Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

             Компартияда қызмет жасаған уақытында М.С.Горбачевтi негiзiнде, Қайта құруды белсендi өткiзуге араласудан шеттетiп бөлiп тастаған болатын. Ол басқарушылардың кесiрiнен елде  жүріп жатқан процесстер жол жағасында қалғанын көрсеттi. Ең жоғары орындарда отырған көптеген бұрынғы жетекшiлер,өз көзқарастарын жылдам қайта бағдарлап және СОКП-ның ыдырауына мүмкiндiк туғызды. Партияның сенiмдi ұлы идеяларына сенген адамдар, соңы осыншама рақымсыз болады деп ешқашан ойламады [7, 323 б.].

            Осыған байланысты Д.А. Қонаев, «Меніңше біз соншама ұлы істер жасаған және тағы да осы партияның арқасында жасалатын істермен бірге асығыстық жасап партияны құрдымға кетіріп оны жоюымыз дұрыс па?» - деп жазады. Қайда, қашан мұндай жағдай болды ма? Бұл қатардағы коммунисттердің пiкiрлерін есепке алуынсыз, пленумның шақыруы немесе партияның съездiнсiз жасалды. Партияның басшылары өздерін толығымен дискредитациялады және өздернің істеген іс-әрекеттерімен СОКП мәртебесін жойды. Содан соңында жаппай коммунистке қарсы науқан басталды. Сосын «СОКП - тергеуге» деген шақырулар таратылды.                                                         

Осы шақыруларға ең бірден-бір  әділ жауап жазылған материал бұл 1991 жылдың 28 қазанында «Правда» газетінде  «Партияны айыптау – бұл 40 миллион  адамды және егер олардың достары  мен жақындарын қоса кемсіту яғни мұның саны цифрға шаққанда бүкіл елдің тұрғындарының жартысына тең деген сөз»  - деп жариялады.                                                                                      

           Иә, КСРО-ның өмір сүрген жылдарында бiзде бiр ғана партия болды және ол барлығына жауапты болды. Қазір партиялар өте көп. Және де ешкім қайткенмен де ештеңеге жауап бермейді. Мүмкін, уақыт өте, әрбір партия қоғамда өзінің пайдалы және де тұрақты орын алар күнде келер. Бұл бiрақ ертеңгiсiн болар, дәлiрек айтсақ, арғы күні... Егер болса... Иә, әзiрше СОКП таратылған. Оның басқарушы органдары жойылды, және дегенмен партияның өзі әлі де тірі. Анығында адамдардың көпшілгi ұстанған идеяны тыйым салуға болмайды. Және де қуанышты жәйт, компартияға кiргiсi келген үміткерлердің саны көбейді [7, 316-317 б.].

           Соғыссыз және төңкерiссіз дүние жүзiн таңдандырған найзағайдай жарқылдаған ерекше оқиға болды. Бұл оқиға әлемдік ұлы державаның, Кеңестік социолистік Одақ республикаларының қысқаруы болды. Әлемдік тарихта ауқымды орын алғалы тұрған ел ыдырады. Социалистiк елдердiң достастығы өзінің өмір сүруін тоқтатты. КСРО ыдыраудың ұйымдастырушылары - Ресей, Беларусь, Украина жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің достастығын құрастырды, оған басқа да республикалар қосылды. тағы басқа республикалар қосылған тәуелсiз мемлекеттердiң достастығы құрастырды. Бiрақ бұрынғы КСРО-ның орынына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің негізін қалау әдістері қате екендігін көрмей қалу болмас еді. Одақ, бұл мемлекет секілді тыныш қана ыдырамады. Бiздiң пiкiр бойынша, барлығы заң жолы бойынша кете алар ма еді, - деп жазады, Д.А. Қонаев. Бiрақ, өкiнiшке орай, және Горбачев бұл жерде өте өрескел қате жіберді және  ұлы державаның күйреуiне мүмкiндiк туғызды. Ол   мемлекет басшысы бола тұра ТМД құрылғандағы  түсініксіз және  әңгүдік асығыстыққа кедергі болып, бұл үрдіске конституциялық сипатты беруге толық мүмкіндігі болды.                             ".... . Барлық республикалардың өкiлдерiнiң қатысуымен өтетін КСРО-дің Жоғарғы кеңесiнiң сессиясын шақырып, онда барлық державаның құрылуы мен ролі және Одақтың құрылу тарихына тоқталып, оны айқын бағдарлама жасап талқыласа дұрыс болатын еді. Кеңесте социализмның нақты артықшылықтарының халықтың өмiрiн жақсартуы сонымен қатар ғылым мен мәдениеті туралы ескеріп айту артық болмас еді. Әрдайым алға ұстылған капиталистiк әлемнiң Горбачев әрекеттердiң нәтижесiнде КСРО-ның құдiретiн әлсiрету ғана емес, керiсiнше - ұлы социалистiк державаның өздiгiнен таратуын  алды [7, 319-322 б.].

         Д.А.Қонаев айтып кеткендей, біріккен Достастықтың рөлі тіптен білінбейді, ешқандай Достастық әлі жоқ онда бар болғаны саяси қарбалас билеп, сондықтан да экономикалық реформа мен нарықтық қатынасқа көшу қиынға соғып отырды. Қандай қоғам құрып жатырмыз, қайта құру басталған кезеңде оның орынына не жүретінін осының барлығы қашанға дейін жалғасатынын, халыққа түсіндіріп жатқан ешкім болмады. Бiр кеткен қателік және бір қателікке ұрындырды.

           Д.А.Қонаев осы апаттың шектен шығуының негiзгi себептерiн өзінше былай деп жазады:

Бiрiншiден, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiнің кенеттен құлауы және бұрынғы СССР-дің көптеген аймақтарымен азаматтық келісім атмосферасын  сақтап қалмау қабілетсіздігі.

Екiншiден, әр түрлі халық  шаруашылық салаларда республикалар  мен облыстар арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, сонымен қатар жақында елдің біріккен халық шаруашылық жоспарының тығыз өзара байланысы да үзілді.

Үшiншiден, өздерiнiң жабдықтау  органдары және жоспарлы заттық-техникалық жабдықтау жүйесінiң қысқаруында.

Төртiншiден, бiздiң ең басты қиыншылықтарымыздың бірі, бұрынғы социалистiк елдермен бiржолата экономикалық байланыстар үзгендігіміз, яғни соның ішінде халық шаруашылығының көп салалары үшiн жабдықтақтар мен ондағы жабдықтарды жинақтау мәселесі болды.

          Кенеттен ауыл шаруашылығында да өзара экономикалық байланыстардың жылдар бойына опырылып құлауы орын алды. Соңында ауыл шаруашылығына қажетті материалдар оның ішінде жанармай, техника, сонымен қатар қажетті қосымша жабдықтар беру біржолата тоқтатылды. Мұнда келеңсiз салдарлар айтылмады. Өндірісте ең алдымен егiн шаруашылығының өнімдері, ет және сүт өнімдері кенет азайды. Қарап отырсақ, қарапайым бұрынғы позицияға қайтудың өзі қаншама күш пен уақытты талап етеді. Экономикалық анархия халықтың өмір сүру деңгейін айтпағанда, жаңартылған демократияны түбірімен жойып жіберу қаупін тудырды. Сонымен қатар жақында ең ұлы, бай, құдiреттi деген Еуразия елi статистика бойынша қарасақ, құрамында төрт бесінші тұрғынның өзі қайыршылық жағдайына түсіпті. Және де ең қорқыныштысы дейді, - Д.А. Қонаев, өспелі жүріп жатқан процесстің сонымен қатар идеялық белгілер мен бағдарлардың жоғалып кетіп жатқанын айтып өтеді.

           Сонымен қатар өнеркәсiптiк тауарлардың өндiрiсiнің ұлғаюы және ауылшаруашылық өнiмнiң ұлғаюы  да орынына тек қана коммерция түрінде ғана мадақтала бастады. Бiз тез арада сапасы төмен өнеркәсiптiк тауарларының өткiзу нарығына, сонымен қатар көптеген арақ-шарап пен шет елдердің темекі өнімдерімен айналысатын елге айналып кеттiк. Ашықтан-ашық спекуляцияның жүгенсiздiгiнің арқасында "Бизнес"  сөзі тығылып жатқан еді, бірақ өздерін аздап цивилизацияланған деп есептейді, мұндай жабайы кәсiпкерлiктің бiрде-бір елде де болмағандығын айтуымызға болады.

            Д.А. Қонаев шетелдiк инвестициялардың барлық дәмелері, бұл экономикалық хаос шарттарындағы қоқан-лоққының мөлдiр суы, - деп қана жазады. Мұндай жағдайда «Батыс немесе Шығыс көмектеседі-ау» деген түрлi түстi тоқмейiлсу дегенді әлдеқашан аяқтау керек. Ең алдымен барлық мәселеде  өзіңе сенім арту қажет, олар күш бізде бар және олар аз да емес, содан кейін барып «импорт».

            Егер бiз бұрынғы жасаған басқару схемаларын қалпына келтiрмесек, "нарық механизмі" бізге күткендей ешқандай пайда бермейді. «Совхоздар және колхоздардың қысқартуынан, олардың аяқ астына жойылып кетуінен өмірдің өзі сақтандырады» - дегенді Д.А. Қонаев ерекше ескертеді. Материалдық-техникалық жабдықтау мәселесінің жойылуының  позитивтi шешiмiне, сонымен қатар аздаған техникаға қызығып, жаңадан фермер шаруашылықтарын жасаумен шұғылдану ол демек, бiле тұра оларды банкротқа душар ету, бiрақ сонда да, ақыл-оймен ойлап қарасақ, бізде бәрібір де аттың алдына арбаны қоюға тырысады.

             Келешекте жалпыға бірдей бағытты таңдай отырып, «Көрші отырған Қытайдың тәжірибесін менсінбеудің қажеті жоқ», - деп санайды, Д.А. Қонаев. Барлығына мәлім болғандай, ол жақтағы салыстырмалы түрде жасалған экономикалық реформа нәтижелі жүргізілді, және де барлық позитивтi процесстер коммунистiк партияның басқаруымен өттi». Әрине, Швеция, Оңтүстiк Корея, Жапония, Түркия елдері табысты қоғамды дамытуда жасаған тәжiрибесi біздер үшiн өте пайдалы екендігі айдан анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Тәуелсіз Қазақстанның сан ғасырлық тарихының әр белесін зерттеп, зерделеу үшін тарихи дерек көздерінің маңызы зор. Оларды деректану ғылымының талаптарына сай дұрыс талдай білсек, тарихымыздың жаңа беттерін шынайы зерттеуге жол ашамыз. Қазақстан сондай-ақ Кенес Одағының халықтарының ХХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық, дипломатиялық тарихын зерттеуде сол кезеңде өмір сүріп, билік еткен Д.А.Қонаевтін еңбектерінің құндылығы мен маңызы жоғары. 

          Д.А. Қонаев  қырық жылдан аса ел билеген. Коммунистік партияның, оның Орталық Комитетінің зор сенімді және қазақ халықының бір туар азаматы болған ұлы тұлға. Д.А. Қонаев Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайымен тікелей байланыста болғандықтан, күнделікті өмірі осы проблемалардың шеңберінде өткендіктен оның естелік жазуы өте орынды.

 Жалпы Д.А. Қонаев  еңбектерінің басым көпшілігі оның өз көзімен көрген, шынайы куә болған оқиғалардың  қағаздағы нұсқасы болғандықтан, олардың барлығы тарихи заманхаттар екендігін ескеріп, ал заманхаттардың деректік негізі бар құжаттар екендігін атап айтқымыз келеді.

          Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық сананың оянуына, халықтың өз тарихына деген қызығушылығының артуына байланысты, объективті тарихты жазудың қажеті туды. Д.А.Қонаевтың естеліктері нағыз қоғамның сұранысына сай уакытта жазылды. Осындай заманхаттардан  құнды деректерді өндеу арқылы ғана шын тарихымызды жаза аламыз. Демек заманхаттар басқа жазба деректер сияқты, өздерінің деректану ғылымының тұрғысынан қарауды талап етеді. Сол кезде ғана, ол өз бойындағы тарихи мағлұматтарды, құнды ғылыми ақпараттарды бере алады.

        Д.А. Қонаев өз заманында болған оқиғалардан дерек беріп қана қоймай, ол жайлы жеке көзқарасын білдірді. Заманхатта Қонаев өмірлік іс-тәжірибесінен өз заманы,  замандастары жайлы құнды мәліметтерді береді.

Д.А.Қонаевтың тарихи еңбектерін деректанулық, мәтіндік талдау жасау негізінде жан-жақты зерттелді, мәліметтері деректанулық талдаудан өткізіліп, олардың шынайылығы мен толықтығын анықтап, басқа да құжаттармен салыстыру арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:

  • Еңбектердің дерек көзіне жалпы сипаттама берілді, автордың өмірі мен шығармашылығы қарастырылып, оның алатын орны мен атқарған рөлі анықталды. Д.А.Қонаев еңбектеріне мәтіндік-салыстырмалы талдау жасау арқылы Қазақстан тарихы бойынша мәліметтері айқындалып, шынайылығы мен толықтығы тексерілді.
  • Зерттеу жұмысы барысында  деректердің шынайылығы мен объективтілігін анықтау мақсатында дереккөздердің беретін  мәліметтеріне  мазмұнына және баяндалу формасына сәйкес Республиканың экономикалық және мәдени, әлеуметтік - саяси жағдайы болып топтарға бөліп қарастырылды.
  • Заманхаттарда Кеңес Одағы және Кеңестік Қазақстанда мекендеген халықтардың өзара байланыстары тарихы туралы жаңа да маңызды мәліметтер беріп,  ортақ тарихи-мәдени аумақта өмір сүрген халықтардың тарихында орын алған оқиғалар бір-бірімен тығыз байланыста дамығанын дәйектейді.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. Ол  көптеген ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды.  Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді.  Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар,  ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

           Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап,  қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып,  мәдениет үйлері өз қызметін бастады.  Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып,  әлеуметтік нысандар салынды.

          Д.А. Қонаев заманхаттарының деректік маңызын анықтауда Дінмұхаммед өз заманының ұлы саясаткері екенін білдік. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Оған оның өз еңбектері толық дәлел бола алады.

           Қорыта келгенде, Қазақстан мен Кеңес Одағы халықтарының төл тарихының, саяси-әлеуметтік, дипломатиялық тарихын зерделеуде Д.А.Қонаевтың еңбектері құндылығы жоғары дерек көзі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

2. Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы, 1994.

3. Атабаев Қ., Қадыртаева М. Деректанудың теориялық мәселелері: Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті, 1999.

4. Мәдени мұра. №7 (40) 01.2012. 70-71-б.

5. Толмачев Г. 50 встреч с Д.А. Кунаевым: воспоминания. - Алматы, 1997.

6. «Простор» газетное-журнальное издательство Алма-ата. 09.1991. ISSN 0131-55. 5-49б.

7. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева (в аспекте истории Казахстана).-  Алматы, 1994.

8. «Отан тарихы» . – Алматы. 2012, №2 (58) санында О.Қауғабайдың

«Д.А. Қонаевтың 12 қасиеті».

9. Кунаев Д.А. О моем времени: Воспоминания. — Алма-Ата: Дэуiр, МП «Ынтымак» , 1992.

10. Б. Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы».

11. Кәрішал Асан атаның (Асановтың) «Тәуелсіздіктің белгілері» .

12. Тоқтасын Беркімбаевтың «Оқшау ойлар» .

13. Казахстанская правда. №12-13;  №82-83. 12 январь 2012 ж.

14. «Отан тарихы»  2012, №4 (60) санында К. Тулепбаеваның «Роль Д. А.

15. Кунаева в период великой отечественной войны».

16. «Отан тарихы»  2012, №1 (57) санында Р. Кубеевтің «D.A. Kunaev – the leader of soviet Kazakhstan».

17. «Аңыз адам» .  №1(13) 01.2011ж.

18. «Президент және халық» №7 (389) санында О.Қауғабайдың «Қонаев Аспан асты елінде».

19. «Ленинская национальная политика КПСС в действии». Д.А. Қонаев. 1978.

20. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, Онер, 1996.- 288 с.

21. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. - Алматы: Казахстан, 1996. -624с.

22. Назарбаев Н.А. Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997. – Москва: Фонд содействия развитию социальных наук, 1997. – 480 с.

23. Назарбаев Н.А., Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Онер, 1997. – 270 с.

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы