Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 22:04, реферат
Қазіргі кезеңдегі араб елдеріндегі саяси ахуал өзіне әлем назарын аударып отыр. Барлық мемлекеттердің ақпарат көздері бірінен соң бірі араб елдерін қамтыған жағдайға баға беріп жатыр. Солай дегенімізбен, ақиқатында араб елдеріндегі шиеленіске мүделі елдер өздеріне қажетті ақпаратты әлемге таратып, басқаларды да өз позициясына бейімдеуде. Сондықтан да болар, әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Ресей мен Қазақстан да дайын ақпаратты өзгеріс қабылдап, баспасөзде таратуда.
Қазіргі кезеңдегі араб елдеріндегі саяси ахуал өзіне әлем назарын аударып отыр. Барлық мемлекеттердің ақпарат көздері бірінен соң бірі араб елдерін қамтыған жағдайға баға беріп жатыр. Солай дегенімізбен, ақиқатында араб елдеріндегі шиеленіске мүделі елдер өздеріне қажетті ақпаратты әлемге таратып, басқаларды да өз позициясына бейімдеуде. Сондықтан да болар, әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Ресей мен Қазақстан да дайын ақпаратты өзгеріс қабылдап, баспасөзде таратуда. Соңғы кездегі ресей саясаттанушылары зерттеулерінде әлемнің даму үрдісіне терең аналитикалық талдау жасалғаны байқалады.
Ресейлік ғалымдардың пікірінше, Солтүстік Африка мен Шығыстың араб елдеріндегі оқиғалар Ресей үшін аяқ астынан туған, күтпеген жағдай болды. Ресейдегі саяси институттар мен эксперттік құрылымдар араб елдеріндегі революциялық қозғалыстың тууын, өрістеуін, ауқымын, қарқынын, барысы мен болып жатқан оқиғалардың салдарын айқындап бағалай алмады [1]. Сондықтан да, осы жайлар араб елдеріне, жалпы Таяу Шығыс аймағына қатысты ұстанған позициясына, саясатына әсер етті. Мүмкін содан да болар, Ресей өздерімен жақсы қарым қатынастағы араб елдерін айқын қолдай да алмады немесе батыс елдер тарапынан оларға қысым жасалғанда арашасы да бола алмады.
Ресей алғашында ақ Тунистегі жағдайды бағымдай алмады. Оқиғаның туу себебі, даму үрдісі, өрбуі мен қозғаушы күшін жан жақты сараптап айқын бағаламады. Болып жатқан жағдайды, Тунистің ішкі ісі деп санады. Ресейдің сыртқы саяси ұйымдары Тунистегі оқиғаның себебі мен болуы мүмкін зардаптарын талдап Ресейдің ұстанатын позициясын анықтаумен емес, ресейлік туристерді Тунистен елге қайтару төңірегінде мәселелерді шешумен ғана шектелді.
Египетте де халық наразылығы басталғанда, Мүбарак биліктен кеткенге дейін Ресей ресми позициясын білдірген жоқ. Ресми көзқарас айқын болмағаннан да болу керек, Тунис пен Египеттегі жағдай жөнінде ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары «революция» терминін қолданбады. Болып жатқан оқиғаны «тәртіпсіздік», маргиналдар бүлігі», «Орталық Барлау Басқармасының әлемдік заговоры», «әскери төңкеріс жасау әрекеті» деп қана жазды. Ливиядағы жағдайды да осындай саяси прадигма мен ақпарат алаңында қарсы алды.
Әлем елдерінің талдау нысанасына айналған саяси жағдай Ресейдің де саяси элитасы мен қоғамдық пікірін революцияны жақтаушылар мен оған қарсылар ретінде екіге бөлді. Пікір қайшылығы кейбір жағдайда жеке тұлғалар төңірегінде шектеліп Мүбарак, Каддафи, Салех жағындағылар мен қарсылар болып, ішкі жағдай мен сыртқы күштер әсерін толық талдай алмады.
Араб елдеріндегі ахуалды саясаткерлер, аймақтанушы мамандар де күтпеген болуы керек, алғашында айқын баға бере алмағандары анық. Олардың барлығы да, араб елдерінде басталған революция «тізбекті реакция» принципімен барлық елдерді, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдай шиеленіскен қиыншылыққа душар болып отырған кедей мемлекеттерді ғана емес, даму процессінде проблема байқалмаған қалыпты даму үстіндегі елдерді де қамтығанда бұл мәселенің жауабын таппай дағдарып қалды. Билікке қарсылық кедей мемлекеттер қатарына жатпайтын ауқытты – Бахрейн, Тунис, Ливия, соңында Сауд Арабиясын да шарпыды [2]. Күтпеген жағдай қалай пайда болды деген сұрақ туды да, енді оның себебін іздей бастады. Мысалы, Тунисте 2004-2009 жылдар аралығында жан басына шаққанда табыс 3,5 мың. тунис динарынан (бұл 2,7 мың доллар) 5 мың тунис динарына (3,9 мың долларға) дейін өсті. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды. Бүкіл халықтың 60% құраған орта таптың тұтынуы 83% жетсе, олардың 80% жеке тұрғын үйлері және 21%-ның автомобильдері болды. Ал, мұнай өндіруші Ливия қалыптасқан дәстүр бойынша жыл басында, дәл көтерлістың алдында халыққа ақшалай, өнеркәсіп заттарымен дотация берді және автомобиль алу үшін тегін сертификаттар да берді [3].
Араб елдерін қамтыған бүліктің себептері де әр түрлі. Египеттегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай, Тунисте экономиканы толықтай Бен Али мен Тараблуси әулеттерінің монополиялық бақылау жасауы, Бахрейндегі сүнниеттер мен шиттер арасындағы қайшылық, Ливияда Киранаикедегі сепаратистік ахуал – осы аталғандардан және басқалардан көтерлістің туу себептерін іздеді. Араб елдерінің барлығына тән соңғы жылдары айқын байқала бастаған ішкі фактор да назардан тыс қалмады.
Аталған ішкі фактор – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Шетелдерде білім алған жастар да елдің даму процессіне басқаша қарады. Ел билігіндегі харизматикалалық лидерлер билігіне мойынсұнған, дәстүрлі тәрбие негізінде қалыптасқан ұрпақтың орынына, жаңа, білімді, әлемдік ақпаратпен жете таныс, танымдық көзқарастары өзгеше авторитарлы тәртіптің барлық билікті өз қолына шоғырландыруына келісе қоймайтын жаңа ұрпақ келді. Бұл жаңа ұрпақ өкілдері өздерін биліктің боданы ретінде емес, өз елінің азаматы ретінде көрсеткілері келді. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билігін өз қолдарына ұстап отырған «Ұлт әкелері» ақылдылығына үміт артып емес, ел ісіне араласып саяси-экономикалық, әлеуметтік проблемаларды шешудің жолдарын іздеді [4]. Ел ішіндегі келіңсіздіктер мен саяси-экономикалық дағдарысқа билікті кінәлі санады. Батыста білім алғандар ғана емес, ел ішіндегілер де түбегейлі өзгерістің болуын, ал белсенді бөлігі биліктің ауысуын қалады. Барлық мемлекеттердегі жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі де билікке қарсы нарзылықты күшейтті.
Сонымен қатар, соңғы 20-30 жылда араб елдерінің көпшілігінде ұлттық буржуазияның ықпалы күшейіп позициясы нығайды. Олар экономиканы шырмауықтай өзара байланысқан биліктегі әулеттік топтар мен бюрократиялық буржуазияның ықпал ету аймағына айналдырып бөліп алғанына наразылық білдірді. Мемлекеттік аппараттағы сыбайластық, демократиялық еркіндікті шектеу, биліктің араб елдерін «мұрагерлік мемлекетке» айналдыруы басқарушы билікке қарсылықты тудырып қана қоймай, оны өрістетті. Бұл оппозиция қатарын өсірді. Айта кететін жай, оппозиция қатары тұрақты болған жоқ. Максималистер ғана билікті түбегейлі өзгертуді көздеп, қарулы күрес жүргізді. Ал, қалғандары, әсіресе, либералдар белгілі бір тиімді шарттар мен құқықтарды жеңіп алғаннан кейін бәсеңдеді. Өздерінің позициясын сақтауды ғана көздеді. Әрине, билік те дағдарыстан шығудың жолдары мен тәсілдерін іздеуде. Олардың қолында қуатты саяси-идеологиялық, әлеуметтік күш бар. Олар биліктен айырылмай оппозициямен келісімге келуге тырысып, екі жаққа да тиімді жол табуға тырысуда. Саяси жүйені баяу, біртіндеп либерализациялауға көшу бағытын ұстануда..
Қалай болғанымен халық толқуы, оппозицияға қолдау болумен қатар, бірқатар батыл шараларды жүзеге асыруды талап етуде және оның орындалуына қолдарын жеткізуіне мүмкіндік берді. Мысалы, Египетте президент билігін төрт жылдық мерзіммен, екі рет қана сайланумен шектеуді ұсынды. Вице-президент тағайындауды міндетті санады. Тунисте жаңа Конституцияны дайындайтын ұлттық құрылтай ассамблеясын сайлау жоспарланды. Сауд Арабиясында оппозиция күні бүгінге дейін король тағайындап келген Консультациялық кеңеске сайлау өткізуді және елді конституциялық монархияға айналдыру талабын қоюда. Бахрейндегі оппозиция да елде өзгеріс енгізу қажеттігін ұстап отырғандарымен қойып отырған талаптарында айырмашылық бар. Мысалы, радикалды шеиттік ұйымдар республика жариялауды талап етсе, ал олардың сабырлы, біркелкі бөлігі жаңа конституция қабылдауды, соған сәйкес министрлердің бұрынғыдай корольдың тағайындауымен емес, сайлануын ұсынуда.
Билік те оппозициямен келісімге келу жолын ұстанып,олардың талап тілегін қанағаттандыру мақсатында бірқатар қадам жасады. Марокконың корольі Мұхамед ІҮ жаңа Конституция дайындауға шешім қабылдады, онда бұрынғыдай премьер-министрді билеушінің тағайындауымен емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партиядан ұсынуға қарсы еместігін білдірді.
Бірақ, бір ақиқаты билік азды көпті өзгерістерге түскенімен, немесе билікті жаңа саяси топ алғанымен елеулі қиыншылықтарды жеңуге тура келеді. Шамалы ғана уақыт ішінде көтерлістен шеккен тікелей зияны Египетте 6,3 млрд. долларға, ал Тунисте 2 млрд евроға жетіп отыр [5]. Дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі шоғырланған (76%), әлемдік жалпы өнім өндірудегі үлесі төмен (37%) [6,24] дамушы елдердің басты проблемасы кедейшілік, халықтың тұрмыс жағдайының төмендігі болса, ол - онан сайын шиеленісіп кетті.
Бүгінгі күннің өзінде-ақ, Йемен халқының – 41,8%, Алжирдің – 22,6%, Марокканың - 19% кедейлер құрайды. Сонымен қатар, араб елдерінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де соңғы жылдары жылдам өсті. Билікке қарсы наразылық басталған кезде жастар арасындағы жұмыссыздық Египетте - 42,8% ға, Тунисте - 30,4% ға, Сирияда – 24,4% ға жетті. Халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мен жұмыссыздықты жоюға бірнеше жылдар кететіні де анық. Сонымен бірге, көтерліс нәтижесінде шеккен материалдық зардаптарды жоюға жұмсалатын шығандардың өсетінін ескерсек, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру тез арада оңай болмайтыны белгілі.
Елдің рухани өмірінде идеологиялық ваккум пайда болып, дағдарыстың тереңдей түсуі мүмкін. Себебі, дамушы елдер ұстанған даму модельдерінің қай қайсысы болмасын өздерін ақтамады. Капиталистік даму жолын ұстанған Египет, социал-демократиялық Тунис, өзіне тән даму жолындағы (джамахирлік) Ливияда әлеуметтік-экономикалық, рухани дағдарысты бастарынан өткізуде. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей идеологиялық ваккум ұзаққа созылмайды. Оны әр түрлі саяси-идеологиялық ағымдар мен бағыттар толтыруға тырысады. (Кеңес Одағы ыдырағанда да осылай болғаны белгілі). Араб елдерінде діни тұрғыда даму, қайта өрлеу идеологиясы белең алуы әбден мүмкін. Дінді берік ұстанатын араб елдерінде дағдарыстан шығу жолын халық діннен, оны идеялық ағымдарынан іздеуі мүмкін екендігін ешкім теріске шығармайды.
Бірақ, қазіргі уақытта исламшылардың Мағырыб пен Таяу Шығыстың көптеген елдерінде ықпалы өте жоғары емес, бекер қауіптенбеу керек деген пікір де айтылуда. Бұл көзқарасты жақтаушылар оған бірнеше дәлелдер келтіреді. Мысалы, Египеттегі Мұсылман-бауырлар Ассоциациясын халықтың 15-20% ғана қолдайды. Ислам фундаменталистерінің бірқатары өз позициясын өзгертті. Аталған мұсылман-бауырлар ұйымы саяси партияға айналу үстінде. Олар экстремистерді айыптап, лаңкестік - діннің рухани құндылықтарының жойылуына әкеледі деп санайды. Парламенттік басқару, оның ішінде көп партиялылық – ислам принципіне сәйкес деген пікір ұстануда дегенді кездестіреміз. Тунистегі белгілі «Ан-Нахда» ұйымы 2001 жылы Лондонда өткізген Конгресінде күрестің күш көрсету әдісінен бас тартып, демократиялық жол ұстанды. Осындай немесе қандай да болмасын басқа саяси күштер билікке келгенімен Египетте, Тунисте тұрақсыздық тудырмайды деп санайды. Бірақ, бұл аймақта тұрақтылық қашан толық орнауы мүмкін, мемлекетаралық қатынастар қашан бір жүйеге түседі, қандай жолдар мен тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақтар саясаттанушылар арасында жауапсыз қалуда.
Араб елдеріндегі саяси жағдайға бір жақты баға беруге болмайтыны анық. Йеменде сонымен қатар, бір қатар араб елдерінде «Аль-Кайданың» ықпалы жоғары екендігін ешкім теріске шығармайды. Халықтың билікке қарсы наразылығы басталып, толқу бүкіл елді қамтыған кезде Йеменнің бірқатар оңтүстік аудандары лаңкестер бақылауына өтуімен қатар, олар өздерінің ықпал ету аймағын ұлғайта түсті. Лаңкестерге қарсы американдықтар әскери авиация қолданғанымен ол ешқандай нәтиже бермеді. Бұл елдегі соңғы жылдардағы жағдайды бағымдасақ, мемлекеттің бөлшектенуіне жол бермей сепаратизм мен лаңкестікке қарсы президент Али Абдалла Салех бастаған йемен армиясы ғана қарсы тұрып, тиімді күрес жүргізді.
Араб елдеріндегі саяси дағдарыстың тууы - ішкі саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайдың ықпалы екені талассыз. Сонымен бірге, сыртқы күштер ықпалы бар екенін де жоққа шығаруға болмайды. Сирия мен Ливиядағы жағдайға қатысты жарияланған баспасөз материалдарында бұл мәселе терең талдануда.
Сирияда елдің оңтүстігіндегі шиеленісті бәсеңдету мақсатында бірнеше шаралар қолданылғаннан кейін, наразылық толқыны солтүстік-батыста Түркиямен шекаралас ауданды қамтыды. Аяқ астынан туған бүлік күмән тудырушылар қатарын көбейтті.
Иранның телевизиялық каналы Press TV мен араб басылымы «Аш-Шарк әл-Аусат» мәліметіне сүйенсек, соңғы уақыттағы басты шиеленіс ошағына Түркиямен шекаралас аудандағы сириялық курдтардың басым көпшілігі шоғырланған қала Джиср аш-Шугура айналды. Өткен тарихтан таныс ондаған миллион курдтар өзара жақын тұрған төрт мемлекет – Сирия, Түркия, Ирак жән Иран территориясында бөлшектеніп қалды. Сириялық курдтар да басқа мемлекеттердегі курдтар секілді дербестікке ұмтылып орталық билікке қарсы болды. Аталған мемлекеттердің қайсысында болмасын курд проблемасы үнемі мемлекеттің бірлігіне, территориялық тұтастығына қауіп тудырғаны белгілі.
2011 жылы 5 маусымда күтпеген
жерден Джиср аш-Шугурада
АҚШ-ның Таяу Шығыстағы басты одақтастарының бірі Египетте пайда болған толқу ұзаққа созылмай өз өзінен қалыпқа келді. Бахрейнде наразылық басталғанда үкіметтің көршілес елдерден шақыртумен алдырған әскер мен полиция әр түрлі мәліметтер бойынша бірнеше жүздеген шейіттерді қырып тастауымен толқу басылды. Қазір баспасөзде бұл жағадай көтерілмейді де. Тек қана үш мемлекеттегі жағдай реттеу орбитасынан шығып кетті. Оның себебін ішкі жағдаймен ғана емес, сыртқы күштер ықпалымен де байланыстырады. НАТО күштері Ливияда полковник М.Каддафидің соңына түсіп ашық түрде бомбылады, Йеменде А.Салехтің өзінің қол астындағы тайпалары «допинг» қабылдаған спортшыдай оның соңына түсті.
«Революцияның» себебін ресей зерттеушілері олардың билікте 30 жылдай болуымен емес, ішкі қайшылықтардың шиеленісуімен ғана емес, Ливия, Йемен, Сирияның соңғы уақытта Ресеймен әскери және әскери-техникалық байланыс орнатуға, экономикалық біріккен жобаларды жүзеге асыруға мүделі болуымен де байланыстырады. М.Каддафидің саяси аранадан кетуі Ресейдің қол қойылған экономикалық контрактлер мен миллиардтарды жоғалтуына ғана емес, оның бұл елдегі ықпалынан айрылуына әкелді. Аталған үш елдегі жағдайдың шиеленісуі, жалпы «араб елдеріндегі революция» «түрлі түсті революция» сызбасымен тығыз байланысты секілді көрінеді. Түрлі түсті революциялар Грузияда 2003 жылы «раушан революциясы» (революция роз), 2003 жылы украиндық «қызғылт сары революция» (оранжевой революция), Ливандағы «балқарағай революциясы», 2005 жыл наурызындағы Қырғызстандағы «қызғалдақ революциясы» (тюльпановой революция), сонымен қатар, Тунистегі «ақжұпар революциясы» (жасминовой революция) бір біріне ұқсас сценариймен сәтті өтті[8]. Аталған елдер революциялар нәтижесінде АҚШ-мен жақындасты. Тек қана 2009 жылғы Ирандағы «жасыл революция» сәтсіздікке ұшырады және бұл жағдай АҚШ пен Иран ара қатынасын одан сайын шиеленістіріп жіберді.