Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Файлы: 1 файл

толле.doc

— 860.50 Кб (Скачать)

Жоғарыда   қарастырылған   оқытудың    күтілетін   нәтижесін   тексеру құралдары, формалары мен әдіс-тәсілдері тарих сабағында қолдану тиімді деп есептейміз. Солардың ішінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған оқушылардың дайындығын деңгейлерге бөлу қазіргі кездегі мектептік білім берудің ізгілендіру мен демократияландыру принциптеріне толық жауап береді. Сонымен бірге, берілген мәселені бірнеше шағын білім әлементтеріне бөліп анықтау оқушылардың дайындық деңгейін саралаудағы талаптар ретінде көрінеді. Осы дайындық деңгейлеріне қойылатын сараланған талаптар оқу пәні бойынша күтілетін нәтижені жоспарлау ретінде көрінеді.

 

1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада, оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының қарастырылуы

Жалпы білім беру ісінде басшылыққа алынатын негізгі құжат - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Бұл стандарттар оқу пәндері бойынша мазмұнының  құрылымы  мен  құрамының  негіздерін  және  оларға қойылатын   талаптарды   айқындайды.   Стандарт   ережелері   «Тарих»   пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау барысында пайдаланылады. Бағдарлама - пәннің оқу-әдістемелік кешен жүйесінің негізгі құрамды бөлігі болып табылады. «Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады» [48, 13 б.].

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілейді және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу қызмет етеді.

Қазіргі    таңда   Қазақстанның   негізгі   мектептерінде   тарих   пәні   5-7 -сыныптарда   2003   жылы   бекітілген   бағдарламамен   оқытылады   [73]. Бағдарламаның    басты    ерекшелігі    -    оның    дидактикалық    жағынан жақсарғандығы.  Әр сыныптар бойынша оқушыларда қалыптастырылатын    ұғымдар, олар меңгеретін біліктер қайта іріктелген. Жаңадан ендірілген осы компоненттер мұғалімге нақты әдістемелік көмек болады. Сыныптар бойынша қалыптасатын ұғымдар оқыту нәтижесін бағалауға, ал біліктер оқушылардың таным қызметі мен өздігінше орындалатын оқу қызметін дамытуға, оның нәтижесін анықтауға мүмкіндік берді. Оқу бағдарламасында сонымен қатар оқытылатын материалдың тақырыптары, әр тақырып пен тақырыпшаларға берілетін уақыт мөлшері көрсетіледі.

Орта ғасырлар тарихы бағдарламасының жаңа жобасы өзінің құрылымдық, тұжырымдық (мазмұндық) сипатымен ерекшеленеді. Оқу материалының құрылымдық, тұжырымдық (мазмұндық) қорытындысы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы мәдениет мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін оқуға көмектеседі. Яғни, көшпелілер өмірінің ерекшелігін, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсерін, мәдениеттің дамуындағы ислам дінінің әсерін, қалалар  құрылысындағы орта ғасыр кезеңдері бойынша (ерте орта ғасыр, дамыған орта ғасыр және кейінгі орта ғасыр) айырмашылықтарын сипаттайды.

Мұндай қорытындылар тарих үрдісіндегі динамикалық көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.

  2003 жылғы оқу бағдарламасы бойынша Қазақстан мектептерінде «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні 7-сыныпта оқытылады. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» негізінен бір-біріне жалғасты үш кезеңнен тұрады.

бірінші - Қазақстан тарихының ерте орта ғасырлық кезеңі (VI-IX ғғ.).

Екінші - Қазақстанның дамыған орта ғасырлық кезеңі (X-XIV ғғ.).

Үшінші - біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі (XV-XVII ғғ.) [74].

Оқу бағдарламасында орта ғасырлардағы Қазақстанның шаруашылығы мен мәениетін   ашып   көрсетуге   баса   көңіл   бөлінген,   мәдениет   тарихы тақырыптарына 13 сағат, яғни ол жалпы оқу сағаттарының (51 сағат) 25 пайызын құрайды.

Оқушылар бірінші кезеңде (3 сағат бөлінген) Қазақстан тарихындағы мәдени мәселелері бойынша қалалық отырықшылық тіршіліктің дами түсуі, оның көшпелі түрік тілдес тайпалардың отырықшылана бастауын тездетуге тигізіп ықпалы, тұрақты мекен-жайлардың көбейіп, оның қалалық тиеттің дамуына әкелгенін түсінеді. Өнер түрлерінің ерекшеліктерімен танысады.

Бұл кезеңдегі түрік тілінің өркендеп, түрік жазуының пайда болуы, түрік ба әдебиетінің көшбасында болған Иолығ-тегін сынды ғұламалардың тасқа қашап жазылған өшпес дастандарының мазмұнымен және түріктердің наным-сенімдері мен дінінің өзіндік ерекшеліктерімен танысады.

Екінші кезеңде (7 сағат бөлінген) Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қалалық мәдениет дамып, суармалы жер ашылығының өркендеу үрдісімен танысады. Орта ғасырдағы Отырар, Суран, Сайрам, Түркістан сияқты ірі қалалар мен қыстақ-кенттердің саны өсіп, олардың құрылысындағы өзгешеліктерді салыстырады.

Біл кезеңде аттары әлемге әйгілі болған Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни сияқты жарық жұлдыздармен, олардың еңбектерімен танысады. Сондай-ақ есімдері осы уақытқа дейін мәлім болып келген көптеген ғұламалар орта ғасыр қалаларында өмір сүрген олардың ішінде оннан астам әл-Фарабилер болғанын біледі. Орта ғасыр ғұламаларының ғылыми еңбектерінің қазіргі күні де тарихи маңызын жоғалтпаған зор туындылар қатарына жататынын түсінеді. Мәселен, әл-Фарабидің философиялық ой-тұжырымдары, музыка, педагогика, психология, матиматика логика және т.б.ғылым салалары бойынша айтқан ғылми пікірлері дүниежүзілік ғылымға қосылған үлес болып табылатындығын, сол сияқты Махмұд Кашғаридін тіл білімі туралы енбегі бүкіл түрік әлемінің тілдік

негізін зерттеуге арқау боларлық туынды саналатындығын оқып біледі,

меңгереді.

Үшінші кезеңде (3 сағат бөлінген) XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен алардың мідениетінің заңды жалғасы екенін түсінеді. Осы кезеңдегі қазақ елінің мәдениетінің дамуына кедергі болған ішкі, сыртқы факторлармен танысады. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен танысып, ақындар, сал-серілер мен жырауларды ажыратуға үйренеді. Ислам дінінің таралу ерекшеліктерін түсінеді.  Қазақтың ұлттық тағамдарымен,  тұрғын үй түрлерімен,  киім-кешегімен танысып, тарихи шығарма авторларымен, мазмұнымен танысады. Жеке пәндердің оқу бағдарламалары мұғалімге шын мәніндегі ғылыми-әтемелік басшылық болу үшін, олардың құрылымы қазіргі кезде қалыптасқан талаптарға сай болуы керек. Бұл талаптар бойынша ендігі бағдарламалар үш құрамдас бөлімнен: түсініктеме, мазмұндық бөлім, нормативтік және ақпараттық-әдістемелік бөліктен тұруы тиіс.

Түсінік  хатта - осы  бағдарламаның  ерекшеліктері,  білім  мазмұнын

анықтайтын   ұстанымдар,   оқытудың   мақсат-міндеттері,   пәнді   оқытуды жетілдіру жолдары баяндалады. Түсініктемеде бағдарламаның осыған дейін

пайдаланып келген бағдарламалардан өзгешеліктері бар екендігі айтылған. Атап айтқанда, 7-8 сыныптарда оқытылатын орта ғасырлар тарихы курсы екі бөлімгe бөлінбей, тек 7-сыныпта оқытылады. Қазақстан тарихында қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихы ұсынылған, көшпелілер өркениетінің мәні ашылған,  орта ғасырлардың орта және  соңғы  кезеңіндегі  қазақ халқы мәдениетінің жан-жақты дамуына және Қазақ хандығының мемлекет ретінде қалыптасуына, тарихтағы көрнекті қайраткерлердің, әсіресе Қазақ хандығын дамытуға үлес қосқан хандардың қызметін көрсетуге баса назар аударылған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының хлрымдамасында» [3] көрсетілген басымдықтарға сәйкес «базалық білім мазмұнында шарушылыққа қатысты сандық көрсеткіштер, соғыстар, қанды шайқастар азайтылып, қоғамдық дамуға, саяси тарихқа, мәдениет пен онер танрхына, көрнекті тарихи қайраткерлерге, олардың қызметі мен іс-әрекетіне шбірек орын берілген» [73, 4 6.].

Мазмұндық бөлім 3 негізгі қызметті атқарады:  1) оқу материалының    мазмұнын анықтайды; 2) тараулардың көлемін анықтайды; 3) көрсетілген   мазмұнды меңгерудің минимал міндетті деңгейіи анықтайды. Курстың білім мзмұнын    іріктеуде    тарихтағы    адамдар    қызметіне,    олар    жинаған құндылықтарды   оқытып,   үйретуге   көбірек   орын   берілген.   Қазақстан тарихындағы қоғамдық-саяси қайраткерлердің, ғалымдардың, ағартушылардың және   де   басқалардың   халық   алдындағы   қызметін,   жеке   бастарының қаситтерін, бала кездеріндегі мінез-құлықтарының үлгілі жақтарын көрсетуге айрықша назар аударылған.

Білім мазмұнын іріктеуде тәрбиелік маңызы басым материалдарға, әсіресе оқуышларды   адамгершілікке,   ізгілікке,   отаншылдыққа,   еңбекке,   басқа елдердің құрметтей білуге, қоршаған ортаны қорғауға, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелейтіндеріне баса көңіл бөлінген.

Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқыту үрдісін және оның нэәижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақытарды оқып-үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады. Қазақстан тарихының жаңа бағдарламаларында біліктер жөніндегі талаптар одан әрі жетілдіріліп, әрсынып бойынша оқушылар төмендегілерді орындауға міндетті деген бөлімдер енеді. «Мұның өзі мұғалімге нақты әдістемелік көмек болып табылады. Өйткені, бағдарламаға қарап отырып, бұрынғы сыныптарда оқушыларда қандай біліктер қалыптасуы тиіс екенін, ал биылғы оқу жылында олардың қандай түлері қалыптасатынын ескеріп, өзінің әдістемелік жұмысын осыған қарай бейімдей алады» [16, 123 б.].

Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз оқытудың жоспарланған    нәтижелерін    белгілеуге,    көрсетуге    мүмкіндік    беретін, оқушылардың нені  қалай меңгеру керектігін,  қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдер мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге   ие   болуын   көрсетеді.   Басқаша   айтқанда,   «талаптар   білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады, әртүрлі деңгейлерде берілетін  оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады» [48, 15 б.].

Бұл біліктер оқу қызметін сипаттау тәсілі ретінде білім мазмұнының құрамды бөлігі болып табылатындықтан, оқушылардың оқу дайындығына қойылатын талаптарға олар қажетті компонент болып кіруі тиіс.

Ақпараттық-әдістемелік бөлік мынадай айдарлардан тұрады: 1. «Пәнаралық таныстар»; 2. «Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулар»;   3.   «Пән   бойынша   оқу-әдістемелік   кешеннің   тізімі»;   4.мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі».

Жаңа бағдарламаға сәйкес орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының жаңа оқулығы дайындалып, баспадан шықты. «Оқу-әдістемелік кешеннің өзегі, оқушының танымдық әрекетін басқарудың әдістемелік жүйесі тұтастығын

қамтамасыз ететін оқулық болып табылады» [48, 5 б.].

Тәуелсіз   Қазақстанға   елдің   өз   ерекшеліктерін,   мемлекеттік   тілінің айын,   ұлттық  менталитетін,   ішкі-сыртқы   саясатын   ескере   отырып ілған, мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сай оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер қажет болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына түсініктемеде  «білімді,  білік-дағдыларды  механикалық түрде  беру  емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана идеялардың  куат  көзі  болатын,  жедел  өзгеріп  отыратын  әлем жадайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» [7], - деген қағиданың қазіргі тарих буын оқулықтары мен оқу құралдарына қойылатын талаптарға да қатысы екендігі сөзсіз.

Оқу пәні ретіндегі тарихтың бірегей құндылығы оның көп қырлы қызметімен анықталатындығы десек, қателеспейміз. Тарих ойлау жүйесін қалыптастырады, жеке тұлғалардың дүниетанымының көкжиегін кеңейтеді. Солай бола тұрса да, сындарлы ойлау һэм дүниетаным тек тарихи біліммен ғана емес оны игеру құралдарымен, әдіс-тәсілдерімен қалыптаспақ.

¥лттық және дүниежүзілік тарихты оқу барысында оқушылар өздерінің сана-сезімдеріне, өздерінің алған блімдерін жүзеге асыруға ықпал ететін дағды-шеберліктің толық ауқымын игеруі тиіс. Тарихты оқу арқылы болашақ  өмірлеріне қажет болатын, жоғары бағаланатын құндылықтарды және оқулықта крілген материалдардың өздеріне қажеттісін елеп-екшеу тетігін, яғни сгттеушілік қабілеттіліктерін шыңдай түсулері қажет. Тарих оқулықтарында

материалдары мен тарихи ақпараттарды іріктеп алу, қоғамдағы болып ваткан өзгерістер мен тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін түсіндіру, «еьяыздылығын қарастыру, әртүрлі кезеңдер мен қоғамдардың ерекшеліктеріне щау жасау білім мазмұнының әдістері мен мақсаттарының басты назар л іратын мәселелері болып табылмақ.

Оқулық  деп  білім  алушыға  арналып  жазылған,  мемлекеттік  білім с тандарттарына сай жоспарланған білімдер тобын жинақтаған, ол білімдер )ының   меңгерілуін, оқушының өздігінен білім алуын қамтамасыз ететін    жас   ұрпақ   өкілдерін   заман   талабына   сай   тәрбиелеу   жағдайы «гастырылған оқу кітабын айтамыз» [75].

Оқулықта мазмұн және оқыту әдістері түрінде білім беру мақсаты іязггыланады [76, 20 б.]. Оқулықтың негізгі функциясы білім көзі ретінде [77]. Сонымен бірге, «оқулық «білімді беру» функциясымен қатар оқушылардың леттерін дамытушы және компетенттілігін қалыптастьірушы функциясын атқаруы керек» [78]. Оқулық оны түтынушыға қарай бағытталуы, яғни ліының қызығушылығын тудыруы, оқуға ынтасын қалыптастыруы, білім

 біліктерді игеруіне ықпалдасуы қажет.

Казақстан тарихы оқулықтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бекітіп берген бағдарламаға сай, нақты сыныпқа немесе курсқа алый,  базистік  оқу  жоспары  бойынша  болінген  уақытқа  шақталып, оқулыққа қойылатын мазмұндық және құрылымдық талаптарды қатаң ескере ггырып жазылады [75, 64 б.].

Білімнің негізгі қайнар көзі және оқыту құралы мектеп оқулығы болып табылады.   Онда   оқушылардың   жас   ерекшелігі   мен   дайындығына   сай ғылымның  негізі  беріледі.  Оқулық - пәннің  оқу-әдістемелік  кешенінің Тағдарламадан кейінгі аса маңызды буыны. Оқу-әдістемелік кешеннің сандық-сапалық құрамы мен құрылымы да тікелей оқулыққа тәуелді және оның сапасына байланысты болмақ.

Қазақстан   тарихы   оқулығының   басты   мақсаты   мемлекеттік   білім стандарттарына сай жасалған бағдарламаларда жоспарланған білімдер тобын кннақтау және ол білімдердің тиянақты меңгерілуін ұйымдастыру арқылы Білім алушының қазіргі заман талабына сай ғылыми білімдермен қарулануына, өз Отанын шын сүйетін азамат болып шығуына көмектесу болып табылады.

Қазақстан тарихы оқулығының басты мақсаты төмендегідей негізгі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- мемлекеттік білім стандарттарына сай жасалған бағдарламаларда» жоспарланған білімдер тобын жинақтау;

  • жоспарланған білімдердің мазмұнын оқушыларға игертуді ұйымдастыру;
  • білім топтарын игерте отырып тәрбиелеу;
  • оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесу;
  • оқушының өздігінен білім алу жағдайын жасау.

Информация о работе Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)