Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:48, реферат
Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.
Орта ғасырдағы
түркі мен қазақ әдебиетіне
қысқаша тоқталғанда А.С.
Мұсылман
ренессансының дәуірі адам
Батыстың көптеген ойшылдары (Хартман т.б.) құдайдың жалғыз екені сенімді түрде исламда ғана іске асқанын дәлелдесе, неміс ғалымы Карл Беккер, “біздің орта ғасыр дегеніміз, Батыстың Шығысқа еліктеуі” десе194, оны Осфальд Шпенглер осыдан сегіз ғасыр бұрын “араб өркениеті шығыс қалаларынан күн сияқты шығып батыс елдерінің үстінен өтті” дейді227. Академик Н.И.Конрадтың пайымдауынша, “Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз әлемдік гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үндістан жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды”93.
Шығыс ренессансының
Атланттары болған түркі
Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Орда мен мәмлүктік Египет мемлекеті XIII-XV ғасырларда өзара тығыз байланыста болған. Кезінде Египетке кеткен қыпшақ жасақтары - мәмлүктер өздерінің ежелгі отаны Дешті Қыпшақпен туыстық байланыстарын үзбей Мысыр әмірлері Алтын Ордамен қарым-қатынас жасап, құда-жекжат болып жүрген. Мәселен, өзі Еділ бойында туып, кейінірек Мысыр елінің әмірі болған сұлтан әл-Мәлік әз-Захар Бейбарыс (1217-1277) Алтын Орданың ханы Беркенің қызына үйленеді. Ол екі ел арасындағы түрлі байланыстарды жақсарта түсуге зор ықпал етті226. Каир мен Алтын Орда екі ғасырда елу рет өзара елшілермен алмасты.
Ол кезде Алтын Орда мен Египеттегі негізгі қолданылатын тіл – қыпшақ тілі болды.
Сұлтан Бейбарыстың
ықпалымен Алтын Ордада
Араб тарихшысы
ибн-Тагри-барди өзінің “Мысыр
елі мен Каир үстіндегі
Сол кезде
мәмлүктік Египетте қыпшақ
Көзі менен кірпігіне түркілердің қарашы;
Таңдандырған, тамсандырған сиқыршыға санашы.
Түркілердің бар сиқыры - көзінде емес сөзінде,
Намаз оқып тұрғандай ғой жыр жазатын кезінде, - дейді71.
“Сол кездегі
Мысырдағы түркілерден шыққан
дарынды ақындар Ат-Танбага әл-
Сол замандағы
Каир мен Сарай қалаларының
арасы бір айлық жер
Орта ғасырдағы
Таяу Шығыс пен Египеттің
Әлемді осы уақытқа дейін таңқалдырып келе жатқан Египеттегі мұсылманның сәулет өнері осы елді қыпшақ-мәмлүктер билеген кезде салынды. Cол кезде Египет пен Сирияда салынған Ибн Тұлұн, Қайтбай және Қалаун мешіттері, Ихуан Жүсіп мазары және т.б. ерекше атауға болады. Сол кезде салынған мұсылманның тамаша мешіттері мен сарайларын Виктор Гюго “сазды әуенге толы алтын түс” деп бағалаған216. Қыпшақ-мәмлүктер билеген екі ғасырдан астам уақытта Египет мемлекеті жан-жақты дамып осы ел тарихында фараондар дәуірінен бергі кезеңдегі екінші өрлеуді басынан кешірді.
Алтын Орда
мен мамлүктік Египет
XIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс пен Мауранахрдің билеушісі Ақсақ Темір және Осман мемлекетінің сұлтаны Баязид, осы үшеуі Қытай мен Византияның айдап салғанына ермей, түркі халықтарын біріктіре білгенде бүгінгі Еуразияның демографиялық жағдайы мен саяси картасы басқаша болар еді – ау. Түркі тайпалары мен олардың басшылары арасында бірлік анау айтқандай бола қойған жоқ. Көп жағдайларда олар бастары бірікпей, өзара жиі соғысып, басқаларға жем болып отырған. Адамзат тарихында белгілі із қалдырған ел бастайтын қаған-хандарға, қол бастайтын қолбасшылар мен батырларға, сөз бастайтын ұлы ойшылдар мен ақын-шешендерге кенде болмағанымен, түркілердің ұлттық идеясы мен біртұтас мемлекеттік институтының қалыптаспауы, бір ұлттан тұратын әртүрлі тайпалар арасында бірлікті қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да олар “ағайын алтау болса, ауыздағы кетер” деген жайды ұдайы бастан кешіре берді.
Орта ғасырдағы түркі сәулет өнерінің тамаша үлгілері Агр, Самарқан, Бұхара, Түркістан, Каир, Стамбул сықылды ежелгі мәдениет орталықтарында салынған мешіттер, мазарлар, медресселер, сарайлар, кітапханалар және расатханалар еді.
Мазар салу
идеясы дәстүрлі исламда
Киіз үйдің
цилиндрлік негізі мен
Түркілер
батысқа өздерімен бірге “
Белгілі тарихшы
В.Н.Татищев Владимирдегі және
Юрьев-Польскийдегі православ
Дәстүрлі
орыс архитектурасына тән “
Түркілердің
Үндістандағы Ұлы Моғол
Бөтен елде, жат жерде қаңғып жүрміз,
Жемтік іздеп, қасқырдай аңдып жүрміз.
Төбемізден сары алтын құйса дағы,
Туған жерді сағынып, мәңгіп жүрміз.
Ол одан әрі:
Аллаға жүз мәрте “тәуба” дегін,
Құдай саған сыйлады Үнді жерін.
Ыстыққа шыдай алмай қиналғанда,
Күтемін туған жердің салқын желін,
деп туған жердің қасиетті әрі қадірлі екенін аңғартады.
Орта ғасырдағы түркі және адамзат өнерінің шыңы - әлемдегі неше кереметтің бірі Агр қаласындағы “Таж-Махал” мазарын Бабырдың шөбересі, Ақбар сұлтанның немересі Жақан шах салды. Үндістандағы бір мұсылман ханымының өмірі мен өлімі және оған деген махаббаттан пайда болған, ақ мәрмәрдан салынған осы ескерткіш жөнінде белгілі өнертанушысы Дюрант Вилдің: “Егер уақыттың ақыл-есі болса, ол басқаның барлығын қиратып, мүмкін Таж-Махалды, адамзат рухының ұлылығын көрсететін осы баға жетпес ескерткішті адамдардың қайғысы үшін сақтар еді” деген сөзі еріксіз көп ойға көз жеткізеді62.
Ұлы Моғол
патшалығы кезінде Үндістанның
астанасы Агрде “Таж-Mахалдан”
басқа “Інжу Мешіт”, Хайдарабадтағы
минарет, Делиде “Жамиғ Месжид”
Бабыр негізін қалаған мемлекет - Үндістанның қоғамдық-саяси және экономикалық мәдениетінің дамып, өркендеп өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Үнді елінде бір орталыққа бағынатын мемлекет құрылған соң ғана жергілікті феодалдардың ғасырлар бойы жалғасқан өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке көшіп, жаңадан арықтар қазды. Егіншілік дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталықтары салынды. Джавахарлал Неру Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, “бұл кезде Үндістанда игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер, архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді” деп жазды121.
Біздің дәуірдегі барлық өркениеттердің сәулет өнеріне қосқан үлесін айтатын болсақ, оның шыңы түркілер салған қалалар, мазарлар мен сарайлар болып саналады. Бұлар түркілердің сәулет өнеріндегі тамаша жетістіктері. Демек, батыстың кейбір тарихшыларының “түркілер көшпенді болып қалалар салмады” деуі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген теріс ұғым, оның үстіне жалған сөз екен. Керісінше, түркі елі әлемдегі ең сұлу сәулетті тудырумен қатар, батыстың сәулет өнерінің классикалық үлгісі – “Готика өнерінің” тарихи отаны болып саналады6.
Орта ғасырда
түркі халқының батырлық
Осы кезеңде
қазақтың тұңғыш тарихшысы
Информация о работе Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары