Батыстағы шөл далаға дейін созылған қамал құрылысы “тылсым тарихты” елестетеді. Қытай халқының еңбекқорлығы мен ұлылығын әлемге паш еткен Қорған қамалдың тарихы жөнінде Д.А. Қонаев қызықты мысалдарға жүгініп, өзінше ой толғайды. 1949 жылы құрылып, социалистік даму жолына түскен Қытай “социалистік лагерьдегі” Кеңес одағынан кейінгі екінші ұлы ел еді. Алғашқы бес жылдық жоспарларында-ақ Қытай біраз табыстарға жетеді. Өндіріспен қатар елдің мәдени өмірі де жаңалана бастайды. Мәдениет үйлері, театр, клубтар барлық жерде ашылып, халық оған көптеп келе бастайды. Сол кездің ең жақсы рухани орны кітапханалар әдебиетке толып оқырман саны көбейеді. Шэньян қаласында 750 000 том ежелгі Қытай әдебиеті бар кітапхана оқырманға есігін ашады. Оқырман үшін мұнда барлық жағдай жасалған көрінеді.
Қытайда 30-күнге созылған “сапар-саяхаты” кезінде Д.А. Қонаев Құдай бізбен ежелден көрші қылған “Аспан асты” елі жайында әсерлі “сапарнама очеркін” өзінің қорытынды сөзімен аяқтайды. Қытайда 30 күннің қалай тез өте шыққанына қайран қалып, кейін сапарды сағына еске алады. Елге оралған соң түрлі кездесулерде Қытай жөнінде әңгімелеп, алған әсерлері мен көрген білгендері туралы ағынан жарылып айтады.
1954 жылы күзде барған Д.А. Қонаевтың “сапарнама очеркі” келесі жылы “Халықтық Қытайдағы 30 күн” деген атпен оқырман қолына тиген. Таралымы 15 мың дана кітап жаңа Қытай жайында жазылған Қазақстандағы алғашқы бірегей очерк еді. Артық айтып, әсірелеу және бос сөзі жоқ бұл шығарма қытайтанушылар үшін қазір де құндылығы жоғалмайтын үлкен еңбек. Қонаевтың ұлы Қытай елі жөнінде жазған еңбегі жақсыны көре білетін ерекше қасиетін, көрген-білгендерін терең ой мен ақыл-сезімі арқылы өрнектеп, жатық тілмен жеткізе білетін кемеңгерлігін дәлелдейтін рухани дүние десек артық айтпаймыз [18, 3 б.].
Сонымен бірге заманхаттардың дерек ретіндегі субъективті сипатын да ескеруіміз керек. Өйткені естеліктер де басқа деректер сияқты белгілі бір субъект дүниеге келтірген және оның өз көзқарасы тұрғысынан жазылған дерек боп саналады.
Ал әңгімемізді «мемуар» термині төңірегінде өрбітер болсак, Ахмет Байтұрсынов жазба деректің бұл түріне кезінде «заманхат» деп ат қойып, біреудің заманында болған тарихи оқиғадан, яғни өзі ішінде болған істерден дерек беруі, заманхат деп аталады - деген анықтамасын бергендігі жайлы жоғарыдағы тарауымызды атап кеткен едік. Яғни Қонаевтың естелік-эсселері, жазба деректің бір түрі – заманхат болып табылады. Заманхаттардың дерек ретіндегі маңыздылығы, олардың мазмұнындағы шынайылық деңгейінің жоғарылығына байланысты. Берілген мәліметтердің шынайылық дәрежесінің жоғары екенін көрсеткісі келген автор: «Ұсынып отырған еңбекте республика тарихындағы аса маңызды оқиғаларды мейлінше әділ, бұра сөйлемей, тура сөйлеуге, басқаша айтқанда, барын бардай, жоғын жоқтай әңгімелеуге ұмтылдым" - дейді. Дегенмен, өткенді бейнелеудің көлемі мен терендігі автордың тек оқиғаны қаншалықты білетіндігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге оның интелектуалдық сұраныстарына, онық философиялық-тарихи ойлау кабілетіне, адамгершілік-психологиялық ізденістеріне, жалпы рухани-мәдени дәрежесіне байланысты болады. Қонаевқа Г.Толмачев «Д.А. Қонаевпен кездескен 50 сәт» атты кітабында мынадай сипаттама берді: «Дінмүхамед Қонаев аса мейірбан, зиялы адам. Және ұлы адам. Бұл ойды мен Қонаевпен талай-талай кездескеннен кейін және оның жакындастарымен, туыстарымен пікірлесіп, әнгімелескеннен кейін түйдім». Қонаев кайтыс болғаннан кейін Гиллер институты: «Өткендегі социалистік басшыларға деген жақсы және теріс көзқарас» - деген тақырыпта социалогиялық зерттеу өткізеді.
Сұралған Қазақстандықтардың Ленинді бұрынғысынша ұнататындары – 41,4 %, Сталинді –17,7 %, Хрущевті –11,4%, Горбачевті – 13,2 %. Ал аталған сауалнамада Қонаевты - 53,7 % жерлестеріміз жақтайтындықтарын білдірді, 20,3% оған едәуір жақсы қарайтындықтарын білдіріп, 16 % қалыс қалды, ал 4,9 % теріс көретін болып шықты. Бұл пікірлер мен көрсеткіштер, Қонаевқа және оның заманхаттарына деген көзкарасымыздың жоғаралай түсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Демек оның осы жеке қасиеттерінен және біраз жасқа келіп қалса да естеліктерін жазған уақытта есте сақтау қабілеті өте жаксы деңгейде болғандықтан, жалпы оның заманхаттарынан шындығы мол деректер алатындығымызға сенеміз.
Д.А. Қонаев заманхаттарының Казақстан тарихының дерегі ретінде маңыздылығын анықтау үшін, пайда болу жағынан бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ тек бір оқиғаны бейнелеген әртүрлі деректерді кешенді салыстырудың рөлі аса зор.
Қонаевтың айтуынша, КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С. Хрущевтің астыртын зұлым саясаты, қазақ еліне көптеген зиянын тигізбей қоймады. Оны мынандай жағдайлардан көруге болады, 1962 жылы Хрущев Қонаевпен кездескен уақытында, Маңғышлақ түбегін Түркменстанға беру керектігін айтты. Түркмендердің тәжірибесі мол, Маңғышлақ мұнайын тезірек игереді деген тұжырымдар айтты. Қонаев Хрущевпен келіспегеннен соң бұл мәселе кейінге қалдырылды. Ал 1962 жылы желтоқсан айында, Қазақстан өнер шеберлері, Кремльдің съездер сарайында концерт беретініне байланысты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшелері Бейсебаев, Шәріпов, Юсупов және басқалары түгел Маскеуде болды. Концертке дейін, Кремльде кездескен Хрущев Қонаевқа: «Бүгін Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Исмайл Юсупов келіп кетті, ол мақта өсіретін аудандарды Өзбекстанға беру туралы мәселе қойып отыр. Меніңше, бұл өте құнды пікір. Ол аудандарды Өзбекстанға беру, шөл даланы игеруді тездетіп, мақта өндірісін ұлғайта түседі - деді. Қонаев бұл айтылған мәселелерге таңданып, бұл пікірге мүлдем келіспейтінін айтты. Бұл оқиға жейлы Юсуповтың өзі Қонаевтың ондай ойдың ұшқынын да білдірмегендігін есіне түсірді. Қонаевтың айтуынша, бұл оқиғаның соңы, Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданын Хрущев пен Юсуповтың қалауынша ӨзбекКСР-не беруімен аяқталды. Қонаев бұл аудандарды Өзбекстанға беру туралы бірінші ұсыныс жасаған, сол саясаттың жүзеге асуына бірде-бір себепші болған И. Юсупов екендігін атап өтеді. Берілген деректің шынайылық дәрежесін анықтау үшін, тарихи сыннан өткізуді қажет етеді. Біз осы мәселеге байланысты мынадай басқа деректі қарастырған едік.
Юсупов тоқсан жасқа толуына байланысты берген сұхбатында, «Казахстанская правда» газетінің № 82 санында «Моя совесть перед народом Казахстана чиста» атты мақала шықты. Мұнда ол: «В те годы было принято решение о передаче трех хлопкосеющих районов Казахстана Узбекской ССР и стой поры пошли разговоры, что это я передал их. На самом деле такого право у меня, как у секретаря обкома не было. Я не отрицаю, что ставил первого секретаря ЦК Компартии Кунаева в известность о том, что хлопок в этих раньше проподает. И уже там на верху, было принято решение временно отдать эти районы Узбекистану", - деп айтып, Қонаевтың естеліктерінде көрсетілген деректерге қайшы келетін мәліметгер беріп отыр. Ол өзін қазақ елі алдында ары таза екенін айтып кетті. Бұл мәселенің анық-канығын білу үшін жазба деректің бір түрі болатын қүжаттарды карап, мынадай мәліметтерге куә болған едік: