Ибн Араби

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Ибн Араби, Мұхаммед ибн Әли ибн Мұхаммед ибн Араби әл-Хатими әт-Тои әл-Андалуси, лақап есімі: шейх әл-Әкбар – “ұлы шейх” (1165-1240) – араб ойшылы, ақын, ортағасырлық сопылық ағымның ықпалды өкілдерінің бірі.
Андалусияда туып, сонда білім алды. Шығыс мұсылман елдерін аралап, Каир, Шам (Дамаск), Бағдад, Коньяда болып, белгілі ғалым, ойшылдармен танысты. Ибн әл-Арабидің философиялық көзқарасы пантеистік сипатта болды. Барлық заттардың біртұтас мәні бар деп санады.

Файлы: 1 файл

Қырғызбаева Дана.docx

— 16.89 Кб (Скачать)

                                                                                            Қырғызбаева Дана

                                                                                                                  ХИ-201

Ибн Араби

Ибн Араби, Мұхаммед ибн Әли ибн Мұхаммед ибн Араби әл-Хатими әт-Тои әл-Андалуси, лақап есімі: шейх әл-Әкбар – “ұлы шейх” (1165-1240) – араб ойшылы, ақын, ортағасырлық сопылық ағымның ықпалды өкілдерінің бірі.

Андалусияда туып, сонда білім алды. Шығыс мұсылман елдерін аралап, Каир, Шам (Дамаск), Бағдад, Коньяда болып, белгілі ғалым, ойшылдармен танысты. Ибн әл-Арабидің философиялық көзқарасы пантеистік сипатта болды. Барлық заттардың біртұтас мәні бар деп санады. Оның пікірінше, бұл мән құдайлық субстанцияны бейнелейді, ол таклидті, яғни көпшілік жұрт тәжім ететін адами беделді бекерге шығарады. Ибн әл-Араби сопы болғандықтан, құдайды жоғарғы, абстракциялық ақиқат арқылы тануға болады дейді.

Ибн Араби суфизм саласында аты шыққанмен, оның еңбектерінде исламдық ілімдердің барлық салалары орын алған. Ол сопылық ілім, хадис, Құран тәпсірі, сияр (Мухаммедпайғамбардың өмірі), философия, әдебиет, сопылық поэзия және жаратылыстану ілімдері туралы қалам тартқан. Осындай түрлі-түрлі тақырыптармен айналысқан кезде ол сопылық ұғымдарды ұмыт қалдырмаған, оның еңбектерін оқуға ден қойған кезде, каламдық, шариғаттық, тіпті, ғылыми проблемаларға кіріскен кезде, оның сопылық ілімнің әртүрлі  қырларын алдыңғы қатарға қойғанына куә боламыз. Басқа ілімдер жайлы жазған еңбектерінде өте күрделі формада сопылық идеялар қамтылған және қым – қиғаш терминдер оны түсінуді қиындата түседі.

Ибн Арабиге қарапайым логикалық құралдар бойынша пікір айту дұрыс болмаған болареді. Ол - күмәнсіз ойшыл және дүниетаным мектебінің негізін салушы, сопылық (мистикалық) қырымен танымал ғұлама. Оның сопылық философиясы жоғары деңгейде ой мен сезімнің қосындысын бейнелейді. Ибн Араби философиясы ақылдық танымдарға,интуициялық мәліметтерге ықпалы мол қазына және шебер фантазияға толы. Оның диалектикалық ойлау жүйесі қуатты фантазиямен, мистикалық интуициямен тығызбайланысты. Дүниетанымы үнемі иллюзиямен бірлесіп, жұмыс атқарады, ойларының түбінде қиял арманның ізі жатыр. Ибн Араби пікірлерін үнемі формальдік диалектикамен дәлелдеуге ұмтылыс жасаған, бірақ оны оқығандар әлгі пікірлердің нақты дәлелі ретінде мистикалық интуиция мен фантазияға икемделгенін байқайды. Оның пікірі бойынша қиял әлемі (алами хаял) - өз алдына бір шынайы әлем, тіпті нақты көрінетін заттар әлемінен де айқын. Ол - болмыстардың шынайы мәніне қол жеткізетін әлем. Қиял ұйқыдағы түстер сияқты ояу кезде де өз әрекетін жүргізеді. Ол бізге көрінетін қиялдың қабілеттерін қашан және қайда болатыны туралы мәлімет береді. Осы қиял әлемімен пайғамбар мен әулиелерді көреді және олармен сұхбаттасады. Мысалы, «Фусус» тәрізді кітап толығымен

Мұхаммед пайғамбар тарапынан «мұны адамдарға алып бар, олар пайдалансын» деген әмірмен өзіне берілгендігі түсіндіріледі. Ибн Араби мұны уахи немесе шабыттандыру деп атаған және кітаптарының көпшілігінде өзінің шабыттандырылғандығын алға тартады.

«Кітабымда орын алған нәрселер, - деп жазады Ибн Араби, - ақылды іске қосу немесе ойлану арқылы емес, олар маған жүрегімдегі уахи періштесінің дем беруімен жеткен»,«жазғаным және әлі де жазып жатқан барлық нәрсем маған Құдайлық рухтан рухыма үрленуімен жазылды». «Бұл менің тәуелсіз бір қайнар ретінде емес, мура ретінде таңдағанымды білдіреді. Рухтың үрленуі ауызша шабыттанудан едәуір жоғары деңгейде».

Осындай идеялар арқылы Ибн Араби өз еңбектеріне шабыттандырылған табиғаттан тыс немесе ақылдан да жоғары бір негізге сілтеме жасаған.


Информация о работе Ибн Араби