Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 21:56, реферат
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды.
Араб-мұсылман философиясы
Араб философиясы –
мұсылман дінін қабылдаған және араб
тілінде сөйлейтін Шығыс
Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб
философы, астрологі, математигі әрі
дәрігері, «арабтардың философы»
деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди
өзінің дүниетанымына негіз етіп
жалпыға ортақ себептілік байланыс
идеясын алады, бұл идеяға орай, кез
келген бір затты ақырына дейін
ой елегінен өткізетін болса, онда бұл
зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай
тануға мүмкіндік береді. Құран жолын
ұстанушылар Аль-Киндиге
Шығыс перипатетизмнің одан
әрі дамуы Әль-Фараби мен Ибн
Синаның есімімен байланысты. Аль-Киндиге
қарама-қарсы түрде бұл
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед
ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб
қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде
дүниеден озады) – Шығыс философы,
ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің
аса ірі өкілі. Аристотель мен
Платонды зерттеуші және толықтырып
жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы»
деген атағы осыдан шыққан). Негізгі
шығармалары: «Философиялық трактаттар»,
«Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық
трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары»,
т.б. Әл-Фарабидің қатардағы
Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы
– Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы
тәжік философы, дәрігері және ғалымы.
Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы»
(«Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина
каноны» және т.б. еңбектердің авторы.
Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура,
көне дүние философиясы мен ғылымын
арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі
ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық
ілімінде Аристотельдің материалистік
және идеалистік бағытын ұстады, ал
кейбір мәселелерде аристотелизмнен
бас тартып, неоплатонизм жағына шығады.
Аристотельдің логикасын, физикасын
және метафизикасын жетілдірді. Ол
материяның мәңгілігін мойындады, оған
бір тектес заттардың әрқилы себептері
деп қарады және астрлогиямен басқа
да сәуегейліктерге қарсы шықты.
Әл-Фараби мен Ибн Синаның
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.)
- Кортово халифаты тұсында Испанияда
өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы,
философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа
шығаруды жоққа шығару», «Дінмен
философиялық салыстырмалы байланысын
талқылаудан шығатын қорытынды»
Ахмед Яссауи (шамамен 1093-1166-67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.
Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.