Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 17:47, лекция
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды.
Араб-мұсылман философиясы
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған
және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары
ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі
философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб
философиясының пайда болуы мутализиттердің
(«оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық
дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің
қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің
бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері
туралы мәселелерді талқылаудан бастап,
діннің шегінен шыққан және тіпті оның
кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды
жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі
заманның жаратылыстану ғылымымен қатар
философиямен танысты. Олар Аристотельдің
философиясына және оның жаратылыстану
мен логика мәселелеріне баса назар аударды.
Аристотельдің негізгі концепцияларын
сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет
енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің
(шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.
Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі,
математигі әрі дәрігері, «арабтардың
философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди
өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға
ортақ себептілік байланыс идеясын алады,
бұл идеяға орай, кез келген бір затты
ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса,
онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай
тануға мүмкіндік береді. Құран жолын
ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен
қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына
тек шағын үзінділері ғана сақталған.
Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы
Әль-Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты.
Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар
дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай
«өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді
олар.
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан
(870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге
келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады)
– Шығыс философы, ғалым-энциклопедист,
шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі.
Аристотель мен Платонды зерттеуші және
толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші
ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі
шығармалары: «Философиялық трактаттар»,
«Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық
трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары»,
т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға
философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі
кемеңгер философтар «Қайырымды қала»
туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің
негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана
қайырым жасауға бейімделген адамдар
арасында жамандық атаулы болмайды, соған
орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген
тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға,
Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс
Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал
етті.
Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна,
980-1037ж) ортағасырдағы тәжік философы,
дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда
өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»),
«Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және
т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам
дінін жақтай тура, көне дүние философиясы
мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне
таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің
философиялық ілімінде Аристотельдің
материалистік және идеалистік бағытын
ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен
бас тартып, неоплатонизм жағына шығады.
Аристотельдің логикасын, физикасын және
метафизикасын жетілдірді. Ол материяның
мәңгілігін мойындады, оған бір тектес
заттардың әрқилы себептері деп қарады
және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге
қарсы шықты. Әл-Фараби мен Ибн Синаның
перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі
де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн,
суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда
8-9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты
елдерінде кең таралған діни-мистикалық
ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген
материалистік элементтері бар пантеизм
тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей,
ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның
эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары
өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының
Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің
бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап
етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі
бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше
шабыттану жағдайына жеткізген кезінде
ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері
Әл-Ғазали (1059-1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда
өмір сүрді), Ахмет Яссауи.
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам
дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық
көзқарасы мінез-құлық философиясымен
байланысты. «Дін ғылымының жандануы»
атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі
мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты
жететін объектілер де ("тамаша мінез",
"тамаша ғұмыр") тамаша бола алады.
Адамның рухани әдемілігіне баға беру
тән сұлулығына баға беруге қарағанда
күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін
нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың
қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын,
сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін
адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали
Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың
адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін
зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын
атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен
бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек
әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі
жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа
шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді,
көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға
түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін
музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран
сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге
болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан
ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово
халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген
орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі
шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару»,
«Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын
талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам
дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың
мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын
дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен
о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа
шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат
ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың
Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі
Еуропа философтарын антикалық философтармен
таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд
ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын
негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың
философиялық мәселелермен айналысуының
заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге
ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік
алдында жарияламауға шақырды, өйткені
мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан
айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан
да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық
Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың
дамуына зор ықпал етті.
Ахмед Яссауи (шамамен 1093-1166-67 ж.ж.) – түркілік
суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы)
шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб)
қаласында туған. Оның есімі Түркстанның
«Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты.
Ахмед Яссауидің мистикалық танымының
түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының
мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай
әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана
Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы
жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын
асыл мұра болып табылады.
Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар
жасына жеттім, пайғамбардан артық күн
көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға
(халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің
аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп,
бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.