Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Оқушылардың тарих пәнін оқып үйренуге қажетті дағдылары (шапшың оқу бастауыш сыныптарда қалыптасуы тиіс. Ал, «тарих пәнін оқып үйрену исында осы пәннің негізін терең әрі жүйелі білуге және оқушылардың қызметін жан-жақты дамытуға елеулі пайдасы тиетін түрлі біліктер қалыптасады» [71].
Қазіргі мектепке қойылып отырған басты талап - оқушыларға тиянақты білім беріп, әрі оларды оқыта отырып, жан-жақты дамыту. Ол үшін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру жұмыстарының зор пайдасы бар. Барлық пәндік біліктердің қалыптасу уақытына қарай біз оларды екі топқа: негізгі және тірек деп бөлеміз. Тірек біліктерге алдынғы сыныптарда қалыптасқан біліктерді, ал негізгі біліктерге дәл осы сыныпта бұған дейін қалыптасқан тірек біліктердің негізінде қалыптасатын біліктерді жатқызамыз.
Сонымен, бастауыш мектепті бітіріп, 5-сыныпта тарих пәнін оқуға кіріскен оқушы минутына 90-140 сөзді шапшаң, дұрыс мәнерлеп оқи алуы; оқыған мәтіннің жай жоспарын жасауы; өзі жасаған жоспары бойынша 90-100 сөзден құрылатын мәтінді сауатты жазуы; сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып айтуы; оқыған мәтінге тақырып қоюы; онда негізгі ойды аңғара білуі, т.б. орындай алуы тиіс.
5-сыныпта бастауыш мектепте үйренген біліктерін одан әрі жетілдіре отырып, тарихтағы жыл санауды дұрыс қолдана білуге; оқиғаларды талдауға және олардың негізгі себептерін табуға; контур картаны толтыруға;
ұғымдардың белгілерін айырып көрсетуге; тарихи картадан елдердің географиялық орнын көрсете білуге; фактілерді талдап, салыстыра отырып, қарапайым қорытындылар жасауға; оқулықта берілген сұрақтар бойынша түрлі тапсырмаларды орындауға, негізгі тарихи даталарды берік есте сақтай білуге, т.б. орындауға жаттықтырылады.
6-7 сыныптарда оқушылар бұған дейінгі меңгергендерін одан әрі бекіте рдрып, синхрондық кестелер сызады, тарихи мәтіннің кеңейтілген жоспары, қайраткерлердің, құбылыстардың, үрдістердің қысқаша салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше
меңгеру, сыныптастарының жауабына ауызша пікір айту сияқты басқа да ерді меңгереді [16, 124-125 бб.; 69; 70, 14-15 бб.].
сынып аралығында қалыптасатын негізгі және тірек біліктерді саралау оларды жалпылауға мүмкіндік береді. Бұл жалпыланған біліктерді орындау барысында интеллектуалдық, танымдық біліктердің іс-әрекеттері іске асады. мен, тарих сабағында 5-7 сынып аралығында қалыптастырылатын жалпыланған біліктерге төмендегілер жатады: сауатты, шапшаң оқу; оқыған зің жай және кеңейтілген жоспарын жасау; өзі жасаған жоспары бойынша мәтін сауатты жазу; сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып айту; оқыған мәтінге тақырып қою; онда негізгі ойды аңғара білу; тарихтағы жыл санауды : қолдана білу; оқиғаларды талдау және олардың негізгі себептерін табу; контур картаны толтыру; ұғымдардың белгілерін айырып көрсету; тарихи картадан елдердің географиялық орнын көрсете білу; фактілерді талдап, салыстыра отырып, қарапайым қорытындылар жасау; оқулықта берілген сұрақтар бойынша түрлі тапсырмаларды орындау; негізгі тарихи даталарды есте сақтай білу; синхрондық кестелер сызу; тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың үрдістердің қысқаша салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай
оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтары табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгеру, сыныптастарының жауабына ауызша пікір айту.
Кейінгі жылдарға дейін тарихты оқытудың нәтижесін тексеруге жеткілікті көңіл бөлінбей келді, ал аталған проблема өте маңызды. Оқыту нәтижесі дұрыс тексерілмесе оқушылардың білімдері мен біліктерінің, тәрбиелілік дәрежесінің мемлекеттік білім стандартына қаншалықты сай келетінін анықтау да, оқыту үрдісі мен бағдарламаларды, оқулықтарды талапқа сай жетілдіру де қиын.
Әдіскер-ғалым Т.Т. Тұрлығұл «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың зиясы мен әдістемесі» (Алматы, 2003) деп аталатын еңбегінде бұл мәселеге
бір тарауын арнайды. Бұл мәселенің маңыздылығын білдірсе керек, өйткені -мұғалім оқыту нәтижесін тексеру құралдарын білмесе, жоспарланған нәтижеге алынған нәтиженің қаншалықты дәрежеде сәйкес келе алатынын біле алмайды.
Т.Т. Тұрлығұл нәтижесін тексеруді күтілетін нәтижеге жетуді анықтау құралы ретінде ұсынады:
Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында қалыптасқан тәрбиелілігін тексерудің ең қолайлы жолы - ауызша тексеру. Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып, мұғалім шәкіртінің тарихи білімінің шамасын, білім өресін, тарихи ойы мен тілінің қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын, тарихи ұғымдар мен терминдерді, негізгі даталарды меңгеру деңгейін, ойлау қызметінің қаншалықты дамығанын, анықтай алады. Оқушы жауап беріп тұрып, басқа қажетті құралдарды: картаны, оқулықты, тақтаны, басқа да құралдарды қатар пайдалана алады. Оқушы сұрақтағы негізгі объектіге қатысты барлық білімді білетін болса, білім толық деп есептелінеді; осы сұрақтағы білімнің басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді; ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері ерекшеліктерін өзі ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп . есептелінеді. Сондай-ақ білімнің саналылықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез-келген ситуацияда шапшаң пайдалана білуге де бірқатар талаптар қойылады.
Оқушылар білімі алдымен жаңа материалды оқып, үйрену барысында тексеріледі. Мұнда оқушылардың негізгі тірек фактілерді, ұғымдарды, жасалған ғылыми қорытындылар мен тарихи фактілерге берілген бағаларды қаншалықты түсінгендігі анықталады, екінші жағынан, мұғалім оқушылармен әңгімелесіп, қойған сұрақтарына жауап ала отырып, олардың бұрын өтілген, бүгінгі материалға ұқсас мәселелерді қаншалықты есте сақтағандығын да анықтайды. Әсіресе жеке қайраткерлердің есімдерін, тарихи атауларды, ұғымдардың белгілері мен анықтамаларын, себептік-салдарлық байланыстарды, негізгі тарихи даталарды қаншалықты білетіндігін байқатады [16, 192 б.].
Өтілген оқу материалын оқушылардың қаншалықты меңгергенін анықтаудың тағы бір тәсілі олардың өздеріне қорытынды жасату немесе жасалған қорытындыларға баға бергізу, тарихи фактілерге, жеке қайраткерлердің қызметіне өзінің көзқарасын, пікірін білдірту.
Сабақ үстінде оқушылар білімін жазбаша тексерудің түрлерін: тақырыптың (5-6 сынып), толық (жоғары сыныптар) жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сұрақтарға болу және жауап жазу; графикалық тапсырмалар гындату; контур картаны толтыру; диаграммалар, схемалар, кестелер, хронологиялық, синхрондық кестелер сыздырту, т.б. қолдануға болады. Жазба жұмыстың барлығы да мұқият тексеріліп, баға қойылады. Мектеп оқушыларын тестік жолмен білім тексеруге дайындау өмір талабы. Бірақ та тарихшы мұалімдер тестті қолдану үшін оның пайдалы да, қиын да жақтарын, сондай-ақ оқушылардың тарихи білімдерін, біліктерін, таным қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелілігін анықтауда негізгі емес, қосымша ғана әдіс болатынын ескеруі тиіс .195 б.].
Жоғарыдағылармен қатар, күтілетін нәтижеге жетуді анықтау құралы ретінде берілген мәселені бірнеше шағын білім әлементтеріне бөліп анықтауды намыз. Ол үшін сұрақтың білім әлементтерін айыра білуге жаттығу керек.Қазақстан тарихындағы мәдениет мәселелер бойынша білім әлементтерін әрәктеуде төмендегі көзқарастарды негізге алдық:
«Мектептік тарих, әсіресе мәдениет мәселелері туралы сөз болғанда, оқушыларға толық, жүйелі білім беремін деген утопиялык мақсаттан арылу қажет. Материал проблемалық тұрғыдан берілу қажет. Оқушылар ең маңызды, елеулі және заман сынынан өткен мәселелерді игеруі қажет» [72].
Мәдениет мәселелеріне арналған сабақтарды жоспарлауда мәдениет тарихының барлық салаларын бірдей ашуға тырысу қателік болып табылады. Басқа да тақырыптар сияқты оның да өзіндік идеялық тіні болады, сол дәуір мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге ұмтылу қажет. Мәдениет ерекшеліктері қарастырылып жатқан кезеңнің белгілі, көрнекті ескерткіштері, басты-басты мәдениеттің дамыған салалары бойынша көрсетілуі қажет» [17, 13 б.].
Ерте ортағасырлық кезең бойынша білім әлементтері:
Отырықшы және көшпелі мәдениет.
2. Өнер. Жазба және ауыз әдебиеті.
- Түріктердің наным-сенімдері.
X-XIV ғасырлардағы дамыған орта ғасырлық кезең бойынша білім әлементтері:
- Ғылым, білімнің дамуы.
-XVII ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті бойынша білім әлементтері:
1. Тұрғын үй, киім-кешек, тағам түрлері.
1 Сәулет өнері.
Жазбаша және ауызша әдебиет.
- Музыка.
Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті бойынша 3 негізгі пәндік білік қалыптастыру көзделді:
VI-IX ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениетке сипаттама бере алады.
Дамыған орта ғасырлық кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін ай алады.
XV-XVII ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне сараптама жасай алады.
Әр пәндік білікті 3-5 әлементтен (әрекеттен) тұратын күрделі қызмет ретінде қарастырамыз. 5-6 сыныпта қалыптасқан біліктер (тірек біліктер) толығады.
ке с т е 1 - Орта ғасырлардағы мәдениет тарихы кезеңдері бойынша қалыптастырылатын тірек және негізгі біліктер
Әлементтер
Әрекеттің жүзеге асуы
Негізгі бөліктер
1. VI-IX ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениетке сипаттама бере алады:
- жазба және ауыз әдебиеті туындыларына сараптама жасайды.
бөліктер
:згі біліктер
Тірекн бөліктер
2. X-XIV
ғасырлардағы дамыған орта ғасырлық кезеңдегі
Қазақстан мәдениетін сипаттай алады:
архитектуралық құрылыс жүйесіндегі өзгерістер бойынша сараптама жасайды;
- ислам дінінің енуімен байланысты ерекшеліктер бойынша тұжырымдар жасайды;
- ислам дініне, оның қоғамның рухани дамуындағы рөліне баға бере алады.
3. XV-XVII ғасырлардағы Қазақстан мәдениетіне
сараптама жасай алады:
- шаруашылық түрлерін Қазақстан аймақтары бойынша орналастыра алады;
: т е 1 жалғасы
ізгі біліктер
сонымен бірге, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің ескерілмеуі және олардың дайындықтарына бірыңғай талаптардың қойылуы қазіргі кездегі оқыту үрдісіндегі қарама-қайшылықтарға әкеліп отыр. Бұл оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетті. Сондықтан да, қазіргі таңда жеке пәндер бойынша оқушылардың дайындық деңгейлерін саралау (дифференциация) өзекті мәселе болып отыр [63, 89 б.].
Әдетте, оқушылардың дайындық деңгейін үшке - міндетті, жоғарылатылған және тереңдетілген немесе екіге - міндетті және мүмкін деңгейлерге бөледі. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының материалдары бойынша оқушылардың жеке танымдық мүмкіндіктерін ескеру нәтижесінде, оқытудың нәтижесін жоспарлауды үш дайындық деңгейіне бөлуге тура келеді. Олар:
Осы дайындық деңгейлеріне қойылатын сараланған талаптар оқу пәні бойынша нәтижені жоспарлау ретінде көрінеді. Ал оқытудың күтілетін нәтижесін жоспарлау білім жүйесін меңгеру деңгейі негізінде дайындық анықтау және оқу пәнінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес штарды саралау үрдісі ретінде қарастырылады. Дайындық деңгейі бойынша
сараланған оқытудың күтілетін нәтижесін жоспарлау оқушылардың оқу жетістіктерін білдіретін жеке дара мақсаттарын білдіреді және оларды тексеруге мүмкіндік бар. Оқытудың мақсаты ретіндегі жоспарланған нәтижелер толығымен баяндалып жазылып және белгілі бір талаптарға (түсініктілік, дәлдік) сай келуі керек.
Оқыту нәтижесінің осындай деңгейлік жүйесін қоғамның оқу пәндері бойынша дайындық сапасына қойып отырған талаптары ретінде және кейінгі бәлім алуы мен өзіндік білім алуындағы қажетті дайындық деңгейі ретінде қасастырамыз. Міндетті деңгей пән бойынша стандартқа сай оқытудың нәтижесін білдіреді. Ал, жоғарылатылған және тереңдетілген деңгейлер әр оқушының өзінің жеке дара мүмкіндіктеріне қарай жоспарлайтын әр пәннен оқытудың жоғарырақ нәтижесін білдіреді.