Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123

Файлы: 1 файл

толле.doc

— 860.50 Кб (Скачать)

Орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы мәдениет тақырыптарын өткенде тарих сабағының барлық тәрбиелеушілік мүмкіндіктерін жүзеге асыруға болады. Мәселен, Қазақстанда ертеде салынған тамаша қалалар, зәулім ғимраттар, белгілі ойшылдар мен ғалымдар ашқан жаңалықтарға, т.б. оқушылар құрметпен қарауға, оларды ашушылар мен жасаушылардың еңбегін бағалауға, оларды сақтауға, дәріптей білуге тәрбиеленуі тиіс, өйткені құндылықты, игілікті, ізгілікті істерді құрметтей білу де адамгершілікке катысты. 7-сыныптың бағдарламасы мен оқулығындағы мәдениет тарихы құрамындағы баяндалатын қалалар, ғимараттар, тарихи ескерткіштер, солардың арасындағы Орхон-Енисей ескерткіштері, сәулет өнері, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер, діни құрылыстар, тілдің, ғылымның, жазудың дамуы сияқты мләселелердің бәрін де оқытқанда эстетикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік туады.

Оқушыларда халқының өткені туралы дұрыс көзқарас қалыптасуында және балардың жалпы бағдарламалық тарихи материалды саналылықпен меңгеруінде іздениет мәселелерінің маңызы зор. Бұл мәселелерді оқыту оқушылардың жалпы дамуына, дүниетанымының кеңеюіне ықпал етеді және мәдениетке қызығушылығын қалыптастыруда ықпалы зор. «Мәдениет тарихын оқу арқылы оқушылар мәдени мұраның маңызын тереңірек ұғынады, тамаша өнер туындыларын туғызып әлемдік мәдениетке зор үлесін қосқан халқына деген мақтаныш сезімі туады» [17, 9 б.].

Мәселені теориялық тұрғыдан зерттеумен қатар мектеп практикасында оқушылардың білімі мен білігі деңгейін анықтау жолында зерттеу жұмысы жүргізілді. Осыған орай біз мынадай міндеттерді шешуді көздедік:

- оқушылардың орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша білім сапасының дәрежесін анықтау;

- оқушыларда оқу біліктерінің қалыптасу дәрежесін анықтау;

- Қазақстан тарихындағы мәдениет тақырыптарының оқытылу жайын анықтау;

- білім сапасы мен білікті жетілдірудегі кездесетін қиындықтарды анықтау;

- оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің жұмыс жүйесін анықтау.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында анықтауыш эксперимент жұмысы жүргізілді.

Бұл эксперимент жұмысы 2002-2004 жылдарда жүргізілді.

 

  Кесте 2 - Педагогикалық экспериментке қатысқан сыныптар саны, оқушылар мен мұғалімдердің саны

 

Сыныптар саны

Оқушылар саны

Мұғалімдер саны

23

652

93


 

Анықтауыш эксперимент жұмысы шынайы оқу үрдісі барысында, оқушыларға үйреншікті жағдайларда жүргізілді. Эксперимент барысында бақылау, оқушылар мен мұғалімдер қызметіне анализ жасау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, оқушылардың өзіндік және бақылау жұмыстарына анализ жасау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

Оқушылардың Қазақстанның мәдениеті тарихы бойынша білім сапасы дәрежесін анықтауда алдыңғы бөлімшеде көрсетілген интеграцияланған үш білім сапасы - білімнің жүйелілігі, білімнің әрекеттілігі, білімнің беріктігі білім ексерілді. Басты мақсатымыз оқу бағдарламасында көрсетілген негізгі галаптардың орындалуын бақылау, білімдерін анықтау.

Жазба жұмыстар сұрақтардың білім әлементтері бойынша тексерілді. Бұл тәсілмен тексеру оқушылардың сол сұрақ бойынша білімінің қандай дәрежеде екенін анықтауға мүмкіндік береді.

К е с т е 3 - «VI-ІХ ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет» тақырыбы бойынша білім дәрежесі (650 оқушы қатысты)

 

Сұрақтың жауабында мына

мәселелер қамтылуы тиіс

Жазба жұмыстарының рет саны 1,2,3, 4, 5, т.б.

Дұрыс,толық

жауап

Дұрыс, толық

емес

Дұрыс емес

Жауап жоқ

Отырықшы және көшпелі мәдениет

 

65

363

166

56

Өнер

 

75

362

195

18

Жазба   және ауыз әдебиеті

 

66

292

239

53

Түріктердің наным- сенімдері

 

78

285

235

52


Жауаптарда оқиғаларға баға беру, өз пікірін білдіру, қорытынды жасау сияқты жауаптар жоқ есебі, аздап болғанымен толық емес. Жауаптарда көбіне сұрақтардың негізгі мәселелері қамтылмайды.

Арада екі-үш ай уақыт өткеннен кейін осы тақырып бойынша оқушылар білімі тағы да тексерілді. Бұл жолғы негізгі мақсат алған білімінің беріктігін, тиянақтылығын анықтау болғандықтан жоғарыдағы 4 білім элементі 3 элементке біріктірілді.

 

К е с т е 4 - «VI-ІХ ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет» деген сұрақ бойынша жүргізілген жазба жұмысын талдау кестесі 645 оқушы қатысты)

 

Сұрақтың жауабында

мына мәселелер

қамтылуы тиіс

Жазба  жұмыс тарының рет саны

№ 1,2,3, 4т.б.

Толық, дұрыс

жауап

Дұрыс, толық

емес

Қате жауаптар

Жауап бермегендер

Отырықшы

және көшпелі

мәдениет

   

47

360

175

63

           
           

Жазба    және

   

60

289

230

66

ауыз әдебиеті

           

Түріктердің

наным-сенімдері

   

75

281

213

76

           
           

 

Оқытылған қандай бір мәселе болмасын 2-3 ай өткеннен кейін білімді тексергенде оқушылардың есінде негізгі тірек білім, ал тарих пәнінен басты-басты мәселелер көбірек сақталады. Бұл пікірді осы кестедегі мәліметтер де дәлелдейді.

Білім   тексеру   жұмыстары   оқушылардың   «XV-XVII   ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті» сияқты маңызды мәселелерден салыстырмалы түрде алғанда тиянақты білімдері бар екенін көрсетті. Тексеру жұмыстары осы оқу материалдарын өткеннен кейін 2-3 айдан соң жүргізілгенде оқушылардың 30-50 тайызының осы  сұрақтардың негізгі  білім әлементтерін жақсы білетіні іньіқталды, ал 20-25 пайызы сол негізгі элементтерді шала біледі. Сонымен бирге, оқушылардың «Дамыған орта ғасырлардағы мәдениет» тақырыбы бойынша  да  бақылау  жұмысы  жүргізілді.   Бұл   жұмыс   нәтижелері   де оқушылардың біраз бөлігінің материалды игермегендігін көрсетті. Оқушылардың білім сапасы дәрежесін тексеруде пәндік тестілік сұрақтарды пайдаландық.   Негізінен   тестілік   тапсырмалардың   келесі   түрлерін пайдаландық:    дұрыс   жауапты   таңдау   сұрақтары;    балама   сұрақтар; сәйкестендіру сұрақтары; берілген заңдылық бойынша қатарды жалғастыру

сұрақтары; хронологиялық бірізділікті анықтау сұрақтары; бос орынды толтыруға арналған тапсырмалар; ұқсастықты табу сұрақтары; ашық жауап тапсырмалары; «дұрыс-дұрыс емес» (оқушы берілген анықтаманың немесе таркырымньщ дұрыс не дұрыс емес екендігін анықтайды). Осылайша оқушылардың білім дәрежесін алдын-ала анықтау эксперимент нәтижесін бағалау ретінде қажет болды.

Оқушыларды дамытуда тарих сабақтарында бағдарламада көрсетілген біліктерді қалыптастыру жұмыстарының пайдасы зор. Олардың ішінде әсіресе жазбаша орындалатындары маңызды. Біліктерді қалыптастыру жұмысы тарих сабақтарында үнемі, жоспарлы, жүйелі әрі алдын-ала әзірленген үлкен дайындықпен жүргізіліп отыруы тиіс. Тарих сабағында 5-7 сынып аралығында қалыптастырылатын оқыған мәтіннің жай және кеңейтілген жоспарын жасау; жасаған жоспары бойынша мәтінді сауатты жазу; сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып айту; оқыған мәтінге тақырып қою; онда негізгі ойды аңғара білу; тарихтағы жыл санауды дұрыс қолдана білу; оқиғаларды талдау және олардың негізгі себептерін табу; контур картаны толтыру; ұғымдардың белгілерін айырып көрсету; тарихи картадан елдердің географиялық орнын кәрсете білу; фактілерді талдап, салыстыра отырып, қарапайым қорытындылар жасау; оқулықта берілген сұрақтар бойынша түрлі тапсырмаларды орындау; негізгі тарихи даталарды берік есте сақтай білу; синхрондық кестелер сызу; тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың, үрдістердің қысқаша салыстырмалы лшаттамасы; бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану; оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгеру; сыныптастарының жауабына ауызша пікір айту сияқты жалпыланған біліктерді қалыптастыру жұмысын жүргізіп отыру маңызды.

«XIV-XV ғасырлардағы мәдениет» тақырыбын өткенде оқушыларға өздігінше жұмыс жасау тапсырылды. Ол бойынша оқушылар мәтінді оқып шығып, ондағы негізгі ойды ұғынып, мәтінге тақырып қоюы қажет еді.

«Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Каратаудың солтүстігінде - Кұлтөбе, Раң қалаларында ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. Отырар қаласындағы шеберханалардың аумағы 2 гектарға жуық жерді алып жатқан. Раң қаласындағы шеберхана қаланың батыс жағында, басқа тұрғын-жайлардан жеке тұрған. Төңірегі айналдыра дуалмен қоршалған. Шеберхана ауласында ұстаның екі бөлмелі үйі, ыдыс жасауға дайындық жүргізетін арнаулы бөлмелер, ыдыстарды кептіретін алаңдар, оларды күйдіретін ошағы болған. Ыдыстардың көпшілігі су тасуға және тамақ ішуге арналған. Астық сақтауға арналған күбі, көзелер де жасалған. Іші-сырты әйнек тәрізді жылтырап тұратын әр түрлі өрнектермен эшекейленген жайпақ табақтар мен керсендер де көптеп кездеседі. Отырар қаласында XIII-XIV ғасырларда жасалған керсендерде құстар мен хайуанаттардың суреттері салынған. XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария бойындағы калаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Мәселен, Отырар каласының    оңтүстік-батыс    жағынан    екі    жерден    кірпіш    күйдіретін

Шеберхананың орны табылған. Мұндай шеберханалар Сарай қаласынан да ашылған».

Мәтінге тақырып қою білігі келесі элементтерден тұрады:

  • негізгі ойды аңғара білу;
  • ұғымдардың белгілерін айырып көрсету;
  • мәтінді ой елегінен өткізу;
  • мәтіндегі екінші кезектегі ойды аңғару.

Тапсырманы орындауға 652 оқушы қатыстырылды. Жауаптарға анализ жасау барысында анықталғанындай, оқушыларда жалпы алғанда мәтінге тақырып қоя алу білігі қалыптасқан (61 пайыз). Бірақ элементтік анализ жасау сында оқушылардың 40  пайызының  мәтіндегі  негізгі  ойды  аңғара алмайтыны, яғни мәтінге тақырыпты дұрыс қоя алмайтыны, 21 пайызының мәтінге тақырып қоюда екінші кезектегі ойды қолданатындығы анықталды. Мәтіннің мазмұнын ұғыну, сауатты жазу, өз ойын жазбаша беру, талдай алу, бағалай алу біліктерін анықтау мақсатында мәтінді өз ойымен ары қарай жалғастыру тапсырмасы берілді.

Х-ХІІ ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Сәулетті архитектуралық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен акстанда бірдей болды. Әсіресе діни кешендер салу ісі ерекше дамыды. Діни кешендер орталық алаңдарға салынып, басқа ғимараттардан ерекше оқшауланып тұрған. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады».

Тапсырманы орындауға 652 оқушы қатысты. Оқушылардың 62 пайызы мәтін мазмұнын қайта айтып бере алды, 53 пайызы мәтінді сауатты жаза алу білігін көрсетті. Тапсырманың қалған бөліктері бойынша оқушылар қателіктер жіберді. Неғұрлым жиі кездесетін қателіктер төмендегілер болып табылады:

  • мәтінді жалғастыруда бірізділіктің бұзылуы;
  • негізгі мен қосымша ойларды бөліп көрсете алмауы;
  • мәтінді қисынсыз қысқарту, келтірілген фактілердің терістігі;
  • талдау, жалпылап қорытынды жасай алмауы;
  • дайын мәтінге өз ойын білдіріп, баға бере алмауы.

Оқушылардьщ салыстырмалы сипаттама беру, сипаттай алу, сараптама

жасай алу біліктерінің қалыптасу дәрежесін анықтау мақсатында оқушыларға төмендегі тапсырмаларды орындау талап етілді:

1.Қазақ халқының ұлтттық киімін төмендегі салыстырмалы кестеге түсір.

 

Киім

Бас киім

Аяқ киім

Ер адам

     

Әйел адам

     

2. Үлкен той болып жатқан қазақ ауылына тап болдың. Дастархан үстінде қандай тағамдарды көріп тұрсың?

Қазақ киіз үйіне қарап, қазақтардың шаруашылығы, тұрмыс-салты жөнінде қандай тұжырымдар жасауға болады?

                   Тапсырманы  орындауға 652 оқушы қатысты. Оқушылардың 40 пайызында сипптау, сараптама жасау біліктері дұрыс қалыптасқан. Оқушылардың қалған бөлігі тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберді. Жиі кездесетіндері алдындағы тапсырмаларды орындауда кездескен қателіктерге қоса төмендегілер болып табылады:

  • фактілерді талдап, салыстыра отырып, қарапайым қорытындылар жасау;
  • кілт сөздерді дұрыс қолданбауы;
  • фактілердің бұрмалануы.

Оқытуда танымдық біліктердің, яғни өз бетімен білім алу біліктерінің маңызы зор. Оқушыларды танымдық біліктермен қаруландыру сабақтардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты. Танымдық біліктердің құрамын анықтау үшін алдымен білімнің негізгі қайнар көздеріне анализ жасау керек. Оқушылар үшін білімнің қайнар көзі оқулық болғандықтан, оларды оқулықпен жұмыс жасауды үйрету қажет. Танымдық біліктерге оқулық және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау, ал оның негізінде өз бетімен білім алу және оны тереңдету біліктері жатады. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру және оны өз бетімен толықтыру, тереңдету білігін қалыптастыруда тек оқу әдебиетпен жұмыс жасау жеткіліксіз. Сондықтан, қосымша әдебиетпен және хрестоматиямен де өздігінше жұмыс жасау білігін де қалыптастыру қажет. Оқулықтың негізгі функциясы білім көзі ретінде болғанымен оның оқушыларда біліктерді қалыптастыруда, өздігінше білім алуға үйретудегі маңызы зор.

Оқушыларға екі түрлі тапсырма түрі берілді: 1) мәтін мазмұнын қайта айтып беруді талап ететін тапсырмалар; 2) мәтіннің мазмұны бойынша өздігінше жұмыс жасауды талап ететін тапсырмалар. Күткеніміздей, тапмырмалардың екінші түрі бойынша нәтиже төмен болып шықты. Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалған жоқ. Тапсырмалардың көбі оқулықтағы параграфтың соңында берілген тапсырмалардан күрделі болған жоқ. Мұғалімдердің бағалауы бойынша да тапсырмалар жеңіл болды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс еай алу деңгейі тиісті деңгейге сай емес екенін көрсетті.

Информация о работе Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)