Араб мемлекеттер лигасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Араб елдерінің жамағаты – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым.1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған. Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Йордания) болған, кейін Йемен мен Арабстан қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Мағрибия, Жезаир, Ливия, Судан, Джибута, Эритрея, Сомалия, Ұман, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Куейт, Палестина.
Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Араб мемлекеттер лигасы
1.1Құрамы
1.2тарихы
2. Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар


Қорытынды

Файлы: 1 файл

араб мемлекеттер лигасы.docx

— 68.87 Кб (Скачать)

   Қазiргi таңда араб әлемi 14 миллион шаршы шақырым жердi, яғни Қазақстаннан бес есе үлкен аймақты алып жатыр. Шартты түрде Машриқ пен Мағриб, яғни Шығыс пен Батыс болып екiге бөлiнетiн қоғамы 22 мемлекеттен құралады. Халқының саны 336 миллионнан асады.Бiр қарағанда, ынтымақтасу мүмкiндiгi жөнiннен арабтар алдына жан салмауы тиiс. Тiлi, дiнi тұрмақ ұлты бiр елдердiң арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстар орнату аса қиын шаруа емес секiлдi.  Алайда, бiрқатар саяси-экономикалық блоктар құрылғанымен, олардың тiршiлiгi  қағаз жүзiнде ғана жүрiп жатты.  Рас, Ортақ Араб мемлекетiн құру жайлы бастама бұрын да айтылған, қазiр де емiс-емiс естiлiп тұрады. «Панарабизм» идеясын жақтайтындардың пайымдауынша, 20-ғасырдың басында осындағы халықтың бiртұтас  мемлекетке бiрiгу мүмкiндiгi болды. 1917 жылы Бiрiккен Араб мемлекетi құрылып та үлгерген едi. Алайда, кейiнгi бұл саяси бастама тұйыққа тiрелдi.  Араб елдерiн бiрiктiру саясаты iс жүзiнде Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн де көрiнiс тапты. Айталық, 1958 жылы Египет пен Сирия басшылары ортақ мәмiлеге келiп, Бiрiккен Египет Республикасын құрды. Көп ұзамай бұл мемлекетаралық одаққа Йемен де қосылды. Жаңа республиканың президентi болып Гамаль Абдель Насер сайланды. Алайда, әлем картасында ендi ғана пайда болған мемлекеттiң ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. 1961 жылғы Сирияда өткен әскери төңкерiс жаңадан қаланған  мемлекеттiң тамырына балта шапты. Билiк басына келген ұлтшылдық бағыттағы саяси күштер Египетпен бiрiгуге қарсылық танытқан соң  одақ тарады.

   Барлық  арабтар мұсылман деген түсiнiк те қате. Сарапшылардың санағына жүгiнсек, араб-христиандардың саны бүгiнде 15 миллион адамға жетедi. Олардың жартысына жуығы Мысырға қоныстанған.

Тағы  бiр талпыныс 1960 жылы орын алды. Бұл жолы  Египет ендi Иракпен бiрiгудi көздедi. Алайда, бұл идея да жүзеге асқан жоқ. Арада бiраз уақыт өткен соң Иордания мен Ирактың монархиялық басшылығы Араб федерациясын құру жайлы келiсiмге келдi. Бiрақ, оны да сәтсiздiк күтiп тұрды.  Әскери төңкерiстен соң Ирактағы монархиялық режим құлап, мемлекетаралық келiсiм күшiн  жойды. 1970-шi жылдардың басында Бахрейн, Қатар мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi де бiртұтас мемлекеттi құру жолында келiссөздер жүргiзе бастады. Өкiнiшке қарай, бұл бастаманың да жолы болмады.

   Геосаяси  тұрғыдағы қайшылықтар әсiресе Сирия мен Ливан, Ирак пен монархиялық елдер, сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Йеменнiң арасында көрiнiс табуда. Египет пен Суданның арасындағы шекара дауының да жалғасып келе жатқаны қай заман. Тiптi бiр үйдiң балаларындай тату-тәттi өмiр сүрiп келе жатқан монархиялық елдердiң арасында да  шешiмiн таппай жатқан даулар аз емес. Мәселен, Бахрейн мен Қатар елдерi бұрыннан берi Қызыл теңiзде орналасқан Хавар аралы үшiн  таласып келедi.

   Бұл сәтсiздiктердiң себебiн еуропалық отаршылдардың әрекетiнен iздеу керек секiлдi. Өйткенi, бiртұтас араб халқын көптеген елдерге жасанды жолмен  бөлiп жiберген солар. Мұндағы мұсылман мемлекеттерiнiң қатысуымен құрылған ең iрi саяси құрылым – Араб мемлекеттерiнiң лигасы 1945 жылы дүниеге келгенiмен, бұл  одақ әлi күнге дейiн айтарлықтай ықпалға ие бола алмай келдi. Оның  саммиттерiне кейбiр елдер бiрде қатысса, бiрде қатыспайды. Қабылданған шешiмдердi орындауға да асығатындар аса көп емес.

   Қазiргi уақытта сарапшылардың пiкiрiнше, ислам банктерiнiң саны 300-ге жеттi,  қаржы айналымы 1 триллион доллар шамасында. Алдағы 4-5 жылда бұл көрсеткiш 1 триллион 400 миллиард долларға жетпек.

Қазiргi таңда араб әлемiндегi ең сәттi  саяси-экономикалық одақ ретiнде  Парсы шығанағы елдерiнiң экономикалық ынтымақтастығының кеңесiн атауға болады. 1981 жылы құрылып, Парсы шығанағының бойында орналасқан алты монархиялық мемлекеттi бiрiктiрген бұл ұйым  тек экономикалық мәселелердi шешуде емес, сыртқы саясатқа да ықпалын жүргiзуде.

Авторитарлық  режимдер мен монархиялар билеп-төстегендiктен қарапайым халықтың пiкiрi мүлдем ескерiлмей қала беретiнi де ақиқат. Диктаторлардың  жеке амбициясынан бас тартпайтыны, қолындағы билiгiнен оңайлықпен айырылғысы келмейтiнi  тарихта сан рет дәлелденген. Тақтан құлаған Саддам Хусейн – солардың бiрi ғана. Хусейн кеткенiмен, өзге  елдердi диктаторлар әлi билеп-төстеп тұр. Ливияның көсемi Муаммар Каддафи, Суданның президентi Омар аль-Башир, Сирияның мемлекет басшысы Башар Асад – бұл саясаткерлер әлемдiк диктаторлардың рейтингiсiнiң көшiн бастап тұр.

Соңғы онжылдықтарда бұрын-соңды байқалмаған  тағы бiр шикiлiк қылаң бердi. Араб әлемiнде дiни мәселелерге қатысты талас-тартыс пен түсiнiспеушiлiктер едәуiр күшейдi. Бұрындары сүнниттер мен шииттердiң арасындағы дау мазаласа, ендi сүнниттердiң өзi де топ-топқа ыдырауға көштi. Мұсылман әлемi қаптаған масхабтар мен тариқаттардың ықпалына ұшырады. Осыдан келiп қай дiни ағымның дұрыс, қайсысы бұрыс екенiн анықтаудың өзi мүмкiн емес болатындай жағдайға қалыптасты. Ал мұндайда ортақ бiрлiк пен ынтымақ жайлы сөз қозғаудың өзi артық. Әрине, мұның барлығы қоғамда саяси реформаның  жүргiзiлуiне кедергiсiн келтiредi.

   Катар Қазақстаннан астық пен мал өнiмдерiн  алуға ықылас танытып отыр. Жақында агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң басқосуында Елбасы «экономикалық тұрғыдан алғанда араб елдерi бiздiң ашылмаған әлемiмiз» деген едi. Ендi сол әлем есiгiн аша бастады.

Ең алдымен  қолға алынатын жобалардың бiрi Астана-Доха арасында тiкелей әуе қатынасын  орнату.

Келiссөздер  барысында Катар Әмiрi Қазақстанды  «бауырлас халық» деп қайта-қайта  атады. Әмiрдiң бiзге деген ерекше құрметi осылайша, айқын сезiлiп тұрды. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара iс қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң мақсат мiндеттерiн  айта келiп, Катар басшысын аймақтық, жаһандық қауiпсiздiктi сақтау үрдiсiне қосылуға шақырды, дiнбасыларын елiмiзде  өтетiн әлемдiк және дәстүрлi дiндер құрылтайына қатысуға үндедi.

Тағы  да бiр жаңалық бар. Жақында Қазақстанның Катардағы елшiлiгi ашылады, сөйтiп ол көп ұзамай толыққанды жұмыс iстей бастайды. Катарлық әрiптесiн өзiне қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын шейх Хамад бен Халифа әл Тани зор ықыласпен қабыл алды.

Катар басшысы Қазақстан Президентiн ұшаққа дейiн шығарып салды.

   ҚАЗАҚҚА МЫСЫРДЫҢ ЫҚЫЛАСЫ ЫСТЫҚ

   Катардан  кейiн Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары Египет Араб Республикасында жалғасты.

   Президент ұшағы алдымен Египеттiң оңтүстiк аймағындағы көне тарихи орындардың бiрi Әбу-Симбел әуежайына келiп қонды. Елбасы Әбу-Симбелдегi көне ескерткiштердi аралап, олармен терең танысты. Ежелгi Египеттiң ең әйгiлi перғауындарының бiрi – Рамзес екiншiнiң Нiл өзенi жағасына тұрғызған таңғажайып ескерткiштерi ешкiмдi де бей-жай қалдыра алмайтыны мәлiм. Бұл әлемдiк мәнi бар тарихи жәдiгерлер.

   Әбу-Симбелге бiрнеше сағат аялдаған Елбасы кешкiсiн Каирге келдi. Нұрсұлтан Назарбаевты ескi досы, сыйлас әрiптесi Египет Президентi Хосни Мубарактың өзi күтiп алды. Мемлекет басшыларының бiр-бiрiне деген сыйластығы айрықша екенi байқалып тұрды. Мұның өзiндiк сыры да жоқ емес. Мысыр мен қазақ тарихында мәмлүк сұлтандарының алар орны ерекше.

   Олар  Мысыр үшiн ең қиын кезде сол елдi басқарып тұрды, билiк құрды. Сол тарихи кезеңде батыстан – крест жорығына шыққандар, шығыстан –моңғол-татар шапқыншылары Мысырға қайта-қайта шүйлiктi. Сол шабуылдарды тойтарып, Мысырдың сол кездегi дербестiгiн сақтап қалуға мәмлүк сұлтандар өлшеусiз үлес қосты. Мысырды қорғаған жауынгерлердiң көпшiлiгi қазақ даласынан шыққан ержүрек сарбаздар едi. Сондықтан да, тарихы терең Мысыр халқы мәмлүктерге айрықша ықыласпен қарайды.

   Елбасы  Мысыр Президентi Хосни Мубаракпен оңаша кездестi. Содан соң кеңейтiлген құрамда екiжақты келiссөздер өттi.

     Елбасы Н.Назарбаев Египетке қазақ инвестициясын салуға даяр екенiн жеткiздi. Мысырдағы әйгiлi туризм орталығы Шарм-Әл-Шейхте қазақстандық кәсiпкерлердiң демалыс орындарын, Александрия портында астық терминалын салу жөнiнде ұсыныс айтылды. Нұрсұлтан Әбiшұлы Оңтүстiк Қазақстан облысында тоқыма кластерi жобасының жүзеге асырылып жатқанын айта келе, мысырлықтарды мақта-мата өндiрiсiн өркендетуге шақырды. Египеттiктердi елiмiзде фармацевтика саласына атсалысса деген ниетiн бiлдiрдi. Тараптар ынтымақтастықты дамытудың барлық саласын қамтитын жол картасын жасауға келiстi.

      Алдағы уақытта Египетке республикамыздан жөнелтiлетiн астық көлемiн жылына 1 млн. тоннаға дейiн жеткiзу туралы уағдаластыққа қол жеттi. Каир-Алматы-Астана әуе қатынасы жолы ашылатын болды. 2008 жылы Қазақстанда Египет күндерiн өткiзу келiсiлдi. Осы мәдени шара аясында Мысырдың ұлттық мұражайындағы көне заман жауһарларынан Астанадағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында көрме ұйымдастыру туралы сөз болды. Египет тарабы Қазақстанның құрлықта бейбiтшiлiк орнатуды көздеген халықаралық бастамасын қолдап, АөСШК-ге мүшелiкке енуге ықыласты екенiн танытты.

      Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Хосни Мубаракқа жас елiмiздiң аяғынан тiк тұруы жолында саңлақ саясаткердiң қолдауын сезiнгенiмiздi жеткiздi. Ал Мысыр басшысы Қазақстанның кез келген ұсынысы кедергiсiз қабылданатынын айтты.

      Қазақстандық қонақтардың құрметiне Мысыр тауарларының көрмесi ұйымдастырылыпты. Президент бастаған Қазақстан делегациясы осы көрменi аралады. Содан кейiн Нұрсұлтан Назарбаев Ливаннан келген кәсiпкерлер тобымен кездестi.

 

   Елбасы  Египет Араб Республикасына ресми сапары барысында мәмлүк сұлтандарының  мешiттерiне арнайы соқты. Елбасының ресми сапары барысында екi елдiң Сыртқы iстер министрлерi Марат Тәжин мен Абу Гейт «Хаср ат тахрир», яғни Бостандық сарайында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының арасындағы лаңкестiкпен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi және психотропты заттардың заңсыз айналымымен және басқа да қылмыс түрлерiмен күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды. Елбасының Египетке ресми сапарының бағдарламасы, осылайша өте тығыз болды.

      Елбасы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке қатысты. Дүниежүзiндегi ең iрi ислам теологиялық орталығы «Әл-Азһарға» барған Қазақстан басшысы оның бас имамы, барша мұсылмандардың ең ғұлама ұстаздарының бiрi шейх Мұхаммед Сейд Тантауимен кездестi. Тантауи да Елбасының ескi таныстарының бiрi. Жасы келiп қалғанына қарамастан оның Астанада өткен әлемдiк және дәстүрлi дiндер құрылтайына қатысуға ықылас бiлдiрiп, Қазақстанға келiп қайтқанын бiлемiз. «Әл азхардан» кейiн Нұрсұлтан Назарбаев штаб пәтерi Мысыр шаһарында орналасқан Араб елдерi лигасына келдi. Осында Қазақстан басшысы ұйымның бас хатшысы Әмiр Мұсамен кездестi.

     Араб мемлекеттерi лигасындағы кездесулер кезiнде АМЛ мен елiмiздiң Сыртқы iстер министрi Марат Тәжин «АМЛ мен ҚР СІМ арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Египеттiң Жоғары бiлiм және ғылыми зерттеулер министрлiгi арасында өзара түсiнiстiк туралы меморандумдарға қол қойды.

     Сондай-ақ, осы сапар барысында Елбасы мәмлүк сұлтандары Ан- Наср Мухаммад ибн Қалауын мен Сұлтан Хасанның, атақты Сұлтан Бейбарыстың мешiттерiне барды.

      Елбасының ресми сапары барысында Мәдени-гуманитарлық салада да бiрқатар уағдаластықтар жасалды. Атап өтер болсақ, 2008 жылы Қазақстанда«Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениетi университетi құрылысының екiншi кезеңiн аяқтау көзделуде. Тараптар Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешiтiне қайта жөндеу жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге келдi. Соған сәйкес, екi ел аталған нысанды қалпына келтiру жұмыстарын бастайтын болады. Қазақстан тарапы осы шараға 4,5 млн. АҚШ доллары көлемiнде қаржы бөлетiн болды. Ал Египет жағынан бөлiнетiн қаражат бұдан екi еседей көп.

     Ресми сапарының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысырдың белдi басылымдары «Әл Шарк әл Аусат» газетi мен «Әр раджуль» журналына сұхбат бердi.

     Дүниежүзiлiк ақпарат агенттiктерi Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар мен Египет Араб Республикасына сапарына тоқтала келе «Қазақстан мен араб елдерiнiң арасындағы қарым-қатынас барлық салалар бойынша жаңа деңгейге көтерiлетiн болды» деп жазып жатыр. Шынында да Елбасының екi араб елiне жасаған ресми сапарларынан кейiн осылай деуге негiз бар.

    Елбасымыздың осы жолғы ресми сапарының саяси, экономикалық және гуманитарлық мазмұны тереңдiгi соншалықты, оның халқымызға, елiмiзге тигiзер пайдасын мамандар келешекте тереңiрек таразылайтын болуы керек. Бiр мәселе ақиқат. Елбасымыз мемлекетiмiздi сыртқы қарым-қатынастың жаңа көкжиектерiне бастап келедi.

   Батыс пен Шығыс әлемінің шекарасында, түрлі діндердің түйіскен тұсында  қоныс тепкен қазақ елі осымен үшінші мәрте әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбітшілікті көздеген мәмілегер басқосуына ұйытқы болып  отыр.

   35 мемлекеттен келген сексенге  тарта делегация қатысқан ІІІ  Әлемдік және дәстүрлі діндер  көшбасшыларының съезіне Дүниежүзілік  Ислам Лигасының Бас хатшысы  Шейх Абдолла Мухсин Әл-Түрки,  Израиль президенті Шимон Перес,  БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары  Сергей Орджоникидзе, Дүниежүзілік  буддистер федерациясының вице-президенті  Хамба лама Дамбажав, ЕҚЫҰ Бас  Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо  сынды түрлі діндер көшбасшылары  мен танымал саяси қайраткерлер  атсалысты.

Информация о работе Араб мемлекеттер лигасы