Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

          Кеңминнің төрағалығына бекітіліп, кейін Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып жүргенде де Д.А. Қонаев республика Ғылым Академиясымен байланысын үзген жоқ. Оған қоса ол оған жан-жақты көмек көрсетіп, барлық бастамалары мен ұсыныстарын қолдап отырды. Бұл қаржылай көмектесіп, ұйымдастыру ісіне қол ұшын беріп, кұрал-жабдықтардың құнына қарамай алдырып, тұрғын үй мәселелерінде көрініп тұрды.

          Осылай, осы жылдарда Қарағандыда Академияның Орталық Қазақстандағы бөлімшесі құрылды. Жаңадан: сейсмология, жағрапия, молекулалық биологая мен биохимия, ұйғыртану, органикалық екшеу мен углехимия институттары құрылды. Математиктер, физиктер, металлургтер, химиктер, биологтар, қоғамтанушылардың қоғам тарапынан жоғары бағаланған еңбектері жарық көрді [1, 228-229 бб.].

           Қазақстан Ғылым Академиясының ғалымдары келешегі бар түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді дамытуда бірқатар еңбектер атқарды. Республика минералды-шикізат ресурстарын кешенді пайдалануға айрыкша көңіл бөлінді. Халық-шаруашылығына енгізілген, аяқталған зерттеулер саны жылдан жылға көбейе түсті.

           Республика коммунистерінің құрылтайы 1971 жылы Д.А. Қонаевтың баяндамасы бойынша ғылыми қызметкерлердің алдына қатаң міндеттер қойды: ірі теориялық зерттеулерді зерделеуді одан әрі дамытып, ғылыми мекемелер қызметкерлері жұмысының тиімділігін күрт арттырып, ғылыми күштер, ғылымның жетекші бағыттарында материалдык және қаржылық ресурстарды шоғырландырып, халық шаруашылығының алдыңғы кезектегі мәселелерін шешу болып табылады.

           Қазақстан Компартиясы ОК бюросы тұрақты түрде ғылымды дамытудың басты мәселелерін қарап, ғылыми мекемелерге басшылық жасаудағы кемшіліктерді ашып, оны болдырмаудың жолын қарастырды. Нәтижесінде ғылым мен өндірістің ынтымағы нығайды. Республикадағы өндіріс күштерінің одан әрі дамуына ғалымдардың болжамы мен ұсыныстары баға жетпес практикалық қызмет көрсетті. Шын мәнінде, қазіргі өндірісті ғылыммен, оның жаңа жетістіктерімен тығыз байланыссыз елестету мүмкін емес. Міне, сондықтан, академиялық институттар, салалық ғылыми мекемелер, ЖОО түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамытып, кушті біріктіруге шақырылып, дер кезінде бағдарламаларды орындауды қамтамасыз етіп, тақырып таяздығын үзілді-кесілді болдырмауға жұмылдырылды. Ғылыми-өндірістік бірлестіктер жұмысын жетілдіру де күн тәртібінен түскен жоқ. Осы талаптарды орындай отырып, «ҚазКСР-і ҒА ғалымдары шамамен 800 өнертабудың авторы болып, 70 патент алды... өндіріске 500-ден аса ұсыныс берілді. Оларды пайдаланудан 200 миллион сом экономикалық тиімділік түссе, көрсеткіштер тоғызыншы бесжылдықтан екі еседей асып түсті», — деп жазды Д.А. Қонаев.

            Қазақстан Ғылым Академиясының беделі арта тусті. Барлық ғылыми мекемелер ғылыми-зертгеу жұмыстарында түбегейлі мәселелерді шешуде КСРО Ғылым Академиясының, одақтас республикалар, шетелдердің көптеген ғылыми мекемелерімен ынтымақтаса еңбек етті. Республика ғылымының басты орталығы өз қатарына ұдайы ғылымды дамытудағы жетістіктері мойындалып, жоғары атақты алуға лайықты академиктер және мүше-корреспонденттермен толып отырды.

          Сол кездегі Қазақстан астанасы Алматы одақ пен әлемдік деңгейдегі маңызды ғылыми шаралар, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізуге қолайлы орын еді.

          1980 жылдарының ортасында Ғылым Академиясында 3,9 мың ғылыми қызметкерлер, соның ішінде ҚазКСР-і ҒА 53 толық мүшесі жэне 85 мүше-корреспонденттер, 204 докторлар мен 1486 ғылым кандидаттары еңбек ететін ондаған ғылыми мекемелер болды.

        Қазақстан ғалымдарының көкейкесті мәселерді шешудегі еңбегі ескеріліп, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясын Халықтар достыгы орденімен, оның үш институты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, жеті ғалымға Социалистік Еңбек Ері атағы, 17 адамға Ленин сыйлығы беріліп, 60-тан астам ғалым КСРО мен Қазақ КСР-і сыйлығына ие болды.

           Бұл ҚазКСР-і ҒА ғалымдарының атақ-абыройы артып, аянбай еңбек еткендіктерін танытады. Әлі де көптеген ғылым мен техниканың ғылыми зерттеу мекемелері тарапынан біліктілікті талап ететін маңызды мәселелері аз емес. Күш пен қаражаттың ақталмайтын бөлінуіне жол беріліп, өндіріске ғылыми зерттеудің нәтижелері баяу еніп, оның тиімділігі тіпті төмен еді. Ғылыми зерттеулерді топтап, жоғарғы кәсіби ғылыми мамандарды әзірлеуді ұйымдастыруды шешу кемшін соғып жатты.

           Республика Ғылым Академиясының алдына ірі теориялық зерттеулерді одан әрі өрбітуді қамтамасыз етіп, ғылыми мекемелер жұмысының нәтижесін үзілді-кесілді арттырып, ғылыми күштер, материалдық каражат-қаржы ресурстарын тоқайластырып, ғылымның басты бағыттарына жұмылдырып, маңызды ғылыми-техникалық шешімдерді жүзеге асыру міндеттері қойылды.

         Д.А. Қонаев 1981 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Компартиясы XV құрылтайындағы есепті баяндамасында ғылымды дамытудың перспективасын анықтай отырып: «Басты міндет... одан әрі өндіріспен, өмірмен жан-жақты байланысты тереңдетіп, ұлғайту болып табылады, олақ басқаруды жойып, кез келген жағымсыз құбылыстарды болдырмау керек. Ғылыми-техникалық прогрестің тікелей деңгейін көтеруге тиісті салалық институттардың қызметін жақсартуды түбегейлі түрде өзгерту қажет» [7, 521 б.]. Шынында да, ғылым тез дами бастады, ғылыми-зерттеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайды. Осы талаптар тұрғысынан Ғылым Академиясы, Мемагроөнеркәсіп, ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесі, министрлер мен ведомсвтолар, өндірістік бірлестіктердің ұжымдары, мекемелер мен ұйымдар «Интенсификация-90» бағдарламасын толықтай және дер кезінде орындауға жұмылып, ғылым мен өндірісті одан әрі нығайтуға күш салды. Нақты бұл жоғарғы өндіргіш құрал-жабдықтарды және еңбек өнімділігін шегертіп және өнімнің материалдық сыйымдылығын төмеңдетеді, прогресті технологияны кеңінен өндірумен сипатталады. Өнеркәсіп процестерін механикаландыру мен автоматтандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп, құрылыс пен ауыл шаруашылығының қол еңбегі қысқарды.

        Экономиканы интенсификациялаудағы маңызды міндеттерді шешуге академиялық, ЖОО ғалымдары, салалық ғылыми зерттеу, конструкторлық   және   техникалық   ұйымдастыру, әрине, жоғарылады [20, 288 б.].

         Қазақстан ғылымы беделінің Алматыда ірі форумдардың, XIII бүкілодақтық физиология қоғамының, механизм мен мәшинелер теориясының I букілодақтық съезі, Қазақстан Ғылым Академиясының халықаралық байланыстарының үсті-үстіне нығаюы куә бола алады. Тікелей өндірістік күшке айналып, ғылым сол жылдарда ғылыми-техникалық және қоғамдық рухани күшінің материалдық жолдарын белгілеп, дамуда қарышты қадам басты.

           Тіршілік тәжірибесі Д.А. Қонаевқа көрсеткендей, барлық жағдайда да басшы өз басшылығының тұтастай нәтижесін ой көзінен өткізіп, ұдайы экономиканың дамуымен айналысып, басты нәрсеге назар аудару керек екенін жақсы түсінді.

            Демек, уақыт талабына жауап беріп, өзіңнің идеялық-теориялық деңгейіңді үнемі көтеріп, бұқараның шығармашылық ынтасы туғызған жаңалықты кезінде түгел байқай білу парыз. Тек сондай басшы ғана экономика, әлеуметтік өмір мен мәдениетгі дұрыс бағыттай алады.

  Д.А. Қонаевтың ерекшелігі мен көрегендігі сол, ол ұдайы, қоғамдағы өз орны мен жағдайына қарамай, өз білімін жетілдіріп, өзінің ғылыми деңгейін шыңдаумен болды. Мұны дәлелі ретінде Д.А. Қонаев заманхатында: «Менің жұмыстарыма республиканың Мемжоспар мен түрлі түсті металлдар министрлігінің, академиктер Мельников, Шевеков, Сәтбаев және басқа көрнекті ғалымдар мен еліміздің бірқатар институттары кафедра меңгерушілерінің жоғары баға беруі жанға жайлы тиеді екен» [1, 79 б.], - деп жазады. Ол мемлекетгік жұмыс пен ғылыми қызметті тамаша ұштастырды. Оның кен орындарын ашық тәсілмен игерудің теориясы мен практикасының маңызды мәселелеріне арналған еңбектері қазіргі мен болашақтың түйінді мәселелеріне арналған. Ғалым ұсынған карьерлердегі кенді қопарудың тиімді тәсілі әлі күнге дейін қолданылып келеді.

          «Қоңырат кенішіндегі бұрғылау-жару жұмыстары» монографиясы да осы мәселеге арналған. «Қазақстандағы ашық тау-кен жұмыстары» еңбегінде кеніштерді пайдалану мен жоспарлаудың көп жылғы тәжірибесі қорытылған. Д.А. Қонаевтың зерттеулері тау-кен өнеркәсіп өндірісінің тиімділікпен артуы жайлы, расында да, бірқатар деректік құны бар мәліметтер бере алатын дәрежеде.

 Мәселен, ол өз естелігінде Булагин басқарға мәслихатта алғаш рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетенің бірінші хатшысы Н.А. Скворцовты көргендігін айта келе, «...Скворцов менімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, көп жайға қанықтырды. Экономиканы жілікше шағып, республиканың күнгейі мен көлеңке жағын бірдей таразылап, болашағы туралы аса бір шабытпен толғана әңгімеледі. Әрине, одан бері талай жылдар өтті. Бірақ оның қазақ елі үшін, оның мәдени, әлеуметтік және экономикалық деңгейінің көтерілуіне көп еңбек сіңіргендігін ұмытсақ, сірә да әділ болмас еді. Ол халық шаруашылығының қай саладан алмаңыз, ұлттық кадрларды тәрбиелеп өсіруде үлкен үлес қосты. Ел басына күн туған отты жылдары оның ұйымдастырушылығы айырықша көрінді» деп, Скворцовтың экономикаға қосқан үлесіне деген өзінің оңды көзқараста болғандығын атап көрсеткен.

 Сонымен қатар «...өнеркәсіпті білмей тұрып, өндіріс барысын механикаландыру, еңбек өнімділігін көтеру жолдары туралы, өнімдердің өзіндік құнын төмендету мен сапасын арттыру жайында түсінік шамалы болып, қаланы басқару мүмкін емес» екендігін жақсы түсінен.             «Ауылшаруашылығының исі мұрынға бармай жатып, егіншілік пен малшаруашылығын механикаландыру жайынан бұлыңғыр ұғыммен ауылды басқару бос әрекет» екендігін де жадында ұстаған. Ол үшін, «жасырын мүмкіндіктерді тауып, пайдалана білгенде ғана істің оңтайланатындығын – түсініп, - басшылардың өндіріс техникасы мен экономикасын меңгеріп, алған білімінің шаруашылықты басқаруды жақсартып, мемлекеттік жоспар мен тапсырмаларды орындап қою аясы тар мақсат емес, өндірістің барысын терең ұғынып барып, біржақты маманға айналмай, кез-келген мәселені біліктілікпен нақты шеше алатын» мақсат екендігін және айтты.

ХХ ғасырдағы Риддердің  тарихын жаза келе, өз естелігінде  жазған келесі бір сөзінде: «БК(б)П  ХҮІ съезінің шешімінде «Уралда, Қазақстанда және Сібірде түсті металлургия зауаттарын салу аса маңызды міндет болып табылады» деп айырықшы мән берілген-ді. Кенді Алтайды өркендетуде КСРО  Ғылым академиясы өткізген 10-15 қарашадағы конференцияның орасан зор ықпалы болды [1, 71 б.]. Ол негізінен осы өңірдің табиғи қорын жан-жақты зерттеу мен игеруге арналған еді» деп, сол коференцияның маңызының зор болғандығын ескертіп, кейін өз сөзін былай деп жалғастырады: «...1939-1940 жылдары бұрғылау үшін балқытылып ұйылған шарболаттан да мықты победит бұрғылар кеңінен қолданыла бастады. Бұрғылардың мұндай түрін кеңінен пайдалану экономикалық жағынан тиімді болып шықты. Ұзындығы әрқалай 28-30 қақталған бұрғыны жұмысқа қосу үшін кемі 6-8 метрлік забой қажет болса, победиттен жасалған жаңа бұрғының үш-үштен бір топтамасы ғана жұмсалады. ...Кеніште өз ісінің асқан білгірі деп есептелінетін, кәсіптік шеберлігі жоғары жұмысшылар аз емес еді. 1935-1936 жылдардан-ақ есімі ел-жұртқа танымал өндіріс озаттары – шахтерлер намысын қолдан бермей, абыройларын жоғары ұстап тұрған. Олардың қатарында алғашқы стахановшылардың бірінен саналған бұрынғы Біләл Ықласов бар еді» деп, қолданысқа ене бастаған жаңа бұрғылардың игі көрсеткіштері жайлы атап көрсеткен [1, 75 б.].

          Осы уақытта жинақталған іс-тәжірибемен шектелмей, Кривойрог бассейніндегі Ильич атындағы шахтаның атақты бұрғышысы А. Семиволос пен оның Уралдағы ізбасары Янкиннің үлгісін кеңінен тарата білген. Кеніштің учаске бастықтары мен стахановшылардың кеңесінде бұл мәселеге арнайы тоқталған, көпзабойлылықты, көпперфаторлылықты және шылап бұрғылау әдісін барынша қолдану мәселесін шешкен. Шұғыл қолға алған шара жақсы нәтиже бере бастаған. Семиволос пен Янкиннің әдісі бойынша алғаш білек сыбана кіріскен Георгий Хайдин, Василий Роздрачев, Балпан Тайжанов, Ахметқали Ахметжанов, Василий Ларкин, ағайынды Петр мен георгий Нефедовтар, Василий Скосырев, Василий Слабух және басқалардың көрсеткіштері көңіл көншітерліктей еді. Еңбек өнімділігі 3-4 есе артты. Георгий Хайдин дербес ауысымда нормасын 500% - ке орындап, Орталық Комитеттің бірінші хатшысы Скворцовтың тікелей өзінен құттықтау телеграмма алды. Ал, адал еңбегімен абырой жинаған бұрғышы Тайжанов пен Сарманов жоспарын проценттен кем орындап көрген емес. Ара тұра процентке орындап, естіген елді еріксіз елең еткізгені бар [1, 76 б.].

 Бұдан кейінгі кезеңдер жайында да академик Қонаев өз естеліктерінде аз айтпаған. Мәселен әсересе тыныштықты қалаушы жұрттың басына қара бұлттай үйірілген соғыс жылдары жайлы жаза отырып ол, 40 жылдардағы Риддер полиметал комбинатын қайта құру кезеңінің түгел аяқталып біткендігі жайлы және бұның өз кезегінде ел экономикасына елеулі ықпал еткен шара болғандығын атап өтеді: «...кен басқармасы ұйымдастырылды. Оған кеніштер, байыту фабрикалары мен қосымша өндіріс орындары қараса, осы іргелі кәсіпорынмен иық тірестіріп Риддер зауыт басқармасы мен Риддер энергобасқармасы қатар шаңырақ көтерді. Түсті металлургиялық халық комиссарының 1940 жылғы 29 желтоқсанындағы бұйрығымен мен Кен басқармасының директорлығына тағайындалдым. Ал қалған іргелі екі кәсіпорынның тізгінін В.Л. Немешев пен И.Е. Клименко деген жігіт ағалары ұстады» . Бұл айталғандарды саралар болсақ, оның тек келешекке үлгі-өсиет болып отырғандығын ғана емес, сонымен қатар тарихты жазам деп қолына қалам алғанның жазбақ ойына негіз болар дерек есебінде көрініс тауып отырғандығына айқын көз жеткізе аламыз.

Жалпы алғанда уақыт талабына жауап  беріп, өзінің идеялық-теориялық деңгейін үнемі көтеріп, бұқараның шығармашылық ынтасы туғызған жаңалықты дер кезінде түгел байқай білудің өзі – парыз. Біздің пікірімізше, тек Қонаевтай басшы ғана экономика мен әлеуметтік өмірді және мәдениетті дұрыс бағыттай алады, тек осындай әділетті жанның ғана қалдырған өсиеті мен естелігінен шынайы, объективті дерек таба аламыз.

Бұдан әрі соғыс жылдарының залалын сипаттай отырып, кейін ол тағы да былай дейді: «...Бадам өзенінің орналасқан...кеніштен 1896 жылдан бері көмір өндірілетін. Жылына 800 мың тонна қара алтын қазылатын» [1, 98 б.].

         «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихы» деп аталатын көп томдық кітаптан мынадай деректі оқығанда, елде, соғыс уақытында өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын Балқаш даласының ерлері, Шығыс Қоңырат кеншілері беріп отырды. Сол жылдардың қаһармандық еңбегінің куәсіндей комбинат алдындағы алаңға орнатылған «Т-34» танкі мен мұндалайды. Соғыс кезінде жау шебін сан рет ойрандап өткен бұл танктердің сауыты Балқаш пен Ақшатаудың вольфрамымен және молибденімен суарылған [1, 101 б.].

         Сол жылдары Қарағанды шахтерлерінің алдына аса күрделі міндет қойылған болатын. Донбастың уақытша жау қолында қалуына байланысты соның орнын жоқтатпау қажет еді. Қарағандылық кеншілер мен Донбастан эвакуациямен келген жұмысшылардың тізе қосып жұмыс істеуі арқасында бұл атырапта төрт жыл ішінде жиырма үш жаңа шахта салынды. Көмір өндіру 1945 жылы 11,2 миллион тоннаға жетіп, 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей ұлғайды. Сондай-ақ Лениногор, Балқаш, Шымкент, Ащысай, Зырян, Текелі майданға қажетті өнімдерді үстемелеп отырып, жабдықтады. Гурьев мұнайшылары танктерді, авиацияны, автотранспортты жанар-жағар маймен қамтамасыз етті [1, 103 б.].

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы