Араб мемлекеттер лигасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Араб елдерінің жамағаты – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым.1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған. Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Йордания) болған, кейін Йемен мен Арабстан қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Мағрибия, Жезаир, Ливия, Судан, Джибута, Эритрея, Сомалия, Ұман, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Куейт, Палестина.
Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Араб мемлекеттер лигасы
1.1Құрамы
1.2тарихы
2. Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар


Қорытынды

Файлы: 1 файл

араб мемлекеттер лигасы.docx

— 68.87 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 

                СӨЖ 

Тақырыбы: Араб мемлекеттер лигасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар: 

Кіріспе 

Негізгі бөлім

1. Араб мемлекеттер лигасы

     1.1Құрамы

     1.2тарихы

2. Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар 
 
 

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Араб  мемлекеттерінің  Лигасы 

    Араб  елдерінің жамағаты – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым.1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған. Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Йордания) болған, кейін Йемен мен Арабстан қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Мағрибия, Жезаир, Ливия, Судан, Джибута, Эритрея, Сомалия, Ұман, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Куейт, Палестина. 
Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Құрамы:

   Араб  мемлекеттер лигасы құрамына Солтүстік  Африка және Таяу шығыстан 19 араб мемлекеті кіреді. Бұл елдердің басым бөлігінің ана тілі - араб тілі. Сонымен қатар Араб мемлекеттер лигасы құрамына Африкадағы Джибути және Сомали кіреді, олардың көбі кушит тілінде сөйлейді, бірақ араб тілі ресми тілдердің бірі болып табылады. Араб мемлекеттер лигасының тағы бір мүшесі Комор кішігірім аралдық мемлекеті болып табылады.Бұл елде негізінен анталоатра( метисы, афро - арабо -малагасиялық туынды) өмір сүреді,басым бөлігішикоморо тілінде сөйлейді, сонымен қатар араб тілі де ресми тілдің бірі болып саналады.

   
              мемлекет    Территория 
(км²)
   Халқы 
(адам.)
   астана
     Алжир    2 382 741    33 769 668    Алжир
     Бахрейн    695    718 321    Манама
     Джибути    22 000    476 703    Джибути
     Египет    997 739    81 713 520    Каир
     Западная Сахара[2]    252 120    393 831    Эль-Аюн
     Йемен    536 869    23 013 376    Сана
     Иордания    97 740    6 173 579    Амман
     Ирак    435 317    28 221 180    Багдад
     Катар    11 437    824 789    Доха
     Коморы    2 170    798 000    Морони
     Кувейт    17 818    2 596 799    Эль-Кувейт
     Ливан    10 452    3 971 941    Бейрут
     Ливия    1 775 500    6 173 579    Триполи
     Мавритания    1 030 700    3 364 940    Нуакшот
     Марокко    458 730    34 343 220    Рабат
     Объединённые Арабские Эмираты    77 700    4 621 399    Абу-Даби
     Оман    212 457    3 311 640    Маскат
     Палестина[3]    6 257    3 907 883     
     Саудовская Аравия    1 960 582    28 146 656    Эр-Рияд
     Сирия    185 180    19 747 586    Дамаск
     Сомали    637 657    9 800 000    Могадишо
     Судан    2 505 813    38 114 160    Хартум
     Тунис    163 610    10 383 577    Тунис
 
 
 
 
 
 
 

   Тарихы:

   Араб  мемлекеттер лигасының құрылу туралы келісімі 1945 жылы 22 наурызда Каир қаласында  төменде көрсетілген № мемлекетпен  қабылданды :

   Египет, Ирак, Сауд Арабиясы, Сирия, Йордания. Дәл  сол жылы келісімге Cолтүстік Йемен 5 мамыр 1945 жылы қосылды.

     1956жыл — Судан ( [оңтүстік пен орталығынан басқа 19 қаңтар), Ливия (28 наурыз);

   1958 жыл  Марокко мен Тунис (қазан);

   1961 жыл  — Кувейт (20шілде);

   1962  жыл — Алжир (16 тамыз);

   1967 жыл  — Южный Йемен 1990жылы  Солтүстік Йеменмен Йеменге бірігеді );

   1971 жыл — Бахрейн и Катар (11 қазан), Оман (29қыркүйек), Объединенные Арабские Эмираты (6 желтоқсан);

   1973 жыл — Мавритания (26қараша);

   1974 жыл — Сомали (14ақпан);

   1977 жыл  — Джибути (4 қыркүйек);

   1993 жыл — Коморские Острова (20қараша).

   Араб  мемлекеттер лигасының хатшылары:

  1. Абдул Рахман Хассан Аззам — 1945—1952
  2. Abdul Khalek Hassouna — 1952—1972
  3. Mahmoud Riad — 1972—1979
  4. Chedli Klibi — 1979—1990
  5. Ахмед Исмат Абдель Магид — 1991—2001
  6. Amr Moussa —  2001 жылдан қазірге дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар

   Соңғы бiрнеше жылда Қазақстан мен  араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалық деңгейге көтерiлдi. Ислам  елдерiмен iскерлiк барыс-келiс пен  алыс-берiс  күшейе түсiп, сол жақтан елiмiзге құйылған инвестицияның  көлемi де артып келедi. Өткен аптада ғана Елбасымыз Сауд Арабиясымен  Иорданияға арнайы сапарлап, бiрқатар экономикалық байланыстардың негiзiн  қалады. Президент сапары барысында HSBC банкiнiң басшыларымен ислам банкингiн  дамыту, жаңа қаржы құрылымдарын ендiру мәселелерi бойынша талқылаулар  да жасады. Әсiресе, бүгiнгiдей дағдарыс кезiнде қазақ елiне ислам банктерiнiң  аяқ басуы қаржылық топтар мен  былайғы бұқараның ерекше қызығушылығын  оятып отырғандықтан Мемлекет басшысының бұл бастамаларынан көпшiлiктiң үмiтi зор. Батыстың бүгiнгi бедерi бiздiң қоғамға  таңсық емес. Өйткенi, даму бағдарымыздың  бағдаршамы батыс болғандықтан, оның елесi Орта Азияны кезiп жүргенi қашан?! Ал мұсылман әлемiнiң көшбасшысы саналатын араб мемлекеттерi жайында ақпарат аз айтылатындықтан шыны керек, көпшiлiгiмыз хабарсызбыз. Төмендегi мақаланы оқи отырып, талайларға мәлiм де беймәлiм арабтардың бет-бейнесiн тани түсесiз.

Мұнай, шөл, түйе және дiни экстремизм... араб әлемi жайлы таным-түсiнiгiмiздiң көбiнесе осымен шектелетiнi шындық.  Әлемнiң  бұл аймағын қарама-қайшылықтарға  толы кеңiстiк  ретiнде ғана қабылдайтынымызды  тағы жоққа шығара алмаймыз.

Араб  халқының тарихына көз жүгiрте отырып, қайран қаласың. Аравия түбегiнен тараған  көшпелi халық қысқа мерзiм iшiнде  Азия мен Африка құрлықтарының кең-байтақ жерлерiн жаулап, ислам дiнiн, мәдениетiн  тарата алды. Қызығарлығы сол, Шыңғысханның империясы секiлдi жойылып кеткен жоқ. Осы аймақтарда күнi бүгiнге  дейiн ислам дiнi үстемдiк құрып  отыр. Орта ғасырларда араб халифаты, тiптi Еуропаның Пиреней түбегiн де (қазiргi Испанияның жерi) уысында ұстап отырған. Дегенмен, кезiнде дүниежүзiлiк мәдениет пен ғылымның орталығы саналған елдердiң бүгiнi жай-күйi мүлдем басқа.

Қазiргi таңда араб әлемi 14 миллион шаршы  шақырым жердi, яғни Қазақстаннан бес  есе үлкен аймақты алып жатыр. Шартты түрде Машриқ пен Мағриб, яғни Шығыс пен Батыс болып  екiге бөлiнетiн қоғамы 22 мемлекеттен  құралады. Халқының саны 336 миллионнан асады.

Дүниежүзiнде  дәл мұндағыдай  қарама-қайшылықтарға  толы аймақ жоқ десек  қателеспеймiз. Оны дiнi мен тiлi, тарихы мен тағдыры  бiр ұлттың көптеген  мемлекеттерге  бөлiнiп, басы бiрiге алмай жатуынан-ақ ұғына аламыз. Бұл мәселе қазiр  арабтардың өздерiн де жиi толғантады. Олай дейтiнiмiз, соңғы жылдары ислам  елдерiне ортақ валюта енгiзу, түрлi мемлекетаралық ұйымдарды құру секiлдi бастамалар жиi қолға алынуда. Дегенмен, бұл мемлекеттерде ынтымақтан гөрi бақталастық, бiрiгушiлiктен бөлiнушiлiк  басым. Қай жағынан алсақ та –  саяси ахуалы, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы, халқының өмiр сүру деңгейi тұрғысынан араб елдерiнiң арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Жер шарындағы ең бай мен ең кедей де осында тұрады.

Барлық  арабтар мұсылман деген түсiнiк те қате. Сарапшылардың санағына жүгiнсек, араб-христиандардың саны бүгiнде 15 миллион адамға жетедi. Олардың жартысына жуығы Мысырға қоныстанған.

Араб  әлемiнiң тағы бiр ерекшелiгi - Таяу Шығыс пен Солтүстiк Африкада күнi бүгiнге дейiн көшпендiлер өмiр сүредi. Өркениеттiң  рахат өмiрiн тәрк еткен бәдәуилер тайпасы, тiптi Парсы шығанағының бай елдерiнде де кездеседi.

Араб  әлемi дегенде әдетте көз алдымызға бiрден Аравия түбегi елестейтiнi рас. Онысы түсiнiктi де. Бұл — арабтардың отаны. Барша мұсылманға ортақ қасиеттi Мекке мен Медине осында. Дегенмен, бүгiнгi заманда бұл әлемiнiң негiзiн Солтүстiк Африканың араб мемлекеттерi құрайтыны анық. Экономикалық күш-қуаты, саяси беделi мен халқының саны жағынан осы елдер құрлықтағы мұсылман мемлекттерiнiң  көшiн бастап келедi. Мәселен, бiр ғана Египеттiң өзiнде бүкiл арабтардың үштен бiр бөлiгi қоныстанған. Ал  Марокко, Тунис пен Алжирмен бiрге бұл төрттiк iрi әскери, саяси және экономикалық одақ құруға қауқары жетедi.

Араб  мемлекеттерiнiң арасындағы түсiнiспеушiлiктер күнi бүгiнге дейiн жалғасып келедi. Бұл шетелдiк басқыншылардың отаршылдық саясатының «жемiсi». Ғасырлар бойы әуелi Осман империясы, одан соң Ұлыбритания, Франция, Италия мен Германия секiлдi мемлекеттердiң  қол астында өмiр сүрген халық ақыры жiк-жiкке бөлiнiп тынды. Жай ғана бөлiнбей, кейбiр елдердiң арасындағы жер дауы күнi бүгiнге дейiн жалғасып келедi.  Қиындық тудырып отырған тағы бiр жайт – осы аймақта көшбасшы атануға ұмтылып отырған бiрқатар мемлекеттiң арасындағы бақталастық өңiрдегi экономикалық интеграцияға тұсау салып отыр. Белгiлi бiр географиялық аймақта орналасқан елдердiң арасында интеграциялық, яғни жақындасу процестерiнiң жүруi әлемдiк тәжiрибедегi бар үрдiс. Экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың  үлгiсiн әлемнiң кез келген түкпiрiнен байқаймыз. Еуропада - Еуроодақ, Оңтүстiк Америкада – МЕРКОСУР сауда-экономикалық блогы,  Азияда - АСЕАН ұйымы ойдағыдай қызмет етiп келедi. Ал араб әлемiндегi жағдай бұдан әлдеқайда күрделi.

Информация о работе Араб мемлекеттер лигасы