Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:48, реферат

Краткое описание

Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.

Файлы: 1 файл

Мен жанбасам жалындап.doc

— 109.50 Кб (Скачать)

Мен жанбасам жалындап,

 Сен жанбасаң  жалындап,

 Ол жанбаса  жалындап,

 Аспан қалай  ашылмақ. 

 Назым Хикмет  

 Орта Азия  мен Қазақстан жері VIII ғасырдан  бастап, араб халифатының құрамына  кіріп, онда өмір сүретін халықтар  ислам дінін қабылдай бастады.  Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.

 Британ энциклопедиясында  “Түркі халықтарын біріктіріп  тұрған ең басты күш, тарихи  және тілдік байланыстармен қоса  Исламият” дейді230.

 Түркілер  исламға дейін әртүрлі діндерді қабылдағанымен Тәңір дінінен басқа ешқайсысы олардың менталитетіне сай келе берген жоқ. Академик Н.Трубецкой арабтар мен түркілер сенімдерінің ерекшеліктері туралы: “Вера, попавшая в тюркскую среду, неминуемо застывает и кристаллизуется, ибо она там призвана играть роль незыблемого центра тяжести-главного условия устойчивого равновесия. На этой особенности тюркской психологии основано странное явление: притяжение между психикой тюркской и семитской (арабской). Трудно найти более различные прямо противоположные друг другу психики. Но в этой противоположности и причина притяжения.

 “Туранская“  (тюркская) психика сообщает нации  культурную устойчивость и силу, утверждает культурно-историческую  преемственность и создает условия  экономии национальных сил, благоприятствующие всякому строительству” дейді151.

 Ислам дінін  қабылдаған түркілер X ғасырдың соңында  Ауғаныстан, Шығыс Иран және Солтүстік  Үндістанда Шығыстағы ең күшті  империя Газнавидтердің мамлюктік  сұлтандығын құрып, сол елдерде  сауданы өсіріп, экономиканы дамытып және қала құрылысын өркендетті. Ол туралы К.Э.Босворт: «Қорытындысында XI ғасырдың басына дейін түркілер Египеттің шығысынан Үндістанға дейінгі жердегі барлық мұсылман елдерінің әскери және мемлекеттік мекемелеріне терең еніп кетті» дейді38.

 Ол кездегі  араб халифатында ғылым мен  өнердің барлық салалары дамып,  соңынан латындық еуропаның ұстазы  болған “Мұсылман ренессансының”  отанына айналды. 

 Ғұмыры қысқа  болған “Мұсылман ренессансы”  кезеңінде және одан кейінгі  бірнеше ғасыр бойы түркінің ғалымдары, ойшылдары және ақындары адамзат өркениетінің дамуында өшпес із қалдырды. Сонымен қатар, осы кезең “түркі елі идеясының” негізінде мәдениеттің дамуы, түркі әлемі дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырды.

 Осы кезде  түркіден шыққан ұлы ғұламалар – энциклопедист - ойшыл Әл-Фараби185, «түркі сөздері жинағының» жүйесін жасаған Махмуд Қашқари, алгебраның негізін салған Әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, қасиетті «Құранды» түркіше тәржімалап, исламды түркі халықтарының ішіне таратушы Қожа Ахмет Иассауи... соңынан астроном Ұлықбек, Ұлы түркі поэзиясының негізін салғандар – Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи, Физули, Жалаледдин Руми, Гянжеви Низамилардың75 дәстүрі Алтын Орда кезінде жалғасты.

 Дүниежүзілік  ғылым, әдебиет және Шығыс Ренесансын  дамытудағы Ұлы түркілердің еңбектерін толық баяндау біздің міндетіміз емес. Сондықтан біз оларға қысқаша шолу жасаумен шектелеміз.

 Әл - Фараби  мен Әбу Райхан Бируни, Ибн  Синамен бірге шығыстағы Қайта  өрлеудің (Ренессанс) философиялық  көзқарасын қалыптастырып, оның идеологиялық негізін қалады. Шіркеу догмасы мен сословиелік құрылымға оппозициядағы осы идеологияның негізін қалаған олардың философиялық көзқарастары мен мистик-күпірлік ойлары әлеуметтік бір бағытта дамыды173. Олай дейтініміз В.К.Чалоян «Армянский Ренессанс» деген еңбегінде: “Шығыс мәдениеті, өз кезегінде одан кейін жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында пайда болған, мәдениеттің жаңа сатысын қалыптастыруға дайын Батыстың Қайта өрлеуінің ізашары болды. Шығыстың жетістіктері батыс әлеміне таяу шығыс халықтары мен елдері және византия-кавказ өркениеті арқылы берілгені тарихи дәлелденген. Сондықтан, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту мәселесін зерттегенде оған Шығыстың әсері болмады деп, оның рөлін ескермеу дұрыс емес. Осындай өзгерістің алғышарты шығыс болды” деп дәлелдеген172. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ибн Сина Шығыс Ренессансын қалыптастырған парсы-түркі поэзиясының ареопагиттік негізінің идеологиялық концепциясын жасады. Бұл мәселені зерттеген Ш.И.Нуцубидзе: “Махаббат дегеніміз әлемнің баспалдақтарымен ең жоғарғы бастауға ұмтылған, жоғары сатыға жету идеалы. Ол баспалдақтардың (сеира, немесе сира) өзі жетілгендіктің бейнесі, яғни сұлулық пен махаббат және жердегі махаббат пен сұлулық осы қатарларға, немесе “сеирлерге” жетумен, яғни жоғарғы бастауларға жақындау немесе ұқсаумен өлшенеді. Махаббат пен сұлулықты ақтаған осы концепция б.д. V ғасырында Сирияда жетіліп Шығыс пен Батыстағы Ренессанстың идеологиялық негізі болды. Қайырымдылық және ақиқат идеясымен ынталанған махаббат пен сұлулық идеясы көркем философиялық идеяның іске асуына ықпал етті. Мұсылмандық Шығыста әртүрлі қабылданған осы идея олардың көркемөнерінде іске асты”123. Омар Хайямның мол мұрасындағы махаббат пен сұлулық идеясы, одан әрі орта ғасырлардағы Орта Азия поэзиясының классиктері Низами мен Науаидың поэзиясының арқауы болды.

 Яғни, философиялық (Әл-Фараби, Ибн Сина) және түпкілікті  ғылыми өрлеу (Бируни) поэзияның  (Хайям) негізін салды және  жаңа гуманизм рухымен қаруланған  Орта ғасырдағы шіркеудің догмасын  бұзып, мұсылман және христиан діндерінің ортодосальдық шеңберінен шыққан парсы, түркі және араб тілді әдебиеттің ерекше шарықтау жолын дайындады.

 Әл-Фараби, Әбу  Райхан Бируни және Әбу Әли  Ибн Синалар Орта Азиядағы  Ренессанс мәдениетінің философиялық  негізін салды және шығыс Ренессансының поэзиялық мәдениетінің ұлы ғимаратын құрды. Олардың дүниежүзі мәдениетінің дамуындағы рөлі мен адамзат дамуы тарихындағы өшпес іздері осындай өлшеммен бағалануы тиіс.

 Орта ғасырлардағы  музыка дәстүрін жалғастырған  Әл-Фарабидің “Музыка туралы” трактаты XVII ғасырға дейін еуропадағы музыка теориясындағы ең үздік шығарма болып саналса201, оның христиан дінін дамытудағы шығармасы XVIII ғасырға дейін батыстың және ресейдің шіркеулерінде қолданылғаны белгілі. Егер Әл - Фараби мұсылман болмағанда, ол Августин, Аквинскийлер сияқты христиан дінінің пайғамбары болар еді. Сонымен қатар, Әл - Фараби мемлекет басқару өнерінің негізін салған ұлы ғалым. Ал, XX ғасырдағы немістің ұлы ойшылы, “Закат Европаның” авторы О.Шпенглер Әл-Фарабидің философиялық туындыларын ұлы неміс философтары Гегель мен Канттардан жоғары қойды. Жаңа дәуірдегі батыс ойының биік шыңы немістің классикалық философиясы екені белгілі. Ал, Гегель мен Канттар осы шыңның төбесіне шығып тұрған алыптар. Ұлы Шпенглердің біздің жерлесімізді осы алыптардан жоғары қоюы – ол түркінің ғылымы мен мәдениетінің жетістіктеріне берген жоғары баға179. Әл-Фарабидің “Екінші ұстаз” немесе “Шығыстың Аристотелі” аталуы Стагирит Аристотельден дәреже жағынан кейін болғанынан емес, дүниеге тарихи кезек жағынан кейін келгенінен. Әл-Фараби энциклопедист ойшыл ретінде заманындағы ғылым, философия және өнердің барлық салаларына атсалысып, өшпес із қалдырды. Оның философиялық шығармалары осы уақытқа дейін толық зерттеліп болған жоқ. Осы ұлы бабамыз туралы біздің білетініміз – ол алдағы мыңжылдықта да адамзатқа жол көрсететін жарық жұлдыз - Темірқазықтай болатыны.

 Адамзат тарихында  мәдениет қатынастарының дамып,  өзара бірігуіне және интеграциялануына  жол ашқан Ислам діні болды.  Мұсылман ренессансы бір жағынан ертедегі гректердің ғылымы мен мәдениетін тәржімалау арқылы шығыс пен батыстың мәдениеттерін қосып, еуропадағы ренессансқа жол ашса, екінші жағынан оған дейінгі бір мәдениетке ғана тән болып келген жетістіктер мұсылмандар арқасында бүкіл әлемге тарады. Мысалы араб цифры деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде Үндістанда ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдірумен қатар оларды құр символдықтан шығарып, мағыналы белгілерге айналдырды. Нөлді (арабша: сыфыр) алғаш рет ойлап тауып, сан ретінде қолданған, Арал теңізі маңында дүниеге келген түркі ғалымы Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми болды221. Осы бабамыз сонымен қатар 1-ден төменгі – ондық, жүздік, мыңдықтарды жүйелеп жазуды алғаш көрсетті. Бұл жаңалықтарсыз қазіргі ғылымның жетістіктерін елестету мүмкін емес. Латынша “cipher”, орыс тіліндегі “цифр” деген сөздер арабша нөл дегенді білдіретін “сыфыр” сөзінен алынған. Араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы жағынан өте икемді, оңай болғандықтан ғылым, экономика, сауда мен өмірде кеңінен қолданылатын қазіргі адамдардың дүниетанымын өзгерткен ұлы құбылыс болды. Әл-Хорезмидің “Kитаб әл-жәбір уә-л Мұқабала” (Алгебра мен теңдіктер кітабы) атты еңбегі ХІІ ғасырда латын тіліне аударылғанда “әл-жәбір” сөзі “алгебра” деп аударылғандықтан осы сөз термин ретінде қалыптасты. Оның екінші кітабы латыншаға “Aigorithmi de numero Indorum” деп аударылғандықтан, “алгоритм” сөзі де терминге айналды. Бұл жерде Бертран Рассел және т.б. философтар мен ғалымдардың “орта ғасырлардағы мұсылман реннесансы ертедегі Греция мен орта ғасырлардағы Еуропаны қосқан көпір қызметін атқарды” деген пікірлерінің толық зерттеліп дәлелденбеген теріс тұжырым екенін айту керек. Себебі, мұсылман философтары көптеген ойша құрылған тұжырымдарын қорғайтын дәлелдер ұсынғандықтан, ислам философиясын мойындамау Батыстың өз дәстүріне сенімсіздік тудырады48a.

 Батыс ойшылдары  мен ғалымдарының арасында кең  тараған ондай атүсті пікірлердің  Шығысты зерттеуде пайдасынан  көрі зияны көп. Олардан гөрі  жалпы ғылым мен философия  үшін Шығысты зерттеп түсінуге талпынған Г.В.Ф.Гегель, А.Шопенгауер, Т. де Шарден, Р.Генон және т.б. еңбектері құнды.

 Ұлықбек Шаhрұхұлы  Самарқандағы әйгілі расатханасындағы (обсерватория) зерттеулерінде сол  күнге дейін қолданылып келген  Птоломей есебіндегі қателіктерді анықтады және ол жасаған ғарыш кестесі Шығыс пен Батыста бірнеше ғасыр пайдаланылды.

 Махмуд Қашқари  “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану  луғат ит-турк”) жазуды былай  деп негіздейді: “Мен Тәңірдің  гүлденген мемлекетті түркілердің  топырағында жаратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солардан таңдап, замана құбылысының еркін тізгінін қолдарына ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бір сапта күрескендерді бек құрметтеді.

 Түркілер  өздерінің қатарына қосылғандарды  барлық игі тілектеріне ортақтастырып,  залымдардың зорлық-зомбылықтарынан  сақтады. Олардың қаhарынан сақтану  үшін түркілердің салты мен  жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарды. Олармен бірге басқалар да пана тапты. Сол себепті түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді”85. Ұлы бабамыздың осыдан мың жыл бұрын жазған бұл мұрасы қазіргі түркі халықтары, оның ішінде қазақтар үшін де маңызын жоймаған дүние. Академик А.Н.Кононовтың дәлелдеуі бойынша, “оны жазудағы Махмудтың негізгі мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу болған”.

 “7500 сөзден  тұратын “Диуан...” жай сөздіктің шеңберінен шыққан туынды. Оның салыстырмалы - тарихи әдіс ретіндегі қолданылуының қарапайым формасының өзі үндіеуропалықтардың тілтануынан бірнеше ғасырға озып кетті” дейді белгілі тіл маманы А.Д.Демирчизаде.  

 Бір ғажабы  ұлы данышпанның “Диуанға” енген 875 сөзі мен 60 мақал-мәтелі қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді.  

 Түркі халықтарының  бірлігі мен адамгершілік қасиеттерін  көрсетуде, ел басқару мен мемлекет  жүйесін қалыптастыруда және  түркі тілінің мол мүмкіндіктерін  ашуда орта ғасырлардағы ұлы философиялық шығарма - Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” маңызы зор.

...Бұл кітапты  қабыл алып, қарарсың,

 Түркі тілі  ғажабына қанарсың.

...Байқап көрсем, жеңілдеді жүгім де,

 Айтсам дедім  сөзімді ана тілімде, 

 деп аяқталатын осы дастанның маңызы А.Дантенің “Құдайдың комедиясы” мен Н.Макиавеллидің “Государларымен” қатар тұрған дүние.

 Түркі тілінің  байлығын көрсетіп, оның поэзиясының  дамуында Әлішер Науаи шығармаларының  маңызы ерекше. Оқып көрейік: 

............................................................................

 Бірақ, бірақ  қалың ру, қалың қауым түркілер,

 Менің ғана  сөзімді естіп іркілер.  

...Шираз бенен  түркіменнің даласы,

 Хорасан мен  Қытай шебі арасы.  

 Қайда жүрсін, түркі сөзін ту етіп,

 Сап түзеуге түркілерде бар ерік.  

 Бұл қиссаны  шетсіз, шексіз мұң толы,

 Жан азабы,  биік сезім, сыр толы.  

 Жаздым үлкен  шабытпенен күніге,

 Жанға жылы  түркі ана тілімде, 

 деп “Фархад  пен Шырын” поэмасында жазғандай,  сол кездегі түркілердің ана  тілін ардақтайтын, іргесі бұзылмаған біртұтас ел екенін аңғарамыз. Ал, ұлы ақынның тілдер туралы трактатындағы: “Қалыптасқан ...дәстүр бойынша мен парсы тіліне назар аудардым. Бірақ, есейіп ақыл-есім толысқанда және жаратқан маған табиғи бейімділігімді ерекше дүниелерге талпыну мен күрделі және нәзік құбылыстарды түсіну қабілетін берген кезде түркі тілінде ойлау қажеттілігі пайда болды. Сол кезде менің алдымда он сегіз мың ғаламнан да көп әлем ашылды. ...Сонда мен інжу маржаны жұлдыздардың бриллиантынан да жарқын, асқар да мол байлыққа тап болдым” деген тұжырымынан түркі тілінің дүниедегі ең бай тілдердің бірі екенін көреміз.

 Бұны батыс  мәдениетінің рухы – “Фаустың”  авторы И.В.Гетенің, “Рудаки, Фирдоуси, Низами, Саади, Хафиз, Хайям, Руми, Физули, Науаи, содан кейін мен”  деп түркі мен парсы әдебиетінің ғұламаларын өзіне ұстаз санап, оларға бас игені де дәлелдейді76.

 Батыстағы  ренессанстың алғышарты және  ұстазы болған “араб тілі басты  тіл, парсы тілі тәтті тіл,  түркі тілі өнерлі тіл” еді  десе, М.Барманқұлов “Түркілер арабтардан Исламды, ирандықтардан көркем әдебиетті ала тұра, өздері мемлекеттің іргетасы бола білді” деп толықтырады24.

Информация о работе Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары