Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:26, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында, бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3 Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі
жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)
13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі тарих)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында,
бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде
мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3
Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың
білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Қосымша
А. 1 Орта гасырлардагы Қазақстан мәдениеті
тарихының
7-сынып) багдарламага сәйкес келуі.
А.2 Қазақстан тарихы оқулыгындагы
~-сынып) мәдениет тарихы бойынша әдістемелік
аппаратты
жетілдіру 131
Қосымша Ә Тарих
пәнінің мұгалімдеріне арналган
:ауалнама 132
Қосымша Б 7-сынып
оқушыларына арналған
:ауалнама 134
Қосымша В.1 Орта
гасырлардагы Қазақстан мәдениеті тақырыбы
бойынша
оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын
талаптар 136
Қосымша Г 139
КосымшаҒ 141
Қосымша Д Орта гасырлардагы
қалалық мәдениет (тірек
конспект) 143
Косымша Е Үшінші
модуль - «XV-XVII гасырлардагы Қазақстан
мәдениеті» 144
Косьвппа Ж.1 >ё
3 бакылау жріысы бойынша оқушылардың
білімі мен
білік ленгейлеріне
?.~еме:ттт::< сараптама 149
КІРІСПЕ
Диплом жумысының өзектілігі. Мемлекетіміз білім беру жүйесін жаңаша қалыптастырып, оны бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ұластыру бағытын ұстанып отырғаны белгілі. Соңғы кездегі қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер, ғылыми-техникалық ақпараттар ағынының қарқыны, басқа да әлеуметтік-саяси жағдайлар білім беру саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Мұның мемлекет көлеміндегі маңызды мәселе екенін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны дәлелдей түседі: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» [1].
Мектепте оқытылатын әрбір пәннің алдына қойылған айқын мақсат болмаса, оқу-тәрбие жұмысында толық нәтижеге жету мүмкін емес. Мұндай мақсат мемлекеттің мектептің алдына қандай міндеттер мен талаптар қойып отырғанына байланысты анықталады. Бұл жерде алдымен мемлекеттің, қоғамның келешекте дамуы, жастардың қандай ортада оқып, қызмет ететіндігі, кандай қоғамда өмір сүретіндігі, ал мемлекетке қандай мамандар, кадрлар қажеттігі, оның сыртқы елдермен қарым-қатынасы, т.б. ескеріледі.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты - оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, ең алдымен адамдар жасаған құндылықтарды, өркениетті, мәдениетті, яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [2].
Енді білім беруде бірінші кезекке адамзат жинаған тәжірибедегі ең маңызды кұндылықтарды, өркениетті, мәдениеттануды оқытып үйрету шығып отыр. Бұл бағыт Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасындағы
«... оқушының ойын тарихтағы соғыстарға, ұрыстарға бұрмай, қайта бейбіт өмірге, сауда, мәдениет байланыстарына аударған жөн» [3], - деген сөздермен нақтылана түседі. Осындай тұжырымға бірқатар ғалымдардың да келгені белгілі [4].
Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы [5]. «... біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын хамтамасыз етеміз» [1].
«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсатын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев, - ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау ретінде көрсеткен болатын. Сонымен бірге, «Мәдени мұра» бағдарламасының қазіргі кездегі маңыздылығын «Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы, жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезім дарытудың жолы» [6], - деп нақтылай түседі.
Мәдениет кез-келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің бет-бейнесін айқындайды, құндылықтарын қалыптастырады. Сол себепті де, бағдарламаның жасалуы мен қабылдануы мемлекеттің мәдениет мәселелеріне деген қарым-катынасының стратегиялық сипатын анықтайды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы - ұлттың мәдени, интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтар, идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталған. Өйткені, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи-мәдени мұралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен отаншылдықты калыптастырудағы рөлі аса зор.
Мәдениет дегеніміз адамдардың ақылымен және қолымен жасаған материалдық-рухани құндылықтардың жиынтығы ғана емес, бірінші кезекте әрбір адамның, барша адамзат қауымдастығының есеюі, жетілуі, кемелденуі, ойындағы жасампаздық әлеуеттің, таным қабілетінің ашылуы, нақты жаңалықтар, нәтижелер түрінде жүзеге асуы, өмірге енуі. Сонымен бірге, әлемдік үрдіске араласуды қалаған Қазақстанға рухани-мәдени болмысымызды, тілімізді бұлдірмей, қолдан келсе мейлінше таза ұстау қажет. Өйткені, мемлекеттер тығыз қарым-қатынас жасап жатқан жаһандану кезеңінде ұлттан ұлттың, халықтан халықтың өзгешелігі, ерекшелігі, айырмашылығы тек мәдениет, руханият, тіл, діл салаларында қалып тұр және халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті теңестіретін құдірет білім, ғылым, мәдениет екеніне бүгінде ешкімнің дауы жоқ.
Қоғам ілгері дамыған сайын сол қоғамды құрып жатқан, оны ілгері дамытатын адамдарға білім, тәрбие беру, олардың интеллектуалдық дәрежесін арттыру мәселелері барған сайын ерекше маңызға ие болатыны белгілі.
Оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға бағытталған болады» [7] - делінген. Мұның өзі бағдарламада атап көрсетілгендей «оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және оқушының білім-білік, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық үрдістің белсенді субъектісіне өзгерту жолдарын іздестіруді міндеттейді және соған талпыныс жасалған біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар мектепте Қазақстан тарихы пәнін, оның ішінде мәдениет тарихын оқытудың маңыздылығын аша түседі. Әсіресе, орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихын оқытудың маңызы зор. Мұны «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалып жатқан іс-шаралардың көбінің осы кезеңге байланыстылығы дәлелдей түседі.
Бірқатар әдіскер-ғалымдардың (Т.Т. Тұрлығұл [8], Б.Қ. Әбдіғұлова [9], Е.В. Жевако [10], А.Р. Жұмақанов [11]) зерттеу еңбектерінде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі мәселесі қарастырылады, сонымен бірге, оларда мектепте мәдениет тарихы тақырыптарын оқытудың маңыздылығы аталады. Ал, мәдениет тарихы тақырыптарын оқыту жайын арнайы зерттеген ғалымдар болғанымен К.М. Каменир [12], Н.А. Рудько [13], О.Б. Островский [14], Л.С. Трубникова [15]), олардың ішіндегі бір ғана К.М. Каменирдің зерттеу жұмысы КСРО тарихы курсындағы Қазақстанның мәдениеті тарихын оқытуға арналған. Бірақ ол, Қазақстан мәдениеті тарихын оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда негізінен келесі әдіснамалық және әдістемелік ұстанымдарға сүйенеді: Қазақ халқының орыс және басқа халықтармен мәдени байланысы; Қазақстан мәдениеті тарихын оқытуда кеңестік кезеңдегі мәдениетке көбірек көңіл бөлу, ондағы республиканың мәдениетін көтерудегі лениндік ұлттық саясаттың маңызына ерекше тоқталу сияқтылар. Оқушыларда қалыптастырылатын негізгі ұғым-түсініктер жүйесін жасауда да жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға сүйенеді. Олар: орыс емес халықтардың Ресейге қосылуының прогрессивтілігі; озық орыс мәдениетінің Ресейдің орыс емес халықтарының мәдениетіне тигізген оң ықпалы; КСРО-дағы мәдени революция; социалистік құрылыс барысындағы орыс емес халықтардың мәдени артта қалушылығын жою; кеңестік интернационалдық мәдениет; социалистік құрылыс барысында көшпелі тұрмыстың әдет-ғұрыптарын, ескі рулық және феодалдық идеологияны жою; Кеңестік Қазақстандағы мәдени прогресс. Соған қарамастан, КМ. Каменирдің зерттеу жұмысының КСРО тарихы курсындағы Қазақстанның мәдениеті тарихын оқытудағы рөлін атап өтпеске болмас. Ол Қазақстан мәдениеті мәселелеріне 7-10 сынып оқушыларының қызығушылығын оятудағы және білімдік-тәрбиелік мәнін күшейтудегі бірқатар әдіс-тәсілдерді көрсеткен.
Әдіскер-ғалым Т.Т.Тұрлығұл [16] өз еңбегінде Қазақстан тарихы пәнін мектепте оқытудың басты- теориялық, ғылыми-әдістемелік іргелі мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге, онда білім беруде, оның ішінде Қазақстан тарихын оқытудың мақсатында құндылықтарды, өркениетті, мәдениетті оқыту мәселесі бірінші кезекке шығып отырғаны көрсетіледі. Казақстан тарихы пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолында да мәдениет тарихын оқытудың маңыздылығына айрықша тоқталады.
Мәдениет мәселелерін оқытуға арналған бірқатар әдістемелік еңбектер де бар [17-23].
Жоғарыда аталған еңбектерде біздің зерттеу тақырыбымыздың бірқатар мәселелері шешілмеген: біріншіден, Қазақстанның мәдениеті тарихын оқыту мәселесі қарастырылмайды; екіншіден, мәдениет тарихы тақырыптарын оқыту арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілмейді; үшіншіден, мәдениет тарихы тақырыптарын оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жайы негізделмейді.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Білім оқытудың ғылыми мазмұнын құрайды және білім біліктерден белек жеке дара оқытудың толыққанды нәтижесі деп есептелінбейді, өйткені адам өмірлік мәселелерді шешуге дайын болмайды. Білім сапасы мен білік мәселелерін П.Я. Гальперин, Т.М. Давыденко, М.Ж. Жадрина, Н.И. Запорожец, Л.Я. Зорина, В.В. Краевский, А.Н. Леонтьев, И.Я. Лернер, В.Ф. Паламарчук, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, Т.И. Шамова, Н.Ф. Талызина, Т.Т. Тұрлығұл, А.В. Усова және т.б. көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің жай-күйі талданып, оқуылықтардың мәнін «Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған», - деп түсіндіре келіп, орта білім беруде осы қиындықтардан шығудың бір жолы - ол, оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізуде деп айқындайды [7].
Жаңа педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.
Жалпы оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика ғылымында әртүрлі қырынан зерттелді. Ол зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық оқыту технологиялары сұрыпталды. Педагогикалық әдбиеттерге талдау жасап үңілсек, қазіргі кезде «оқытудың педагогикалық технологиясы» ұғымы ғылыми білім берудің теориясы мен практикасына кеңінен енгенін көреміз. Педагогикалық технология мәселесі В.П. Беспалько [24], В.В. Гузеев [25-27], В.К. Дьяченко [28-29], М.В. Кларин [30], Ғ.М.Құсайынов [31], В.М. Монахов [32-33], Г.К. Селевко [34], М.А. Чошанов [35], П.М. Әрдниев [36] және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Сұрыпталған жаңа технологиялардың әрқайсысы - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады. Қазақстанда да жаңа педагогикалық технологиялар мәселелерін зерттеген бірқатар ғалымдар (Ж.А. Қараев, З.А. Құттықұжанова, З.У. Имжарова, С.К. Исламгулова) бар. Ал, Казақстан тарихы пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану туралы арнайы зерттеу еңбектері жоқ.