Ұлттар лигасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:52, реферат

Краткое описание

Ұлттар лигасы[1] - [The League of Nations] - "халықтар арасында әріптестікті дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі" болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1919-1920 жылдары Париж бейбіт конференциясында құрылған 'Ұлттар Лигасының Жарғысы' бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен және соғыста бейтараптық ұстанған 13 мемлекетпен бекітілді. АҚШ Ұлттар Лигасының Жарғысын бекітпей, оның құрамына кірмей қалды.

Файлы: 1 файл

Ұлттар Лигасы.docx

— 128.30 Кб (Скачать)

Ұлттар Лигасы

Ұлттар Лигасы

[көрсет ►]

 
 

Ұлттар Лигасы-на кіретін мемлекеттер

Штаб-Пәтері Женева (1938)
Ресми тілдері Ағылшын тілі, Француз тілі, Испан тілі
Мүшелігі 58 мемлекет мүше
Басшылары
—  Бас хатшылар  United Kingdom Джеймс Эрик Драммонд (1920—1933) 
 
France Жозеф Луи Анн Авеноль (1933—1940) 
 
Ireland Шон Лестер (1940—1946)
Ұйымдастыруы  
—  Құрылу күні 1919 жылы 

Ұлттар лигасы[1] - [The League of Nations] - "халықтар арасында әріптестікті дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі" болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1919-1920 жылдары Париж бейбіт конференциясында құрылған 'Ұлттар Лигасының Жарғысы' бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен және соғыста бейтараптық ұстанған 13 мемлекетпен бекітілді. АҚШ Ұлттар Лигасының Жарғысын бекітпей, оның құрамына кірмей қалды. 
 
  
Ұлттар Лигасының негізгі органдары Ұлттар Лигасының Ассамблея және Кеңесі болды. Ұлттар Лигасында дербес ұйымдар дәрежесінде халықаралық әділ соттың Тұрақты палатасы, Халықаралық еңбек ұйымы және тағы басқаны құрылды. Ұлттар Лигасының негізгі органдары Женевада (Швейцария) орналасты. 
 
   Мұндай ауқымдағы халықаралық ұйымның құрылуының негізгі алғышарттары Бүкіләлемдік пошта одағы (1874 жылы негізі қаланған),
Қызыл Крест, Гаага конференциялары және Тұрақты арбитражды сот (Гаагалық трибунал) сияқты ұйымдар болды. Ұлттар Лигасы I дүниежүзілік соғыстың аяқ шенінде Ян Шмутц, лорд Роберт Сесил, Леон Буржуа сынды көрнекті саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің идеяларының іс жүзіне асуымен болды. 
 
  Егер бастапқыда
Ұлттар Лигасының мүшелері I дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШтан өзге), сондай-ақ бейтарап елдердің көпшілігі болса, кейінірек басқа мемлекеттер де кірді: Болгария (1920), Австрия (1920), Венгрия (1922), Германия (1926), Мексика (1931), Түркия (1932). 1930-шы жылдары ортасында Германия, Италия және Жапония тарапынан қауіптің өсуіне байланысты Ұлттар Лигасының 30 мүшемемлекеті КСРО-ға ұйымға кіруге ұсыныс жасады. 1934 жылы 18 қыркүйекте КСРО Ұлттар Лигасына мүше болып, Кеңесте тұрақты орын алды (1939-1940 кеңестік-финляндиялық соғыстың басталуынан кейін Ұлыбритания мен Францияның бастамасымен Ұлттар Лигасы Кеңесі 1939 жылы 14 желтоқсанда КСРОны құрамынан шығару жөнінде шешім қабылдады). 
  Қызметінің бастапқы жылдарында
Ұлттар Лигасы бірқатар халықаралық дауларды шешті. Ұлттар Лигасы босқындарға көмек көрсетіп, құлдар сатуды, опиум сатуды ауыздықтап, алғаш рет қоғамдық денсаулық сақтау жағдайына зерттеу жүргізді, мұқтаж елдерге қаржылай көмек көрсетті, еңбек және жұмыспен қамту саласында халықаралық әріптестікті дамытты. 
  Алайда уақыт өте келе ұйым қызметінің тиімділігі күн санап төмендей берді. 1940 жылы
Ұлттар Лигасы іс жүзінде өз қызметін тоқтатты. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҮ) Ұлттар Лигасынан дербес қызметін жалғастыра берді, кейіннен БҰҰ жүйесінің арнайы мекемелерінің бірі болды. Ресми түрде Ұлттар Лигасы 1946 жылы сәуірде арнайы шақырылған Ассамблеяның шешіміне сәйкес өз жұмысын тоқтатты. 
 
  Ұлттар Лигасы -
БҰҰ құрылуына негіз болған, егемен мемлекеттердің халықаралық ұйымының алғашқы үлгісі. Ұлттар Лигасын құру тәжірибесі басқа ұйымдарды құруда қолда 
– Халықаралық саясатта халықаралық ұйымдардың рөлі, негізінен алғанда, өте маңызды. Тарихи тұрғыдан алғанда, халықаралық ұйымдар әлемдік саясатты реттеуде шешуші рөл атқарған кездер болды. Мысалы, өткен ғасырда 1919 жылы құрылған «Ұлттар лигасы» Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында халықаралық қатынастарды реттеп отырды десек болады. Мәселен, 1934 жылы «Ұлттар лигасына» КСРО-ның кіруін, ұйымның Жапонияға байланысты ұстанымын, бұл елдің Қиыр Шығыстағы агрессиялық саясатын тежеуін атап өтуге болады. Әрине, сол кездегі фашистік тәртіп орнаған Италия мен Германия мемлекеттері бұл ұйымның шешімдерімен санаспады, дегенмен жалпы халықаралық саясаттағы белгілі дәрежедегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі «Ұлттар лигасының» рөлін жоққа шығаруға болмайды. «Ұлттар лигасы» сол кездегі ұжымдық қауіпсіздіктің бірінші тәжірибесі болды. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық ұйымдар «биполярлық жүйе» кезінде халықаралық саясатта шешуші рөл атқарды. БҰҰ сияқты универсалды ұйымдар АҚШ пен КСРО арасындағы үшінші дүниежүзілік соғысты болдырмауда, аймақтық қақтығыстарды реттеуде орасан зор қызмет жасады. Жалпы, халықаралық тәжірибеде бейбітшілік пен тұрақтылықты және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдарға арқа сүйеу саяси либерализм теориясының негізгі қағидасы болып табылады. Саяси либерализм теориясы бойынша, халықаралық қатынастардағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторлары – халықаралық ұйымдарға арқа сүйеу, ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық саясаттағы мораль. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси либерализмді негізінен орта және кіші мемлекеттер өздерінің сыртқы саясатының негізгі концепциясы деп қарастырады. Ал алпауыт мемлекеттер саяси либерализм тәжірибесін өте сирек қолданады. Соңғы уақытта алпауыт мемлекеттер халықаралық ұйымдарды өздерінің геосаяси мақсаттары үшін жиі пайдалануда. Мысалы, АҚШ, РФ мен ЕО тәжірибесі соған айқын дәлел бола алады. Меніңше, халықаралық қауымдастық қандай да бір мемлекеттің монополиясына жол бермейді. Сондықтан халықаралық ұйымдар өз маңыздылығын жоймайды
нылды.

Информация о работе Ұлттар лигасы