Араб мемлекеттер лигасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Араб елдерінің жамағаты – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым.1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған. Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Йордания) болған, кейін Йемен мен Арабстан қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Мағрибия, Жезаир, Ливия, Судан, Джибута, Эритрея, Сомалия, Ұман, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Куейт, Палестина.
Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Араб мемлекеттер лигасы
1.1Құрамы
1.2тарихы
2. Қазақстан мен араб әлемiнiң арасындағы қарым-қатынастар


Қорытынды

Файлы: 1 файл

араб мемлекеттер лигасы.docx

— 68.87 Кб (Скачать)

   Алқалы  жиынның беташарында сөз алған  Мемлекет басшысы Елордада дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан форумның маңыздылығына тоқталып өтті:

   – Астана – конфессияаралық келісімнің қаласы. Бейбітшілік және келісім  сарайы, Христиандық шіркеулер, синагогалар  мен өзге де діни орындар елордамыздың құрамдас бір бөлігі болып тұр. Астанада 2006 жылы өткен форумға 29 делегация  қатысса, бүгінде бұл жиынға әлемнің 25 елінен 77 делегация атсалысып отыр. Мен бүгін исламның белді ұйымдарының  басшыларын ризашылықпен қарсы аламын. Біз сонымен қатар, христиан дінінің  басшыларын қарсы алып отырғанымызға  да аса қуаныштымыз. Иудей қоғамдастықтарына  да «Хош келдіңіздер!» дейміз. Әлемнің  көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің біздің шақыртуымызды қабыл алып, ортақ іске үлес қосып отырғанына алғысымызды білдіреміз. …Жер бетінде  келісім мен ынтымақтастық салтанат құрсын деген адал ниеттеріңіз сіздерді осымен үшінші рет Астананың төріне әкелді, – деді Елбасы.

   Мемлекет  басшысы форумға қатысушыларға  діндер басшыларының кеңесін құру туралы тың ұсыныс тастағанын да айрықша  атап өту керек.

   — Біздің съездің Хатшылығы және Мәдениеттер  мен діндердің халықаралық орталығы басқа да форумдармен және халықаралық  ұйымдармен диалог құруы үшін діндер басшыларының кеңесін құруды ойластырғаны жөн. Оның жұмысы мәдениеттердің диалогына  және экономикалық өзара іс-қимылға  бағытталуы қажет, – дейді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан  ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясына  төрағалық ететін кезеңде осы  форумда ортаға салынған мәселелерді  жүзеге асыруға ұмтылатындығын мәлімдеді.

   Съездің алғашқы күнінде жұртшылықты  елең еткізген ұсыныстардың бірі Израиль  Президенті Шимон Перестің тарапынан  айтылды. Перес араб әлемі мен  Израильдің арасындағы бейбітшілік  бағдарламасын Қазақстан аумағында  талқылауды ұсынып отыр.

   – Осы мінберде тұрып мен Сауд Арабиясының  королі Абдолланы – араб бейбітшілік  бағдарламасының бастамашысын Қазақстанға  келіп, өзге арабиялық лидерлермен  бірлесіп, өзара ой бөлісуге шақырамын. Съезге қатысушылар әлемде бейбітшілік  пен ізгіліктің орнауын жақтаушы ретінде бір-біріне қолдарын созуға тиіс, – деді Израиль президенті.

   Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 29 тамыз  күнін Дүниежүзілік ядролық қарудан  бас тарту күні деп жариялау туралы ұсынысы БҰҰ тарапынан қолдау тауып отыр. Астана төріндегі форумның баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе ұйымның  Бас Хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан  басшысының бастамасына қолдау көрсеткенін  жеткізді.

   – Сөз жоқ, БҰҰ және ұйымның Бас  хатшысы Президент Назарбаевтың бұл ұсынысына қолдау көрсетеді, – деді БҰҰ өкілі.

   Форумның  алғашқы күніндегі шаралар аяқталар тұста Парламент Сенатының спикері  Қасым-Жомарт Тоқаев келесі съездің  мерзімін 2012 жылға белгілеу жоспарланып  отырғанын жеткізді.

    

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Араб  елдері лигасының делегациясы қазіргі кезде де аймақтағы тұрақтылықты сақтауда, қалыптасқан этникалық проблемаларды шешуде үлкен роль атқарып келеді. Атап айтқанда Ливандағы азамат соғысының алдын алу мақсатында жасаған іс-шараларын ерекше айтуға болады. Мысалы: Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері делегациясы БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесін Израил әскерлері Ливаннан шығарылып, қақтығыстар тоқтамаса, мұнда азамат соғысы етек алып кетуі мүмкін деп ескертті.Сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің алдына барған делегацияның үш мүшесі Израил мен Хезболла жасақтары арасында төрт аптадан астам уақыттан бері жалғасып жатқан шабуылдарды тоқтатуға бағытталған АҚШ пен Франция қарарының жобасына қатысты өз пікірлерін білдірді. 
Қатардың сыртқы істер министрі Шейх Хамад бин Жассим бин Жабр әл-Тани егер қарарда Израилдың әскерлерін Ливаннан шығару талап етілмесе, бұл операциялардың салдарлары Ливан үшін оңай болмайды, тіпті азаматтық соғыс оты да тұтанып кетуі мүмкін екендігін айтып, ескертті. 
Ливан үкіметі де аталған қарар дауысқа салынбас бұрын Израил әскерлерін Ливан жерінен шығару талабы оның мәтініне жазылсын деген болатын. 
Араб елдері лигасының осындай наразылығынан кейін АҚШ пен Франция қарар жобасын қайта қарай бастады. Хабарларға қарағанда ең ерте дегенде бұл қарар жобасы бойынша дауыс беру ертең, тамыздың 10-ы күні болуы мүмкін. 
    Ливанның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Тарик Митри Араб елдері лигасы өкілдерінің сынына өз көзқарас-пікірін қосты. 
- Жобада біздің көбіміздің заңды өтініштеріміздің көрініс таппағаны, әрине, өкінішті, бұл сондай-ақ халықаралық қауымдастық қандай да бір нәтижеге жетеді деген сенім де ұялатпайды. 
Митри өз алаңдаушылығын түсіндіре келіп, қарар жобасында тек қана Израил шабуылдарын тоқтатсын деп жазылған, ал бұл дегеніңіз мүлде жеткіліксіз деп атап көрсетеді. 
- Біз бәріміз де білеміз, Израил өзінің Ливандағы қимылдары қорғаныс бағытындағы әрекеттер емес екендігін ешқашан мойындамайды. Біздің елімізде Израил бастаған барлық соғыс мәлімдеулерге қарағанда өзін-өзі қорғау болған. Бұл ретте қарар жобасы Ливан жағдайын өте әлсіздендіріп, Израил пайдасын көздеген болып шығады. 
Митри сондай-ақ Израилдың Ливандағы шабуылдары жүздеген адамды өлтіріп, мыңдаған кісіні жарақаттап жатқанда, Қауіпсіздік кеңесі бұл әрекеттерге жалқаулық, енжарлықпен қарап, уақыт оздырды дегенді айтты. 
- Біз 27 күн бұрын оқ атысуларды тоқтату жөнінде сұраған едік. 900-ден астам адамның өмірі қиылмас бұрын біз өтінген болатынбыз. 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын жараланбас бұрын шабуылдарды тоқтатуды сұраған едік. 
БҰҰ-ғы Израил елшісі Дэн Гиллерман Митридің Израил бейбіт тұрғындарды әдейі көздеп, нысанаға алуда деген айыптауларына орай жауап қайтара келіп, Хезболла қарапайым тұрғындарды өздеріне қалқан ретінде пайдалануда, ал Израил болса, өздерін қорғау әрекеттерін жасауда деп атап көрсеткен. 

Информация о работе Араб мемлекеттер лигасы