Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Файлы: 1 файл

толле.doc

— 860.50 Кб (Скачать)

«Рухани мәдениеттің тууы, өмірге келуі, дамып сабақтастық тауып сақталуы, сонымен бірге жалпы халықтық сипат алып, бүкіл бір этносты қарымды қамтып кеңінен тарауы оның бір тұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғртады» [5, 7 б.].

Әрбір  халық  өз  мәдениетін  еркін  дамытуға мүмкіндік  алған  кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр салаларындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан заңды және прогрессивті құбылыс.

«Архетип (грек, агсһе - бастау, tupos - бейне) - алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне,  шығармашыл жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады.

Мәдени архетиптер - бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар» [43].

Сонымен, белгілі-бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғұрлым бойына толығырақ жинаған салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін  қалыптастырған  және  дербес  жүйе  ретінде  өркениеттер сұбатында орын алған мәдени түпнұсқа жатады [43, 257 б.]. Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негіздеген көшпелі мәдениеті жатады. «Дала өркениеті   әлемдік  дамуға  зор  үлес  қоса  алды.   Ең  алдымен  тәңірлік дүниетанымды берді; Зердеш (зороастр) дінін таратты; металл қорытудың көне ордасы болды; төл жазуын ойлап тапты; жыл мезгілін маусымға бөліп, осы календарьлық дүниетанымды  қалыптастырды;  әскери  құрылымның далалық типін жасады; әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгілері (Айша бибі, Алашахан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамыр, және т.б. мавзолейлері) тағы басқа дала Гомерлары бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка) өнері шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында бес мыңдай күй аспапты музыка дүниеге келіпті» [44]. «... дала мен қала менталитетін будандастырды» [45].

Адамның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - білімнің басты міндеті.

Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру туралы Заңында білім беру жүйесіне қойылып отырған төмендегі негізгі міндеттерге сай, олар:

- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдай жасау жолымен оның интеллектін байыту;

- азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық-экономикалық және саяси өміріне қатысу

  • қажеттігін тәрбиелеу;

 

  • әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне баурау;
  • қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасауға көмектесу [46, 9 б.].

Туған елі мен жерінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін, ертеңгі болашағын оқытып, үйрету жастарды азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына  септігін  тигізеді.  Қазақстан  тарихын  адамзаттың  дүниежүзілік тарихының бір бөлігі деп қарастыру - оқушылардың әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне көңіл қойып, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының   тарихын,   мәдениетін   құрметтеуге   қызығушылығын арттырып, ұлттық және жалпы адамзат жинақтаған құндылықтарды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі Ресей мен Еуропаның білім беру саласының даму бағыттарына сүйенгенімен еліміздің білім беру жүйесінің отандық дәстүр мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай өзіндік жолы бар. Қазақстан  Республикасының  2015  жылға дейінгі  білім  беруді  дамыту тұжрымдамасының» негізгі қағидаларында «орта білім беру мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғыдан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру [47], - деп белгіленсе, ал Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға лған Мемлекеттік бағдарламасында «жедел өзгеріп тұрған әлем және ақпарат легінің үлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзіреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдаланған дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі» [7], - деп көрсетілген.

 Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті де орта білім берудің мақсатына сай бағдарланған, яғни «жастарды адам баласының өткен шындық   тарихымен   таныстыру,   дүниежүзілік   мәдениеттің   басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана азамат тәрбиелеу» [16, 52 б.] болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін «білім берудің мазмұнын орталық

білімнен біліктілік мазмұнына қарай (нәтижеге бағдарланған білім беру)  өзгерту  [47] қажет.

Қазіргі кезде ғылымда «білім» түсінігінің дәл және нақты сипаттамасы жоқ.

Мұғілімдер   көбіне   практикада   «білім»   ұғымын   «ақпарат»   ұғымымен

шатастырады. «Білім сапасы» ұғымы тек педагогика ғылымында ғана емес,

мектеп практикасында да маңызды мәселе болып табылады. Осы ұғымның

болмысын білмей, саналы түрде оқушыларда білім сапаларын қалыптастыру және оны объективті бағалау мүмкін емес.

Өзінің қызметтері бойынша ерекшеленетін білім берудің мына түрлерін ескерген және бөліп көрсеткен орынды: негізгі ұғымдар мен терминдер;

фактілер; ғылым заңдары; теориялар; идеялар; іс-әрекет тәсілдері жайлы

лер; әдіснамалық білімдер; бағаланатын білімдер [48].

Білім - фактілер, түсініктер, ұғымдар, заңдар, ережелер, теориялар жүйесі ретінде көрінетін адамдардың рухани және практикалық қызметінің нәтижесі.

Фактілер нақты шындықты көрсететін болғандықтан, олар білімнің басқа

копоненттерінің базасы, негізі болып табылады. Түсініктер объектілердің қандай да бір түрін көрсету үшін қолданылады. Олар арқылы заттардың болмысы, олардың жалпы және елеулі, мәнді, маңызды шеліктері көрсетіледі. ежелер, заңдар фактілер мен түсініктердің шектелген жиынтығының

маңзы, мәнді, елеулі байланыстарын көрсетеді. Теориялар фактілердің едәуір жиынтығын және оларды байланыстыратын заңдарды қамтиды, сәйкес топқа жататын нақты құбылыстарды жалпы ортақ түсінік негізінде жинақтайды [49, 168-169 бб.].

Көрсетілген әлементтерден өзге И.Я. Лернер кезінде методологиялық және бағлау білімдерін бөліп көрсеткен болатын.

Методологиялық білімдер ғылымның нақты әдістері жөніндегі білімдер,

әрекет етудің тәсілдерін қамтитын білімдер.

Бағалау білімдері адамның өз-өзіне деген, өз әрекетінің мазмұны мен үрдісіне, адамдарга, табиғатқа, еңбекке және т.б. қатынасы нормасын білдіред.

«Білім» ұғымы педагогикалық әдебиеттерде үш маңызды мағынада: ғылым ретінде: оқу мазмұны ретінде; оқу мазмұнын меңгерудің нәтижесі ретінде ұранылады. «Оқушылардың білімі - оқу үрдісінің нәтижесі, ол алдымен оқу шшьш игеру (есте сақтау, түсіну, қолдануы және т.б.)» [51, 69 б.].

Оқу үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі - мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың білімді жете игеруі екен. Философиялық сөздікте «Білім -адамдардың рухани және практикалық іс-әрекеттерінің жемісі, табиғат пен ның қоршаған ортадағы байланысы мен белгілі формадағы объективті -елтерінің саналы түрде айтылуы» [52], - деп көрсетілген. Білім шеңберінде ұрпақтан-ұрпаққа берілген адамзаттың тәжірибесі жинақталған, ол бір жағынан - оқу әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан ақиқат дүниені танып-білудің талы екені түсінікті. Сондай-ақ, білім сан жағынан ғана емес, сапа жағынан

унемі өзгерісте болып, түрлі жаңалықтармен, түрлі жетістіктермен толығып гады,    жинақталады,    өрістеп    дамиды,    нақтыланады,    құндылығы харылайды, іріленіп ұлғаяды, белгілі бір жүйеге келтіріледі. Жалпы алғанда, нгы игерілген білімді кейінгі білім тереңдетіп, ірілендіреді. Бұрыннан таныс білім әлементтері арқылы кейінгі алынатын білімді болжауға болады.Сонымен бірге білім адам баласының ақыл-ой әрекетін белсенді атқаруға жетелейді, шын мәнінде білімді игеру үшін жеке тұлғаның ойлау қабілеті дамиды. Нәтижесінде білімділігі де артатыны белгілі.

Тарихи білімді қалыптастыру аса маңызды. Тарихи білім мынадай құрамдас бөлімдерден тұрады: тарихи фактілер, тарихи даталар мен хронологиялар; хіі фактілердің кеңістікпен, уақытпен байланыстылығы; тарихи түсініктер; тарихи ұғымдар; тарихи заңдылықтар. Олар - тарихи білімдер төмендегідей үш

категорияға  бөлінеді:   тарихи  уақыт;  тарихи  кеңістік;   тарихи  қозғалыс

.107 6.].

Білімнің әр түрі білім сапаларының қалыптасуына әртүрлі әсер етеді.

Білім сапасы қазіргі кезеңде қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып отыр. Философияда сапа дегініміз белгілі бір зат немесе құбылыстың басқа зат пен құбылыстан ерекшелейтін қасиеттері, олардың байланыстары мен қарым-қатынастарының біртұтас жиынтығы. «Қандай да бір объектінің -нәрсенің немесе құбылыстың сапасы деп, оның осы объект ретінде көрсетіп тұрған негізгі, орнықты қасиеттерін атаймыз. Қасиеттер объектіден бөлінбейді және одан тыс болмайды» [50, 19 6.].

Осыған байланысты «білім сапасы» деп оқушылардың оқу-танымдық қызметінің   нәтижесін   білдіретін   білімнің   орнықты   қасиеттерінің   тұтас жиынтығын түсінеміз [49, 230 б.].

Педагогикалық әдебиеттерде білім сапасы ұғымы оқыту нәтижесінің ең жалпы басты сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту нәтижесінің сапасы деп меңгерудің толықтық, дұрыстық сияқты кейбір аспектілерін түсінеді. Білім практикасында оқушылардың жетістіктерін біржақты бағалау -оқушылардың меңгерген білімдерінің толықтығын ғана бағалау кең етек алған. тұлғаның   толық   білім   сапасына   білімнің   толықтығы   мен   тереңдігі, шапшаңдығы мен икемділігі, нақтылығы мен жалпыламалылығы, орамдылық  пен тармақталғандық, жүйеленгендік пен жүйелілік, саналылықпен түсінуі мен беріктігі жатады» [50, 20 б.].

Білімнің сапалылығы білімдер арасындағы байланыстарды түсінумен, елеулі    және    елеусіз    байланыстарды    ажырата    білу    білігімен,    осы байланыстардың  байқалуы  мен  жүзеге   асырылу  механизмін  түсінумен, білімдерді меңгеруде қолданылатын тәсіл мен оны қолдану үшін негізге алатын принциптерді   ұғыну   аймағын   анықтаумен   сипатталады,   осы   білімнің сапалылығы  белгілерін  қалыптастыру  біртіндеп  жүзеге  асады.  Білімнің сапалылығының негізгі формасына оқушының алған білімін өз ойымен жеткізе білігі мен мазмұндауда білімдер арасындағы байланыстарды ауыстырып реттей алуы енеді. Оның келесі формасына берілген сұраққа оқулықта дайын

жауап берілмей, осы сұраққа жауаптың басқалай түрде берілуіне байланысты оқушының білімді топтау мен жүйелей алуы енеді. Білімнің жүйелілігі мен тереңдігі білімдердің берілуінің арасындағы байланысқа қатысты болғандықтан сапалылықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Біртұтас теорияда жүйелілік білімнің орнықтылығын анықтайды. Оқушының білімді меңгеру орнықтылығы деп ойында ұмытпай сақтау ұзақтығы мен есінде қалдыра алуы, білімді толық жүйелілігімен қайталай алуын айтамыз. Білімнің меңгеру орнықтылығы елеулі білімдер жүйесін есте сақтау мен оны қолдану тәсілдерін білуден тұрады. Ұзақ уақыт бойы мектептің оқыту тарихында оқушыға білімді меңгерту оқыту орнықтылығы білімді бір немесе бірнеше формада бір мазмұнды жиі қайталап оқыту арқылы қамтамасыз етіліп келді. Жиі қайталап оқыту білімнің сапалы меңгерілуін барлық уақытта қамтамасыз ете бермейді, ал керісінше, білімді жүйелі ұғынып меңгеру, оны талдауға үйрену білімді орнықты меңгеруге кптігін тигізеді және білімнің орнықты меңгерілуін іске асыру арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға болады. «Білімнің саналылықпен меңгерілуі мен беріктігі материалды оқушылардың өзі меңгеруге белсенді қатысқан және қызығушылық танытқан жағдайда қамтамасыз етіледі» [53]. Оқыту үрдісінде білімнің сапалылығын жүзеге асыратын барлық әлементтері кейде бір мезгілде,ал. кейде қабаттасып жатады.

Паламарчук В.Ф. білімнің мынадай сапаларын ажыратады: дұрыстығы, толықтығы, саналылықпен түсінуі, әрекеттілігі, жүйелілігі, беріктілігі [54].

Білімнің дұрыстығы эталонға сәйкестілік дәрежесін көрсетеді (эталон мәселені дұрыс орындау). Білімнің толықтығы - ол білім көлемі, ол да эталонға сәйкестілікпен өлшенеді (білім әлементтерінің саны). Саналылықпен түсіну, ол білімнің маңыздылығын түсінуі, белгілі бір мәселені дәлелдей алу және жалпылау, бағалау мен түсіндіре алу. Білімнің әрекеттілігі білімін әртүрлі жағдайларда пайдалана алу. Білімнің жүйелілігі оны иерархиялық түрде орната алуымен, ғылыми теория құрылымында оның орындарын түсінуімен өлшенеді. Білімнің беріктігі жоғарыда кәрсеі ілген сапалардың болуы және олардың тұрақтылығы яғни, ол интегралды сапа болып табылады.

Информация о работе Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)