Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Жаңа буын оқулықтарының бүған дейінгілерден елеулі айырмашылықтары Атап айтқанда, «бірқатар ақтаңдақтардың беті ашылып, көптеген ғылыми мәслелерге, тарихи фактілерге, құбылыстарға әдіснамалық тұрғыда жаңаша, шындық баға берілді. Адамзат жасаған құндылықтарды, әсіресе дүниежүзілік өркентке, оған дала өркениетінің қосқан үлесіне, Қазақстанның мәдени жетістіктеріне, рухани тіршілігіне, адамдардың қарым-қатынасына» [79] жаңаша көзқарас тұрғысынан баса назар аударылған.
Жаңа буын оқулығының екінші ерекшелігі - олардың әдіснамалық жағынан ұстанымдылғы, тарих ғылымының соңғы жаңалықтарының мүмкіндігінше пайдаланылуы . Бұған, әр дәуір тарихы оқулығы авторларының құрамында сол белгілі мамандарының болуы, яғни орта ғасырлардағы Қазақстан оқулығы авторларының құрамында сол дәуірдің маманы С.Жолдасбаевтың болуы дәлел. Оқулықтың түпнұсқасы мемлекеттік тілде бастып, басқа тілдерге аударылған.
Осыған дейін пайдаланылып келген оқулықтармен салыстырғанда жаңа оқулығының басқа да артықшылықтары бар. Кітап мұқабасының безендірілуі, ішкі парақтарының сапасы, қалыңдау ақ қағаздан жасалғандығы, арының анықтығы, иллюстрацияларының тартымдылығы, түрлі-түсті арының қанықтығы көңілге қонады.
Жаңа буын оқулығы Қазақстан тарихы пәнінің жаңа бағдарламасы негізінде дайындалды. Бұл бағдарламадан 90-жылдарға дейін мектептің тарих білімінде алып келген ақтақ дақтар мен бұрмалаушылықтардың, еуроцентрлік көзқарастың аластатылғанын айтпағанда, соңғы он жылдай мектепте пайдаланып келген бағдарламадан да елеулі айырмашылығы бар. Оның өзі тарихты оқыту мақсатының, соған байланысты бірқатар міндеттердің де болып отыр. Енді алдымен «адамзат тәжірибесінде жинақталған старды оқытуға, оның өзінде де шу дегенде этностың, өз ұлтыңның старый оқытып-үйрете отырып, Қазақстан халықтары, одан әрі дүние құндылықтарды таныстыру» [80] міндеттері қойылып Жаңа буын оқулықтарының тағы бір артықшылығы - жақсы безендірілген, әсіресе «Атамұра» баспасынан шыққан 7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихының дамыған және кейінгі орта ғасырлардағы халық өнерінің жетістіктерін көрсететін, бұрынғы оқулықтарда сирек кездесетін бояулы иллюстрациялар оқулыктарға тартымды өң беріп тұр
Жалпы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге теориялық-әдістемелік алты бағытта жүтргізіледі оқулықтың құрылымы, мазмұны,
оқушылардың оқулықтағы оқу материалын қабылдауы, оны игеру аппараты, көрнекілігі және бағдарлау аппараты. Ал әрбір бағыттың өзі бірнеше ішкі құрылымдық бөліктерден тұрады. Булардың барлығы біріге келіп, оқулықтарды әдістемелік талдау критерийлерінің біртұтас жүйесін құрайды. Ең алдымен оқулық құрылымын түзудегі ұстанымдар бойынша бөлімдері, олардың тақырыптарға жіктелуі, параграфтарға сай түзілуі, ғылыми сабақтарға сәйкестігі, тараулар мен параграфтар арасындағы - байланыс талданады. Біз қарастырып отырған оқулық құрылымы кейінгі оқулықтарға қойылып жүрген талаптарға сай келеді, яғни, енлегідей құрылымнан тұрады: оқулыққа кіріспе; бөлімдер-тараулар; тақырыптар; тақырыпшалар-параграфтар; сұрақтар мен тапсырмалар; иллюстрациялар; қосымша материал. Оқулық мәтіні , олар тақырыптарға, тақырыптар тақырыпшаларға-параграфтарға.
Оқулық мазмұнын талдау оқулықтың «сапалылығының басты көрсеткіші -бағдарламасына сәйкестігі» [76, 30 б.] болғандықтан, осы көзқарас тұрғысынан оқулықтың сапаснын анықтауда басты назар келесі талаптарға аударылады:
- оқулықта бағдарламада көрсетілген пәнді оқыту мақсатының толығымен берілу;
- бағдарламада көрсетілген пәннің тәрбиелік мүмкіндіктерінің жүзеге асуы;
- оқулықта ғылымның практикамен байланысын көрсететін материалдың
- оқу материалы мазмұнының білім беру мазмұнын сұрыптауға қойылатын ұстанымдарға сәйкестігі (ғылымилығы, жеткіліктілігі, ұлттық, аймақтық
- тлеліктердің, пәнаралық байланыстардың ескерілуі) [81]. Осы тұрғыдан қарастырғанда аталған оқулық мемлекеттік стандартқа, тарламаларға негізінен сәйкес жазылған. Мемлекеттік білім стандарттарына келетін және игеруге ұсынылатын білім мазмұнына қойылатын талаптарды негізінен қанағаттандыра алатын, қазіргі отандық және әлемдік ғылымда дәлелденген, негізінен ғылыми ақиқат ретінде танылған ғылыми білімдер
енгізілген.
Оқулықта Қазақстан тарихының 7-сынып оқушылары білуге тиісті, әрі тәрбиелік мүмкіндігі мол ең елеулі тарихи фактілер, оқиғалар іріктелген. Оқулықта берілген материалдардың көпшілігі жаңаша ғылыми көзқарас тұрғысында баяндалып, тарихтың негізгі көздеген нысаналары қамтылған. Олар тарихи түсініктерді, ұғымдарды, фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, терминдерді білу-меңгеру, тарихи құбылыстарға, тарихтағы қайраткерлер тетіне баға беру сияқты оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын
талаптарға жауап береді. Оқулық авторлары материалды баяндау барысында әлеуметтік, танымдық, пәнаралық байланыстарды сақтауға тырысқан.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқулығы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының үш кезеңін қамтиды. Осы үш кезең он үш тарауға бөлініп жүйеленіп жазылған. Осы кезеңдердегі мемлекеттер, олардың құрылу тарихы, шаруашылығы, мәдениеті ретімен қамтылып отырған. Оқулықта тарихи-тұлғалардың еліміз тарихындағы, мәдениетіндегі, әдебиетіндегі, жалпы қоғамды ілгері дамытудағы қызметі жоғары дәрежеде ашып көрсетілген. Оқулықта әр кезеңге қатысты түрлі-түсті суреттер, терминдер сөздігі, орта ғасыр саяхатшылары мен зерттеушілері жөнінде мәліметтер берілген.
Он үш тараудың төрт тарауы, яғни 48 параграфтың 13 параграфы мәдениет тарихы тақырыптарына арналған. Әр параграф бір сабаққа лайықталған, яғни «әр академиялық сағатқа шақталған материалдың көлемі орта буын арналған оқулықтарда мөлшермен кітап бастыру стандартымен есептегенде 3 беттен» келеді [75, 70 б.]. Мұнда ерте орта ғасырдағы жартылай көшпшелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері; сәулет өнері және басқа өнер түрлерінің дамуы; түріктердің рухани мәдениеті, ал дамыған орта ғасырлар бойынша қалалық мәдениеттің дамуы; қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы; дін, исламның таралуы; ғылым мен білімнің дамуы; сулет өнері дамуындағы ерекшеліктер және кейінгі орта ғасырлардағы мәдениет тақырыптары бойынша біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуымен
байланысты қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті ескерткіштері жөнінде айтылады.
Дегенмен, осы оқулықты мектепте бір-екі жыл пайдаланып байқағаннан кейін, Қазақстан тарихындағы мәдениет мәселелері тақырыптарын әлі де жетілдіре түсу қажеттігі белгілі болды. Олар:
1. Орта
ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы мәдениет
мәселелері
бойынша бірқатар маңызды мәселелер: дала
тұрғындарының материалдық
мәдениеті, ерте орта ғасырлардағы көшпелілердің
қолданбалы өнері, Ислам
дінінің мәдениеттің дамуына тигізген
әсері, сопылық ілім сияқты күрделі
мәелелер әрі нақты, әрі түсіндіріп жазуды,
оларға қатысты ұғымдардың
анықтамаларын толық
беруді қажетсінеді.
2. Оқулықтың
бағдарламаға сәйкес келмейтін тұстары
бар, атап айтқанда
бағдарламада көрсетілген
бірқатар мәселелер оқулықта
жоқ. Олардың маңыздылары: Отырар
кітапханасы, Әбу Райхан Бируни, бақсылық
өнер, халық медицинасы, XIV-XV ғғ. Қазақстан
мәдениеті бойынша эдет-ғүрыптар мен салттар,
қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, т.б.
3. Терминдерді
мұқият іріктеп, азайтып, олардың түсініктерін
беру қажет
-:ауа, кертпе, үзік, туырлық, суфизм, шаманизм,
айтыс, жарапазан, беташар,
ащсу, бақсылар, т.б.), өйтпеген жағдайда
фактологияға жол беріледі.
4. Тарихи,
жағырапиялық атаулардың қазіргі орнын,
атын берген дұрыс
Еамбыл қаласы).
5. Қайталаулар
көп кездеседі, оларды қысқартқан дұрыс.
Мысалы, Қарлұқ
қағанатын өткен кезде қарастырылған
«Кұлтегін» және «Тоныкөк» жазбалары
кейіннен «Түріктердің рухани мәдениеті» деген параграфта дәл осы мәліметтер қайтадан келтіріледі.
Оқулықтың қабылдау аппаратын талдау барысында оқулық тілінің дәлдігі,анықтылығы, сөйлемдер құрылысы, оқулық стилі, негізгі мәтіннің сипаты, мәтінді түсіну деңгейлері, шрифтер және оларды қолдану сындықтарына назар аударылды.
Мектеп оқулығының тілі мен стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол оқулықтың ғылыми, педагогикалық, әдістемелік сипатымен, баланың жас ерекшелігі және әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктерін ескеруімен оқу оиетінің ерекше түрі болып табылады. Соған байланысты «оқулық тілі дәл, анық, әдеби, образды, мәнерлі және түсініктілік принципін сақтай отырып ғылыми стильмен баяндалып, тақырыптың негізгі мазмұнынан ауытқымауы керек» [76, 45 б.].
Оқулықтағы материалды игеруде сөйлемнің ұзақтығы (сөйлемдегі сөздерсаны) маңызды орын алады. Грамматикалық жағынан дұрыс құрылған, бірақ сөйлемдер мәтінді дұрыс түсінуді қиындатады. Эстондық педагог-ғалым JLA. Микк мәтінді оқу мен оны түсінудегі қиындықтарды сөйлемдердің ұзақтығымен байланыстырады [82]. Ол сөйлемнің орташа ұзақтығы бастауыш сыптар үшін 6-7 сөзден, ал орта буын үшін 11-12 сөзден тұруы керек десе, француздық ғалымдар 8 бен 14 жас аралығына арналған сөйлем ұзақтығы 10-15 сөзден тұруы керек, - дейді [78, 192-194 бб.]. Қ. Бикенова оқулықтар дидактикалық талап бойынша 9-сыныптың оқушысына арналған сөйлемдегі сөз саны 9-15-тен аспау керек [83], - дейді, тиісінше, осы ұйғарымға байланысты 7-сынып оқушысына арналған сөйлемдегі сөз саны одан да аз ; ы керек деп ойлаймыз. Ал, біздің қарастырып отырған «Орта ғасырлардағы іхетан тарихы» оқулығындағы мәдениет тарихы тақырыптарына арналған -с аграфтарда сөйлемнің ұзақтығы бойынша жоғарыда келтірілген іхтикалық талаптарға және мәтіннің түсініктілігі мен анықтылығы с-іымдарына сай келмейтін сөйлемдерді кездестіреміз. Мысалы: «Тараз, ІЬвьоөзен, Қүйрықтөбе, Баба-Ата, Қостөбе қалаларына жүргізілген ммюгиялық қазба жұмыстары нәтижесінде бұл жерлерден іргетасы ғана ~злған еңселі тұрғын үйлердің архитектуралық күрылыс жүйелері табылған» - сөйлемде 23 сөз, ал «Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546 жылдары
Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі - «Тарих-и Рашиди» Моғолстан мен оған
іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін құнды шығарма табылады» деген сөйлемде 25 сөз, ал мына сөйлемде 46 сөз бар «Бұл шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлерінің жай-жапсары, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен cap және басқа әлеуметтік топтар, Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, Қазақ хандығының заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген».
Зерттеулер барысында анықталғанындай оқулық мәтінінің анықтығы, дәлдігі мен түсініктілігі ұстанымдары төмендегі жағдайларда бұзылады:
А)егер түсініксіз немесе таныс емес сөздер мен терминдер пайдаланылып, олардың анықтамалары берілмесе; ә) егер сөйлемдер дұрыс құрылмаса; б) егер мәтін сөйлемдері рабайсыз және құрамында жаңа сөздер көп болса. Оқулық мәтіні негізінен сипаттау, түсіндіру сипатында берілген. Біздің ойымызша, мектепке арналған оқулықтардың ғылыми мәтіндерін түзген кезде автор игерілуге тиіс ғылыми ақпараттың мәнін бірден аша салмай, шешілуге тиіс мәселені ортаға салып, оқушымен ынтымақтаса, оны әрекетке қоса, оның ойын дамыта отырып баяндау қажет.
Ғылыми логикасын сақтау үшін бірыңғай тұтас мәтінмен берілген оқу материалы ақпараттық қызметті (функцияны) ғана атқара алады. Педагог-ғылым М.Ж. Жадрина қазіргі кездегі жаңа буын оқулықтарының негізгі кемшілігі - дамытушы қызметін іске асыра алмауында деп атап көрсетіп, оның себебін тереңнен іздейді. «Біріншіден, ғылым салаларына академиялык білімнің көзі ретінде ғана қарайтын бастапқы әдіснамалық қондырғылардан; екіншіден, оқушыларға дайын білімді беруге ұмтылудан» [84], - деп көрсетеді.
Жалпы біздің ойымызша, 7-сынып оқулыгының стилін, сөйлемдерінің ғылысын, мәтінді түсіну деңгейін әлі де болса жетілдіру қажет. Оқу материалының мазмұны мен көлемі оқушылардың психологиялық, жас, дайындық ерекшеліктеріне үнемі сәйкес келе бермейді. Берілген материалдар көбінесе күрделі тілмен баяндалған.
Оқу материалын игеруді ұйымдастыру аппаратына оқу тапсырмалары, өзіндік орындайтын және бақылау тапсырмалары жатады. Оқулықтың әрбір параграфына берілген оқу, өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың баяндалған материалға дұрыс бағдар алуына, тылатын тақырыптардың негізгі мәселелерін ұғып-меңгеруіне мүмкіндік береді.
Тарихты оқытудың ең негізгі мақсаттарының бірі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» [68]. Сонымен бірге, тарихты оқу - оқушылардың өздігінше іздену жұмысын жүргізуге, өзінің тұжырымдары мен ойларын анализ жасауға талапындыратын, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамытатын белсенді үрдіс. Тарихты оқу арқылы өткенге баға беру мен әртүрлі мағлұматтарды сараптау дағдысына ие болады. Қазақстан тарихы оқулығы мазмұны Мемлекеттік стандартта көрсетілген мектепте «Тарих» пәнін оқытудың басты мақсаттары негізінде берілген оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейнгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру және бүкіл адімзат жинаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгертуді орындауға бағытталуы қажет.
Оқулықтың құрамдас бөлігі болып табылатын сұрақтар мен тапсырмалар оқушылар белсенділігін арттыруды және білімдерін берік меңгертуді, танымдық қызығушылығын дамытуды, өздігінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді» [76, 58 б.]. Дидактикада оны оқулықтың әдістемелік аппараты деп атайды. Оқулық теориясы жайлы еңбектерде сұрақтар тапсырмалар меңгеруді ұйымдастыру аппаратының әлементтері ретінде стырылады [85]. Сұрақтар мен тапсырмалар автордан педагогикалық тапқырлықты, шеберлікті талап етеді. Тақырыпты толық меңгеру үшін сұрақтар тапсырмалар өтілетін параграфқа немесе өтілген материалға тікелей қатысты болуы шарт.
Сұрақтар мен тапсырмаларға қойылатын басты талаптар: