Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.
КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл қиын, бірақ ерлікке толы жылдар болды. Адамдардың ақыл парасаты биік тұрған, ерік жігері ерекше шындалған кезең еді. Бір біріне деген мейірім, жоқ жітікке деген қайырымдылық соншалықты зіл зала, ауыртпалықтан алып шықты. Халық өзіне өзі сеніп қана қойған жоқ, партияға, оның ісіне мейлінше адал болды.
Осы тұста Қонаев еңбегінде көрсетілген статистикалық ақпараттың өзі оның заманхатының деректік маңызын одан бетер артып отырғандығын атап айтқымыз келеді.
2.2 Д.А.Қонаев
заманхаттарында Кеңестік
Алдыңғы тараушамызда Қонаев заманхаттарындағы экономикалық және мәдени жағдайдың орын алуы мәселесіне тоқталған едік. Енді осы бөлімде кеңестік Қазақстан тарихының әлеуметтік - cаяси даму жағдайына қатысты да Қонаев заманхаттарының маңызы жайлы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітетін боламыз.
Белгілі ғалым, профессор Т.Омарбекұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми конференцияда жасаған баяндамасы барысында: «Қонаев бастаған қазақ зиялылары ... қайшылықты ақуалда қазақтың рухын сақтап қалудың жолын қазақ әдебиеті мен өнерін өркендетуден іздестірді» дей келе, Қонаевтың қазақ мәдениетіне оңды ықпалының болғандығы жайлы пікірін білдірген еді [17, 3 б.].
Ал Қонаевтың ҚазақССР-ның
Өз заманхаттарында кеңестік Қазақстанның мәдени дамуы мен рухани ахуалы жайлы естеліктер жазған қайсар тұлғаның өзі де осы аталған сипаттан кенде емес еді. Ғалымның еңбектеріндегі ел мәдени-әлеуметтік жағдайы мәселесін талдап бастамас бұрын, біз Қонаевтың қоғамдық-мәдени еңбектері жайлы бірер ақпарат беріп кетуді жөн көрдік.
Жалпы ол өз ғұмырында мемлекеттік жұмыс пен ғылыми қызметті тамаша ұштастыра білген адам еді. Оның кен орындарын ашық тәсілмен игерудің теориясы мен практикасының маңызды мәселелеріне арналған еңбектері қазіргі мен болашақтың түйінді мәселелеріне арналған. Ғалым оқынған карьерлердегі кенді қопарудың тиімді тәсілі әлі кунге дейін қолданылып келеді. Оның «Қоңырат кенішіндегі бұрғылау-жару жұмыстары» монографиясы осы мәселеге арналған болатын. «Қазақстандағы ашық тау-кен жүмыстары» еңбегінде кеніштерді пайдалану мен жоспарлаудың көп жылғы тәжірибесі қорытылған. Д.А. Қонаевтың зерттеулері тау-кен өнеркәсіп өндірісінің тиімділікпен артуына біршама ықпал етті.
Д.А. Қонаевтың ерекшелігі мен көрегендігі сол, ол ұдайы қоғамдағы өз орны мен жағдайына қарамастан, өз білімін жетілдіріп, өзінің ғылыми деңгейін шыңдаумен болды. Мұның дәлелі ретінде ол: «Менің жұмыстарыма республиканың Мемжоспар мен түрлі түсті металлдар министрлігінің, академиктер Мельников, Шевеков, Сәтбаев және басқа кернекті ғалымдар мен еліміздің бірқатар институтгары кафедра меңгерушілерінің жоғары баға беруі жанға жайлы тиеді екен» [1, 79 б.], - деп жазады. Оның көп қырлы қызметінің тағы бір аясы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан Ғылым Академиясында жүйелі түрде зерттеулер жүргізілмегені баршаға мәлім болатын. Дала өлкесінің кейбір аудандарында тек жекелеген ғалымдар ғана тарих пен этнографияны зерттеумен айналысты. Сол кезеңде қалың қазақ арасында Мұхтар Әуезовтың да есімі кеңінен таныла бастаған шақ болатын. Тарихтың әлеуметтік - саяси жақтарын сипаттай келе Қонаев М.Әуезовтың мәселесіне байланысты: «...Көп ұзамай Мұхтар Омарханұлы Алматыға оралып, Ғылым Академиясы мен Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет істеді. Бұл ОК басшылығының нұсқауымен жасалған әділетсіз, жалған шешім деп санадым және санаймын, - деп жазды ол, - ...сол кундерде ... ағысқа қарсы жүзе алмадым, бірақ, уақыт өте келе бұл әділетсіз шешімді біз бұзатынымызды түсіндім. Осылай болып та шықты. Қиналсақ та, алайда жіберілген қателерді түзеп, бұл тамаша ғалымдардьщ бұрынғы құқын қалпына келтірдім» [1, 81 б.]. Бұл Д.А.Қонаевтың белгілі ұлттық зиялы қауым өкілдерін қорғаудағы адамгершілікті де батыл әрекеті екендігін мойындай отырып, сонымен қатар аталған жолдардың кеңестік Қазақстандағы сөз, ой бостандығын шектеген қисынсыз саясаттың болғандығы жайлы хабардар етіп отырған деректік маңызы бар мәлімет екендігін де атап өткіміз келеді.
Осы кезеңдегі тарих беттеріне үңілер болсақ, Қазақстан Ғылым Академиясының алдына үлкен міндеттер қойылды. Соған сәйкес ғылыми зерттеулер де өз тиімділігін едәуір көтеріп, маңызды мәселелерді игеруді терендетіп, өндіріспен байланысты күшейтіп, ғылыми мамандарды дайындауды кеңейтіп, ғылыми мекемелердің материалдық-техникалық ба-засын нығайту қажеттелігі туындай бастады. 1952 жылы 30 қарашада Ғылым Академиясының жалпы жиналысының сессиясында 13 толық және 17 корреспондент мүшелер сайланып, онда Академия құрамы екі есе көбейеді, іші ірі ғалымдармен толығады. Оған енгендері Ахмедсафин, Бок, Попов, Смирнов, Чокин, Боев, Домбровский, Полосухин, Сызғанов, Мұқанов, Тәжібаевтар болатын.
«1986 жылдың 11 желтоқсанында, - деп жазады Қонаев, - менің қатысуымсыз Саяси бюро отырысында зейнетке кетуіме байланысты мені жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды».
16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында КОКП ОК хатшысы Разумовский Саяси бюро шешімі бойынша Д.А.Қонаевтың өзінің қалауымен зейнетке кеткені жөнінде мәлімдеме жасап, Қонаевқа Саяси бюро атынан жылы сөздер айтылып, ұзақ жылғы адал қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан Компартиясы Орталық Атқару Комитетінің бірінші хатшылығына бұған дейін Ульяновск облыстық комитетін басқарған Г.В. Колбин тағайындалды [6, 6 б.].
Келесі күні 1986 жылы 17-желтоқсанында таңертең сағат 8-де Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің алдындағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға мыңдаған жастар, студенттер мен жұмысшылар жиналды. Кейін анықталғандай, жиналғандар Қазақстан Компартиясы Орталық Атқару комитетінің бірінші хатшылығына Республикада ешкімге белгісіз, қазақ халқының төл мәдениетінен, әдет-ғұрпы мен өнерінен ешбір хабары жоқ Г.В.Колбинның тағайындалуы халықтың ашу ызасын туғызды. Халық қозғалысы алыс-жақын елдерге де әсер етті. Ұлттық сананың оянуына негіз болды.
Неге Колбин? Неге өзіміздің қазақстандық емес? Қозғалысшылар басқарушы тек қазақ ұлтынан болсын деп талап еткен жоқ. Олар ұлты мейлі орыс, қазақ, неміс болсын, тек Республиканың проблемаларын жан-жақты нақты білетін жергілікті адамды тағайындауды талап етті. Міне осындай интернационалдық әділетті талаптарымен қазақ жастары алаңға шықты.
Әрине, сол ұмытылмас желтоқсанның қайғылы тәртiпсiздiктерi әуел бастан КОКП ОК-нің Саясибюросы мен Горбачевтің республикалардың басшыларын таңдап алудағы терiс бағдардардағы саясатының әсерінен болды. Мұндай заңды сұрақ демонстранттарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды толқытты.
Нелiктен басқа ұлттық
Осындай жағдайда Республиканың жетекшiлерiнiң ешбірі пленум шешiмiнiң мәнiн жастарға түсiндiрмедi. Колбиның өзі де пленум күні, не одан кейін де теледидар немесе баспасөз арқылы сөз сөйлеп болып жатқан жағдай туралы айтуға батылы жетпеді. Оның айналасындағылар да Қонаевтың орнынан түсу себептерi туралы ештеңе айтпаған, сайып келгенде – бұның бәрі халықтың астан-кестенін шығарды.
Д.А. Қонаев 1986 жылдың 17 желтоқсанында сағат он бiр шамасында ҚКПОК-нің екiншi хатшысы Мирошхин телефон соғып, алаңда жастар жиналғандығын және ОК-тің кешегi пленумының шешiмiн түсiндiруді талап ететiнiндігі жөнінде хабарлағандығын еске түсiредi. Қонаевқа жиналғандардың алдында сөз сөйлеп , мән-жай түсiндiруге ұсыныс жасалды. Ол келiсiм бердi. Дегенмен барлығы құр әңгiме деңгейінде қалды.
Республиканың басқару органдары түсiндiру жұмыстарын жүргізудің орнына, милиция мен әскерге қолдарына мылтық алып, алаңға шыққандарды күшпен басып тастауды бұйырды. Олар саперлік күректерді, қызмет иттерін, брандспойттарды қолдану арқылы кiнәсiз адамдарды ұрып, күшпен басып тастады. Бұл жантүршігерлік оқиға 17 - 18 желтоқсанға аралығында болды, яғни екі күнге дейiн созылды. Бұның нәтижесінде көп қан төгіліп, студенттер мен көптеген жұмысшылар жапа шекті.
Горбачевтiң Желтоқсан оқиғасына қатысы барлығы баспасөз беттерінде тек қана оның республиканың бұрынғы басшысын алып тастау мен жаңа басшыны тағайындауға қатысты ерiктi әрекеттерінен көрініс тапқан. Әрине бұл әрекеттер, жастардың көтерілуіне тiкелей түрткі болған басты себептің бірі болды. Осы жағдайға сөзсіз бірден-бір жауапты адам Горбачевтың өзі еді. Алайда Д.А.Қонаев былай деп жазады: " .... Шындығын келгенде Горбачевтың жазығы әлде-қайда тереңде жатыр: өйткенi тек қана өзі Орталықта, басқа ешкім кең жазалаушы - жазалау науқанына келісім бермес еді. Бейбiт демонстранттарға қарсы қызметтiк иттер, iшкi әскерлердi, айқара ашылған су атқыштарды, саперлік күректерді қолданылды, тіпті әскери техника да іске қосуға дайын ұсталды...»
Желтоқсан оқиғасына қатысқан және қолдау көрсеткен бiрнеше мың студенттерді ЖОО-нан шығарды, көбі оқуды тастап кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар коммунисттер мен комсомолдардың үлкен тобына қатысты жазалаушылық сипаттағы шаралары қолданылды.
Жағдайды тексеруге және ретке келтiруге шақырылған отандық тұлғалардың олақ әрекеттерi аянышты нәтижеге жеткiздi. Жазықсыз жазаланған адамдардың тағдырына жауап беру керек едi. Жауапкершіліктен қорыққан басшылығында Колбин тұрған ҚКП ОК барлық жаланы жауып, жауапкершілікті артып қою үшін «кінәлілерді» іздеуге кірісті.
Колбин «Алматы оқиғасының» бас ұйымдастырушыларының бірі ретінде бұл жағдайға ешқандай қатынасы болмаған Д.А.Қонаевты кінәлады. Д.А.Қонаев былай деп жазады: «Кейініректе Колбинның өзінің сөз сөйлеулерiнде мені алаңға жиналғандардың алдына шығып сөз сөйлеуден бас тартты деп айыптады. кешiрек менi алдымда сөз сөйлеуге бас тарытуға үзiлдi-кесiлдi аудан жиналысқан болған менi айыптады. Колбин жалған айтып, маған жала жауып, ОК - нің барлық мүшелерiн, коммунисттар мен республиканың барлық еңбекшiлерлерін жаңылдырды.
1986 жылы КОКП ОК-і асығыс және жетілмеген шешім қабылдады. Қазақ Мемлекеттік партия ұйымы жұмысының халықтың интернациолистік және патриоттық тәрбие жолында толық бір халықты «қазақ үлтшылдығымен» кінәлаған.
Бұл қаулыда Д.А. Қонаевқа дәлелсіз, беталды айыптау тағылды,онда фактілермен дәледенбеген, субъективизмге кінәлау, бір топ адам бірлескен басқару формасының бұзылуында, семьялылықты орнатуда маңайындағы адамдарды өзінің қызмет орнын пайцдаланып қиянат етуінде кінә тағылды. Бұның бәрі шындыққа сәйкес емес еді, негізінде Қонаевтың төңірегіндегі адамдарды ОК-нің бюро мүшелері, Министрлік Кеңсесінің басшылары құрады, олар бүгінде аман-сау өмір сүруде, ал кейбіреулері орындап жүргендерінен жауапкершілігі үлкен лауазымға ұсынылған.
Бұл кезекті өтірік кінәлау еді. 1987 жылдың басында КОКП ОК-нің пленумында Қонаевты саясибюро мүшесі міндетінен зейнеткерлікке шығуына байланысты босатты. Маусым айында өткен келесі пленумда оны КОКП ОК құрамынан шығарды. Тура осындай Қонаевқа қатысты шешімді Колбиннің жалған хабарламасы бойынша Республикалық Орталық Комитетінің пленумында қабылдады. Пленум шешімінде былай деп айтылған: Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдарында жіберген салмақты кемшіліктері үшін ОК құрамынан шығарылсын.
Қонаев жазады : «ОК пленумында Колбин мені сынауда тексерілмеген, негізсіз, жөні жоқ мәліметтер келтірді, немесе жаппай өтірік айтты... Колбин менің тарапыма сынды күшейтті, республикада соңғы 30-40 жылда не орындалды және орындалып жатқанын мүлде білмей тұрып желтоқсан оқиғасын Колбин «ұлтшыл бағытталған адамдардың шабуыл жасауы» деп бағалады. Қонаевты республикалық ОК мен КОКП ОК-нің құрамынан шығарудың негізгі себебі осы оқиғалар болып табылды [7, 293-299 б.].
Халық депутаты Мұхтар Шахановтың беделді комиссиясы бұған қарама-қайшы нәтижеге келді: қазақ жастарының көтерілуі ұлтшылдық емес еді, бұл олардың азаматтық және саяси позициясын еркін көрсету құқығы еді. Комиссия өз қорытындысында бұрынғы саяи бюроның құрамының іс-әрекетін айыптады, халықтың пікірін есептемей жоғары саяси басшыны сайлаудағы үстемдігі үшін және күш көрсетіп, таратып қуып жіберуде, соққыға жығып және жүздеген, мыңдаған жас адамдарды қамауға алған кінәлілерді атап- атап көрсетті.
«Әрине, М.Шахановтың депутаттық комиссиясы деп жазады,–Қонаев - желтоқсан оқиғасының ақиқатын анықтауда үлкен жұмыс атқарды. Бірақ нандыруға батылдық қыламын, әлі де көптеген фактілер бұған қызығушылық танытпайтын басшылардың арқасында жасырылуда, әлі де жарияланбаған және өзінің әділ талқылауын тосуда. Әсіресе бұл елдің және республиканың жоғарғы басшыларының осыған қатыстылығына байланысты» [7, 293-299 б.].
Алматыдағы желтоқсан оқиғасы сонымен қатар Тбилиси мен Бакудегі, Вильнюстегі оқиғаларға барлық жауапкершілік Қонаевтың сенімі бойынша Горбачевке жүктеледі.
Өмір 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына берілген бағаның қәтелігін дәледеп шықты. Қазақстандағы ешқандай ұлтышдық болған емес және оның пайда болуына негіз жоқ еді. Сондықтан мемлекеттің жұршылығы қаулыны қабылдамады. Өйткені ол Қазақстандағы жағдайды әділ көрсетпеген және бұл қазақ халқын қорлау еді.
Кейінірек бұл қазақ халқын кінәлау 1990 жылы мамыр айында КОКП ОК қаулысымен жоққа шығарылған еді. КОКП ОК комиссиясы нұсқағандай «қабылданған қаулыда жекеленген баптары және саяи бағалар негізінен қате еді және болған оқиғалар қазақ ұлтшылдығының көрінісі емес еді». Бірақ Қонаев үшін оның зейнеткерлікке шыққанан кейін және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін қиын күндер тізбегі басталды. Горбачев бастырмалатып жалған құжат жасау арқылы қастық істеп, Қонаевты жалған сынауға барлық жағдай жасады. Қонаев есіне түсіріп былай дейді: «Желтоқсан оқиғасынан кейін 3 жыл бойы мені және менің жақындарымды қудалау жалғасты. Бір мезетте өз мемлекетінің тарихын қаралап және батпаққа батыру үшін қиянатшыл, арам журналисттер, ғалымдар жұмылдырылды, олар мінбеден сөйлеп, мақалалар жазды, мүмкін нәрсенің бәрін жасады. Мемлекетте десе де көптеген шындығында тамаша істер мен жұмыстар атқарылды...