Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Файлы: 1 файл

толле.doc

— 860.50 Кб (Скачать)

Оқушыларға өтілген материал бойынша 5 сұрақ қүрау тапсырмасы берілді. рақ қүрай білу проблемалық ойлауды қалыптастырады деген ойдан оқушыларға тапсырманың осы түрі берілді. Құрылған сұрақтар бір сыныптағы оқушыға орта есепппен бір ғана сұрақтан тиді.

Күтпеген нәтижелерді әсіресе, оқушылардың оқулықпен сабақ барысында өздігінше жұмыс жасап, ондағы материалды қаншалықты дәрежеде есінде сақтайтындығын тексеру қорытындысы берді. Оқушылардың өздігінше жұмыс саған материалды тіптен ұмытпайтындығы немесе ұмыту дәрежесі 5-7 йызға дейін ғана болатындығы белгілі болды. Бұл оқушылар сабақ соңына дейін берілген материалдың 40-50 пайызын ұмытады деген мұғалімдердің пікріне кереғар келді. Мұны оқушылардың сабақ барысында материалмен өздігінше жұмыс жасап, оны түсініп меңгерсе материалды жақсы есте сақтайтындығымен түсіндіруге болады.

Осында екі маңызды тұжырым жасауға болады: біріншіден, оқулықтағы материалды меңгерудегі өзіндік жұмыстың маңыздылығын көрсетеді; екіншіден, өзіндік жұмыстың әсерлілігі оқушылардың дайындық дәрежесіне оқулық сай болғанда және оқушылар өз сыныбына лайық біліктерді игерген жадайда күшейеді.

Жеке пәннің мектепте оқытылуы және оның нәтижесі, яғни оқушылардың бімі мен білігін, ойлау қызметінің дамуы мен тәрбиелілігін зерттеу өзара тығыз байланысты. Сондықтан да бұл тармақта осы бағыттар бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстары мен олардың нәтижелері баяндалады. Оқытылу жайын ғылыми-педагогикалық зерттеудегі мақсат Қазақстанның мәдениеті тарихының қалай оқытыла бастағанын және оқыту жағдайының оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі әсерін байқау. Жаңа бағдарламаның талаптарын орындауда туындаған қиындықтардан шығуда мұалімдерге нақты әдістемелік көмек көрсету. Өйткені, тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: «... ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін  қалыптастыруға,  азаматтық  пен  елжандылыққа,   өз  Отаны  -Қазақстан    Республикасына    сүйіспеншілікке,    мемлекеттік    рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» [46, 10 б.] - деген міндеттерді орындауға күш салуы қажет.

Оқытудың жағдайын толығырақ сипаттайтын ең объективті материал -зерттеушінің тікелей сабақтарға қатысып және оның барысын бақылауы, осы жұмыстардың мақсат-міндеттерін алдын-ала белгілеуі.

Қазақстан тарихын оқытуға үлкен шығармашылықпен, жауапкершілікпен кіріскен коптеген мұғалімдер бар. Бұлардың тәжірибесінің өзіндік ерекшелігі «Ынтымақтастық педагогикасын» жүзеге асыруды назарда ұстай отырып, бүкіл сабақ барысына оқушыларды белсене қатыстыру және осы арқылы күнделікті сабқта қолданатын әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен жетілдіре түсу. Әсіресе олар жеке сабақтардағы негізгі мәселелерді ашып көрсетуге, оны оқып үйренуге оқушылардың өздерін белсене қатыстыруға баса назар аударады. Осы мақсатта оқушылардың ойлау қызметінің дамуына әсер ететін: проблемалық

баяндау, оқулықпен, түрлі деректермен оздігінше жұмыс істеу, баспасөз материалдарынан дәлелдер келтіру, пәнаралық, курсаралық байланыстарды, тарихи картаны, түрлі көрнекі құралды пайдалану, қазіргі өмірмен байланыстыру сияқты басқа әдістер жиі қолданылады.

Алдыңғы қатарлы, шығармашылықпен жұмыс істейтін тарихшы мұғалімдердің тәжірибесін қорытқанда Қазақстан мәдениеті тарихын оқыту әдістемесінің төмендегідей сипатты белгілері байқалды.

- Қазақстан мәдениеті тарихы негізінен оқытудың барлық басты мементтері бар сабақ типімен және жаңа материалды оқытып-үйрету, оқылған материалды жинақтап, жүйеге келтіру, деректермен жұмыс істеу және біліктерді қалыптастыру, қайталап-қорыту сияқты типтерімен оқытылады.

- Әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, проблемалық баяндау, құжатпен, көркем әдебиетпен, оқулықпен, басқа да кітаптармен, баспасөз материалдарымен, тарихи картамен, көрнекі құралдармен жұмыс істеу, оқу материалдарын қазіргі еңмен байланыстыру сияқты әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдаланады. сек,   әдістерді   таңдауда   өтілетін   сабақтың   мазмұнын,   оқушылардың дайындық дәрежесі мен ерекшеліктерін, мұғалімнің өз мүмкіндіктерін ескеріп отырады.

Материалдың сипатына қарай әңгіме әдісінің суреттеп айту, сипаттап айту, талдап айту, ал әңгімелесудің - кіріспе, бақылау, қорытып әңгімелесу сияқты тәсілдерін орынды қолданады. Құжат пен тарихи-көркем әдебиетті, көрнекі алдар мен дидактикалық материалдар дайындау.

- Жаңа сабақты баяндау кезінде мәселені талдап түсіндіру, сипаттап айту немесе эвристикалық әңгімелесуге оқушыларды белсенді қатыстыра отырып, мәселені олардың өзіне шешкізу сияқты әдіс-тәсілдер қолданады.

- Алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірибесінде оқушының өздігінше атқаратын жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіруге, оларды орындауға қажетті оқу біліктерін қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Сонымен, қазіргі қазақ мектептерінде Қазақстан тарихы сабақтарында жиі зданылатын оқыту әдістері деп төмендегілерді атауға болады. Олар: тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері, мемлекеттік және басқа да тарихи құжаттарды, көркем әдебиетті, көрнекі құралдарды пайдалану, оқушыларға өзіндік жұмыстарды орындату әдістері, т.б.

Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі - жаңа тақырыпты оқып-үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің, іс-екетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады. Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды. Біздің жүргізген бақылауларымыз көрсеткеніндей, сабақтардағы негізгі білім көзі болып болып әлі де мұғалімнің сөзі болып табылады. Әрбір он сабақтың төртеуінде ғана жаңа материалды түсіндіруде оқулық, хрестоматия және басқа да қосымша дерек көздері падаланылды. Жаңа материалды оқушылардың өздігінше игеру жұмысы әрбір он сабақтың екеуінде ғана ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5 - Сабақта оқушыларға берілетін өздіғінше жұмыс жасау тапсырмаларының сипаты мен олардың пайыздық көрсеткіші

 

 

Дайын үлгі

Ұқсас жағдайда

Жаңа жағдайда

Мұғалімдер  тәжірибесінде 

бойынша

   

Мектептік жалпы практика

70

21

9

     

 

Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен мектептік  жалпы   практиканың   арасындағы   айырмашылық  үлкен  деген қорытынды жасауға болады.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірибесіндегі тағы бір артықшылық, ол тақрыптың негізгі мәселелерін оқушыларға бөліп көрсету (89 пайыз), басты, маңызды   мәселені   меңгерту   жұмысын   жүргізу   (85   пайыз).   Ал   осы жұмстардың жүргізілуі жалпы мектептік практикада 45 пайыз бен 36 пайызды құрайды.

Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша сабақтарды талдап қорытқанда төмендегідей мәліметтер шықты: тарих пәнінің әдістемесіндегі оқытуды ұйымдастыру формаларынан негізінен сабақ қолданылады, ол 95 пайызға жетті, жаңа педагогикалық технологиялар пайдаланылған сабақтар саны 2-3 пайыз ғана. Сабақтардың 85 пайызы «оқытудың негізгі элементтері бар сабақ» типімен өтеді.  Қалғандарының жартысы жаңа сабақты түсіндіру,  екінші жартысы білім тексеру сабақтары. Сабақтардың сапасы туралы қорытынды гліметтер    төмендегідей:    сабақтың    30    пайызында    жаңа    тақырып іағаттандырғысыз    түсіндірілген    (мұғалім    әңгімесі    оқушының    жас ерекшеліктеріне көбіне сай келмейді, жалықтырады, кейде тіпті түсініксіз, негізгі мәселеге көңіл бөлінбейді, ол ашылмай қалады, оқу материалы орынсыз қысқартылады, оқушылардың 50-60 пайызы оны тыңдамайды); сабақтың 52 пайызнда тарихи құжаттар пайдаланылмаған немесе сәтсіз қолданылған; 50 пайызында оқулықпен, оның иллюстрацияларымен, әдістемелік аппаратымен жұмыс   жүргізілмеген;   63   пайызында   тарихи   материалдың   тәрбиелік мүмкіндігіне көңіл бөлінбеген; 73 пайызында оқушылардың ойлау, таным қызметін дамытуға көңіл бөлінбеген; 62 пайызында пәнаралық, курсаралық байланыстар жүзеге асырылмаған; 38 пайызында тарихи карта, 36 пайызында тақта пайдаланылмаған;  75 пайызында біліктерді қалыптастыру жұмысы жүргізілмеген..

Оқушының  шығармашылық қабілеті  оның  ойлауы  мен  практикалық еттері    арқылы    дамиды.    Ойлауға    үйрететін    сабақтар    -    жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.  Мұғалім  бұл  жағдайда дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы, бақылаушы  емес,  бағалаушы  емес,  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін ұымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы еллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Кейінгі кездегі кеңінен оқыту теориясында қарастырылып жатқан жаңа педагогикалық технологиялар Қазақстан тарихы пәнінде де пайдаланыла бастады. Ал мәдениет тарихын өткенде пайдалану өте мардымсыз және жаңа педагогикалық   технологиялардың   2-3    түрі   ғана   пайдаланылатындығы анықталды.

 

 

 

Кесте 6 - Қазақстанның мәдениеті тарихы тақырыптарын оқытуда аланылған жаңа педагогикалық технология түрлері

 

Жаңа педагогикалық технологиялар түрлері

Модульдік оқыту технологиясы

Дебат

технологиясы

Ойын

технологиясы

Тақырыптар

1. XIV-XV

гасырлардагы

Қазақстан

мәдениетінің

дамуы.

2. Қалалық және

отырықшы мәдениеттердің дамуы.

1.Қалалық және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері болады/болмады.

  1. Архитектура және онер.
  2. Түріктердің рухани мәдениеті.
  3. Дін және мәдениет.
  4. Ислам.

 

 

Біз қатысқан 63 сабақтың тоғызында модульдік оқыту технологиясы, бесеуінде дебат технологиясы, жиырмасында ойын түрлері қолданылды. Бұл де болса Қазақстан мәдениеті тарихын оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың өте аз пайдаланатындығын дәлелдейді.

Ал, жалпы оқыту үрдісіндегі жаңалықтар мұғалімдердің тәжірибесіне кеңінен енуде. Мұны мерзімді баспасөз беттерінде жиі-жиі жарияланып жататын    мақалалар    дәлелдейді.    Айтылған    ғылыми   ұсыныстар    мен тұжырымдарды   басшылыққа   алған   республика   мектептерінің   тарихшы мұғалімдері педагогикалық технологияның белгілі бір бағыттарын жүйелі түрде қолдана отырып жақсы нәтижеге жеткен.

Шымкент қаласындағы № 23 мектеп-лицейдің мұғалімі О.В. Воронянская бірнеше жыл бойы Қазақстан тарихын оқытуда білім мазмұнын жүйелеу тәсілін жоспарлы, үнемі қолдану арқылы жақсы нәтижеге жеткен [16, 148 б.]. «Оқу материалын   жүйелілік   тұрғысынан   құрылымдау   тәсілімен   оқыту   білім мазмұнына жаңаша қарауды, мұғалімнің де, оқушының да шығармашылықпен жұмыс   істеуіне    әсер    етіп,    оқушыларда    жүйелі    ойлау    білігін қалыптастыратынын көрсетті. Осы тәсілмен бірнеше сабақ өткеннен кейін-ақ оқушылардың ақыл-ой дамуындағы өзгерістер байқалды. Олар өз ойын еркін айтуға,  тарихи  оқиғаларға түрліше  баға беруге,  алған  білімдерін  өмір шындығымен байланыстыруға, оқиғалар арасындағы байланыстарды ашуға, "дың  бастыларын   айырып  көрсетуге,   алған   ақпаратты әр  қырынан қарастыруға ынта білдіре бастайды» [101], - дейді ол. Кызылорда     қаласындағы      облыстық     гимназияның     тарихшысы Мусаеваның тәжірибесі де назар аударарлық [16, 149 б.]. Оның іс-тәжибесінің ерекшелігі - модульдік әдіспен оқыту, бірлескен топпен жұмыс істеу, рөлдерге бөлініп ойын жүргізу, жекелеп, жүппен және топпен оқыту түрлері, сондай-ақ жобалар талдау әдістері.

Әдістің бірінші белгісі - мұғалім модульдік оқыту әдісін 10-11 сыныптарда -оқушылардың ойлау, талдау, жинақтау, ой елегінен өткізіп қорытындылау деңгейіне жеткен ерекшеліктерін ескере отырып жүргізеді. Әдістің екінші белгісі - уақытты үнемді, орынды жұмсау.

Мұғалім 1 тоқсанға арналған модульдерді бағдарлама бойынша сағат санына байланысты тақырыптарды 3 бөлімге бөледі.

  1. . Кіріспе бөлім.
  2. Негізгі оқыту бөлімі.
  3. Бақылау бөлімі.

Барлық модульдердің бөлімдерінің жоспары, тапсырмалары алдын-ала дайындалды.

Әдістің үшінші белгісі - оқушылардың білім алуға арналған уақытының көбі сыныпта өтеді. Бұл әдісте тапсырмаларды орындау, оқыту, бақылау барлығы сыныпта мұғалім мен оқушылар және жұп, топ түріндегі арқылы жүзеге асырылады. Павлодар қаласындағы № 42 М. Әуезов атындағы мектептің мұғалімі Искакова    Қазақстан    тарихын    оқытуда    жаңа    педагогикалық технологияларды тиімді қолданып, жақсы нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы ұстаздардың бірі [16, 149 б.]. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегілерді кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:

- өтілетін оқу материалын мұқият оқып-зерттеп, іріктеу, проблемаларды анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;

- мұғалім оқушыларды білім алуға «сүйремейді», оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;

-таңдалған оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;

-оқушылардьщ жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру, саралап оқытуды қолдану;

- бідімнің, біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап, әділ бағалап отыру;

-сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялык қатынасты қалыптастыру;

- мұғалім тарихи ойлаудың. өзі жасаған қорытындылар мен берген бағалардың дәлелділігінін үлгісін көрсеті, ұстамдылықтың, шыдамдылықтың үлгісі болуы, басқаша көзқарастарға құрметпен қарауы тиіс;

- қазіргі уақытта таным үрдісіндегі оқушылардың орны мен рөлі өзгереді, олардың жеке жауапкершілігіне қойылатын талап едәуір өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Актөбе облысы, Темір ауданының «Шұбарши» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Г. Ережепова өзінің «Модульдік технология хақында» деген мақаласында [102] осы технологияны қолдану тәжірибесін ортаға салады. Оның бір модулі орта есеппен 5-12 сағаттық тақырыпты (тақырыптарды) қамтиды. Үшінші - қорытынды бөлімге көбіне 2-3 сағат бөледі. Қалған уақыттың бәрі орта- диалогтық бөлімге беріледі. Бұл бөлімде оқушылардың тақырыпқа бірнеше рет қайта оралуы қарастырылған (оқыту ойындары, бірін-бірі оқыту және тексеру, өздігінен оқу, өзін-өзі тексеру аркылы), оқу материалын жақсы меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан шығармашылық ізденуге мүмкіндік береді. Әрбір оқушы тақырыпты түсіну дәрежесінен білімді жеткізе дәрежесіне көтеріледі. Диалогтық бөлімде жаңа материалды оқып меңгеру, танымдық қызметті дамыту үрдісі оқушыларды 2, 4, 7-ден құралатын топтарға бөлу арқылы жүргізіледі, жұмыстың негізгі түрі бірін-бірі оқыту, ойындар ты қарым-қатынас жасау. Модульдік технологияны қолданғанда мұғалім ұйымдастырушы, ынталандырушы рөлін ғана атқарады.

Информация о работе Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)