Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:48, реферат

Краткое описание

Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.

Файлы: 1 файл

Мен жанбасам жалындап.doc

— 109.50 Кб (Скачать)

 Академик  Х.Френ “Түрік шежіресін” аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре “ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймай, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс” деп жазды18.

 Дүниенің  қай түкпірінде жүрсе де туған жерден қол үзбей, жолында кездескен барлық халықты түркі тілінде сөйлетіп, өнердегі мол мұрасынан өздеріне ескерткіш орнатып кеткен рухы биік Ұлы моғолдар мен қыпшақ-мәмлүк бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпаққа үлгі және бүгінгі Түркістанның немесе түркі халықтарының болашағын анықтайтын сара жол болмақ.

 Орта ғасырдағы  Еуразия тарихында түрік-селжүктер  құрған Осман империясының орыны  ерекше. Орта Азиядан шыққан Санжар  сұлтан бастаған түркілердің  селжүк тайпасы XI ғасырда алдымен  Иранның, одан кейін қазіргі Түркияның жерін басып алып өздерінің жеке мемлекетін құрды. Осман түріктері XV ғасырдың ортасында Византия астанасы Константинопольді басып алғаннан кейін Еуропаның тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіріп, Бұлғария, Молдавия, Венгрия, Албания жерлерін ғасырлар бойы бодандықта ұстады, Қара және Азов теңіздерінің солтүстігіндегі қамалдарды өздеріне қаратып, Италия мен Австрияның біраз бөлігіне билік жүргізді. Таяу Шығыстағы елдерді империяның құрамына күшпен кіргізіп, соғыста Египетті жеңгеннен кейін солтүстік Африканы биледі. Осман империясы Азия, Еуропа және Африкаға ғасырлар бойы үстемдік еткен бірден-бір мемлекет.

 Осы ұлы  мемлекеттен 1282 жылы оның негізін  салған сұлтан Осман Ер Тоғрұл-оғлы, одан кейін Сүлеймен, Баязит, Мехмед  сияқты ұлы қолбасшылар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Осман империясы Шығыс пен Батысты құрлық арқылы байланыстырып тұрған “Жібек жолын” және Қара теңіз арқылы жүретін тауар жолдарын өз қолына алған соң еуропалықтар Үндістан мен Қытайға шығатын су жолдарын іздестіре бастады. Христофор Колумбтың мұхитта адасып жүріп Америка құрылығына тап болуы соның бір мысалы. Одан басқа саяхатшылардың да жаңа жерлерді табу тарихы дәл осыған ұқсас.

 Х.Колумбтан  35,0-36,0 мың жыл бұрын Америка  құрлығына Азиядан алғаш бара  бастаған көне түркі тайпалары екені тарихтан белгілі180. Сондықтан Батыс үшін көне құрлық болып саналатын Еуропа, Азия үшін қай жағынан да жас құрлық екенін осыдан-ақ біле беріңіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 
 
 

 

     Тақырыбы: Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары 
 

                                                            

                                                                      Орындаған: Досмалова К.

      Тексерген: Қартабаева Е.

Информация о работе Мұсылман ренассансының тарихи алғышарттары