Өмір философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:48, реферат

Краткое описание

Өмір философиясы - буржуазиялық философиядағы субъективтік идеалистік бағыт. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі қарай өміршендік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі. Германияда Шопенгауэр мен Ницшенің, Зиммель және Францияда Бергсон ілімдерінің негізінде «Өмір философиясы» пайда болды.
Өмір философиясының шығуына себеп болған жағдай-биология, психология және басқа ғылымдардың қарқынды дамуы және соған байланысты дүниенің механикалық көрінісі туралы көзқарастың әлсіреуі. Өмір философиясы механикалық кемщіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңуге әрекет жасады. Бірақ, өмір философиясының пайда болуы сол кездегі философияның дағдарысқа ұшырап, ғылымнан бас тартқанын, иррациолизмнен нигилизмге ойысқанын көрсетеді. Өмір философиясы қоғамдық тарихи процестердің ерекшеліктерін теріс көрсетіп идеалистік философияға айналған. Қоғамның дағдарысы осы Өмір философиясының өмірлік құбылыстар, стихиялар, ақылдан тыс иррационалдық нәрсе деген қорытындылары арқылы көрінеді. Бұл философияняң басты принципі –материя мен санаға қарағанда белсенді, белсенді, көп түрлі, шексіз бастамасы ретінде саналатын өмір ұғымы. Өмірді сезім мүшелері , немесе ақыл-ой арқылы ұғыну мүмкін емес , оны тек қана іштей сезу керек, бастап отыру қажет. 20-30 ж өмір философиясы идеяларын әрі қарай дамытқан Шпенглер, Э.Шиенгер, Л, Клагес, Боймлер сынды буржуазиялық құрылысты қолдайтын философтар болды. Өмір философиясының кейбір идеялары экзистенциализмнің шығуына әсерін тигізді.

Оглавление

Кіріспе:…………………………………………………………….............…........3
Негізгі бөлім:
1 Өмір философиясы: қалыптасуы мен мәні негізгі проблемалары.........….....5
2 Өмір философиясының мектептері........ ………….……....…..............…........7
3 А. Бергсон, З.Фрейд және А.Шопенгауэр, В.Ницшенің өмір философиясына қосқан үлесі......12
Қорытынды:...........................................................................................................15
Әдебиеттер тізімі:..................................................................................................16

Файлы: 1 файл

Өмір философиясы.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

Шығармашылық  эволюция қалаушы А. Бергсона басқа қалаушыларға қарағанда шындықты қамтумен байланыстырады. Осы концепцияда өмірде, әлемде суреттеуді қалыптастырып табиғи эволюцияны басқа бағыттан түсіндіріп адамның дамуын шындық пен байланыстырады.

А. Бергсонның орталық  философиялық түсінігі бойынша өмір жарыс. А. Бергсон көз қарасынша өмір бұл үзіліссіз шығармалық тоқтау. Материа – бұл болмыстың бастауы қарсылық көрсеткенімен оған байланысты болмайды. Әлемдік эволюция табиғатты шығармашылық пен байланыстырады. Қорытындылай келгенде әлемді сипаттау А. Бергсон сипаттауынша  жалпы үзіліссіз қайырымсыз спонтанный дейді.

 

3 А. Бергсон, З. Фрейд және А. Шопенгауэр, В. Ницшенің өмір философиясы қосқан үлесі

 

Кезінде Маркс пен  Энгельс сананы арнайы зерттеп, дәріптеуді қолдады.  Бірақ классикалық философияеың сананы жаратушы, әлемді билеуші күш ретінде қарау қағидасына қарсы болды. Классикалық философияны классикалық емес философия да сынады. Бірақ Маркс оны да қолдамады. Ал енді сол ақыл, ой, санаға классикалық емес философия қалай қарады десек, соңғыларының бұған бүтіндей қарсы болғанын айтпауға болмайды.  Бұлар тарихта өмір философиясы деген ағым ұстады. Бұл бағытты қолданғандар саналылықты жақтамады. Олар, керісінше, болмысты ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол алогазмге негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені реттеп, қисындап ұғыну мүмкін емес. Бұл философия өкілдерін екіге бөлуге болады. Бірі санасыздықты жақтайды. Олар: Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше, О. Шопенглер. Бұл сияқты философтар болмыстың өзіндік заңдылығы барекенін, оны танып, білуге болатынын мойындамады. Осыдан барып санасыздық, ақылсыздық, интуизм, ерік, былайша айтқанда, соқыр сезімге негізделген қара күшке сену теориясы пайда болды. Екіншісі саналы еместікті жақтады. Олар: А. Бергсон, З. Фрейд тағы басқа. Соңғылар сананы бүтіндей сызып тастамайды. Оған аздап саңылау қалдырады. Ол саңылау естің рөлін атқарады. Бұлардың ғылымға жақын келетін  жақтары да бар.

Әрине солармен қатар  саналылықты қолдағандар да болды. Орыс топырағында дәл осы шамада космизм теориясы дүнииеге келді. Оны қолдаушылар: Н. А. Умов, В.С. Соловьев тағы басқалар. Олар адам мен ғарыш арасында байланыс, бірлік бар деп уағыздады.Ең алдымен олар адамның тегі ғарыштан жаратылған деп түсіндірді. Адамзат тіршілігі ғарыш өлшемімен белгіленгендігі жан – жақты талқыланды. Одан соң адамды ерекше әлеуметтік атом іспетті өзіндік сипаты бар дамыған құбылыс деп тану қажет деді. Бірақ космизм теориясынан екі түрлі бастама, екі бағыт туындайды. Оның бірі фантастикаға тіреледі. Екіншісі – жаратылыстану ғылымымен тікелей және тығыз байланыстырады. Соңғысының өкілдері жататындар тарпынан К.Э. Циолковский теориясы негізінде ғарышкерлік іс - әрекет мен ғылымы, теорисы дамытылды. В. И. Вернадский теориясы негізінде экология ғылымы дүниеге келді. Сөйтіп, бұл пікірден біреулері ғылыми жолға түсті, ал енді біреулері басқа бағыт ұстады. Соңғысына жататындардың бірі – жоғарыда аталған А. Шопенгауэр, оның басты еңбегі – «Дүние ырық пен елес ретінде» деп аталады. Ол уағыздаған «Өмір философиясы» оның басты мақсаты болған А. Шопенгауэрдің пікірінше, ырық, яғни адамның нәпсісі, зауқы, делебесінің қозуы, қобалжуы, санасыз іс - әрекетінен тыс тұрған және бәрін басқаратын күш. Оның пікірінше, ақыл – жалған тұрлаусыз құбылыс. А. Шопенгауэр саналылықты жан – жақты сынап, оны жоққа шығарды. Оның орнына ол ырықты, қара күшті алға тартты.

20 ғасырдың бас кезінде  «Өмір философиясын» жақтағандардың  бірі француз философы А. Бергсон.  Ол шала саналылықты, тіпті  санасыздыққа жақын рухты жақтады.  Интеллект, - дейді ол, өмірді кинотаспа  сияқты санасыз қабылдайды. Айталық, жолда, көшеде келе жатқан адам айналасындағы ананы – мынаны көзімен көреді, түрлі дыбыстарды қүлағымен естиді, дәмін, исін байқайды, денесімен сезінеді. Бірақ оған мән бермейді, назарын аудармайды. Құбылыстар өзімен - өзі ауысып жатады. Ал әлгі құбылыстар сол күйінде өшіп, ұмытылып қалмайды. Адам миында, интеллектінде реттеліп, сақталып қалады екен. Бір кезде басқа бір жағдайда байланысты әлгі бұрын байқалған құбылыстар еске түсіп, қажетке жарап жатады. Ол үшін де ес керек. Ес миға байланысты. Өмір дегеніміз, А. Шопенгауэрше, шексіз қайталанбайтын, өздігінен, шығармашылықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Н.Винер Бергсонның осы пікірін кибернетикада орынды қолданды.

Сонымен, 20 ғасыр философиясында санасыздық пен ақылсыздық проблемасын  жоғары дәріптеп, кезіндегі саналыққа ерекше мән берген классикалық неміс философиясына керісінше қарсы болды. Мәселен, Ф.Ницшеннің пікірінше, дүние кездейсоқ құбылыстар тобыры. Оны тәртіпке келтіру, реттеу, жобалау, бағдарлау мүмкін емес. Шым – шытырық дүниені уақытша бастайтын – шектен тыс жоғары адам, жол сілтейтін де сол. Тек шектен тыс жоғары құдіретті адам ғана дүниені жаңғыртып, оның құндылығын белгілеп, бүтіндей бір кезеңге мән беріп, билікке жету еркін жүзеге асырады. Ондай адамға жәй қарапайым адам – санасыз маймылға, не басқа жәндікке теңдес құбылыс қатарына саналады.

Ақылды еместіктің тағы бір өкілі З.Фрейд – австриялық физипсихолог. Ол философияда психоанализ  ілімінің негізін салды. Бұл ұғым гректің екі сөзінен жан және шешім деген сөзден туындаған. З.Фрейд сананы мүлде жоққа шығармайды. Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің мен екенін пайымдайды.Сондай – ақ ол тағы екі түрлі сана құрылымын мойындайды:бірі-«шектен тыс мен», екіншісі – «ол» саналы еместіктің микродүниесі. Санасыздық  пен саналылық бірге жүреді, айырмашылығы жарық пен қараңғылық секілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ  О Р Ы Т Ы Н Д Ы.

 

Өмір  философиясы дегеніміз - жаңа философиялық мәдени логикалық бағыт. Өмір философиясына көптеген өкілдер өз үлестерін қосқан олар: Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф. Ницше, О. Шопенглер, А. Бергсон және тағы басқалар. Өмір философиясын қорытындылай келгенде ол үш мектепке бөлінеді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой – пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл атқарып келеді. Кейде «өмір философиясы» деп аталатын бұл дүниегекөзқарас стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл – ой байлығын жинақтайды. Күнделікті – практикалық дүниегекөзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол «өмір философиясының өрісі де ерекше кең болады. Оның құрамында сананың аса қарапайым, тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, өнер иелері мен саяси қайраткерлердің тағы басқа озат ой – пікірлері болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық піуірлер де жоқ емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Тұрғынбаев Ә. Философия. Алматы, 2001ж
  2. Кішібеков Д. , Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 1994, 2002ж
  3. Абишев Қ. Философия. Алматы, 1999ж
  4. Солопов Е.Ф Материя и движение. Л., 1982г
  5. Философиялық сөздік. Алматы.1996
  6. Философский энциклопедический словарь. Москва,1983



Информация о работе Өмір философиясы