Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 04:50, реферат
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Араб халифаты және Исламның таралуы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт
әлемнің жекелеген халықтары
мен өркенниеттері үшін ірі
дүмпулер мен өзгерістер
Алайда болашақ осы
екі беталыстың алғашқысында
екеніне күмәніміз жоқ. Мұны
бүкіл адамзат өткен тарихы
дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан
аттаған жаңа ХХІ – ғасыр
әлемдік өркениеттердің
Қазаргі таңда халықаралық
байланыстардың барынша кеңеюі
интеграциялану мен ғаламдану
қарқын алуы бүкіл әлемдік
мәдени тарихи процеске әр
түрлі аймақ халықтарының
Мәдениеттередің өзара
ықпалдастығы өзара қарым-
Сондықтан да арабтар
жаулап алған территорияда
Түркі халықтары ислам
мәдениетін тек жай ғана
Деректік негіздері. Бітіру жұмысын жазуда түрлі деректер, соның ішінде әсіресе жазба деректер кеңінен қолданылады.
Тақырып ислам діні
мен тығыз байланысты
Тарихнамалық зерттелу деңгейі:
Ежелгі замандағы, исламға дейінгі араб халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген Ү-ҮІ ғғ. Аравияның жағрафиялық ортасын зерттеуде жаңа заман кезіндегі саяхатшылар жинаған әртүрлі бай материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне дейінгі Аравияның табиғи ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ислам діні қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын ҮІІІ - Х ғасырларда оларды жинаушылар мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де.
Батыс Еуропалық
Бұл мәселені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын шығыстанушысы Маргомус С. Пен египеттік оқымысты Тахао Хусейн күн тәртібіне тағы қойды. Ол екеуі исламға дейін жазылды деп жүрген поэзияның авторлары халифат кезіндегі ақын – жыраулар деп жариялады. Бірақ, бұл пікір осы екі оқымыстылардың ғана пікірі болып қалды. Ғылым исламға дейінгі поэзияның шындық екенін, жәнеде сол кезде (ІҮ – Ү ғғ.) жазылғанын мойындайды. Дегенмен біраз қосымшалар, толықтырулар, анықтамалар енгізілгендігін жоққа шығармайды.
Араб поэзиясы жөніндегі ең көрнекті маман Крачковский И.Ю. осы пікірді қолдайды. Оның дәлелі - орта ғасырлардағы авторларда шығармалардың кейіпкерлері, мінез – құлық, әрекеттері кездеспейді [5].
Айтылып отырған кезең туралы ең құнды деректердің бірі 1135 жылы қайтыс болған Шахрастанидің “Кітап ал – милал ва – нихал” (Діни секталар мен философиялық мектептер кітабы) деген еңбегі. Ол шығармада исламға дейінгі арабтардың діни нанымдарын, әдет – ғұрыптарын баяндайтын жеке тарауы бар.
Арабтардың алғашқы қауымдық құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі Ибн-Халдунның “Мукамидимасы”. Ол арабтардың шаруашылықтары мен қоғамдық құрылысына көп көңіл бөлген. Автор арабтарды көшпелі халықтар деп суреттейді.
Исламға дейінгі арабтар туралы олардың көршілері де біраз мәліметтер қалдырды. Бірақ, оларды құнды деп айту қиын. Себебі, олар көршілері арабтарды жете білмеген. Тарихшылар үшін тек сириялық жылнамалар біраз құнды дерек көзі болып табылады. Арабтардың Ү –ҮІ ғғ. қоғамдық құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға Робертсон Смитті қоюға болады. Оның “Ертедегі Аравиядағы туыстық және неке” атты еңбегі 1885 жылы Кембриджде басылып шыққан.
Айтылып отырған кезең туралы құнды еңбектің бірі Юлиус Вельхаузеннің “Араб пұтқа табынушылығының қалдықтары” деген шығармасын айта кетуге болады. Ол Берлинде 1927 ж. жарық көрген. Исламға дейінгі арабтардың өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы деректер Анри Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған [8]. Ү – ҮІ ғғ. арабтар жайында Леон Каэтанидің екі томдық “Шығыс тарихының очерктері” (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде келтірілген. Бірінші томында “Исламға дейінгі Аравия”, “Ежелгі арабтар” геологиялық-климаттық, әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы біраз мәліметтер береді. Ислам діні қалыптасуы қарсаңында арабтар туралы мәліметтердің тағыда бір құнды көзі – Джирджа Зейданның “Исламға дейінгі арабтар” деген еңбегі. Сонымен қатар Кассэн де Персевальдың 1847 жылы шыққан “Исламға дейінгі арабтар тарихы”, А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы жарық көрген “Ислам тарихы”, А.Е. Крымскийдің Москвада 1911 ж. басылып шыққан “Арабтардың, араб әдебиетінің тарихы” деген сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Исламның шығуы туралы негізгі дерек “Құран” болып табылады. Оны Осман халиф (644 – 656 жж.) ауызшадан жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77934 сөзі жазылған [3]. Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған Мединалық Ибн-Исхактың “Алланың өкілінің өмірі” – “Сират расул Аллах” деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамныңөңдеуімен жеткен. “Сиратқа” ... қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 – 823 жж.) “ Әскери жорықтар кітабы” – “Китаб ал – Магази” – Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады. Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әрі жиі соғысып, әрі экономикалық, мәдени қатынастарда болып тұрды. Византиялық ресми православие бағытын ұстанушы грек – византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның шығуына себепкер деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады. Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген.
Батыс Еуропада ислам туралы мәліметтерді алғаш рет крест жорықтары кезінде өздеріне қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық қарсылық көрсету мақсатымен католик миссионерлері тарата бастады. Бірінші крест жорығынан кейін ХІІ ғасырларда Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы Роберт Кетензис Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма исламды жоққа шығару мақсатын көздеген клюнилік аббат Петр Благочесивыйдың бастамасы бойынша жасалды. Мақсатқа сай Құран көптеген бұрмаланушылыққа ұшырады. Құранның осы алғашқы аудармасы тек 1543 жылы Швейцариядағы Базельде басылып шықты [16].
Ислам тек өткен ғасырда ғана ғылыми зерттеудің объеткісі бола бастады. Еуропалық шығыстанушылар сол кездегі тарихнаманың деңгейіне сай исламның шығуын Мұхаммедтің қызметіндегі оның жеке басының ерекшеліктерімен байланыста қарастырады.
Мұхаммедтің өмірбаянын алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеген австриялық дәрігер, әрі шығыстанушы Алонс Шпренгер (1813-1893 жж.) болды. Оның “Мұхаммедтің өмірі мен ілімі” бір дегеннен еңбек ескіріп, өз мән – маңызын жоғалтты. Шпренгер бірден – бір дүниежүзілік дін деген қате көзқараста болды. Сол себепті де “оның шығуын әр қадамынан бастап талдай аламыз”, - деп есептеді. Бұл арабистің мұндай қате көзқарасы оның мұсылмандық тарихи – діни материал – “Сират расул Аллах” пен хадистер жинағына сын көзбен қарамағандығының жемісі [14].
Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі келесі бір Еуропалық ғылыми еңбек – ағылшын Уильям Мюирдің Лондонда 1856 жылы жарық көрген “Мұхаммедтің өмірі” деген шығармасы. Шпренгерге қарағанда У. Мюир (1819 –1905 жж.) отарлардағы христиан миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық, дұшпандық пікір білдірді. Исламның шығуын ол Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің нәтижесі деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық түнек рухында жазылған Мюирдің бұл шығармасының ғылыми құндылығы жоқ.
Исламның шығуының әлеуметтік себептерін анықтауға бірінші болып неміс арабисі Губерт Гримме (1864 – 1942 жж.) өзінің “Мұхаммед” атты еңбегінде әрекет жасады. Бірақ оның “Мұхаммедтің” меккелік қызметі кезінде туа бастаған ислам – дін емес, социалистік қозғалыс, әрі ілім болды”, - деген тұжырымы сын көтермейді. Гриммнің еңбегінде келтірілген нақтылы материалдар назар аударарлық.
Монтгомери Уотт жазған өмірбаян “Мұхаммед – Меккеде” және “Мұхаммед Мединада” деген екі кітаптан тұрады. Ол кітаптар Оксфордта 1953 – 1956 жылдары жарық көрген. Ф. Бульдің кітаптары жарық көрген. Ф. Бульдің кітабымен салыстырғанда М. Уоттың бұл екі кітабы өте бай материалды қамтыған. Ол материал тек хронологиялық тәртіпке ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да жүйеге (мыс., “Мұхаммед және еврейлер”, Мұсылмандық мемлекеттің сипаты”, Қоғамдық құрылыстағы реформа” т.с.с.) келтірілген. Бірақ бұл еңбектің ғылыми құндылығы төмен себебі, автор мұсылмандар арасындағы аңыздарға күмәнсыз иланып, араб – мұсылмандық тарихнама дәстүріне сын көзбен қарамаған.
ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен.
Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың “Сиратын” ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [2].