Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.
КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38
2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Д.А. Қонаев 1955 - 1960 және 1962 - 1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 - 1962 және 1964 - 1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия де-легациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
1959 жылы Алматыға Вьетнамның
Жиырмасыншы
ғасырдың алыптары осындай
Д.А. Қонаев 82-ге қараған шағында өмірден озды. Оның өмірі үнемі шуақ шашқан шаттықта өте қойған жоқ. Оған 1985 жылдан бастап, әсіресе, 1986 жылдың желтоқсанынан кейін жала да жабылды, күйе де жағылды. Найзасы ұзын билік Д.А. Қонаевқа шүйлікті. Қазақтың игі жақсыларымен қосақтап қойып, жерден алып, жерге салды.
Д.А. Қонаев өзі де зейнетке кетуге дайын болатын. Еліне еңбегі сіңген, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған Қонаевты жөнімен, жолымен зейнетке шығарып салуға болатын еді ғой. Бірақ Горбачев мәселені басқаша шешкісі келді. Он сегіз минуттың ішінде қызметінен алды. Одан кейін жастар көшеге шықты. Желтоқсан оқиғасы басталды. Д.А. Қонаев қиын жағдайда қалды. Оны қорлағандай болды. Бірақ елдің бірлігін, ынтымағын өз мүддесінен үнемі биік қойып үйренген Қонаев ешкімге өкпе айтып, ашуланған да жоқ, жала жаптың деп ұрысқан да емес. Өзінің сабырға, ақылға жеңгізген маңғаз мінезімен абыройына абырой қоса білді.
Желтоқсан көтерілісінен кейінгі жағдай Д.А. Қонаевтың тағы бір биік қырын ашты. Колбиннің тексерушілері келіп: «Сізге теледидар сыйлапты, сол қайда?», – деп сұрапты. Д.А. Қонаев : «Рас, ондай сыйлық бар еді. Соны Колбиннің кабинетінен жақсылап қараңыздаршы, сонда тұр», – деген ғой. Шынында да сол жерден шыққан. Қосымша жалақысы бар ма деп тексергенде, қосымша жалақысы түгілі, академик ретінде алатын ақшасын жас ғалымдарға берілсін деп қалдырған. Өз отбасының мүлігін (пианино, кілем, вазалар, т.б.) Алматыдағы № 105 балалар бақшасына сыйға тартыпты. Ол кісі осындай таза болғандықтан аман қалды.
Бұл кісі ғылымға, мәдениетке ерекше көңіл бөлді. Қонаевтың уақытында ғалымдарды, жазушыларды, әншілерді қатты дәріптеді. Қазақстанның Ғылым академиясының Кеңес өкіметі кезіндегі мәртебесі теңдессіз еді. Ғылым академиясы құрылған 10-15 жылдың ішінде бізден бір топ адам Лениндік сыйлықтың лауреаты болды. «Сәтпаевтың геологиялық картасы» дегенде кім-кімнің де аузының суы ағатын. Ол заманда Лениндік сыйлықтың лауреаты Нобель сыйлығынан артық болмаса, кем емес еді. Академияның жылдық жиналысында әр жылда бірінші күні басынан аяғына дейін Қонаевтың өзі қатысатын.
Ол кезде Алматыға ұшақ келіп қонарда: «Қазақ Советтiк Социалистік Республикасының астанасы Алматыға келдік. Мұнда Ғылым академиясы бар», – деп таныстыратын. Ғалымдар Қонаевтың дәуірінде ең элиталы категорияға жатқызылды. Олардың жалақысы да жоғары болды.
Д.А. Қонаев әдебиетке, мәдениетке ерекше көңіл бөлетін, ақын, жазушыларға өте жақын болатын. Ол кісі Мәскеуде оқып жүргенде Үлкен театрдағы және басқа да театрлардағы спектакльдердің барлығын көргенін, ондағы ойнаған әртістердің аты-жөнін айтып отыратын. Соғыс жылдары Алматыға көптеген әртістер келді, біраз фильмдер Алматыда қойылғанын білеміз. Солармен де тығыз араласқанын, тікелей көмек көрсеткенін білеміз.
Қонаев қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ерекше көңіл бөліп, қамқорлық жасап жүретін, ал енді Әуезов, Мұқанов, Мүсірепов, тағы да басқа ақын, жазушылармен тікелей араласатын. Шәкен Аймановпен, тіпті, отбасымен араласып, дос боп кеткен.
Асанәлі Әшімовтің айтуынша, Д.А. Қонаев Аймановқа неге осы «Қыз Жібек» фильмін қоймайсың деп сұрап және ол фильмнің шығуына үлкен әсер еткен.
Олжас Сүлейменовтың «Аз и я» кітабы үшін Мәскеу жаппай қаралай бастағанда Қонаевтың оған сабырмен ара түскенін барлығымыз білеміз.
Ілияс Есенберлин «Көшпенділерді» жазғанында, одан кейін Әнуар Әлімжановты Қонаев қолдап отырғанын арыз жазып, «әшкере қылмақ» болғандарды да өкіне еске алуға болады.
Д.А. Қонаевтың Нұрғиса Тілендиевпен қалай араласқанын ел біледі. Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев Димекеңнің өмірінің соңына дейін араласып, туған күніне келіп, әңгіме-дүкен құрысып жүрді. Д.А. Қонаевтың уақытында 43 қала салынды. Жамбыл облысындағы Қаратау деген қаланы алайық. Ол жақта фосфор зауыттары іске кірісті. Шымкенттегі Кентау Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары үшін салынды. Балқаш комбинатын өркендету үшін Балқаш қаласы қанат жайды. Мұнайлы қала Шевченко. Тіпті, Қапшағай қаласын алайық. Қонаевтың инициативасымен, басшылығымен салынған. Осының арқасында төменгі жақтағы Балқаш ауданында күріш егіліп, бірнеше жаңа совхоздар құрылып, екіншіден, Алматыға қосымша электр энергиясын беретін болды. Үшіншіден, қандай әдемі көл пайда болды.
Д.А. Қонаев Алматы қаласына да ерекше көңіл бөлетін. Ол кісі Алматыны шын мәніндегі астана етуге бар күшін, барлық беделін, тіпті, бар ақыл, айласын жұмсады. Соның бірегейлері Медеу мұз айдыны, Республика және Оқушылар сарайы, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар, Алматы мақта-мата комбинатының Мәдениет сарайы, тұңғыш 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, шығыс үлгісінде салынған «Арасан» моншасы, тағы тағылар.
Қонаев ірі ғимараттар салғанда да халықтың жағдайын ойлайтын. Қазіргі қалалық әкімдік орналасқан үй бұрын Орталық партия комитетінің үйі еді. Оған Мәскеу әдейі ақша бөлген. Сол ғимаратты қайда орналастырар мәселесі қаралды. Сонда Д.А. Қонаевтың ұсынысымен ол ғимарат Абай даңғылының жоғары жағындағы өңкей бір-біріне жабысқан тоқал тамдардың (ол уақытта халық «Шанхай» дейтін) үстінен түсетін болды. Соның арқасында Фурманов көшесі мен Желтоқсан көшесінің аралығындағы Республика алаңындағы үйлер бұзылып, 1500-ден аса отбасына жаңа үйлер берілді.
Сол сияқты Лениннің 100 жылдығын атап өтуді де ел игілігіне бұра білді. Соны пайдаланып, Ленин (қазіргі Республика) сарайын салдыртты. Ленин (қазіргі Достық) даңғылын жаңарту керек деп, 1-2 қабат ескі үйлерді бұзып, ежелгі тұрғындарға тағы да баспана салып беруге қол жеткізген еді.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С.Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Д.А. Қонаев Алматының қарапайым Черныйшевский атындағы №19 орта білім беретін бірінші сатылы мектебінде оқып, одан кейін №14 екінші сатылы мектепке ауысып оқуын сол жерде жалғастырады.
Өзінің мектеп кезін белгілі қайраткер былай деп еске алады: «Өзі заманы бірдің талабы бір дейді ғой, біздермен қыздар аралас оқыды, мектептегі әдет ғұрып, әрине, бүгінгідей емес, тәртіп қатаң еді, оны сақтай да білетінбіз, бір бірімізге құрметпен қарап, сыйласа да білетінбіз, қандай жағдайда болмасын қол ұшын беруден тартынбайтынбыз. Ол кезде оқытудың бригадалық әдісі кеңірек қолға алынғаны бар. Ол үлгерімі жақсы оқушы нашар оқитындарды жетекке алу деген сөз, ал мұның өзі жемісін бермей қоймайтын еді. Бір ғажабы, мектеп қабырғасында жүріп ақ тау-кен инжинері болуға бел байлаған едім. Қазақтар үшін әрине, ол таңсық кәсіп. Арман аламапты. Ал оған қалай қол жетті? Мен мектеп бітірген соң, жоспарлау органдарында статист болып жұмыс істедім, ал кешкілік институттың дайындық курсында оқыдым» [1, 18 б.].
Өзінің естелігінде атап өткендей, 1930 жылы орта мектепті бітірген соң ол республиканың жоспарлау органында статист болып жұмыс атқарады. Ал 1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеудің түсті металдар институтына түскен жылдан бастап, Д.А. Қонаевтың студенттік өмірі басталған болатын. Дегенмен Д.А. Қонаевтың студенттік жылдары елдің өміріндегі аса ауыр күндермен тұспа-тұс келді. Империя билігінің қыспағы мен биліктің ауысуы, соғыстан келген зардап, қайта құру реформалары мен ашаршылықтың құрбаны болған халық өмірінің картинасын белгілі қайраткер өз естеліктерінде былай деп суреттейді: «Менің Мәскеуде оқуым республиканың, елдің өміріндегі аса ауыр кезеңге зорлап коллективтендіру науқанымен тұспа тұс келді. Ел құлағы елу. Ауылдың адам төзгісіз ауыр жағдайын естіген сайын аза бойымыз қаза тұратын. Шалғайда жүрсек те арқамызға бататын. Бірде үйден хат алдым. Қабырғалары қайысып жазыпты: ел ішін аштық меңдеп, жығылғанға жұдырық індет жайлапты. Оны өз көзіммен көрдім. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Түрген селосында тұратын әке шешеме келсем, тігерге тұяқ жоқ, ел әбден азып тозыпты. Аттап бассаң кісі өлімі, зарлаған ана, жылыған бала. Жылдары осы ауданның Балтабай, Маловодное аудандарында түндігі ашылмай қалған шаңырақта есеп жоқ. Бұл бірер ауылдың тартқан қасіреті емес, иісі қазақтың басына түскен нәубет болды» [1, 22 б.].
Сөйтіп аталмыш кезеңнің халқымыз үшін аса ауыр уақыттардың бірі болғандығы жайлы коммунистік жүйеге өмірінің соңына дейін адал болып қалған Д.А. Қонаевтың өзі осылай мойындайды. Сонымен қатар белгілі қайраткер біз атап отырған кезеңнің ауыр зардартарын әрі қарай былай деп еске алады: «...Елің қырылып жатқанда арқа басты кеңге салатын күн қайда. Мәскеуде оқып жүрген жастарда не ұйқы, не күлкі жоқ. Шарқ ұрып шығар шара іздейміз. Сол кезде қазақ жастары арасында ауылдастар ұйымы бар еді, соның мұрындық болуымен Чистый пруттағы «Колизей» театрына жиналып, жоғарғы үкімет орындарынан республикадағы жағдайдың анық-қанығын айтуды және оған нендей көмек көмек көрсетіліп жатқанына хабар етуді талап етеді. Мәскеуге қазақ студенттерінің толқуын басып сабырға шақыруға Қазақ өлкелік комитетінің хатщысы – Кохиани арнайы шақырылыпты. Ол аңқау елге арамза молда болып, үйреніп алса керек. Жоқты бардай, ақсақты дыңдай қып тап түк болмағандай әйт кеп сайрасын. Елге барып қайтқан біз оның бетін шімірікпесетен өтірікті соғып, тұрағанына көнеміз бе. Бетің бар, жүзің бар дегеніміз жоқ. Ақиқатты ақтарып салдық. әсіресе Свердлов атындағы коммунистік университеттің тыңдаушылары ақты ақ, қараны қара деп Кохианидің жауырды жаба тоқып, ақиқатты айналып өтіп, жалған хабарлама жасағанын бетіне басты. Ораздың ағасы Оразалы Жандосовтың өткір тілі, ойлы сөзі, өжет мінезі ерекше есте қалды.
Республикада практикада болып, көптеген геологиялық барлау партияларын араладым, - деді ол, өршелене. Адамдардың әсіресе дәрменсіз қарттар мен бейкүнә балалардың өлігінен аяқ алып жүре алмайсың. Бұдан асқан жауыздық, бұдан өткен сорақылық болмайды. Сол жерде жердің жарығы болса Кохиани кіріп кетердей халде тұр. ...Театрдағы жиналыстан соң да үкімет орындарының иманды ауыздары сылп етсейші. Салдарлы шешім қабылдамақ түгілі селт етіп аштыққа тосқауыл қояйық, қазақ жұртына азық-түліктен қол ұшын берейік деп емеурін танытқан тірі пендені көрмедік. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның кебі келді де қойды. Нәубет бүкіл елді жаулап алған-ды. Оған 1933 жылы Уралдың Дегтярск кенішіне практикаға барған кезде көз жеткіздік. Құдай басқа салмасын, тап жауы ретінде мал-жаннан айырылып, жердің түкпіріне айдалып келгендер сеңдей соғылысады. Не ішері, не жері жоқ, не киері, не тұрары жоқ. Арып-ашқан шетінен тірі аруақ» [1, 23 б.].
Байқап отырған болсақ, елдің саяси ахуалы мен халықтың мүшкіл жағдайы Д.А. Қонаевтың естелігінде бүкпесіз, боямасыз бейнеленген.
1936 жылы шілдеде Д.А. Қонаев Мәскеу түсті металдар мен алтын институтын қызыл дипломмен бітіріп, Қоңырат Балқаш құрлысына жолдама алады. Өз естелігінде Д.А. Қонаев «осы жерден менің өмірбаяным, нағыз еңбек жолым басталды» - деп атап кеткен болатын. Сондай-ақ ол өз естелігінде Балқашқа жұмыс атқаруға жолдама бергенін естігенде өте қатты қуанғандығын айтады.