Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.
КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың
экономикалық және мәдени дамуы жағдайының
дереккөздері ретінде……………...…………………......
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның
әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс
табуы……………………………………...………………..
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.
Қазіргі таңда тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы олардың дереккөздерімен, тарихнамалық зерттеулерімен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да, тарих ғылымын зерттеуде белгілі бір деңгейде деректерді пайдалану міндетті болуға тиіс. Қазақ тарихында өз артына дерек қалдырған ғалымдар мен тұлғалар аз емес. Олар негізінен өз заманының көзі ашық азаматтары болды. Олар ертеден басталып, біздің заманға дейін жалғасын тауып келеді. Бұл қатарда біз Д.А. Қонаевты ерекше атап өте аламыз. Елде қырық жылдан астам билік еткен қайраткердің өз заманынан дерек қалдыруы заңдылық. Дінмұхамед Ахметұлының балалық шағы мен Мәскеуде оқыған студенттік сәттеріндегі өмірбаяндық деректерінен басқа бергі қоғам қайраткері дәрежесіне жеткен кезеңдерінен оқырмандарымыз Димекең өзінің естелік кітаптары мен қызметтес замандастарының, ізбасарларының жазған сан-алуан өмірбаяндық деректерінен жақсы таныс. Міне, қазақ халқынан шыққан ғасырларда ғана біртуар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты дүние жүзінің барша жұртшылығы жақсы таниды, құрмет тұтады, оның Қонаев деген фамилиясы әлемге әйгілі.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев тарихымызда саяси қабілеттілігімен, ғылыми шеберлігімен белгілі болған тұлға. Оның бар ғұмыры мен қызметі елдің жағдайына оңды ықпал ету жолында өткен болатын. Үстіміздегі жылы белгілі қоғам қайраткерінің 100 жылдық мерейтойына байланысты Республикада айтулы шара өтіп, онда Елбасы Н.Ә. Назарбаев қайраткердің тағылымды ғұмыры мен еңбек жолына байланысты «...Қазақ Елінің қалың тарихында заман жүгін арқалаған талай тұлғалар болған. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сондай біртуар болмыс иесі. Кеңестік кезең біздің тұтас тарихымыздың ажырамас бір бөлшегі. Сол кезде біз, көпшілігіміз өмір сүрдік, оны да көрдік, қазіргі заманды да көріп келеміз. Сол тарихтың ауқымды бөлігі Қонаев есімімен тікелей байланысты. Дінмұхамед Ахметұлы өз заманының перзенті болған ірі тұлға, көрнекті қайраткер» - деп атап өткен болатын.
Қазақ тарихындағы Қонаевтың өмір сүрген және билік еткен кезеңі жалпы мемлекеттің тарихи өміріндегі маңызды уақыт болды. Дәл осы уақытта мемлекеттің барлық саласында: саяси, экономикалық, мәдени жақтарында түбегейлі өзгерістер жүріп жатты.
Әрине, мемлекет жағдайының өзгеріске ұшырауы тарихта жаңаша сипаттарды тудырмай қоймады. Осы кезеңде басшылық етіп, мемлекеттің барлық саласымен тікелей байланыста болды. Бұл тұрғыда Д.А. Қонаевтың еңбектері Қазақстан тарихында дерек болуға міндетті. Сол заманды суреттеуге Димекеңнің еңбектері аса құнды дерек бола алады.
Міне, осы көрсетілген мәселелер диплом тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Д.А. Қонаевтың еңбектері мен заманхаттарына деректанулық талдау жасай отырып, олардың деректік маңызға ие екендігін дәлелдеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздедім:
- Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметін анықтау;
- Заманхатттардың тарихи
дерек ретіндегі маңызын ашып к
- Д.А. Қонаев заманхаттарының
республиканың экономикалық жән
- Д.А. Қонаев заманхаттарында
Кеңестік Қазақстанның
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біздің зерттеп отырған тақырыбымыз – Д.А. Қонаев заманхаттарының деректік маңызын анықтау болып табылады. Атамыш мәселе аясында қазіргі таңға дейін жекелеген мақалалар мен азды-көпті ой-пікірлерді қоспағанда, арнайы жазылған ауқымды жұмыстар жоқтың қасы. Соған орай, біз қарастырып отырған тақырып кең әрі осы тұрғыдағы алғашқы зерттеулердің бірі десек, қате айтқандық емес.
Дегенмен Д.А. Қонаевқа байланысты жазылған зерттеулер қатары жоқ емес. Ол зерттеулер Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі жайлы тарихи тұрғыда жүргізілген зерттеулер болғанымен, біз солардың бірқатарын осы диплом жұмысымыз барысында пайдаландық.
Өткен ғасырдың соңына қарай бірақатар авторлардың «Елу жыл ел ағасы», Г. Толмачевтың «50 встреч с Д.А. Кунаевым» («Д.А. Қонаевпен 50 кездесу»), «Естен кетпес ұлы есім», «Кемеңгер Қонаев» [5] атты еңбектері, сондай-ақ кезеңдік баспалардан шыққан К. Аудахиевтың, Ж. Аупбаевтың, И. Жнмннейдің, К. Таукеновтың, Д. Кішібековтың, К. Смаиловтың, Я. Белоусовтың, Б. Тұрсымбаевтың, И. Тасмағамбетовтың, С. Сағдиевтың, С. Абдраимовтың, К. Ултакаровтың бірқатар мақалалары және Б. Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы» атты [10] кітабы жарыққа шықты.
Аталғандармен қатар қайта құру жылдарында Д.А. Қонаев өмірі мен қызметінің жекелеген жақтарын сынау сипатындағы басылымдардың да жырыққа шыға бастағандығы жасырын емес. Олардың қатарында болжамдық сипаттылығымен ерекшеленетін Кәрішал Асан атаның (Асановтың) «Тәуелсіздіктің белгілері» [11] атты кітабы мен Тоқтасын Беркімбаевтың «Оқшау ойлар» [12] атты мақалаласы бар.
Д.А.Конаевтың
100 жылдығына байланысты 2012 жылы
көптеген ғылыми мақалалар мен
мерзімдік басылымдар шықты.
Республикаға аты шулы «Аңыз адам» [17] журналы және
«Простор» [6] газет – журналы өз сандарын Д.А. Қонаевқа арнады.
Диплом жұмысының деректік қоры. Қарастырылып отырған мәселе тікелей Д.А. Қонаевтың еңбектерін талдауға арналған тарихнамалық тақырып болғандықтан, оның деректік негізін Д.А. Қонаевтың өз еңбектері, сондай-ақ оның қызмет кеткен саласындағы республиканың директивті органдарының шешімдері мен қаулылары құрайды. Сонымен қатар Д.А. Қонаев замандастырының естеліктері, кезеңдік баспаның жекелеген мақалалары, мұрағат құжаттары және статистикалық мәліметтер біздің жұмысымыздың деректік негізі бола алады.
Сондай - ақ тақырыптың шынайылығын ашу барысында Д.А. Қонаевтың еңбектері жекелеген кітаптарда жарық көрген Д. Қонаев жасаған баяндамалары, мақалалары, сондай-ақ оның сөйлеген сөздерінің кезеңдік баспаларда жарыққа шыққан нұсқалары барынша пайдаланылды. Өз еңбектерінде Д.А. Қонаев өзінің ғылыми пікірлері мен халық шаруашылығын басқару саласындағы жетекшілік еткен негізгі принциптерін жазады [7, 366 б.].
Д.А. Қонаевтың 1992 жылы жарық көрген «Өтті дәурен осылай» («О моем времени») атты еңбегінде және «Ақиқаттан аттуға болмайды» («От сталина до горбочева») деп аталатын 1994 жылғы еңбегінде бірнеше жылдың саяси оқиғаларын бейнеленеді. Онда автор өзінің балалық шағы мен оқу жылдары, қоғамдық қызметтегі алғашқы қадамдары және Қазақстанның өмірі жайлы да бірқатар мағлұматтар мен пікірлерін жазады.
Ал Д.А. Қонаевтың 1980 жылы Алматы қаласында жарққа шыққан «Кеңестік Қазақстан» атты монографиясында және оның басқа да түрлі салаларға арналған мақалаларында қазақстандықтардың жүріп өткен 60 жылдық тағдыры жайлы көптеген пікірлерін айтады. Сонымен қатар саясибюроның Орталық Комитеті мүшесі және Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың 1978 жылы Мәскеуде жарық көрген «Ленинская национальная политика КПСС в действии» атты жинаққа енген мақалаларындағы пікірлері Кеңестік Қазақстан халқының өмірінде орын алған бетбұрыстар мен шығармашылық табыстар аясында қайталанбас деректік құжаттар боп саналады.
Д.А. Қонаев сөйлеген сөздері мен мақалаларында, сондай-ақ баяндамаларында Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің келешекте дамуы мәселесіне қатысты түбірлі сауалдарды қамтиды. Ол сонымен қатар республикадағы партиялық комитеттердің ұйымдастырушылық қызметінің әдістері жайлы, сондай-ақ жұмысшылардың ерлік еңбектері, колхозшылардың, өнеркәсіп өндірістеріне қатысты жоспарды орындау барысындағы инттеллигенцияның еңбектері жайында бірнеше айқын мысалдар келтіре отырып, сол заманның көріністерінен хабар береді.
Ал Д.А. Қонаевтың кітаптарына келер болсақ, онда автор ауылшаруашылығындағы өндірістің тәжірибесі жайлы, әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіндегі Қазақстанның жыл сайын Отанға қандай жолмен миллиардтаған пұт нанды әкелуінің салдарлары баяндалған. Бұдан бөлек автор бұл жетістіктердің барлығына шаруалардың табанды еңбегі мен ауылшаруашылығының жағдайын көтеруге бағытталған партияның үлесі бар екендігін айтады. Ал біз өз тарапымыздан, аталған жетістіктердің барлығы Д.А. Қонаевтың билігі тұсында орын алғандығын атап өткіміз келеді.
Жұмыстың зерттеу нысанына Д.А. Қонаевтың еңбектеріндегі Қазақстан тарихына байланысты айтылған ой-пікірлер, саяси көзқарастар жатады.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: Еңбегімізде негізінен біз Д.А. Қонаевтың өмір сүрген кезеңін қамтимыз. Яғни, ХХ ғасырдың басымен басталып, ХХ ғасырдың соңғы ширегімен аяқталады.
Диплом жұмысының территориялық ауқымы: Диплом жұмысының территориялық шеңбер бірлігіне Кеңес Одағы, соның ішіндегі Кеңестік Қазақстанның, яғни қазіргі Қазақстан Республикасының территориясын негізгі жұмыс көлемінде қамтимыз. Себебі, Д.А. Қонаевтың мекен етіп, билік еткен жері болып табылады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі: зерттеліп отырған мәселе отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасында талқылаудан өтті.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеп отырған мәселе тікелей Д.А. Қонаевтың еңбектерін деректанулық зерттеу мен талдау болғандықтан диплом жұмысының ғылыми жаңалығы – мәселенің кешенді түрде зерттелуінде. Қазақстан тарихы ғылымында деректермен жұмыс жасау тарихқа шынайы сипат алып келеді. Д.А. Қонаевтың көзқарастарын, өз заманын сипаттауын және деректанулық талдау жасап, ғылыми айналымға енгізуде мынадай ғылыми жаңалықтар көрініс тапты:
- Тарих ғылымында, зерттеу жұмыстарында деректермен жұмыс жасау және оны талдау үлкен маңызға ие екендігі дәлелденді. Деректанудың тарих ғылымымен тығыз байланысты екендігі көрсетілді;
- Заманхаттар тарихи зерттеуде мәселеге байланысты біршама мәлімет беретіні дәлелденді;
- Д.А. Қонаевтың еңбектерінен басқа құжаттар мен мақалалар және кейінгі шыққан зерттеулер негізі қарастырылып, жан – жақты талданды;
- Д.А. Қонаевтың көзқарасына, іс – әрекетіне, ғылыми шығармашылығына ықпалының деңгейін анықтаудың методологиялық негізі жасалды;
- Д.А. Қонаевтың заманхаттары Қазақстан тарихында елдің экономикалық – мәдени, әлеуметтік – саяси жағдайына тікелей қатысы бар екендігі және толық дерек көзі бола алатындығы. Д.А. Қонаев және оның еңбектері ел тарихының ажырамас бөлігі екендігі айқындалды;
Диплом жұмысының методологиялық ұстанымдары. Диплом жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Сонымен қатар диплом жұмысы барысында жалпы ғылыми (талдау, синтездеу, жалпылау және т.б.) және жеке ғылыми (тарихи салыстыру және деректерді талдау) зерттеу әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.