Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

 Осы кезеңдерді сипаттайтын тарих беттеріне үңілер болсақ, бұл кез          бірінші бесжылдықтардың жүзеге асырылып жатқан кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Аталмыш кезеңде Қазақстанда бірнеше өндіріс орындары ашылып, ал ғылым саласында мен жоспарлау органдарыда Қазақстанның жер асты байлықтарының қаншалықты зор екендігі белгілі бола бастаған кезең болды. Сондықтан да мемлекет қазақ жерінде көптеген үлкенді-кішілі өндіріс орындарын ашуға тырысқан еді. Олардың қатарында Риддер, Зыряновск, Текелі, Жезқазғандағы құрылыс орындары бар. Осы кезде Балқаш мыс балқыту комбинатын салу туралы шешім қабылданып, бұл комбинат өзінің маңыздылығы жағынан Магнитагорскіге пара-пар келетін еді. Міне, осы жерге Қонаев қызметке жіберіледі.

Д.А. Қонаев бұл жерге келген кезде кен басқармасының бастығы инженер А.М. Богатиков оған жобалау бөліміне аға инженер болып баруды ұсынады. Бірақ Қонаев бұл ұсынысқа өз келісімін бермейді, ол бұл жағдайды өзінің әлі де болса тәжірибиесінің аздығымен, сонымен қатар оған артылып отырған сенімнің өте ауыр болуымен түсіндіреді. Ол ешқандай бүкпесіз: «Мен жас маманмын. Сатыға аяқ салмай жатып баспалдақтан аттап кеткім келмей отыр. Шын сенім көрсеткілеріңіз келген екен онда кез келген инженерлік жұмысқа жібергендеріңізді қалар едім» - деп жауап қайтарады. Қонаевтың тілегін орындау барысында оны бұрғылау цехының бастығы   А.А. Бутаевтың қарамағына жібереді [1, 29 б.].

 Балқаш пен Қоңыраттың жаңа құрлысы әрине үлкен қиындықтармен жүзеге асып жатқан болатын. Жұмысшылар жағдайы өте төмен болған жататын жерлері өте жұтаң болды, тамақтандыру, медициналық, мәдени қызмет көрсету өте төмен дәрежеде болған болатын. Бұл жағдайлар туралы Д.А. Қонаев өз естелігінде былай деп сөз қозғайды: «Біз, аға ұрпақ өкілдері, Қазақстанда өнеркәсіп орталықтарының қандай жағдайда басталып, қалай салынғанын жақсы білеміз. Бұл күндері көкпен бой таластырып, бір шетінен бір шетіне дейін аттылы кісі әрең жеткендей алып құрылыстар республиканың меңіреу жатқан шөлді де жартылай шөлді аудандарда, таусылып айтсақ, жоқтан басталады...»

   Бәрімізге белгілі, 1937-1938 жылдар қатаң жылдар болды, басқарушы кадрлар күннен күнге өзгеріп отырды, орындарына жаңа адамдар келіп отырды. Осы кезде Қонаевты бұрғылау цехының бастығы етіп тағайындайды. Бұл цех басқа цехтармен салыстырғанда арта қалып келе жатқан болатын. Сондықтан бұл цехтың бар ауыртпалағы оның жаңа басшысының иығына түседі. Бұрғылаушылар өте қысқа мерзімде үлкен істерді атқарып, алдыңғы қатарға шыққан болатын. Бұндай дәрежеге  жетуге бірден бір себеп болған жәйт ол Қонаевтың жұмысшылармен қоғамдық жұмыс атқаруында, яғни ол жұмысшыларға білімін жетілдіру үшін өзі сабақтар өткізіп отырған. Бұндай іс шаралар тіптен дәстүрге айнала бастады. «Іс ілгері жылжыған сайын біздің атымызға жылы сөз жиі айтылатын болды. Еңбек озаттарының суреттері газет беттерінен түспейтін. Көлдей көлдей мақалада, очерктерде озық тәжірибеміз ортаға салынатын. Ара-тұра жергілікті газеттерді айтпағанның өзінде «Советская степь», «Еңбекші қазақ» беттеріне мен жайында да мақалалар шаң беріп қалатын. Онда цех жұмысы кеңінен қамтылып жазылады. Дәл сол кезде жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін көтере отырып, жұмысқа жастарды қабылдау және болашақ машинистер даярлау ісін қатар жүргізуді дәстүрге енгізгенбіз. Көп әңгімеге істің осы жағы да өзек болғандай еді» - деп еске алады қоғам картинасын ол [1, 34 б.].

 Осы кезде Д.А. Қонаев қопару цехының басшысы болып тағайындалады. Сондай-ақ ол ол Қоңыраттағы әр түрлі қопару жұмыстарының жетекшісі болып, Қоңыратта өзін терең білімді маман, қабілетті өнеркәсіп жетекшісі ретінде таныта алды. Оның тікелей қатысуының арқасында рудник тез дамыды және өз саласында алдыңғы қатарға ие болды. 1938 жылы қараша айының 24-жұлдызында металлургтер Балқаш мысын өндіріп, бүкіл еліміздің ғана емес, қазақ даласына ашкөздене қараған, күдік пен күншілдік сезімінде жүрген бөгде жердің алпауыттарын да қайран қалдырды. Қазір тұңғыш балқытылған Балқаш мысы Мәскеудегі революция музейінде сақтаулы тұр.  Бұл жұмыстары үшін Балқаш жұмысшыларын марапаттаған болатын. «...Мұндай ізет Балқаш мысын өндірушілер мен балқытушылар, инженер техниктерге де жасалды. Менің үлесіме «Үздік еңбегі үшін» медалы тиді. Бұл менің тұңғыш және мен үшін ең қымбат  награда еді...» деп  есіне алады Д.А. Қонаев.  Бұл медальді олар Мәскеуде М.И. Калининнің қолынан алған болатын.

  Бұдан кейін 1939 жылы  Д.А. Қонаев КОКП мүшелігіне қабылданып, ал аталмыш жылдың қыркүйегінде Қазақстан К(б)П ОК ұйғарымымен Балқаштан орталыққа шақыртылады және Риддер кен басқармасының директоры болып тағайындалады. Ал Қоңыраттағы қызмет жолын Қонаев былай деп есіне түсіреді: «Қоңыраттағы кеншілік өмір мектебі мен үшін бір төбе. Қопару жұмыстарының сан қилы тірлігі бастан өтті. Мен өмірім мен өлім теке тірескен жұмыстың басы-қасында жүріп, оған тікелей басшылық жасап қана қоймай, қолым қол араласып атқарушысы да болдым. Оны сатылап айтсам былай: кенді тысқа шығара қопару, камералық зарядтар жасау арқылы қопсыта қопару, текшелеп қопару, скважиналардың қос көпқатарлы орналасу жағдайыда зарядтар жасау, скважиналардың бірыңғайда орналасу жағдайында бағаналы зарядтар жасау. Қопару жұмыстарын дұрыс жүргізуде тау жұмыстарының берік болуының аса маңызды мәні бар. Оладың беріктік қасиетін анықтап, мөлшерін шамаладық. Сөйтіп шамалы ғана өзгеріспен, жеңілдету мен техникалық есеп қисапқа, еңбекті нормаға салуға негіз етіп  алдық. Қопарылыс  айтарға оңай болғанымен, іс жүзінде жан түршіктіргендей орасан күш, оны адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті игілік жолында ісмерлікпен пайдалана білуі де үлкен өнер...».

  Бұл кезеңің техникалық дамудың қаншалықты дәрежеде болғаны белгілі. Әлбетте бұл көптеген дүниелердің адам қолының күшімен жасалатын кезеңі болатын. Соған орай мұндай дүниелерді жасау сол кезеңнің де, қазіргі кезеңніңде ерлігі боп саналады. Қоғамның осы бейнесі жайлы Қонаевтың естелігінде тағы да мынадай жолдар бар: «Мен ешбір кітаптан, ешбір диссертациядан кездестірмейтін ондаған, тіпті жүздеген инженерлік шешімдер туралы ұзақ таңғы әңгімелер едім. Мен уақытында жүзеге асып, ел кәдесіне жараған небір шым-шытырық жобаларды жасау барысында мына бізді – мамандарды өздерінің ақыл-кеңесімен тұйықтан алып шыққан жұмысшылардың тапқырлығы туралы жыр ғып айтуға даярмын. Олардың қанатты ойларын, тұжырымды пікірлерін күн сайын, сағат сайын аудай іздеп отыратынбыз. Ол бір кемел ойлардың ұшқын атып тұрған шағы еді... ».

            О.Қауғабай Д.А. Қонаев туралы мақаласында былай делінген: «Кеңес үкіметінен бұрын патшалық Ресей кезінде де Иран елімен дипломатиялық қатынас болған. Күрделі саяси жағдайларда бой көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі «Тегеран конференциясы» КСРО мен Иран арасындағы қарым-қатынастың қандай болғанынан хабар береді.

           Д.А. Қонаев Иранға келгенде «қырғи-қабақ» соғыстың күшейіп тұрған кезі еді. Әлем капиталистік елдер және социалистік жүйе болып екіге бөлінген кез болатын. Иран мұнайы үшін АҚШ жанталасып, онда үстемдік құра бастаған. Кеңес үкіметіне байланысты Чехословакиядағы оқиға әлемді елеңдетіп тұрған кез еді. Кеңес делегациясына осы оқиғаға байланысты сауалдар қойылады. Мұхаммед Резе Д.А. Қонаевтан осы оқиғаның сырын суыртпақтап сұрайды. Димекең Ирандағы Кеңес елшісі екеуі бұл мәселенің мән- жайын егжей – тегжейлі түсіндіріп, әңгіме әуенін басқа жаққа аударады. Туа біткеннен «димпломаттық қасиеті» бар Димекең саясатта сызат түсірмеуге тырысады.

           Кеңес делегациясы мүшелеріне және оның басшыларына көңілі толған шах Димекеңнің сенатта сөз сөйлеуін қалайды. Қонаев ертеңінде сенатта сөз сөйлеп, терезесі тең, өзара сыйластығы бар достық жайында әңгімелеп, Кеңес-Иран қарым-қатынасын жақсартуға байланысты әңгімелейді. Димекеңнің Сенатта сөйлеген сөзі ертеңінде Тегеранның барлық газетінде жарияланады».

   Сонымен қатар Димаш Ахметұлы республика үкіметінде үлкен әрі жауапты қызметтерде жүріп, оқымысты-кеншілердің жаңа тың зертеулері мен табыстарын қадағалап, мұқият саралап, басшылықта жүрсе де өз мамандығынан көз жазған емес. Қоңырат пен Риддерде еңбек ете жүріп, Қазақстан кеніштеріндегі бұрғылау-жару жұмыстары туралы қисапсыз жарияланымдарды жинап, бірегей жүйеге түсірді. Осыларды ескере отрып, Д.А. Қонаевтың батыл теориялық есептеулер, келешек карьерлердің көлем-аумағын белгілеп, ондаған кен орындарын ашық тәсілмен алуға ұсынылған еңбектердің иесі екендігін алға тартқымыз келеді. Тіпті бұдан кейінгі кезеңде, яғни Д.А. Қонаевтың ғылым және мемлекет қайраткерлігі қызметінде болып, ұйымдастырушылық қабілеттерінің одан сайын арта түскен шағында да ол қоғам бейнесін сипаттап, қазғазға түсіріп отырудан еш жалықпағандығына куә боламыз. Сөйтіп, оның заманхаттары қоғамды бүкпесіз, боямасыз бейнелеген шынайы тарихи дерек екендігіне осы тұстан-ақ көз жеткізе аламыз [8].

 

 

1.2 Д.А. Қонаев  еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы

       

           Жалпы осы тараушамызды біз тақырыпты толық ашу мақсатында заманхат ұғымының мәнін анықтап, қандай жағдайда «жеке адамдық деректерді» заманхатқа жатқыза аламыз деген сауалдарға жауап іздеп көруді жөн санадық.

            Қазіргі деректану ғылымында «жеке адамдық деректерді» сыныптау барысында деректердің ерекше түрлерін бөліп қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Жеке адамдық деректердің өзі заманхаттар (мемуарлар), күнделіктер, естеліктер, жеке жазбалар, хаттар деп бөлінеді. 

Соңғы жылдары мемуаристикаға арналған арнаулы деректанулық әдебиеттерде жеке адамдық деректер тобының бұл түрінің өзіндік айқын белгілері бар деген ғылыми дәлелденген пікірлер айтылып жүр. Ал қазіргі зерттеулерге сүйене отырып заманхаттық әдебиеттердің түрлік ерекшеліктерін анықтар болсақ, ол ерекшеліктердің өзі заманхаттардың алғашқы әлеуметтік функцияларынан туындайтынын көреміз. Демек заманхат – жеке адамның замандастары үшін және келешек ұрпақ үшін өзі қатысқан тарихи оқиғалардағы өзінің іс тәжірибесін көрсету үшін, ондағы өзінің орнын ой елегінен өткізу үшін жазылған әдеби еңбек.

           Қазақ халқының ұлттық көсемі Ахмет Байтұрсынов әдеби туындының бұл түріне «Біреудің заманында болған тарихи оқиғалардан, яғни өзі ішінде болған істерден дерек беру – заманхат деп аталады» – деген анықтама берген [3, 237 б.].

Ал қазіргі таңдағы  Қазақстандағы деректану мектебінің негізін қалаушы белгілі ғалым, профессор, тарих ғылымдырының докторы  Қ. Атабаев өз еңбегінде заманхаттардың мынандай түрлік ерекшеліктерін көрсетеді:

«1. Заманхаттың ұйымдастырушы - құрылымдық принципі ретінде жеке – субъективтілік бастамасы (аса субъективтілігі).

         Заманхаттардағы өткен туралы барлық баяндаушылық автордың индивидуальдық қабылдау қабілетіне негізделген. Онда жеке адамдық бастама ашық та айқын көрінеді. Заманхат авторының жеке тұлғасы еңбектің өзегі, оның құрылымдық принципі болып табылады. Өткенді суреттеу шеңбері автордың дүниеге жеке көзқарасымен шектеледі. Ол шындықтың тек өзінің көз алдында өткен жағын ғана бейнелей алады. Автордың «көз алдына» оның өмірлік іс тәжірибесі, өзінің заманы, замандастары туралы білгендері, өз басынан, ой елегінен өткізгендері енеді. Сондықтан заманхаттағы ақпарат құрамы аса күрделі болып келеді. Онда тікелей әсерлерден және автобиографиядан бастап заманхатқа енген басқа замандастарының мәліметтері, әр түрлі құжаттарға дейін енеді» [3, 237 б.].

        Дей тұрсақ та заманхаттағы өткенді бейнелеудің көлемі мен тереңдігі автордың тек оқиғаны қаншалықты білетіндігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның интелектуальдық сұраныстарына, оның философиялық-тарихи ойлау қабілетіне, адамгершілік-психологиялық ізденістеріне, жалпы рухани-мәдени дәрежесіне т.б. байланысты екендігін де өз тарапымыздан атап өткіміз келеді.

         Ал заманхаттардың екінші түрлік ерекшелігіне белгілі деретанушы-ғалым  аталмыш құжаттардың ретороспективтілігін жатқызады: «заманхаттың түрлік ерекшелігінің айқын белгілерінің бірі ретороспективтілігінің бастапқы уақытын анықтау нақты заманхаттар кешенінің мазмұны мен тақырыбына тікелей байланыстырыла қаралуы қажет» [3, 238 б.]. Ал белгілі ұлт зиялысы                         А. Байтұрсынов «заманхат» атауының өзі француздың «жад», «ес» сөздерінен шыққан «мемуар» терминінің баламасы екендігін айтқан.

         Демек аталған авторлардың заманхат деректеріне берген анықтамалары мен ерекшеліктеріне барысында, заманхаттың негізгі үш  белгісін анықтадық. Олардың біріншісі – заманхаттың субъективтілігі, екінші – ретроспективтілігі және соңғысы – жадқа сүйенушілігі. Осы айтылғандарды ескере отырып, біз заманхатқа мынадай анықтама бердік. Заманхат автордың өз көзімен көрген, қатысып араласқан оқиғалар жайындағы өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, қолжазба түрінде кездесетін деректік негізі бар жазбалары болып табылады. Заманхаттар қандай үлгіде жазылса да әдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Мемуарлық шығармада автордың өзі көріп-білген жайларды әртүрлі адамдардың әрекетін айғақтай отырып айтатыны – бұл жанрдың өзгешелігі және арқытқшылығын көрсетеді.

          Естеліктер, күнделіктер, жеке адамның жазысқан хаттары (эпистолярлық) ескерткіштері, тарихшылар үшін өздерінің пайда болу сипаты, мән-мағынасы жағынан бір – біріне жақын тарихи ескерткіштер болып табылады. Солай бола тұрсада олар дерек ретінде 3 түрге бөлінеді және оларды іздестірудің, пайдаланудың өзіндік бір ерекше жолдары бар: естелік, күнделік, хаттар субъективтік сипаттағы деректер. Себебі оларды жеке адамдар өз пікірі тұрғысынан жазады.

           Естеліктердің күнделіктермен хаттардан ерекшелігі олар күні бұрын белгілі шектелген адамдарға, өздерінің балалары, отбасы мүшелері үшін замандастары, тарихшылары үшін жазылады. Мұнда естеліктердің авторы алдына белгілі бір мақсат қойып, оны орындау үшін жадында сақталған материалды жинақтап тәртіпке келтіреді. Естеліктер кең ұғымда тарихи шығармалар болғанымен, олар құжаттық деректер бола алмайды.

         Әдетте, жеке адамдар естеліктерде уақиғаны тарихи талдау және тарихи салыстыру тұрғыда баяндамайды. Осындай сипаттағы деректермен шұғылданудағы мақсат :

Біріншіден, олардың авторын немесе ол деректің кімге арналғанын анықтаудан туындайды. Кім жазып, кімге жазылған белгісіз естеліктер, күнделіктер, хаттар тарихшыларға жиі кездеседі. Мұндай деректердің авторы туралы негізгі мәліметтері анықталмаған ескерткіштер толық жарамды болып табылмайды.

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы