Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені, деректану - тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену, келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады. Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу, еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Д.А. ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНХАТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН - МАЗМҰНЫ
1.1 Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметі…..………….………………….8-20
1.2 Д.А. Қонаев еңбектерінің тарихи дереккөздері ретіндегі маңызы.…......20-38

2. ҚОНАЕВ ЗАМАНХАТТАРЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
2.1 Д.А. Қонаев заманхаттары республиканың экономикалық және мәдени дамуы жағдайының дереккөздері ретінде……………...…………………......39-48
2.2 Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы……………………………………...………………..48-61

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

айбар.doc

— 865.00 Кб (Скачать)

Екіншіден, деректердің негізгі мәтінінің түпнұсқасының жазылған уақытын анықтау болып табылады.

          Заманхаттың осы ерекшеліктерінен шыға отырып А. Байтұрсынұлы заманхаттың пайда болуының себептерін, оның тарихи деректік ерекшеліктерін көрсетті. Ол «Мәдени жұрттың адымында заманында болған көзге түсерлік оқиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заманхатты  оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заманхатта оқиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады» – деп, заманхаттың дерек ретіндегі маңызының зор екендігін және ондағы мәліметтердің ғылыми құндылығының жоғары болатындығын атап өткен А. Байтұрсынұлы, өз ойын «заманхаттың өзіндік ерекшеліктерінің бірі оның аса субъективтілігінде» деп жалғастырады.  Әрине, келешекте қазақ заманхаттарын тарихи дерек ретінде зерттейтін ғалымдар А. Байтұрсынұлының бұл пікірлерімен санасуға, ол көрсеткен заманхаттың деректік ерекшеліктерін ескеруге тиіс болады. Заманхаттың тарихи дерек ретінде ғылыми сыннан өтуінің қажет екендігін ҚР ҒА академигі, профессор Манаш Қозыбаев «Мемуарлық әдебиетке сын көз керек, ондағы деректерді ой елегінен өткізіп, басқа деректермен салыстырып отыру керек» – дейді  [3, 241 б.].

         Біз де аталғандарды ескере отырып, Д.А. Қонаев заманхаттарының тарихи дерек ретіндегі шынайылығы мен объективтілігін көрсету мақсатында жоғарыдағы авторлардың заманхатқа берген анықтамаларында қоғамның шынайы бейнесі көрініс тапқан Қонаев заманхаттарына тән сипаттар айтылғандығын дәледеуге кірісейік.

         Егер адам қырық жыл қатарынан ел ағалығына жараса, Коммунистік партияның, оның Орталық Комитетінің зор сенімі және қазақ халықының өз перзентіне деген сенімі шығар. Д.А. Қонаев Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайымен тікелей байланыста болғандықтан, күнделікті өмірі осы проблемалардың шеңберінде өткендіктен оның естелік жазуы өте орынды. Қазақстанның қоғам кдйраткері, Олжас Сүлейменовтың және  көпшіліктің сұрауымен: «Сіздің естелігіңіз дәл қазір республика тарихына, басқаша көзбен қарап жатқан сындарлы шақта ауадай қажет, - деген пікірлерінен әсер алған Қонаев, өз өміріндегі болған жағдайларды еске алу арқылы естелік-эсселерін жазуға кіріседі [1, 6 б.].

          1992 жылы жазылған «О моем времени» атты естелігін қазақшaға Серік Әбдірайымұлы «Өтті дәурен осылай» - деп аударады. Бұл кітап көпшілік оқырманның қызығушылығын тудырды – деп жазады  Қонаев, өзінің екінші 1994 жылы шыққан  «Ақиқаттан аттауға болмайды» («От Сталина до Горбачева»)  деп аталатын заманхаттында журналист  Серік  Әбдірайымұлы жоғарыда айтылған екі естелікті де орысшадан еркін аударма жасап, қазақша нұсқасын жазды.

 Д.А. Қонаевтың заманхаттары оның өз өмірі мен өмір сүріп жатқан қоғамы жайлы жазылған естеліктерден құралған. Мәселен, ол өз заманхаттарында өзінің 30 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі жайында айта келе, елдің саяси көрінісінен хабардар етеді: «КХК төрағасының орынбасары болып істеген он жыл, - деп еске түсіреді  Д.А.Қонаев, - өмірде маған көп нәрсе берді. ОК бюросының басшылығымен өткен жұмыс өмірді жіті және аумақты қарауға үйретті, көңіл көкжиегін кеңейтті, тапсырылған жұмысқа жауапкершілік артты. КХК мен МК, Президиумда бірде баз, бірде дау-дамай туатын. Бұл істің көзін таба біліп, оны оңтайлы шешудің жолын іздегендік еді. Мұның бәрі әр басшы үшін жақсы мектеп болып, ұйымдастырушылык пен тәртіпке үйретті». Ал осы кезеңдегі құрылыс жағдайына және онда болып жатқан өзгерістерге өзіндік баға берген ол «...мен дәл осы тұста мына бір мәселеге ден қойғандарыңызды қалар едім. Қазір ойласам сол бір тұс құрлыстағы аса бір бетбұрыс кезеңі екен. Бірі келіп бірі шығып сапырылысып жатқан тірлік сап тыйылды. Жұмысшылардың сапындағы қазақтардың саны күрт көтерілді. 1934 жылы олардың қатары 75 процентке жетті. Ең бастысы саны жағынан ғана емес, сапалық тұрғыдан ілгерілеу үміт отын үрлей түсті. Құрылыстың алғашқы жылдарында қазақтардың басым көпшілігі қара жұмысшы болса, 1934-1935 жылдары олардың 50 проценттен астамы күрделі мамандықтарды игерді...» деп, қоғам бейнесін бүкпесіз сипаттайды.

  Бұл жылдары баспасөзде де, радиода да КСРО-ның, сонымен қатар Қазақстанның экономикалық даму үстінде екендігі жайлы көптеп айтылатын. Расында да 30 жылдардың ортасы ел экономикасының адам сенгісіз дәрежеде көтерілген кезеңі болды. Қазақстанда қысқа уақыт ішінде  күшті дамыған индустрялды база бой көтеріп, көптеген жаңа мекемелер өз өнімдерін бере бастады. Кеңейтілген экономикалық, әлеуметтік, саяси бағдарламалардың нәтижесінде қайта құрулар Ресейдің басқа аудандарында да жүзеге асып жатқан болатын. Қазақстандағы өндіріс орындарын дамыту саясатының қарқынды жүруі  елдің шаруашылық және мәдени жағынан басқа елдермен иық теңестіруіне мүмкіндік берді. Елдің экономикалық ілгерілеуінің көрінісін Қонаевтың өз еңбегінде тағы да былай деп баяндайды: «...Еңбектегі жетістіктер ауыз толтырып айтқандайа-ақ болды. Олармен көршілес ұжымдар да қтардан қалыспауы, тіпті мыңдайы жарылып көш бастауға ұмтылған ілгері қадамы естіген жұртты елең еткізгендей еді. Жарасымды еңбек бәсекесінің нәтижесі 1937 жылғы наурызда Қоңырат кенін тиеген алғашқы эшолонды Балқаштың байыту фабрикасына мерзімнен бұрын жөнелтуге мүмкіндік әперді. Бір ғажаба әлгі эшолонды жеткізген «ЭМ4880» паравозы қиындығы мен қуанышы жақсылығы мен жамандығы қым-қуат жылдардың 30-40 жылдардағы ұрпақтың – бірінші және екінші бесжылдық құрылысшыларының еңбек даңқының белгісіндей мәңгілік тұғырға қойылған. Мен оны көрген сайын, бүкіл ел болып, бүкіл халық болып жұмылған ұлы іске азды-көпті өз үлесімді қосқаныма іштей тәубе айтамын» [1, 42 б.].

          Бұдан әрі академик Қонаев «...әрине үлкен іс кемшіліксіз болмай тұрмайды. Қанша дайындық жұмысын жүргізбейік, бәрібір алдына қойған асты қойған-қойғанынша қақшып отыратын қомағайдай, байыту фабрикасын кенмен үздіксіз қамтамасыз ету оңайға соқпады» - деп, қарқын алған жағдайды сейілтетін қиындықтардың да кездескендігін жасырмайды.

    Жалпы Қонаев еңбектерінің басым көпшілігі оның өз көзімен көрген, шынайы куә болған оқиғалардың қағаздағы нұсқасы болғандықтан, олардың барлығы тарихи заманхаттар екендігін ескеріп, ал заманхаттардың деректік негізі бар құжаттар екенігін атап айтқымыз келеді. Ал белгілі деректанушы-ғалым Қ. Атабаев айтпақшы, заманхаттың – субъективті дерек екендігін ескере отырып, Қонаев заманхаттарындағы субъективті тұстардың кездесетіндігін де жоққа шағара алмаймыз. Дегенмен, заманхаттарға ортақ тиесілі бұл сипат олардың құжат ретіндегі, дерек ретіндегі объективтілігі мен шынайылық сипатын жоя алмады.

Сонымен осы тарауымыздың бірінші  бөлімін тәмамдай отырып, мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткізе алдық.

Біріншіден, олардың едәуір фактілік деректер және өмірбаянынан кейбір мәліметтер беретіндігінде;

Екіншіден, автор куә  болған дәуірінің әдет-ғұрып, тұрмыс-салт дәстүрінің, психологиясының бейнеленуі;

Үшіншіден, заманхаттарды, олардың жеке адамдық сипатына қарамастан, объективтік әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың, тұтас бір қоғамдық топтардың, жіктердің, таптардың мақсат-мүддесі, ой санасы және іс әрекеттерінің көрініс табатындығында.

 Алдыңғы тараушамызда Д.А. Қонаевтың қоғамдық - саяси қызметін қарастыра отырып, ендігі кезекте заманхаттардың саяси өмірді бейнелейтін дерек ретіндегі маңызы мәселесіне көшейік.

 Д.А. Қонаевтың  «Өтті дәурен осылай» естелік эссесі орыс тілінен қазақшаға аударылған нұсқа болып табылады. Оның қазақша нұсқасын автордың ықыласымен  кеңейтіп, әдеби редекциялаған журналист Серік  Әбдірайымұлы  болатын. Алматы қаласында 1992 жылы басылып шыққан 488 беттік туынды рим цифрімен белгіленген  42 тараудан тұрады.

         Ислам Қабышұлы Д.А. Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» атты еңбегін монғол тіліне де аударған. Бұл кітап естелік мемуар түрінде  жазылған. Қонаев «Өтті дәурен осылай»  еңбегін жазуды зейнетке шыққанда қолға алған. Қонаевтың кітап жазуына түрткі болған депутаттар мен жұмысшылардың сөзі болатын. 

 Д. Ахметұлының көзі тірісінде жарыққа шыққан «Өтті дәурен осылай» еңбегі қанша мол данамен тараса да, теңізге тамған тамшыдай болып жұртшылыққа жетпей қалғаны да жасырын емес. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт ағайындар мыңдап кітап сұратса, Туркия, Германия, АҚШ, Италия, Корея елдері бұл еңбекті өз тілдеріне аударып бастырып та үлгерді. «Сақтықтан гөрі салмағын деп ашып айтпадым-ау – дейтін тұстарға қайта оралайын» дейтін ойдың жетегінде Қонаевтың еңбегі қайта толықтырылып басылып шығады.

 Қонаев естеліктерінің ең бірінші дерек ретінде маңыздылығы түпнұсқасының болуында. Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде, Қонаев өзі жазған орыс тіліндегі және аударылған қазақ тіліндегі нұсқаларын пайдаланамыз. Бұл еңбектердің екі тілде қатар берілуі, зерттеушілер үшін тиімді жағымен қатар, қиыншылық туғызатын жағы да бар, түпнұсқасы орыс тілінде жазылып, сонан соң  қазақ тіліне аударылғандықтан зерттеуші орыс тіліндегі нұсқаны дерек ретінде пайдалануға тиіс болады немесе керісінше. Өйткені зерттеушінің дерек мазмұнын терең түсінуі, деректану ғылымының басты шартының бірі. Онсыз деректегі ақпараттың толықтық, шынайылық дәрежесін анықтау және мәліметтің ғылыми құндылыган дәлелдеу мүмкін болмас еді.

 Жоғарыда айтылған екі естелік те үш бөлімнен тұрады, мазмұндары ұқсас, тек Д. Қонаевтың кейінгі «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген естелігі ғана көптеген мағлұматтармен толықтырылып жазылған. Бұл естеліктердің еліміздің тарихы үшін, әсірісе Қазақстанның 70 жыл КСРО құрамында болған тарихының дерек көзі ретінде орны ерекше. Кез-келген дерек сияқты олар да нақты оқиғалардың, қоғамдық құбылыстардың жазба дерегі ретінде белгілі бір уақыт пен кеңістікте пайда болды. Бұл жазба деректер өз өмірін еске алу нәтижесінде дүниеге келді. Коммунистік партияның тәлімін алып, тәрбиесінде өскен адамның өмір жолы ғана емес, ол осы жолдардың авторы тікелей аралас-құралас болған еңбектес достар туралы,  Қазақстандағы социалистік құрылыстың ұмытылмас күндері жайында, Қонаев заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганнинің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың тіпті Горбачевтің көпшілікке жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты әңгімелеп береді, оның игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жауып қойылған Теміртау оқиғасы, Семей полигонын, Арал мәселесін, Желтоқсан зардаптарын, сондай-ақ тілге, дінге, ділге катысты көкейтесті сұрақтардын жауабын алға тартады. Ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі Кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды. Сонымен қатар Д.А. Қонаевтың заманхаттарының ерекшелігі және маңыздылығы олардың Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін жазылғандығында болып отыр. Кім біледі, егер компартияның үстем еткен кезінде жазылса, естеліктер сол кездегі саясаттың мүддесінде байланысты жазылар ма еді? Уақыт өте бұл естелектер теңдесі жоқ тасқа басылтан деректердің біріне айналатындығы сөзсіз. Демек «Өтті дәурен осылай» және «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты заманхаттар арқылы жеткен деректер, кезінде қоғамдағы болған объективті құбылыстардың субъективті бейнеленуінің диалектикалық жемісі деп айта аламыз. Нақтырақ айтсақ бұл еңбектер, Қонаевтың өмір сүрген уақыты мен ортасы туралы обьективті мәліметтер көзі болып табылады.

         Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабында арғы аталары Азынабай мен Қонай туралы айта келіп: Қазақта «Кірме мен күндестің күні бір» деген сөз бар. Сол айтқандай, Азынабай дүние салған соң артында қалған ұрпаққа тықыр таяна бастайды. Қонай қайын жұртының иықтағанын көтере алмайды. Көне көз кісілердің айтуына қарағанда,кесек жаратылған ,өр мінез, батыр шалыс кісі екен. Ағайын –жұртына ақыл салып, ата қонысы – Жетісуға қайта көшуге бел байлайды. Оған Тобықтылар: «Бақ деген көшпелі, қыз алған күйеуге де кетеді, қыздан туған жиенге де кетеді» деп қыздарын жібермеудің әрекетін жасайды. Ондағысы: «Енесіне кісен салынса,құлындары ұзай қоймас деген ойлары болса керек. Қонай шарт кетеді: «Жанымды алсаңдар аларсыңдар, бірақ қанымды қалдыра алмаймын!» деп әйелі мен қызын тастайды да, бес жасар Жұмабайын алып кетеді. Содан Қонайды арқа тұтқан ағайындары түгел атажұртына жетіп, осы Алматы өзенінің оң жақ жағалауын жайлапты. Осы бір аласапыран тұста оттай жанып,алмас қылыштай жарқылдап тұрған үлкен ұлы Жетібай жиырма бес жасында қыршын кетеді. Жас өлім атамызды едәуір қажытып, еңсесін түсіріп кетеді. Артынша Күртідегі туған – туыстарын аңсап, тірісіне аманат, өлісіне салауат айтпаққа жолға шығады. Ол «жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» деген ауыр заман ғой. Аңдысқан жау алмай тыңбайды. Қаскелеңнің тұсында жол бойындағы зиратқа тоқтап, әруақтарға тәу етіп, бата оқып отырған үстінде қастасқан жау опасыздықпен өлтіріп кетеді. Сөйтіп, онсыз да қара жамылып, қасірет шеккен Қырықжылқы деген келіні жиырма екі жасында жесір, мұсылман мектебіне барып жүрген Жұмабай жеті жасында осылай жетім қалыпты. Әрине, өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі тіршілігін жасайды. Ағайын арқа сүйер азаматының отын өшірмейміз деп, інісінің әйелі Қырықжылқыны Азынабайдың ортаншы ұлы Шолаққа қосады. Жұмабай солардың қолында өседі. Жұмабай алғыр кісі болса керек, діни мектептер де шәкірттердің маңдай алдысы екен, оны бітірген соң елге барып дәріс береді. 1904 жылы Туркия арқылы Сауд Арабиясына сапар шегеді, осы жолы Мекке мен Мединеге қажылыққа барады. Содан 1905 жылы Үндістан мен Ауғанстан арқылы елге оралады, сөйтіп қажылық Жұмабай атамның сегіз жыл уақытын алыпты деп жазады Д.Қонаев. Оның туған әкесі де Меңліахмет еліне елеулі, халқына беделді адам болған [2, 15 б.].

           Димаш Ахметұлының  Қазақстан Республикасы үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Қазақ топырағында 82 қаланың бой көтеруі, халықтың жаппай сауаттануы, қазақ жастарының көптеп жоғары білім ала бастауы, қазақтардың дендеп басшылық қызметтерге келуі тікелей Димекеңнің есімімен байланысты дейді, - Ораз Қауғабайдың жарияланып отырған мақаласында. Мұнда Д.А.Қонаевтың өткен ғасырдың елуінші жылдары Қытай Халық Республикасына барған сапары, осы сапардан алған әсері бойынша жазған «Халықтық Қытайдағы 30 күн» атты кітабы туралы баяндалады [18, 3б.].

Информация о работе Д.А. Қонаев заманхаттарында Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік - саяси жағдайдың көрініс табуы