Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Файлы: 1 файл

толле.doc

— 860.50 Кб (Скачать)

Әдістемелік құрал моделінің жалпы әлементтері төмендегілер болып табылады:

  • берілген сынып бағдарламасының мазмұндық бөлімінде көрсетілген пәнді оқыту мақсатының сипаттамасын беру;
  • оқу үрдісінде оқулықты және баска да құралдарды пайдалану әдіс-тәсілдерін көрсету;
  • күрделі тақырыптар мен сұрақтарды оқытудың баламалы жолдарын көрсету.

Біз әдістемелік оқу құралында беріліп отырған бағыт-бағдар көлемінде шектелу қажет деген ойдан аулақпыз. ¥зақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп келе хатқан ұстаздарымыздың өз тәжірибелері бар екендігі сөзсіз. «Отандьщ тарихтың жарқын беттерін, көлеңкелі тұстарын, есімі ескерусіз қалған ел ардақтыларын оқушыға жеткізу, таныстыру ұстаздар қауымының қасиетті тіндеті болса, бұл оқыту әдістемесі оның сол мақсатты жүзеге асырудағы - әмекші құралы болып табылмақ» [91,4 6.].

Оқулыққа қоса беріліп отырған хрестоматия [92] сол оқулықтағы білім негіздерін нақты тарихи құжаттармен нақтылай түседі, тереңдетеді,  әрі кеңейтеді. Құжат материалдары оқушылардың сабақта да, одан тыс уақытта да өздігінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

«Хрестоматия дегеніміз - бағдарламалық материалдарға тікелей қатысы бар, оларды толықтырып, мәнін ашып, оқушының қызығушылығын туғызуға септігін тигізетін деректі материалдар мен көркем шығармаларды жинақтаған оқу кітабы» [75, 64 б.].

7-сыныпқа арналған хрестоматия «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде ұсынылған. Бағдарлама бойынша, «оқулыққа   сәйкес   құрастырылған.   Хрестоматия   хронологиялық   жағынан аталмыш оқулықтағы кезеңдерді толық қамтиды.

Хрестоматияның бір ерекшелігі - оны құрастырғанда осындай құралдарға қойылатын  ғылыми-әдістемелік  талаптардың  мұқият  ескерілуі.  Мәселен, алдымен кіріспе берілген. Мұнда іріктелген құжаттардың қандай ретпен орналастырылғандығына,    олардың    ерекшеліктеріне    назар    аударылған. Хрестоматиядағы құжаттардың оқулықтың мазмұнына сәйкес үш бөлімнен тұратындығы және мұндағы оқушылардың тарихи білімдерінің қай тұстарын толықтыратыны ескертілген. Құжаттардың негізгі бөлігінің қандай деректерден алынғандығы, яғни хрестоматияға мектеп мұғалімдерінің қолына оңайлықпен түсе қоймайтын, жазба деректер негізінде жазылған ғылыми мақалалар мен хонографияларан үзінділер беріліп отырғандығы таныстырылған.

Бірінші бөлімде ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларды баяндайтын деректер және қытай деректері бойынша жапон, қытай, т.б. тарихшы ғалымдардың түркілер туралы жазған еңбектерінен үзінділер берілген, әсіресе көрнекті тарихшы Л. Гумилевтің атақты «Көне түріктер» атты монографиясынан көлемді үзінділер келтіріледі. Сонымен қатар бұл жазба ескерткіштерде сол кездегі түркілердің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діни наным-сенімдері туралы алуан түрлі мағлұматтар мол. Олардың дені қазақ халқының өмірінен қазіргі кезге дейін орын алып отырғаны салыстыра айтылса, ол оқушыларға әрі қызықты, әрі түсінікті болады.

Екінші бөлімде Қарахан мемлекетінің кезінде жерімізде отырықшылық тұрмыстың жандануы, қалалық өмірдің дамуы туралы соны дерек беретін археологиялық зерттеу материалдары енгізілген. Мәдениеттің гүлдену кезеңінде салынған кесенелер, ғылым-білімнің дамуы және ұлы ғүламалар жөнінде де көптеген мағлұматтар бар.

Үшінші бөлімде қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті туралы деректер көптеп келтірілген.

Хрестоматиядағы құжаттар күрделілік деңгейі, көлемі, мазмұны жөнінен 7-сынып оқушыларының дайындық дәрежесіне лайық.

Бұл хрестоматияда мәдениет тарихына қатысты құжаттар барлық құжаттар санының жартысына жуығын қамтиды, яғни барлығы 114 құжат берілсе, оның 49-ы мәдениет тарихы тақырыптарына арналған.

Ескеретін   жағдай   -   хрестоматияның   әрбір   тақырыптары   соңынан тапсырмалар мен сұрақтар берілсе және олар көбіне өздігінше ойланып жауап беруге, өз бағасын, көзқарасын білдіруге әсер ететін болса құралдың тиімділігі арта түседі. «Баға бер», «есіңе түсір», «қорытынды жаса», «байланыстыр», салыстыр», «... деген пікірмен келісесіз бе?», «өз пікіріңді айт», - деп келетін нұсқауларды орындау бағыттарында жұмыс жүргізуге арналған тапсырмалар, оқушыға   игеруге   ұсынылып   отырған   ғылыми   ақпараттан   туындайтын диаграммалар, схемалар, графиктер, хронологиялық немесе өзге пішіндегі сестелерді сыздыртатын тапсырмалар, тарихи оқиғалардың шығу себептерін немесе олардың арасындағы себептік-салдарлық байланыстарын көрсетуді, түрлі фактілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуды талап ететін сұрақтар оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту, олардың белсенділігін арттыру үшін тиімді.

Жоғарыда келтірілген бағдарлама мен оқулық арасындағы сәйкессіздіктер және оқушыларды дамыта оқытуда маңызды болып табылатын оқулықтың әдістемелік аппараты жөніндегі зерттеу нәтижелеріміз объективті болуы үшін біз мұғалімдердің пікірлерін білу үшін төмендегідей екі кесте жасадық.

Кесте 1 - «Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихының (7-сынып) бағдарламаға    сәйкес келуі» жеті бағанадан құралды. Олар: тақырыптың бағдарлама мен оқулықта аталуы; бағдарламадағы мәселенің оқулықта камтылу дәрежесі; бағдарлама мен оқулық арасындағы сәйкессіздіктер; оқу материалының бөлінген сағатқа қаншалықты сәйкес келетіндігі; тақырыпты оқытуға бөлінген уақыт, оқулықтағы көлемі (беті); бағдарлама мен оқулықты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар (Қосымша А.1).

Кесте 2 - «Қазақстан тарихы оқулығындағы (7-сынып) мәдениет тарихы бойынша әдістемелік аппаратты жетілдіру» деп аталады. Ол: оқулықтардағы илллюстрациялардың, сұрақтар мен тапсырмалардың сандық, сапалық дәрежесін, сондай-ақ оларды жетілдіру ұсыныстарына арналған (Қосымша А.2).

Осы кестелердің көмегімен бағдарлама мен оқулық туралы мұғалімдердің пікірін білген уақытта мәдениет тарихының оқулықта қамтылу дәрежесі, бағдарлама мен оқулық арасындағы сәйкессіздіктер, оқу материалының бөлінген сағатқа қаншалықты сәйкес келетіндігі, иллюстрациялар, сұрақтар мен талсырмалардың сандық, сапалық дәрежесі жөнінде объективті мәлімет алынып, ол жоғарыда біз келтірген зерттеу нәтижелерін растады.

Мұғалімдердің орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихының қазіргі жағдайы (сағат саны, мазмұны), оқытылу реті, сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі, иллюстрациялар, хрестоматия жөнінде пікірлерін сұрайтын сауалнама Косымша ә) жүргізілді. Мұндағы мақсат - осы пәнді ойдағыдай оқыту үшін ыасалып жатқан іс-шаралардың - жаңа бағдарламаның, оқулықтың, басқа да құалдардың қаншалықты талапқа сай жасалғанын анықтау.

Сонымен қатар, оқушылардың орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихының ішінде ұнағаны, қызықтырғаны, сұрақтар мен тапсырмалар, хрестоматия, иллюстрациялар жөнінде пікірлерін сұрайтын сауалнама қосымша б) жүргізілді. Нәтижесінде оқушыларды Қазақстан мәдениеті тарихы өте қызықтыратыны анықталды. Мысалы, № 12 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Салқынбекова Жұлдыз «Өзің оқып жүрген сыныптағы Қазақстан тарихы оқулығындағы мәдениет мәселелері бойынша саған не ады? Қандай тақырыптар қызықтырды, қызықтырған не?» - деген сұраққа «Әрбір халықтың өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті болады.

Ата-бабамыздың өмір салтын бізге жеткізетін олардың мәдениеті. 7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығында мәдениет мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Бұл оқулықтағы маған ұнағаны - оқулықтың соңында берілген тарихи терминдер түсінігі. Оқулықта көптеген мәдени ескерткіштердің суреттері берілгені маған ұнады», - деп жауап берген.

Сонымен, мұғалімдер мен оқушылардың пікірлерін саралай келе, мынадай -кемшіліктер мен ұсыныстар бар екендігін анықтадық.

  1. Қазақстан тарихы оқулығында мәдениет тарихы тақырыптары бойынша қайталаулар бар (Йолығ-тегін, Тоныкөк жазбалары). Олар қысқартылса.
  2. Мәдениет тарихы тақырыптарының қиын, ғылыми тілмен жазылуы. Нақты мысалдар келтіру арқылы қысқаша, ұғынықты тілмен жазылса.

3. Сұрақтар мен тапсырмалар  Қазақстан тарихындағы мәдениет тақырыптары бойынша молынан берілген. Бірақ, олардың ішінде таным 
қабілетін дамытатын, ойландыратын, дамыта оқыту ұстанымына сай сұрақтар мен тапсырмалар саны аздау, көбейтілсе.

  1. Хрестоматия құжаттары сәтті іріктелген, тақырып мазмұнын терең түсінуге септігін тигізеді. Құжат материалдары бойынша оқушылардың өз шкірін білдіруді талап ететін, қорытынды жасататын және т.б. сұрақтар мен тапсырмалар берілсе.
  2. Иллюстрациялар негізінен сәтті іріктелген. Иллюстрациялардың білім көзі ретінде маңызы артуы үшін оларға сұрақтар мен тапсырмалар берілсе.

Барлығына ортақ мәселе - ол, сұрақтар мен тапсырмалардың оқушылардың өзігінше жұмыс жасауын ұйымдастыратындай етіп құрылуы және сұрақтардың оқушылардың таным қабілеттеріне сай әр деңгейлі болып келуі ұсынылады.

Баспасөз беттерінде жарияланған мектеп мұғалімдерінің мақалаларында жоғарыда келтірілген кемшіліктер мен ұсыныстарды атайтынын байқадық -3-97].

Келешекте Қазақстан тарихының мектеп оқулықтарын жасау ісіне пайдасы тиеді деген мақсатпен бірнеше ұсыныстар айтпақпыз.

1. Қазіргі уақытта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқыту тұжырымдамасы 
бар. Солардың негізінде жаңа оқу бағдарламалары да дайындалған. Қазақстан  тарихының   оқулықтарын  жазғанда  осы   екі   маңызды  құжат басшылыққа алынуы тиіс. Оқулық оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес жазылуы тиіс.

2. Қазіргі уақытта оқушыны, тұлғаны дамыту, оның ойлау қызметінің белсенділігін барынша арттыру, яғни дамыта оқыту талабы бірінші орынға ішіп отыр. Ол үшін оқулықтағы материал - тақырып, тақырыпша, парагаф,    жеке    мәселе    оқушыларды    өздігінше    оқып,    меңгеруге аландыратындай   болып  жазылғаны   дұрыс.   Осы  мақсатта  оқулыққа ынталандыратындай   материалдың   сипаты   жағынан   түрліше   болғаны,   әсіресе  оқушылардың сезіміне  әсер ететін, оларды қызықтыратын, әрі ойландыратын материалдың көбірек болғаны және олармен өздігінше жұмыс істеудің жолдары етілгені дұрыс.

Параграфтар соңында берілетін тапсырмалар мен сұрақтар арасында тарихи аларды салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи құбылыстарға, фактілерге, жеке қайраткерлер қызметіне өздігінше баға беру, өз көзқарасын білдіру сияқтылардың көбірек болғаны тиімді. Сонда ғана оқулық шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыра алады.

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы» мен гуманитарлық білім беру, тарихи сана қалыптастыру жырымдамасында   және   басқа   да   маңызды   құжаттарда   көрсетілген дгттерді орындауға мектепте Қазақстан тарихын оқыту лайықты үлес қосады, ал ол оқулықтан басталады. Демек, Қазақстан тарихы оқулығында туып-өскен жерім, өз өлкем, өз елім, Отаным идеясын қалыптастыруға көңіл бөлінуі тиіс. Жеке тұлғаның да, ұлттық сананың да қалыптасуының мызғымас тірегі барлық уақытта да ұлттың тарихы.

Білім беру жүйесін қайта құру, оны ізгілендіру мен демократияландыру, жаңа үлгідегі жеке тұлғаны, оны тәрбиелеудегі адамгершілік негіздерді құруды талап етіп отыр. Тарихты оқу тек адамзаттың даму болмысын түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі тануына ықпалдасады. Білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудың маңызды аспектісі - ол, әрбір оқушының қызығушылық саясын дамытуы мен қабілетін іске асыруға жағдай жасау. Осы талаптарға Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулығы, хрестоматиясы сай келуі қажет. Қазіргі оқулықтар жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін қалыптастырып, дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Әр пән бойынша мектеп оқулығы өзінің құрылымы мен мазмұны бойынша осы пәннің оқыту мақсатын жүзеге асыруға қызмет етуі керек.

Сонымен, жаңа типтегі күтілетін нәтижеге бағытталған оқулықтар мен оқу-әдістемелік   кешен   дайын   білім   беруге   емес   оқушыларда   біліктерді қалыптастырып, дамытуға және ақпарат көзі болудан дамытушы қызметті атқаруға бағытталуы қажет.

 

 

 

 

1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің дәрежесі

Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін тарихын, әдет-ғұрпын сыйлатын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор қосады. Өйткені, қай заманда да, қай қоғамда да отаншылдықтың бастау-бұлағында  ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы мәлім. Ал ұлттық мақтаныш сезімінің қайнар көзі - тарих пен мәдениет. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен мақтанады.

Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені, ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарих пәні небір тамаша   тарихи   фактілерді,   оқиғаларды,   құбылыстарды,   жеке   тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Бұл мәселенің маңыздылығына Елбасымыз да назар аударып, «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз елінің тарихи тәжірибесіне жүгіну - бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын   заңды   құбылыс.   Бұның   соңында   қоғамдық   ой-сананы   түлету, қалыптастыру, ұрпақтарды тәрбиелеу сияқты маңызды мәселелер тұр» [99], деп көрсеткен болатын.  Қазақстан  -  сан  ғасырлық  тарихтың   ғана  емес,   әлемдік  өркениет жауһарлары  қатарына енетін  бай  мәдени  игіліктердің  де  иесі.  «Біздің жерімізден табылған көптеген археологиялық қазбалар республика аумағын мекен еткен ежелгі ұлыстардың: сақтар мен скифтердің,  сарматтардың, ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың, одан кейінгі түркі, қарлық, оғыз-қыпшақтардың   көшпелі    және    отырықшы   мәдениетінің    аса   жоғары болғандығын көрсетеді. ¥лы Жібек жолы бойында орналасқан халықаралық сауданың, түрлі кәсіп пен ғылымның, өнердің орталығы болған ежелгі қалалар Түркістан, Отырар, Тараз, т.б. Сол заманғы шаһарлардың инженерлік-техникалық шешімдерінің сонылығымен, саз-балшықтан, металл мен әйнектен, ағаштан жасалған архитектуралық қолданбалы-декоративтік өнер түрлерімен ерекшеленеді» [100]. Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында, ерте заманнан күні бүгінге дейін жүріп өткен мезгіл ішінде әлемдік өркениеттің канатының қатаюына, мәдениетінің дамуына үздік үлес қосты. Осы жерден талай ғүлама ғалымдар, ақыл-ойдың асқан алыптары шықты. Олардың рухани мұраларын игеру, солардан күш-қуат алып қазақ халқының мәдениетін жаңа белестерге көтеру, жақсылығын жарқыратып көрсетіп, оның игі дәстүрлерін өз бойына дарыту бүгінгі ұрпақтың биік мұраты, абзал да асқақ мұраты.

Информация о работе Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)