Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Ал біз қарастырып отырған «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығында берілген тапсырмалар мен сұрақтардың сипаты бірыңғай. Көбіне нақты фактіні ғана айтуды талап етеді. Мәдениет тарихы тақырыптарының соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалардың 60 пайызы тақырып мазмұнын қайта айтып беруді талап ететін болса, 34 пайызы ішінара өзгертуді талап ететін, ал 6 пайызы - ізденушілік және шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар.
Ал білім мақсаттарының нақтылануы ретінде берілетін 7-сыныпта қалыптасуы тиіс біліктер, яғни синхрондық кестелер сызу, тарихи мәтіннің кеңейтілген жоспарын жасау, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың, үрдістердің қысқаша салыстырмалы сипаттамасын жасау, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгеру, сыныптастарының жауабына ауызша пікір айту сияқты біліктерді қалыптастыру жұмыстарына өте мардымсыз (11-12 пайыз) көңіл бөлінген. Осындай көрсеткіштер нәтижесінде біз қарастырып отырған оқулық арқылы оқушылардың танымдық қабілеті мен біліктерін қалыптастыру жұмысын елі түрде жүргізуге болады деп айта алмаймыз. Сұрақтар тарихи материалды игеру барысында біртіндеп күрделенбейді, бұл оқушылардың біліктерінің дамуына кедергісін келтіреді, яғни дамыта оқыту ұстанымына сай.
Тапсырмалар мен сұрақтарды тұжырымдауда кемшіліктер орын алған, соған байланысты тапсырмалар көбінесе түсініксіз болып келеді, мысалы: Білім, біліктілік туралы өлең шумағында не туралы айтылады?» деген сұрақта кімнің өлеңі екені түсініксіз. Бұл сұраққа оның алдындағы сұраққа, яғни (Жазба әдебиет өкілдерінен кімдерді білесіңдер?» деген сұраққа дұрыс жауап бергенде ғана түсінуге болады.
Ұжымдық, топтық жұмысты ұйымдастыратын және жеке жобалар жасау тақыптарының үлгілері берілмеген. Сонымен қатар, үлгерімі нашар оқушыларға арналған түзету жаттығулары мен білімі озыңқы оқушыларға арналған тапсырмалар жоқ.
О. Иманғожина жаңа буын оқулықтарын сараптай келе, «оқулықтарда әлі күнге дейін материалды қабылдау, есте сақтауға көп көңіл бөлінеді, ал әртүрлі формада көрініс табатын бақылау, өзін-өзі бақылау,оқу материалын игеру құралдарына аз көңіл бөлінеді» [77, 44-46 бб.], - деген тұжырым жасаған болатын. Осы тұжырым Қазақстан тарихы оқулықтарына да қатысты.
Қазіргі Қазақстан тарихы пәні оқулықтары теориялық-танымдық сипатта жазылған, яғни негізгі ұғымдар, терминдер, заңдар, ұстанымдар, теорияларды ашып корсетеді. Ал, «оқулықтың сапалылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі -ол, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп болуы» -деген оймен келісетін болсақ, келешекте оқушылардың ойлау қызметін дамытуға себеп болатын, оларды құжаттармен, ұғымдармен өздігінше жұмыс істеуге бағыттайтын, түрлі сызбалар, кестелер сыздыратындай тапсырмалар берген дұрыс. Оқулықтың білімді меңгертудегі қызметіне ерекше мән берілу енді ол білімді меңгертуге, оны бекітуге, оқушыларды білімді өздігінше » меңгеру ынтасын қалыптастыруға, оқытудың білімділік, тәрбиелік мақсатын жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.
Тапсырмалардың әртүрлі типтерінің арасында тепе-теңдік (баланс) және ақпаратты беру мен оқушылардың өздігінше білім алу қабілетін дамытатын іс-әрекет түрлерінің арасында да баланс сақталуы қажет - дейді француздық ғалымдар [78, 158 б.]. Тарих оқулығына байланысты олар келесі пропорцияны ұсынады ақпарат беру - 35 пайыз, тапсырмалар, білімді қолдануы - 15 пайыз,зеттеулер, бақылаулар - 50 пайыз.
Сонымен, оқулықтың дамытушы функциясы жүзеге асуы үшін әдістемелік аппаратты келесі бағыттарда жетілдіру қажет деп есептейміз:
- пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға, қайталау-қорытындылауға, оқушыларға өздігінен жұмыс жүргізуге арналған тапсырмалар мен сұрақтардың үлес салмағын көбейту;
- оқушыларға «сарала», «есіңе түсір», «қорытынды жаса», «байланыстыр», «салыстыр», «баламалы жолын тап», «есептеп шығар», «өз пікіріңді айт», «құбылыстың себебін түсіндір» деп келетін нұсқауларды орындау бағыттарында жұмыс жүргізуге арналған тапсырмаларды көбейту;
- оқушының өзін проблемалық ахуалға түсіретін, «қойылған міндетті -орындауым үшін не істеуім керек?», «қалай және қандай реттілікпен нәтижеге жетуге болады?», «бәрін дұрыс істедім бе?», «мұны қалай білуге болады?» тапсырмаларды көбейту;
- оқушыға игеруге ұсынылып отырған ғылыми ақпараттан туындайтын диаграммалар, схемалар, графиктер, хронологиялық немесе өзге пішіндегі гкестелерді сыздыртатын тапсырмаларды көбейту.
Оқулықтың көрнекілік материалдарын талдау олардың оқулық мазмұнымен байланыстылығын, саны мен сапасын, көрнекіліктер түрін, атқаратын қызметін, орналасуын, оқушылардың көрнекіліктермен жасайтын іс-әрекетін анықтауға келіп саяды. Тарих оқулықтарында карталар, иллюстрациялар, хронологиялық кестелер негізгі көрнекілік қызмет атқарады.
Тарих пәндері үшін карталар ғылыми ақпарат беретін негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Төменгі сыныптарда түрлі-түсті карталар көбірек қолданылады. Иллюстрацияларға қамтылған бағдарламалық материалдың мазмұнын толықтырып тұратын, қосымша мағлұмат көздері ретінде пайдаланылатын түрлі суреттер, фотографиялар жатады.
«Иллюстративтік материал оқулықтың, әсіресе мектеп оқулығының құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады. Бұл психологиялық тұрғыдан 7 сынып оқушыларының оқу материалын эмоционалды-образды қабылдауының басым болуымен расталады» [87]. Мұндай материал оқулық мазмұнын дәл және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік береді және берілген мәтінді түсінуді жеңілдетеді.
Жақсы ойластырылған иллюстрациялардың эстетикалық рөлі күшті, оқулықты тартымды етеді, материалды меңгеру қызығушылығын арттырады, оң эмоция туғызады, сабақта оқушылардың жалығуынан сақтайды. Олар қарастырылып отырған кезең өміріне оқушыларды ендіруге, оқулық мәтінін кеңінен, тереңінен қарастырып, нақтылай түсуге мүмкіндік береді» [88]. Оған иллюстрацияларды дұрыс таңдаған, орынды және жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда жетуге болады. Оқулықтағы көрнекілік мәтінмен мазмұны бойынша және де орналасуы бойынша да байланыста болуы шарт.
Жоғарыда келтірілген талаптарды нақтылай келе төмендегілерге де назар аудару қажет:
- оқулықтың сыртқы бетіндегі фотоиллюстрацияның (сурет, картина) оқулық мазмұнымен байланысы;
Жоғарыда келтірілген талаптарға біз қарастырып отырған «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы негізінен сай. Оқулықтың сыртқы бетіндегі фотоиллюстрацияның оқулық мазмұнымен байланысы бар, онда орта ғасырлардағы бетке ұстар жәдігерлеріміз (Кұлтегін жазуы, Тайқазан) бейнеленген. Мәтін мазмұнын иллюстрацияның аша түсудегі қажеттігі расталған, иллюстрация көлемі ұтымды таңдалған, мәтін мен иллюстрация арасасындағы байланыс бар, иллюстрацияның түсі ұтымды таңдалған, қазіргі кездегі бар объектілерді бейнелеудегі дәлдік, шындық сақталған, иллюстрацияларды берудегі жүйелілік, стиль бірлігі, эстетикалылығы мен көркемдігі талаптары сақталған.
Сонымен қатар, оқулықтардағы иллюстрацияларды мәтінге қосымша ретінде ғана емес, онымен тең дәрежедегі оқу үрдісінің негізі, «оқушылардың сабақтағы өзіндік және зерттеушілік қызметтерін ұйымдастыратын дидактикалық арсенал» [89] ретінде қарастыратын болсақ, болашақта төмендегі көрсетілген кейбір кемшіліктерді ескеру керек.
1.Иллюстрация астындағы жазу иллюстративтік материалды ұғынып- қабылдауға ықпал етеді. Қарастырылып отырған оқулық иллюстрацияларының яында жазу бар, бірақ оның кейде дерек көзі келтірілмейді
2. Көрнекілік мәтінмен мазмұны бойынша және де орналасуы бойынша да байланыста болуы шарт дейтін талапқа жоғарыдағы келтірілген және т.б. иллюстрациялар сай емес. : Иллюстрация түсінің ұтымдылығы, тартымдылығы, оқушыларды гыра алуы талабына ерте орта ғасырлардағы мәдениет тарихы бойынша лген иллюстрациялар (Якка сардобалары, Баба-Ата мешіті, Дың мазары г т.о.) жауап бере алмайды.
4. Иллюстрациялардың танымдық және дамыта оқытуды ұйымдастыруда в мүмкіндіктері бар. Өйткені, «иллюстрацияларға берілген жақсы ырылған сұрақтар мен тапсырмалардың жүйесі мәтінге қосымша өзіндік көзі бола алады» [90]. Иллюстрацияларға сұрақтар мен тапсырмалар және олар әр деңгейлі болып келсе оқулықтың дамытушы қызметі артады. Бірақ оқулықта иллюстрацияларға сұрақтар мен тапсырмалар берілмеген, бұл өз кезегінде мұғалімнің жұмысын қиындатады.
Оқулықтың бағдарлау аппаратына кіріспе, қорытынды, техникалық анықтама аппараты, шартты белгілері жатады. Бағдарлау аппараты оқулықты басқа оқу әдебиеттерінен ерекшелеп тұрады. Бағдарлау аппараты оқушыға да, мұғалімге де оқулық құрылымын ұғынуда көмектеседі, ол негізгі, басты, тірек ұғымдар мен белгілерге назарын аудартып, қажет ақпаратты тез және жеңіл табуына себептеседі.
Қарастырылып отырған оқулықта бағдарлау аппараты жақсы берілген. Оқулықта кіріспе, қорытындылар бар, «Орта ғасырлар тарихының басты оқиғалары», «Орта ғасырлар тарихының терминдері», «Ортағасырлық қалалар сәулет өнері ескерткіштері», «Орта ғасыр саяхатшылары мен зерттеушілері» деген айдармен берілген қосымша материалдар және негізгі әдебиеттер тізімі оқушылардың өздігінше білімін ары қарай жетілдіруіне көмектеседі.
Маңызы мен көлемі жөнінен оқулықтардан кейінгі орында әдістемелік құрал тұр. Бұл құралдың басты мақсаты - оқулықта берілген білім негіздерін оқушыларға қандай тиімді әдіс-тәсілдердің көмегімен оқытып-үйрету жолдарын көрсету. Демек, оқытудың ұйымдастыру формаларының түрлерін, солардың арасында тарих сабақтарының типтерін, оқытудың бұрыннан белгілі әдістерін, сондай-ақ оқытудың жаңа технологиясын да ұсыну. Мектептің жаңа білім мазмұнына көшуі, оқыту мен тәрбиелеуге қойылатын жаңа міндеттер, осыған сәйкес Қазақстан тарихы бағдарламалары мен оқулықтарының сапасын арттыру міндеттерін қойды. Енді мұғалімдер өз республикасының тарихын жаңа бағдарламамен, оқулықтармен оқытуда нақты әдістемелік көмекке мұқтаж болды. Бірқатар сабақ жоспарларының бірнеше нұсқамен берілуі мұғалімге өзі сабақ беретін сыныптың ерекшелігін ескере отырып, оларды шығармашылықпен пайдалануға мүмкіндік береді.
«... тарихты оқытудың басты мақсаты - жас жеткіншектердің өз елінің, жерінің өткен дәуірлердегі тарихи оқиғаларынан хабардар болуына жәрдемдесу. Елін, жерін сүю үшін ең алдымен оның тарихын жақсы білу міндет. Тарих пәнінің оқушылардың сүйікті сабағына айналуы көп жағдайда ұстаздарға байланысты» [91, 3 б.], - дейтін пікірмен келісетін болсақ, әдістемелік құралдың тарихты оқыту мақсатын жүзеге асырудағы маңызы зор болмақ.
7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралда жеке сабақтар бойьшша қосымша материалдардың: тарихи құжаттар мен деректердің, тарихи кәне тарихи-көркем әдебиеттердің, көрнекі құралдар, т.б. ұсынылуы мұғалімдердің сабақтың білімдік, тәрбиелік міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі.
Орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан тарихының маңызы әрқашан да елекшеленіп тұрады. Қазақ жеріндегі тұңғыш мемлекеттік бірлестіктер мен Қазақ мемлекеттілігі іргетасының қалану кезеңдері, әлемдік өркениеттің дамуына үлкен серпін берген түрік өркениеті және т.б. тақырыптарды қамтитын 7-сыныптағы тарих сабағы оқушының азаматтық рухын шыңдай түсуге өз ықпалын тигізері сөзсіз.
Әдістемелік оқу құралы 7-сыныпқа арналған «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы бойынша жасалынып отыр. Әдістемеде әрбір тақырыпқа талдау жасалып, кең мағынада түсініктер берілген, сондай-ақ олардың тарихи маңыздылығы түсіндірілген. Сабақты жүргізу барысында әрбір параграфтың тақырып аясын кеңірек аша түсу ескерілген. Әдістемеде халқымыздың халық болып қалыптасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Тарих пәнін оқытуды жетілдіре түсу мақсатында оны соңғы жылдары ендірілген оқушыларда тарихи ұғымдарды, біліктерді қалыптастыру, олардың ойлау, таным қызметін дамытуға ықпал ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, әдістемелік оқу құралын пайдаланғанда оқулықтағы және хрестоматиядағы материалдар ұштастырылса, нәтижелі білім беріледі. Әрбір сабақтың тәрбиелік маңызын ескере отырып, ұстаздар қауымы өткен дәуірдегі тарихи оқиғалар мен казіргі тәуелсіз Қазақстан тарихының өзара сабақтастығын ашу мәселесін естен шығармауға тиіс.