Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

           «Документ. Выдержки из материалов к протоколу №30-го заседания бюро ЦК Компартии Казахстана от 21,24 декабря І962 года.

07.12.1962г. ЦК КПСС тов-щу Хрущеву Н.С. 

ЦК Компартаи Казахстана товарищу Кунаеву Д.А.

Исходя из общегосударственных  интересов дальнейшего углубления специализации и правильного  размещения сельскохозяйственного  пройзводства, Южно-Казахстанский крайком  партий просят ЦК КПСС, ЦК КП Казахстана рассмотреть вопрос о передаче Узбекской ССР хозяйств Пахтаральского и Кировского районов, а также все земли, подлежащие освоению и на центральном массиве в Голодной степи...

Секретарь Южно-Казахстанского крайкома ЦК Компартии Казахстана И.Юсупов. и.т.д. »

 Берілген құжаттардан Қонаев естеліктеріндегі берілген ақпараттың ақиқатқа сай келетінін көріп отырмыз. Өйткені, бұл құжаттардан Юсуповтың үш ауданды Өзбекстанға беру керектігі туралы мәселені көтергендігі анық болып отыр. Сонымен катар, осы мәселенің Хрущевтің ойындағыдай шешілгендіктен, ол Юсуповқа риза болғандығы соншалықты, артынша Қонаевты Казақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатып, орнына Юсуповты қойды. Бұл окиғаның нәтижесінде құрылған жағдайдан, Хрущевпен Юсуповтың қазақ еліне, жеріне деген астыртын, зұлым саясаттарының одақтасуын байқаймыз. Кейіннен Хрущевтың орнына Брежнев келген кезде, Қонаев жоғарыдағы айтылған үш ауданды қайтарып алдыртты.

 Қазақстан тарихына тікелей байланысты оқиғаларды толығымен жасырмай айтудың арқасында, мынадай ақиқатты деректері мол еңбектер дүниеге келді. Қонаев заманхаттарының мазмұны тарихи аспектіде жазылғандықтан, олардан ұлт өміріне қатысты жан-жакты мәлімет алуға мүмкіндік береді.

 Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық сананың оянуына, халықтың өз тарихына деген қызығушылығының артуына байланысты, объективті тарихты жазудың қажеті туды. Д.А.Қонаевтың естеліктері нағыз қоғамның сұранысына сай уакытта жазылды. Осы заманхаттар сияқты құнды деректерді өндеу арқылы ғана шын тарихымызды жаза аламыз. Демек заманхаттар басқа жазба деректер сияқты, өздерінің деректану ғылымының тұрғысынан қарауды талап етеді. Сол кезде ғана, ол өз бойындағы тарихи мағлұматтарды, құнды ғылыми ақпараттарды зерттеушілерге, яғни тарих ғылымына молынан бере алады деп сенеміз.

 Заманхаттардың деректану ғылымындағы маңызының ерекше екендігін атай келе, профессор Қ. Атабаев заманхаттық әдебиеттердің түрлік ерекшеліктерін ескере отырып, оның әлеуметтік ерекшеліктерін анықтай отырып оны «жеке адамның замандастары үшін және келешек ұрпақ үшін өзі қатысқан оқиғалардағы өзінің іс-тәжірибесін көрсету үшін, ондағы өзінің орнын ой елегінен өткізу үшін жазылған әдеби еңбек» - деп баға береді [3, 236 б.]. Сондықтан Қазақстанның белгілі саяи және мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың инженер-техникалық интеллигенция өкілдері, олардың еңбектегі қызметі жайлы жазған естеліктерінің бүгінгі ұрпаққа берер үлесі зор екендігіне дау жоқ. Сөзіміздің дәлелі ретінде біз төменде Қонаев заманхаттарының кейбір тұстарына назарымызды аудардық.

 1931 жылы Д.А. Қонаев Қазақстан өлкелік комсомол комитенінің жолдмасымен Москва түсті металдар және алтын институтының алтын тау-кен факультетіне оқуға түсіп, 1936 жылы Қоңырат – Балқаш құрылысына жолмада алғандығы белгілі. Осы кезеңдегі естеліктері барысында Д. Ахметұлы «студент кезімнің өзінде ауыр өнеркәсіп Наркоматы Балқыш мыс қорыту комбинатын салуға шешім қабылдағанын, оның құрылысы Магнитка құрылысына пара-пар келетінін, сондықтан ол барлық халық пен партияның ісіне айналғандығын түсінген едім» деп жазады.

 Сол кездегі бұқаралық баспасөзде «Индустриализация үшін», «Балқаш үшін күрес!» деген ұранмен мақалалар жиі жарық көргендігін есіне алады. Заманхатта Қонаев өткен шындықтынң тек көз алдынан өткен жағын бейнелей алған.

 Балқаш комбинатының негізігі шикізат көзі Қоңыраткен орындары болғандықтан, ең алғашқы геологиялық-экономикалық барлау жасап, ғылыми жағынан негізделген инженер геолог М.П. Русаков екендігін, «1928 жылы-ақ оны дәлелдегендігін саралайды. М.П. Русаков Қоңырат, Семізбұға, Қарағайлы, Қайрақты және тағы да басқа түсті және сирек кездесетін металл және темір рудаларын ашқандығы мәлімдейді» [1, 25-26 б.].

 Шындығында академик, Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбеші сіңген қайраткер М.П. Русаков өз ғылымы саласы бойынша терең білімімен қатар, оның есімі менерал ванадийге біріліп, русаковит деп аталды.

 Құрылысқа жіберілген бір топ жұмысшылармен бірге Қоңыратқа келген соң, димаш аға фабрикада ең алдымен институтта қатар оқып, 1933 жылы ертерек бітірген инженер Қадыржановты іздегендігін, кейін оның республиканың жергілікті өнеркәсіп министрі қызметін атқарып, осы жерден майданға аттанғандығын жазады. Соғыстан кейін, «Ленгеркөмір» тресінің басшысы, Қарағанды, Талдықорған облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары лауазымындағы қызметтер атқарғандығын еске алады.

 Қоңырат кенішіне келгенде кен басқармасы бастығы инженер А.М. Богатиков барлық тұрмыстық жағдай жасайтындығын айтып жатқан кезеңде, кабинетке бас инженер Воробьев келіп, кеніг құрылысының дамып келе жатқанндығын, болашағының зор екендігін әңгімеледі. Осы жерде тәжірибенің адығына жүгініп, егер сенсеңіздер, кеңседе отырғанынан гөрі тікелей өндіріске сұрандым деп жазады. Маркшейдерлік бөлімде цех басшысы А.А. Бутаев, А.Я. Лукьяновтармен танысып, бірге жұмыс істегендігі жайлы да жазады. Жұмыстың екінші күні цех механигі М.В. Поповпен танысып, еңбек жолын ұрғылап айналдыра бұрғылау станогының машинисті болып жұмыс істеуден бастағандығын есіне алады.

 Ал Балқашта еңбек етіп жүрген жылдар зұлмат қырғыны жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен, басшы кадрлар жиі ауысып, кейд із-түзсіз жоғалып кету әрекеттерінің байқалғандығын жазады. Басшылыққа Вайсман, Нейман сияқты толқынның келгендігін, В.А. Школаның бас инженер қызметіне, осы кезеңде өзінің бұрғылап жару цехының басшысы болып тағайындалғандығын айтады. Бұл цехтың, кеніштің еңбек өнімділігін артқа тартқан орны болғандықтан, аянбай ұзақ еңбек етуге тура келгендігін, күнделікті жұмысшылармен, инженер әріптестермен арадағы еңбек барысында практикалық тәжірибесі шыңдалғандығын мақтаныш сезіммен есіне алады [1, 31 б.]

 Ұзынқұлақтардың жеткізген хабарына қарамастан, Балқаш құрылысы мен кенішіне жан-жақты адамдардың ағына келгендігін, оның ішінде инженерлердің қатары толыққандығы туралы деректерді келтіреді. Олардың қатарында Москва түсті металдар алтын институтының түлектері: Ильин, Чекалина, Туфлина, Игнатьев, Байғанин, Курочкиндердің болғандығын, бірақ әртүрлі себептерге байланысты Қоңыратта көп ұзамай басқа қалалар мен кәсіпорындарға кеткендігі жайлы жазады. 1937 жылы 5 ақпандағы «Балхашский рабочий» газетіне «Среди казахов горного цеха техучебу ведет инженер Кунаев. Кунаев на занятия приходит подготовленным, объясняет простым языком. Например, на рабочем месте показывает различные детали машин. Сам учит как обращаться с другими, как включить, отключить, остановить работу механизма. Помогает разобраться с другими сложностями в сзязи с освоением новой техники. Из опыта работы инженера Кунаева надо брать пример» - деп жазылғандығын мысылға келтіреді. Бұл осы кезеңдегі комбинаттағы жалпы жағдай жайлы толық мәлімет береді. 1937 жылы 27 ақпандағы «Балқаш жұмысшысы» газетінде «Қазақ Өлкелік комитеті мен ауыр өнеркәсіп наркоматының ауыспалы Қызыл туы жолындағы күрес те Д. Қонаев басшылығымен бұрғылау цехы жеңіске жетті. Қонаев участігі 10 күндік норманы 122 пайызға орандап, Қызыл туды өз учаскісінде қалдыру үшін күресуде» - деп жазғандығын айтады [1, 34 б.].

Осыдан-ақ қандай қиын жұмыстарды тапсырмаларды болмасын Қонаевтың  жауапкершілікпен атқаратындығын байқаймыз.

Газетте кадрлардың жақсы  даярлығы мен техникалық оқуларды дұрыс  ұйымдастыру жайлы жазғандығын  мәлімдейді. Шындығында 30 жылдары инженер-техникалық кадрлардың кәсіби белсенділігін арттыруға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінсе, сондай шаралардың бірі техникалық, экономикалық оқуларды ұйымдастыру болды.

Өз естелігінде Қонаев біздің цехтың жетістіктерге жетуіне  менің ғана емес, кеніштің бас инженрені жоғары маманданған маман ретінде В.А. Школаның көмегінің қолдауының орны өзгеше болды деп еске алады.

Балқаш құрылысының  бас инженері В. Степановтың қайырымды  кеңестірімен қатар, қателіктерімді түзеуге  ықпал еткендігін объективті басшы болғандығын да жазады.

Құрылыс басшысы болған В.И. Ивановтың коммунист, іскер басшы  екендігін, тіптен оның белсенділігі мен  қазақ тілін оқып үйрететін он төрт үйірменің ашылғандығын оған құрылыс  басшылары, прорабтар, бригадирлер  қатысқандығын бір жылдан кейін үйірмеге қатысқандардың басым бөлігінің қазақшаны еркін сөйлей бастағандығын саралайды [1, 37 б.].

Алайда Балқаш-Қоңырат  мыс-металлургия алыбы құрылысын  көтерген ірі маманның 1938 жылы халық  жауы саналып, кінәсіз жазаланғандығына қапаланады. Негізсіз 1937-1938 жылдардағы зұлмат нәтижесінде Иванов, Степанов, Богатиков сияқты тағы басқа да басшылардың репрессия құрбанына айналғандығын еске алады.

   Біз Д. Қонаевтың естелігінен кінәсіз тұтқындалып, халық жауы атанып, жаппай репрессияға ұшыраған өз халқымыздың алдыңғы қатарлы өкілдері қалай жау атануы мүмкін еді – деп, келіспейтіндігі жайлы көзқарасын байқаймыз. Зұлмат жалдары интеллигенцияның қандай тобының өкілдері болса да жапа шекті, негізсіз жазаланды.

Д.А. Қонаев 1994 жылы жарық  көрген «От Сталина до Горбачева» аталатын тағы бір ғұмырбаяндық естелігінде қандай құрылыстың саяси жүйенің болмасын өз жаулары, сатқындары болатындығы айта келе, ондайлардың өз араларында болғандығын ескертеді. Қоңыратта саяси процестер болмаса да, чекистер тұтқындауларды түнде жүргізіп, түн орталарында келіп, еш ың-шыңсыз әкеткендігін саралайды. Естеліктердің өзі тарихи факті болып саналатындықтан бір басшылықтың орнына басқасы келгенімен, біз «зұлымдық империясын» құрған жоқ едiк қой – деген сөздерінің жаны бар.

 Қоңыратта ашық саяси процестер болмаса да, цекистер түн ортасында келіп, машиналармен адамдарды алып кетіп, олар жайлы хабар-ошар да жоқ болғандығын қоғамдық ақтау жайлы сөз болуы мүмкін болмағандығын айтады. Қонаев 1955 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жүргенде ғана В.И. Ивановтың 1938 жылы-ақ аталғандығы жайлы білгендігін алға тартады.

 Заманхаттан Балқаш құрылысымен қатар, Балқаш қаласының Қоңырат поселкісінің салынғандығын осында партия қатарына қабылданып, кеніштің бас инженері, 1939 жылдың қыркүйегіне дейін директор міндетін атқарушы қызметтерін атқарғандығын мәлімдейді. 1930 жылдары социалистік жарыс стахановтық қозғалыс қоғамдық өмірдегі науқанға айналғаны белгілі.

Біз еңбектен комбинатта жергілікті халық өкілдерінен инженерлік-техникалық инттелигенцияның қалыптаса бастағандығын байқадық.

Қонаев Қазақстан түсті  металлургиясының алғашқы негізі болып  саналатын Риддерге директорлық  қызметке тағайындалып, кәсіпорынға  келген соң, ең алдымен өз орынбасарлары  мен кеніштің бас инженерімен, мамандарымен танысып, кеніштің жағдайының мәз емес екендігін байқайды. Сондықтан осындай қиын жағдайда оны алдыңғы насынға көтеру мақсаты тұрғандығын жазады.

Еңбек өнімділігін арттыру, жаңа әдістерді өндіріске енгізу арқылы жүзеге асырды. Сондықтан инженерлер Гришин, Леднев, Галченков, Черемушенцевтердің Д.А. Қонаевпен бірлесіп жасаған ұсыныстары оң нәтижелер беріп, шығын азайып, табыс молайғандығы да сараланған. әсіресе инженер Астраханцевтің ұсынысы еңбек шығынын 9-10 есе азайтқандығын білдік. Инженерлік ойдың өнідіске кеңінен енуі кеншілердің аз уақыт ішінде жаңа ұсыныстарды енгізуге мұрындық болды. Соғыс қарсаңындағы жылы жақсы көрсеткіш нәтижесінде наркомат тарапынан Қызыл ту мен ақшалай сыйлық алып, Д.А. Қонаев басқарып отырған кеніш үлкен табыстарға жетті.

1940 жылдың соңында  Риддер полиметалл комбинаты  қайта құрылып, көптеген кеніштер  мен фабрикаларды біріктіріп, сол  жылы түсті металлургия наркомының  бұйрығымен Д.А. Қонаев кеніш  басқармасының директоры, бас  инженер Д.А. Бабич болып тағайындалады. Оның инженерлік даярлығы мол тәжірибелі маман екендігі жайлы еске алады. Кейін оны қызмет бабымен Москваға ауыстырғанда,  кеткісі келмей істелетін талай шығармашылық жұмыстырының бар екендігін айтып қынжылғандығын жазады.

 Естеліктерді А. Қонаев инженерлер Г. Сыразуддинов, Степанишев, бас механик Азбел, фабрика директоры инженер Кутапов, бас инженер Я.Д. Пичелюгтермен бірге ұйымдасқан түрде достық қарым-қатыстарда қоян-қолтық еңбек еткендігін баяндайды [1, 83 б.].

1941 жылы риддер кейін  Лениногорск болып аталып, бас инженер болып тағайындалған Д. Бербицкиймен бірге «Бұрғышыларды жаңа стахановтың еңбек тәсіліне өткізу» деген тақырыпта мақала жазып ол 1941 жылы 19 маусымда «Риддерские рабочие» газетінде жарық көреді. Онда бұрғылаушылардың, кеншілердің материалдық-техникалық жағынан жағдайын жақсарту екі сменалық жұмысқа көшіру, тоқтаусыз бұрғылау жұмыстарын жүргізу мәселесі көтерілді. Онда Семиволос-Янкиннің әдісімен жұмыс істеуге шақырады. Кейін көпілік арасында кең қолдау тауып, талқыланады [1, 84 б.].

 Соғыс басталған соң, кеншілер арасында жаңа екіжүздікшілердің патриоттық қозғалысы басталғандығы жайлы деректер естелікте кездеседі. әрбір жұмысшы әрі инженер қызметін атқарып, майдан мен тылға көмектеседі.

1941 жылы 22 қазанда қаланың  техникалық интеллигенциясының конференциясы өткізіліп, онда Қонаев, завод басқармасының дирекоры Немешаев,  энергобасқарма директоры Клименко, «Алтайқұрылыстың» бас инженері Кензерскилердің «Отан соғысы жағдайындағы кәсіпорындар мен қүрылыстың жұмыс жағдайлары» жайлы басндамалары тыңдалады. Кейінірек ең алдымен жергілікті артынан республикалық баспасөзде қорғасын заводы ұжымының «Қазақстан өнеркәсібінің барлық резервтерін жұмыс жағдайына келтіреміз» деген тақырыпта ашық хаты жарияланады. Бұл жоспарды мерзімнен бұрын орындауда үлкен оль атқарғандығын естеліктен білдік. Майдан жұмысшылары мен инженерлерден жаңа күшті талап еткендігі белгілі. Соған мойымай олар барлық күш-жігерін аянбай еңбек етті [1, 89 б.].

     Қонаевтың заманхаттарында ондаған, жүздеген инженерлер жайлы баяндауға болар еді, себебі ешбір кітапта, диссертацияларда олар жайлы ашып жазылмайтындығын айтады. Себебі олардың жасаған идеялары, ойлары күн сайын емес, сағат сайын өндіріске енгізіліп, шыңдалғандығын еске алады. Мысалы инженерлер А. Прохоров пен Г. Сыразутдинов мұрағат құжаттарын ақтара отырып, патша өкіметі тұсында кенді игеру қазіргі кезеңге қарағанда тиянақты жүргізілмегендігін тұтас кен орындарын қазу барысында кен өндіруді (1941-1942 жж.) 140 пайызға жеткендігі жайында деректерде келтіреді [1, 91 б.].

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы