Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Осы проблема бойынша педагогикалық әдебиеттерді сараптай отырып Я. Зорина, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, В.М. Полонский, Т. Шамова, Т.М. Давыденко), біз келесі үш негізгі білім сапасын бөліп көрсетеміз.
Бірінші сапа - білімнің жүйелілігі.
Бұл интеграцияланған білім сапасы (білімнің маңызын түсінуі, білімнің толықтығы, реттілігі, тереңдігі, нақтылығы, жалпыламалылығы сияқты сапа түрлерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі) оқушы санасында ғылыми теорияның құрылу байланысының болуын білдіреді (фактілер - түсініктер - заңдар –теория - салдары мен қосымшалары).
Екінші сапа - білімнің әрекеттілігі.
Сапаның бұл түрі оқушылардың өз білімін оқу және практикалық - мәселерді, сонымен бірге өмірлік мәндегі мәселелерді шешу білігін көрсетеді.білімнің әрекеттілік сапасы да интеграцияланған сапа яғни, ол білімнің адызын саналылықпен түсінуі, толықтығы мен шапшаңдығын білдіреді.
Үшінші сапа - білімнің беріктігі - ол білімнің маңызын саналылықпен түсіну, білімнің орамдылығы мен тармақталғандығы қасиеттерінің жиынтығын көрсетеді.
Білімнің жүйелілігі, әрекеттілігі және беріктігі оқушы білімінің қамтамасыз етеді.
Білім тұжырымдамаларында оқушыларды ғылыми білімдер жүйесімен таныстырумен қатар, оларды бірқатар танымдық және практикалық біліктер, дағдылармен қаруландыру қажет делінген. Сондықтан, оқыту үрдісін жетілдіру жолдарын іздестіру туралы айтқанда, тек білім беру әдістерін жетілдіру ғана емec, оқушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту әдістерін жетілдіруін ескеру керек. Өйткені, білім оқытудың ғылыми мазмұнын құрайды. Алдымен қалыптастырылатын біліктер мақсат ретінде қойылады. Білімдер мен біліктер - қатар тұрмайды, олар өзара байланысты. Білімдер білікке қызмет етеді және біліктердің негізі болып табылады. Оқыту үрдісінде алдымен білім беріледі, соның негізінде біліктер қалыптасады. Білім біліктерден бөлек жеке дара оқытудың толыққанды нәтижесі деп есептелінбейді, өйткені адам өмірлік мәселелерді шешуге дайын болмайды.
Оқытудың мақсатын белгілеу - оқушылар меңгеруге тиіс біліктер жүйесін анықтау мен қалыптастыру. «Оқыту мақсаты - бұл түбінде бірдеңе жасай білу тігін қалыптастыру» [55]. Білік дегеніміз - адамның қандай нәрсені болмасын ындай білу қабілеті. «Білік ұғымын тұлғаның қойылған мақсатқа сәйкес, бар білімдері мен дағдыларының негізінде белгілі амалдар мен операцияларды орындауға дайындығы деп қарастырамыз. Білік субъектінің белгілі бір мақсат жағдайға сай іс-әрекет жасау мүмкіндігі (дайындығы) ретінде де қарастырылады» [56, 45 б.]. Білік білім мен тәжірибе негізінде қалыптасады дамиды. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның білігі де артық болады. Білік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада падалана алудың көрінісі болып табылады. Білік - бірқатар іс-әрекеттен гатын күрделі қызмет. Біліктер дағдылар сияқты білім негізінде лыптасады. «Біліктің дағдылардан ерекшелігі, ол белгілі бір амалды орындауда арнайы жаттығуды қажет етпейді, өйткені ол ұқсас амалды орындауда қолданған дағды мен білімге сүйенеді» [57]. Алғашқыда саналы ындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің рас өзі емес, жеке құрамдары (компоненттері) ғана автоматталынады. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады, есепсіз қайталайды. Дағды, білім және білік бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның үйрену тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті білімдерді тезірек меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан, адамда дағды мен білімнің жетіспей жатуы оның білігінің арта түсуіне кедергі келтіреді.
Осы мәселені зерттеген барлық психологтар біліктің елеулі қасиетін -жалпылығын ескереді. Зерттеуші ғалым П.И. Пидкасистый және тағы басқалары өз еңбектерінде дербес сипаттағы біліктермен қатар, әртүрлі өзгермелі жағдайларда қолданыстары бар және түрлі мәселелерді шешуге мүмкіншілік беретін жалпы сипаттағы біліктерді атайды. Психолого-педагогикалық зерттеулерде қарапайым және күрделі, арнайы және жалпылық хтерді ажыратады. Адамның білім алу әрекетінде оқу біліктерінің маңызы Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы мен танымдық белсенділігін тыру шарттарының бірі - оқу біліктерін қалыптастыру. «Ғылым негіздерін игеру барысында қалыптасатын және оларды игеруге қажет біліктер оқу біліктері деп аталады. Сонымен, оқу біліктері дегенде оқу қызметіне қажет ойлау тәсілдерін меңгеруі деп түсінеміз» [58, 136 б.]. Бұған оқу материалын түсін, оны меңгеруі және оны логикалық түрде қолдануы, сонымен қатар оны шығармашылықпен пайдалана алу біліктері жатады. Осы біліктердің қалыптасуы нәтижесінде оқытудың дамыту мақсаты жүзеге асады. Оқу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздері дидакт-ғалымдар В.В. Краевский, М.Н. Скаткин [50], И.Я. Лернер Ю.К. Бабанский [60] және психолог-ғалымдар Н.Ф. Талызина [61], А.В.Усов [56] және т.б. еңбектерінде қарастырған. Оқу біліктері арнайы ұйымдастырылған оқу үрдісінің барысында қалыптасады және оларға келесі талаптар қойылады: меңгерген материалды дұрыс айта білу; оқулықпен, анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс жасай алу; орындаған жұмыс туралы қорытынды жасап, қысқаша есеп бере алу. Мұндай әрекеттерді жасай алу үшін оқушылар оқу еңбегінің мынадай түрлерін меңгеруі керек: оқу материалын мағыналық қайта қарау, оқу пәндерінің негізгі ұғымдарын, идеяларын меңгеру, негізгі материалды ажырата алу, ойлаудың логикалық тәсілдерін пайдала алу ілиз, анализ синтез, салыстыру, моделдеу), материалды мағыналық анализ жасап естне сақтай алу, жасаған жұмысын тексере алу, оқу, тыңдай, жаза алу, оқулықпен жұмыс жасай алу [61]. Сонымен, оқу білігі оқу әрекетін жүзеге алатын іс-қимыл және бұл іс-қимыл жалпы оқу-таным мен пәндік іс-қимыл синтезі болып табылады.
Оқушылардың дайындық деңгейі, білім сапасы оларда оқу біліктері мен дағдылардың қалыптасуына және дамуына тікелей байланысты. Ғылыми әебиетті зерделеу барысында оқу біліктерін классификациялау мәселесінде біріңғай тәсіл жоқ екені анықталды.
Оқу біліктерінің қолданыс аймағына байланысты оның мынадай негізгі трлерін ажыратып көрсетеді: 1) барлық пәндерде қолдануға болатын оқу іктері (мысалы, оқу, жазу, жоспар құру); 2) белгілі бір пәндер тобында қоланылатын оқу біліктері (мысалы, картографиялық біліктер, графикалық ктер); 3) пәндік оқу біліктері (мысалы, ноталарды оқу білігі) [58, 136-137
Т.И. Шамова да оқу біліктерінің үш түрін ажыратады: 1) ақпаратты қабылдау және қайта өңдеу білігі (интеллектуалдық); 2) өзін-өзі басқару іс-жетін жүзеге асыратын білік (жалпылама оқу біліктері); 3) арнайы біліктер
А.В. Усова білімнің әрекеттілігі, оқушылардың өздігінше білім ала алуы оқу біліктерінің дұрыс қалыптасуына байланысты дей келіп, оқу біліктерінің танымдық, практикалық, ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау түрлерін ажыратады оқытуда танымдық біліктердің, яғни өз бетімен білім алу біліктерінің маңызы зор екендігін көрсетеді. Танымдық біліктердің құрамын анықтау үшін білімнің негізгі қайнар көздеріне анализ жасау керек. Оқушылар үшін білімнің қайнар көзі оқулықтар болғандықтан, оларды оқулықпен жұмыс жасауды үйрету қажет. Танымдық біліктерге оқулық және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау, ал оның негізінде өз бетімен білім алу және оны тереңдету білктері жатады. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру және оны өз бетімен толықтыру, тереңдету білігін қалыптастыруда тек оқу әдебиетпен жұмыс жасау жеткіліксіз. Сондықтан, қосымша әдебиетпен өз бетімен жұмыс жасау білігін де қалыптастыру қажет [56].
М.Ж. Жадрина біліктердің келесі түрлерін ажыратады: 1) интеллектуалдық немесе логикалық біліктер; 2) пәндік немесе арнайы біліктер; 3) танымдық-ұйымдастыру немесе еңбек біліктері [63].
Біздіңше, осы классификация оқу біліктерінің типтерін дәл ажыратып және олардың оқу үрдісіндегі маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Әр типтің білігін біз оқушылардың жеке іс-әрекеттерінен тұратын күрделі қызметі ретінде қарастырамыз, өйткені бір типтің біліктерінің қалыптасу үрдісінде екінші типтің білігінің білімі мен іс-әрекеттері өзектілендіріледі. Біліктің қалыптасу деңгейі әртүрлі болады, әдетте үш деңгей қабылданған: еске түсіру деңгейі; ә) ұқсас жағдайда қолдана білу деңгейі; б) қалыптан тыс жаңа жағдайда шығармашылықпен пайдалану деңгейі. Оқу іс-әрекеттерін орындау біліктерін қалыптастыру жұмысын бастамай тұрып, мұғалім сол іс-әрекеттің құрылымына анализ жасап, оның орындалуы қандай әлементтерден тұратынын алдымен өзі білуі керек. Мұғалім орындайтын іс-әрекеттің құрылымындағы жеке әлементтерді анықтап алып, оларды орындаудың ыңғайлы тізбегін белгілеп, оқушылар іс-әрекетті мұлтіксіз орындауын қамтамасыз ететін жаттығулар жүйесін белгілеп қою керек.
Педагог-ғалым М.Ж. Жадринаның пікірінше, «мұғалім негізінен оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалдарын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тәсіл, т.б.) қаруландырады. Осындай принципте ұйымдастырған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады» [64].
Ол әлемдік білім беру практикасында білім жүйесіне «шығуды» реттеу нәтижеге бағытталған білім моделі арқылы жүзеге асатынын, мектептік білімнің жаңа сапалық деңгейі алынатын нәтижелерді сипаттау жолымен «шығу» реттелетін мүлдем жаңа методологиялық тәсілді қабылдауда ғана мүмкін болатынын айтады. Сондай-ақ, ғалым бұл тенденция білім жүйесін жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етуге әкелетін жаңа талаптарды қоятынын, тәсілдің басты ерекшелігі білімнің мазмұндық негіздері құрылымын жасаудың объектісі өзгеретінінде екенін, ендігі жерде объект «оқушыларға ұсынылатын оқу материалының құрамы мен көлемі» емес, «оқыту нәтижелері» обьект болатынын анықтайды. Білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілі «шығуды» реттеудің мынадай сызбасын көрсетеді: оқу нәтижелерін анықтау бойынша - не үшін оқыту?; оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша – оқушыны оқуға қалай үйрету?; алынған нәтижелер - оқушының меңгерген құзырлылығы, біліктілігі [65].
Қандай да бір білікті игергендігінің белгісі - ол, оқушының жаңа оқу ситуация жағдайында, жаңа оқу материалын игеру барысында және танымдық «мәселені шешу барысында материалданған және ойлау іс-әрекеті тәсілінл қолдануы.
Д.И. Бірәлинова білік жүйесін зерттеу барысында келесі интеллектуалдық біліктерді ажыратады:
1. Негізгі
нышандарды да, бүтіннің бөліктерін де
бөліп-бөліп көрсету
тарихи объектінің негізгі әлементтерін
анықтау).
2. Себеп-салдар байланыстарын анықтау (салдары бойынша себебін
айқындау, т.б.).
5. Белгілі
бір жағдайды айғақтармен дәлелдеу немесе
жоққа шығару, өз
көзқарасын айту, оны негіздеу [66].
Бұл біліктер оқушылардың таным қызметінің қажетті әрі тиімді шарты болып табылады. Сонымен бірге олар тарихи оқиғалар мен құбылыстарды оқып үйренуде, ой елегінен өткізуде маңызды орын алады.
Сонымен
қатар, оқу пәні нәтижесін жоспарлау проблемасы
аясында пәндік
біліктердің орны зор. «Тарихты оқыту
арқылы оқушыларда әлеуметтік орта мен
азаматтық қоғамда іске асатын біліктерді
қалыптастыру қажет» [67]. Тарихты оқыту
барысында оқушыларда қалыптасатын негізгі
біліктерді класификациялауда да түрлі
көзқарастар бар. Кей еңбектерде оны төрт
топқа: картографиялық; жалпы жалпы логикалық;
тарихи сана [68], ал келесі бір классификация
бойынша оны бес топқа: 1) хронологиялық;
2) рафиялық; 3) бейнелік (образдық); 4) логикалық;
5) бағалау, - деп бөледі. Л.В. Короткова
мен М.Т. Студеникин оны алты топқа бөледі:
Фактілер. Бейнелік. Тарихи бейнені қайта тудыру.
Деректер. Деректерге анализ жасау.
Теориялык материал. Логикалық іс-қимыл. Картографиялық.
Тарихи құбылыстарға баға беру. Бағалау. Хронологиялық [22, 106 б.].
Біздің ойымызша, соңғы топтама тарих сабағында қалыптастырылатын пәндік біліктерді жан-жақты қарастырады.
Біліктердің үшінші түріне оқу міндеттерін өздігінше анықтауы, оқу іс-әрекетін жоспарлауы, оқу мәселесін шешудегі неғұрлым оңтайлы құралдарды саналы түрде таңдауы, өзін-өзі бақылау мен бағалаудың түрлерін білуі, ұжымдық танымдық қызметке белсенді түрде қатысуы, оқыған мәтіннің жай
жоспары мен кеңейтілген жоспарын жасауы, оқыған мәтінге тақырып қоюы, мәтінінің мазмұнын қайта айтып беруде жоспарды пайдалануы, оқулықта білген сұрақтар бойынша түрлі тапсырмаларды орындауы, синхрондық кестелер сызуы, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалануы, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгеруі, тыптастарының жауабына ауызша пікір айтуы, оқулықпен, әмбебап ігтағы сөздіктермен, энциклопедиялармен жүйелі жұмыс істеуі, каталог және газет-журналдардың жүйелі картөтекасын пайдалануы, оқыған кітаптары газет-журналдардан қажетті жерлерін түртіп алып, бір жүйеге келтіріп, оны сабақ барысында пайдалануы [69-70].
Біліктерді қалыптастырудың білімдік,
тәрбиелік және дамытушылық маңызы
аса зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге
байланысты өздігінше
жұмыс жасай отырып, тарихи мәтін бойынша
жай не толық жоспар жасау,
синхрондық кесте сызу, тарихи оқиғаларды
салыстыра
отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
табу және т.б. жұмыс жасау
барысында өтілген тарихи материалды
қайта есіне түсіреді, оның негізгі
мәселерін ой елегінен өткізіп, ең қажеттілерін
пайдаланады. Бұл негізгі
білімді оқушы көп уақытқа дейін ұмытпайды.
Оқушы өткенді еске түсіріп, оны
талдап, салыстырып және қорытындысын
белгілі логикалық жүйемен қағаз
бетіне түсіру үшін барынша ойланады,
бірнеше ойлау операцияларын жасайды.
Мұның бәрі оқушының таным қызметін, ойын
және ойлауын дамытады.
Берілген тапсырманы орындай отырып, оқушы
бұрыннан меңгерген біліктерін
әрі жетілдіріп, бекіте түседі. Олар бірте-бірте
тез және сауатты жазатын,
сызатын болады, қойылған сұраққа дәл
және шапшаң жауап беруге жаттығады,
ар, хабар жасауға машықтанады. Мұның бәрі
оларға келешекте, еңбек ете
түрлі практикалық жұмыстарды қиналмай
орындауға, өз білімін үнемі
өздігінше толықтырып отыруға мүмкіндік
береді.
Сондықтан да біліктерді қалыптастыру
жұмысы тарих сабақтарында үнемі,
жоспарлы, жүйелі әрі алдын-ала әзірленген
үлкен дайындықпен жүргізіліп отыруы тиіс.