Өмір философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:48, реферат

Краткое описание

Өмір философиясы - буржуазиялық философиядағы субъективтік идеалистік бағыт. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі қарай өміршендік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі. Германияда Шопенгауэр мен Ницшенің, Зиммель және Францияда Бергсон ілімдерінің негізінде «Өмір философиясы» пайда болды.
Өмір философиясының шығуына себеп болған жағдай-биология, психология және басқа ғылымдардың қарқынды дамуы және соған байланысты дүниенің механикалық көрінісі туралы көзқарастың әлсіреуі. Өмір философиясы механикалық кемщіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңуге әрекет жасады. Бірақ, өмір философиясының пайда болуы сол кездегі философияның дағдарысқа ұшырап, ғылымнан бас тартқанын, иррациолизмнен нигилизмге ойысқанын көрсетеді. Өмір философиясы қоғамдық тарихи процестердің ерекшеліктерін теріс көрсетіп идеалистік философияға айналған. Қоғамның дағдарысы осы Өмір философиясының өмірлік құбылыстар, стихиялар, ақылдан тыс иррационалдық нәрсе деген қорытындылары арқылы көрінеді. Бұл философияняң басты принципі –материя мен санаға қарағанда белсенді, белсенді, көп түрлі, шексіз бастамасы ретінде саналатын өмір ұғымы. Өмірді сезім мүшелері , немесе ақыл-ой арқылы ұғыну мүмкін емес , оны тек қана іштей сезу керек, бастап отыру қажет. 20-30 ж өмір философиясы идеяларын әрі қарай дамытқан Шпенглер, Э.Шиенгер, Л, Клагес, Боймлер сынды буржуазиялық құрылысты қолдайтын философтар болды. Өмір философиясының кейбір идеялары экзистенциализмнің шығуына әсерін тигізді.

Оглавление

Кіріспе:…………………………………………………………….............…........3
Негізгі бөлім:
1 Өмір философиясы: қалыптасуы мен мәні негізгі проблемалары.........….....5
2 Өмір философиясының мектептері........ ………….……....…..............…........7
3 А. Бергсон, З.Фрейд және А.Шопенгауэр, В.Ницшенің өмір философиясына қосқан үлесі......12
Қорытынды:...........................................................................................................15
Әдебиеттер тізімі:..................................................................................................16

Файлы: 1 файл

Өмір философиясы.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:      Өмір философиясы

 

 

          

 

                                        Тексерген:

                                                      Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2006

 

 

Ж О С П А Р

 

 

Кіріспе:…………………………………………………………….............…........3

Негізгі бөлім:

1  Өмір философиясы: қалыптасуы мен мәні негізгі проблемалары.........….....5

2 Өмір философиясының мектептері........  ………….……....…..............…........7

3 А. Бергсон, З.Фрейд және А.Шопенгауэр, В.Ницшенің өмір философиясына қосқан үлесі............................................................................................................12

 

Қорытынды:...........................................................................................................15

 

Әдебиеттер тізімі:..................................................................................................16    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

 

Өмір философиясы - буржуазиялық философиядағы субъективтік идеалистік бағыт. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі қарай өміршендік  көрсеткен философиялық ағымдардың бірі.  Германияда Шопенгауэр мен Ницшенің, Зиммель және Францияда Бергсон ілімдерінің негізінде «Өмір философиясы» пайда болды.

Өмір философиясының шығуына  себеп болған жағдай-биология, психология және басқа ғылымдардың  қарқынды дамуы және соған байланысты дүниенің механикалық көрінісі туралы көзқарастың әлсіреуі. Өмір философиясы механикалық кемщіліктерін идеалистік  тұрғыдан жеңуге әрекет жасады. Бірақ, өмір философиясының пайда болуы сол кездегі философияның дағдарысқа ұшырап, ғылымнан бас тартқанын, иррациолизмнен  нигилизмге ойысқанын көрсетеді. Өмір философиясы қоғамдық тарихи процестердің ерекшеліктерін теріс көрсетіп идеалистік философияға айналған. Қоғамның дағдарысы осы Өмір философиясының  өмірлік құбылыстар, стихиялар, ақылдан тыс иррационалдық нәрсе деген қорытындылары арқылы  көрінеді. Бұл философияняң басты  принципі –материя мен санаға қарағанда  белсенді, белсенді, көп түрлі, шексіз бастамасы ретінде  саналатын өмір ұғымы. Өмірді сезім мүшелері , немесе ақыл-ой арқылы ұғыну мүмкін емес , оны тек қана іштей сезу керек, бастап отыру қажет. 20-30 ж  өмір философиясы  идеяларын әрі қарай  дамытқан Шпенглер, Э.Шиенгер, Л, Клагес, Боймлер сынды буржуазиялық құрылысты қолдайтын философтар болды. Өмір философиясының кейбір идеялары экзистенциализмнің шығуына әсерін тигізді.

 «Өмір философиясы»  өмірді өзінен түсінуге тырысып,  бұл жолда ақыл-ойдың ешқандай пайдасы жоқ, себебі ол тек материалдық денелері ғана түсінеді де, бізге өмір туралы дұрыс мағлұмат бермейді. Себебі, ақыл-ой (интеллект) денелерді зерттегенде оларды тұтас күйінде қарамай,  бөлшектеп алады да, кейін  олар туралы алған мәліметтерін өз ойларымен қайта біріктіріп, олардың  «заңдылықтарын» ашады. Мұндай деректер шын мәнінде, ақиқатқа жатпайды. Жалпы денелерді зерттегенде, оларды тұтастық күйінде қарау керек, себебі шын «өмірді» басқаша танып білу мүмкін емес. «Өмірді» тұтастық құрушы күш ретінде (заттардың қалыптасуы және дамуы) зерттеу  тек  инстик пен интуицияның ісі.

Қазіргі кезде «өмір  философиясы» экзисстенциализмге (өмір сүру философиясына) жол беріп, тек  тарихи – философиялық қана маңызы бар құбылысқа айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Өмір философиясы қалыптасуы мен мәні  негізгі проблемалары 

 

19-20 ғасырлар аралығында  Германия мен Францияда қалыптасқан  буржуазиялық философияның субьективтік-идеалистік  бағыты.

Өмір  философиясы дегеніміз - жаңа философиялық мәдени логикалық бағыт. Басты өкілдері - Шопенгауэр, Ницше, Дильтей,  Бергсон, Шпенглер тағы басқалар. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы, тануға болатын өмір көрінісінің формасы мен әлдеқандай бір алғашқы реалдылық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология, психология сияқты ғылымдардың жедел дамуы түрткі болды.

Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен  мағынасына алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы өмір ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүруінің  шарты ретіндегі биологиялық - натуралистік мағынасында  қолданылады. Өмір деген сөздің мағынасына тоқтасақ. Өмір – материя қозғалысының формасы, ол физикалық және химияық формалардың сапасы жағынан неғұрлым жоғары болады, бірақ оларды «қаз – қалпына»  алынған түрде  қамтиды. Жеке – дара биологиялық организмдер мен олардың  жиынтықтарында (популяцияларда,  түрлерде  және тағы басқа) іске асырылады. Әрбір организм өздігінен ұйымдасатын ашық жүйе болып табылады, ол жүйеде: зат алмасу, өсу, даму даму және көбею процестерінің болуы тән. Өмірдің шыққан тегі мен мәні туралы биологтар мен философтар ұсынған бірқатар концепциялар белгілі. Линней организмдерді құдайдың бір рет жарататынын мойындады мен Кювье «катаклизмдердің» нәтижесінде өмір формасы жойылғаннан кейін неғұрлым жетілген өмір формалары пайда болуының қайталанып отыратын актілерін мойындады креационизм тұрғысынан көрінді. Аристотельдің энтелехия туралы іліміне қарай өрлей түсетін витализм өмір процесін материалдық емес «өмірлік күштің» ықпалымен  түсіндіруге тырысты: эмердженттік эволюция мен холизмнің өкілдері де  осыған ұқсас  идеялар айтты. С. Аррениус өмір ұрығының жерге ғарыштан әкелінуі туралы болжам айтты. К. Бер тірі және өлі материяның ежелден қапталдаса өмір сүріп келе жатқаны туралы концепция жасады. А.И. Опарин ұсынған теорияда бастапқыда белок тәріздес көшенді коллоидтық жүйелер – коацергаттар, ал содан соң алғашқы жанды денелер түзілген деп жорамалданады. Қазіргі ғылым деректеріне сәйкес, абиотикалық жолмен пайда болған амин қышқылдарының қосылысы  нәтижесінде екі түрлі – басқаратын және басқарылатын (клетканың ядролары мен цитоплазмалар) кіші жүйеден тұратын материалдық жүйе түзілген. Сонымен бірге «өмір» - дүниенің абсолюттік,  шексіз негізі. Ол материа мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәңгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл – ой  сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшыланады.

Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан  екі салаға жіктеледі:

1 сала өмірді тек биологиялық жағынан ғана түсіндіріп биологиялық   қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді (Бергсон). Бұл концепция Өмір философиясының психология варианты деп аталады

2  сала өмірді рухани  күштердің ирацициональдық құбылуы  ерік және ішкі толғаныс формасында  қарастырады (Ницше,  Дильтей, Зиммель).                  Сонымен бірге Өмір философиясының мәдениет философиясы немесе «тарихи» вариант деп аталатын түрі де бар. Бұл  қағиданы  жақтаушылар Дильтей, Зиммель өмірді «ішкі» жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнің адамның жан дүниесі мен  психологиялық тәжірибелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірибелер негшізінде түсіндіреді. Өмір философиясының жекеленген варианттарының принциптік айырмашылығына қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол – қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты     19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында кең тарап, үстем болған методологизмге қарсы күрес жүргізу.  Қазіргі таңда өмір философиясы экзистенциализм мен персонализмге ұласып отыр.

2 Өмір философиясының мектептері

19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың  бас кезінде қалыптасып, әрі қарай  өміршендік көрсеткен философиялық  ағымдардың бірі  Шопенгауэр мен Ницшенің ілімдерінің негізінде пайда болған «Өмір философиясы» болды. Негізгі өкілдері: Бергсон, Зимммель Дильтей, тағы басқалар. Өмір философиясы өмірді өзінен түсінуге тырысып, бұл жолда ақыл – ойдың ешқандай пайдасы жоқ, себебі ол тек материалдық денелерді ғана түсінеді де бізге өмір туралы дұрыс мағлұмат бермейді. Себебі, ақыл – ой денелерді зерттегенде оларды тұтас күйінде қарамай, бөлшектеп алады да, кейін олар туралы алған мәліметтерін өз ойларымен қайта біріктіріп, олардың заңдылықтарын ашады. Мұндай деретер, шын мәнінде, ақиқатқа жатпайды. Жалпы денелерді зерттегенде, оларды тұтастық күйінде қарау керек, себебі шын «өмірді»басқаша танып – білу мүмкін емес. Өмірді тұтастық құрушы күш ретінде зерттеу тек инстинкт пен интуициянның ісі.

Қазіргі кезде «өмір философиясы» экзистенциализмге жол беріп, тек тарихи – философиялық қана маңызы бар құбылысқа айналды.

19 ғасырда барлық елдерге тән  экономикалық, саяси - әлеуметтік, рухани  өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми – техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, кең ауқымды проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық  режимдердің қалыптасып, қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары, тағы басқа осылар сияқты маңызды уақиғалар, жалпы адамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан тұжырымдамаларын басқа әдістемелік қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгертуіне әкеліп соқтырды. Осындай философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық  ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы  құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында екі кезеннең өтті.

1)  19 ғасырдың 30 – 40 жылдары қалыптасқан  Огюст Конт, Джон Стюарт Милль  және Герберт Спенсердің позитивистік  ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым  ешқандай философияға мұқтаж  емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығуы себептерін шешеміз деп шеше алмай, қарама қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивтік философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің  деректерін жүйелеуші  ғылымдардың нәтижелерін  тұжырымдап, жалпы қорытындылар жасап отыру.

2) 19  ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың  басында қалыптасқан эмпириосыншылдық  ілімімен байланысты.

19 ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» ықпалымен 20 жылдары М. Шелер мен О. Шпенглердің негізгі еңбектері «Себептілік және тағдыр»  және тағы басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррациональдық философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды таным өзгермелі, тұрақсыз жеке өмірді түсіндіре алмайды. Ақыл – ой өмірді  жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын өмірді танып – білудің бірден –бірі қайнар көзі – инстикт, интуиция,  сезім. Таным субьектісіне адам жаратпаған, одан тыс  заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтаарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру, бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым. Иррациализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған – экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, К. Ясперс және тағы басқалар.

Экзистенциализм - өмір сүру философиясы  өз бастамасын дат философиясы С. Кьеркегордың адамды өз өмірінің себепкері  әрі өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және ол өзіне ұқсас дараланған құдайдың алдында дірілдеп, қорқып тұрады деген ілімінен алады.

Экзистенциализм «өмір  философиясындай» жалпы өмір мәселесін  қарастырмай, бар күштерін адамның  жеке өмірін экзистенция адамның  өмір сүруі сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция – ешқашан объект бола алмайтын ұғым, өйткені ол, біріншіден, жеке – даралық, сол себепті жалпы мәңділікке үміттенбейді; екіншіден, экзистенция біздің  өзіміз. Олай болса, біз оған өзінің объектісіне ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз. Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптенуінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс - әрекет жасаған адамдардың  экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы – дүниенің қасында болу. Бұл жердегі дүние адамның қамдану өрісі -  еңбек әлемі, заттар  әлемі, құрал – жабдықтар жиынтығы, ал болу – бір дененің  қасында деген мағынаны білдіреді.

Біз ирроциональдық философиялық бағытқа жалпы сипаттама бердік. Өмір философиясы мәдени сфераны  ескере отырып адамның өмірімен мәдениетін қамтыған функция. Осы жерде оның әдебиет және мәдениет пен тығыз байланыс екенін көреміз. Өмір философиясы австриялық жазушы Р.М.Рильке, Гофмонсталь және неміс жазушысы  Гармане Гессе, композитор Рихарда Вагнердің және тағы басқа жазушылардың шығармашылығына әсер етті. Франциялық Марсель Прустын өмірін өмір философиясы түгелдей дерлік өзгертті.

Өмір философиясы саяси,  экономикалық және  уталитарлық  жағынан адам өміріне қатты әсерін тигізді. Өмір философиясы түсінік  философиялық бағыттың орталық  ағымы  және болмысты ұғымы мен ауысқандай болды. Бұл бағытты түсіндірушілер өмір мен болмысты қарама – қарсы қойды. Болмыс бұл стадиялық бағыт өмір бұл қозғалыс, құбылыс, «болмыс жоқ», құбылыс қана бар деп өмір философиясын таныстыруда мынаған қарсы болды. Бір нәрсені бастау үшін тұрақтылық  керек – деді. Тұрақтылық оны жақтаушылар бойынша бұл басты бағыт және бастапқы түсінік. Осымен қоса бұны түсіңдірушілер: өмір бұл шығармашылық бастауы, адамның өзін - өзі бейнелеу таныстыру және мәдениетте обьективті көрсету формасы шындық пен өзін - өзі танудағы бағыт. Осының барысында бұл адамның өмірі және онда болып жатқан басты өзгеріс. Әрбір жеке индивид өзін үлкен өмірдің толқынында оны қозғап және қауіп төнуін сезінеді. Ол өзін өмірдің қауіпті де маңызды толқынды екенін сезінді. Бұл философиялық бағытты қалыптастырушылар осы функсияны таныстыруда өмір өзен және атмосфералық толқын деп атады. Өмір бұл толқын және оны көзбен көріп , қол мен ұстауға болмайды. Осыны қалыптастырушылар махаббатқа, сенімге, қорғанышпен қарайды. Философиялық өмірде басты 3 мектепке бөліп көрсетуге болады: Оның біріншісі академиялық оны қалаушылар Ф.Гильдей, Г. Зиммель шығармашылық революцияда   А. Бергсон (1869 – 1941) және оны «философиялық  қалауымен» В. Ницше және тағы  басқа осы туралы көп еңбектерінде жазады.

Академиялық философиялық өмірде Б. Дильдей, Г. Зиммель өмірді қажет ету фактісін ояну, сезіну, ойлаудан тұрады деген. Бұл көз қараспен өмірлік тәжірибесімен тығыз байланысты. Бұдан кейін шындық таза қорқыныш шынындада бар деп көрсетеді. Әрине субьектизм бағытына және өтіп жатқан сомепсизм оларды нақты позиция жағынан қарауды бұйырады. Б. Дильтей айтуынша қажеттілік және өмірлік шындық адамның өмірге деген практикалық бағыты туралы жазады. Өмірге нақты мінездеме берсек бұл өмірге деген қорқыныш пен өмірлік тәжірибеден тұрады.

Өмірлік тәжірибе басты сананың  ұғымы болып табылады. Өмірлік тәжірибе  Дильтей мен Зиммельдін сана арқылы түсіндіреді. Оны иррацианальды дейді. Өмір бұл ағым және щығармашылық өзгеріс.  Өмір философиясын түсіндірушілер білімді қоғамға қарама – қарсы қойып оны заңдылық деп санамайды. Өмір индивидуализм арқылы танылады. Осыны түсіндіре отырып туыстық қатынасты кездесу мен байланысты дейміз. Бұл неокантианствалық бағыт, неокантциалық түсіну методымен индуалистік қажеттілік арқылы түсіндіреді. Бірақ неоконтициялық рациональды мәдениет жағынан шыға отырып заңдық құбылысты қарсы шығып және адамның өміріндегі бағалы бай қазыналарды сақтау керек.Академиялық өмір философиясы түсіндірушілер біліммен жанды басты бағыт етіп қойып және тарихи маңызына байланыстырады. Олардың системасында білім мен жанды герматикалық мәдени қозғалыс пен құбылысты және мәдени түсінік пен хаттық мәтінде көрсетілген өмірдің жақын көрінісі. Дильтей түсінігінше жалпы өмірдің бейнелеу жағындағы құбылыс өмірге деген қорқыныш және өмірді қайта өрлетіп, мазмұның ашып жандандыру дейді. Өмір философиясы тұрғадан нақты проблемаларды бар екенін  айтып өту керек, мәдени есткерткіштерді және обьективті нақтылық арқылы өзгертіп өмірдің материалдық жағынан адамның шығармашылық, техникада болмыста оның  басқаша күй сезінуі мүмкін. Бұл субьективті жақты қамтитын тарихи процеспен нақты және материалдық формада өзі қалыптастырады. Тарихты түсініп және жан мәдениетін айта кеткен жөн: ескерткішті мызыка, симпония зерттеуді. Соған толығымен беріліп кетуі мүмкін, бірақ мынаны айта кеткен жөн  адамның субьективті жағын ашуда оларды айту процесі имоциялық жоспарын қамту жағынан және тарихтын факторын ашады.

Информация о работе Өмір философиясы